Инфоурок / Музыка / Другие методич. материалы / "Күйдің Қаршығасы" (6 класс)
Обращаем Ваше внимание, что в соответствии с Федеральным законом N 273-ФЗ «Об образовании в Российской Федерации» в организациях, осуществляющих образовательную деятельность, организовывается обучение и воспитание обучающихся с ОВЗ как совместно с другими обучающимися, так и в отдельных классах или группах.

Педагогическая деятельность в соответствии с новым ФГОС требует от учителя наличия системы специальных знаний в области анатомии, физиологии, специальной психологии, дефектологии и социальной работы.

Только сейчас Вы можете пройти дистанционное обучение прямо на сайте "Инфоурок" со скидкой 40% по курсу повышения квалификации "Организация работы с обучающимися с ограниченными возможностями здоровья (ОВЗ)" (72 часа). По окончании курса Вы получите печатное удостоверение о повышении квалификации установленного образца (доставка удостоверения бесплатна).

Автор курса: Логинова Наталья Геннадьевна, кандидат педагогических наук, учитель высшей категории. Начало обучения новой группы: 27 сентября.

Подать заявку на этот курс    Смотреть список всех 216 курсов со скидкой 40%

"Күйдің Қаршығасы" (6 класс)

библиотека
материалов


Сабақтың тақырыбы: Күйдің Қаршығасы


Сабақтың мақсаты: Күй дүлдүлі Қаршыға Ахмедияровпен таныстыру, өнерін үлгі тұту. Күйшілік дәстүрдің мән -мағынасын түсіну. Күй өнеріне оқушылардың қызығушылығын арттыру.


Музыка тыңдау барысында оқушыларға эстетикалық тәрбие беру.

Еркін сөйлеуі мен сөздік қорын молайту, дамыту.


Сабақтың типі: аралас


Сабақтың көрнекілігі: домбыра, слайдтар, комп.

Барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі: оқушылармен сәлемдесу. Сабаққа назарын аудару.

  2. Үй тапсырмасын тексеру:

1Топ: Б. Төлегенова туралы не білесің?

2 топ: Б.Төлегенованың репертуарындағы әндер

3топ: Б.Төлегенованың репертуарынан ән орындау.

Үш топ өз тапсырмаларын орындаған соң бір-біріне дайындаған сұрақтарын қояды.

  1. Білімін тексеру: (Кім жылдам? ойыны)

- Тембр деген не?

-Хордың дауыстарын ата?

Дирижердің қызметі?

  1. Мақсат қою: музыканы дұрыс тыңдау арқылы оны талдауға, оз ойымызбен жеткізуге үйрену.

  2. Жаңа сабақ:

hello_html_30ccb901.jpgқаршығаhello_html_m4eb64155.jpgқырғиhello_html_3edf6952.jpghello_html_m26ee37d3.jpgқараторғайhello_html_mfcee1c0.jpgбұлбұлhello_html_m7991ee90.jpgтотыhello_html_m67677af6.jpgқарлығаш. Мына құстардың ішінен адам мен құстарға тән ортақ атаулары бар құстарды шеңберге жинақта.

hello_html_645511a6.gif







- (Қаршыға, Бұлбұл, Тоты, Қарлығаш)

- Осы атаулардың ішінен атақты музыканттың есімін табыңдар

- Қаршыға

-Ия, Қаршыға , яғни күйші Қаршыға Ахмедияров. Бүгінгі сабағымыз осы адам жайлы болмақ. Қазақ халқы балаға ат қоюында өте терең мазмұн жатыр. Сол қойған есіміне лайықты мінезі, адамгершілігі немесе бойындағы қасиеті ұқсасын деп ырымдап қояды. Бүгінгі сабағымыз қаршыға құсымен мінездес күйдің Қаршығасы туралы болмақ. Жалпы осы күйші туралы не білетіндеріңді алдарыңдағы постерге жазып шығыңдар.

- ол Атырау облысының тумасы. 1946.03.25-2010жж

- Құрманғазы атындағы қазақ академиялық халық аспаптар оркестрінде домбырашы болған

- Кейіннен концертмейстер, жеке домбырашы және дирижер болған

Ол шет ел композиторларының шығармаларын да домбырамен ойнай білген.

  • Үндістан, Франция, Италия, АҚШ, Венгрияда болған

  • Қазақ музыка өнерін дамытудағы жоғары шығармашылық жетістіктері үшін Қ А-қа 1982ж ЗР-ның мемлекеттік сыйлығы беріледі.

  • -1992 ж ҚР халық әртісі,

  • 2000 «Парасат» орденімен марапатталады.

  • «Шашақты найза, шалқар күй» атты кітабы, «Нарын», «Қуаныш», «Сағыныш», «Нұрғиса», «Қыз-ғұмыр», «Аққайың», «Желдірме», «Алтын ұя», т.б. күйлері бар.

  • Сонымен қатар, ҚұрманғазыДәулеткерейДина сында атақты күйшілердің күйлерін жинап, "Атырау" деген күйлер жинағын жарыққа шығарды.

  • -«Сарыарқа», «Жігер», «Әсем қоңыр», «Шынар», «Табыну» атты күйлер жинағы жарық көрді. 500-ден аса күйлері радио, теледидар мұрағаттарында сақтаулы

  • Қазіргі танымал күйші-орындаушы Айгүл Үлкенбаева осы кісінің шәкірті.

  • Алматының малдәрігерлік институтында оқыған.

  • Ауылдың әрбір кештері Қаршығасыз өтпейтін болған, сөйтіп көзге түсе бастаған.

  • 1981 жылы АҚШ-қа барып күй тартқанда, американдықтар қазақтың Қаршығасын сахнадан жібермей тұрып алғаны да есте.

Өте жақсы. Біраз мағұлмат алғандарың көрініп тұр. hello_html_m7e5fd5a2.jpg

Қаршыға (құс) бүркіттен кейінгі аңғасалатын құстардың бірі. Оның ең күшті қаруы өте шебер ұшатындығы – ол кейде жүздеген шақырым жерді айналып ұша береді, епті, айлалы оралымды. Күйдің Қаршығасы да осы құс сияқты ойы оралымды, күйлері сыршыл,кейде өткір, алыстан орағытып адамның көңіл тұсын дөп басып жатады. Сондай бір сыршыл күйлерінің бірі «Аққайың». Бұл күй психологиялық күйлер тобына жатады. Осы күйді назар сала тыңдап көрелік: (музыка тыңдау ережесін еске түсір: негізгі тақырыпқа баса назар аудар, автор не айтқысы келгені жөнінде ойланып көр, дыбыс ерекшеліктеріне ажырата біл, жылдамдығы мен динамикасына қарай мінез-құлқын анықта)

МУЗЫКА ТЫҢДАУ: «Аққайың» күйі Қ.Ахмедияров

Дәулескер күйшінің жүрегі 2010 жылы 65 жасына қараған шағында тоқтады. Өнерсүйер қауым оны «Күй қаршығасы», «Саңлық күйші», «Күй аспанының Қаршығасы», «Ғасырдың күйшісі» деп мадақтайтын. Қаршыға Ахмедияровпен қоштасу Мұхтар Әуезов атындағы академиялық театрында өтті.

hello_html_m74714635.jpg


МУЗЫКА ТАЛДАУ: «Ақ қайың» күйі Қ.Ахмедияров. (қайталап тыңдау әдісімен күйді өз беттерінше талдау)

Топтық тапсырма: hello_html_51cff019.jpg

1топ: сурет салу арқылы: 2топ: ой толғау, 3топ:4 жол өлең шығару арқылы күйдің мазмұнын, бейнесін ашу.

  1. Түсінгенін тексеру:

ВЕНН диаграммасы

Күйдің Қаршығасы


Ұқсастығы

Қаршыға құсы

Айырмашылығы

Айырмашылығы

Бұл күйші адам

Шабытты, өр мінезді, алғыр, ойы ұшқыр, шаршамай шарқтаа ұшады. Сирек кездесетіндігі

Бұл құс

  1. Қорытынды

Сабақтан алған әсеріңді стикерлерге жаз.

Бағалау, мадақтау,

  1. Үйге тапсырма: Қаршыға туралы мағұлматтарды толықтыру, іздену.

«Күй және күйші» тақырыбына эссе жазып келу.












hello_html_51cff019.jpg


































4 сынып

11.12.2013

Сабақты тақырыбы:Ұрмалы аспаптар тобы.

Сабақтың мақсаты: симфониялық оркестр туралы мағұлмат беру. Оқушылардың ән – күйлер тыңдау арқылы әуендік сезімталдығын арттыру, есте сақтау, қиялдау, ойлау қабілеттерін дамыту. Халық әнінің күрделі симфониялық музыкаларда дамуын түсіндіру, ырғақты сезіну, есту, есте сақтау қабілеттерін дамыту.
Типі: жаңа сабақ

Көрнекі-құрал: компьютер, суреттер, ямаха

Барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі:

Сәлемдесу, сабаққа назарын аудару, дауыс жаттығуы.

  1. Үй тапсырмасын пысықтау.

  • «Нұр-аға» әнін жатқа орында.


  1. Білімін тексеру:

Симфониялық оркестрдегі жезді аспаптар туралы не білесің?

Олардың оркестрдегі рөлі қандай?


  1. Мақсат қою:

Симфониялық оркестр туралы білімдерін жалғастыру. Ұрмалы аспаптарымен танысу.

  1. Жаңа сабақ

hello_html_6367105b.jpgмына сурет саған таныс. Ендеше өзіңе таныс ұрмалы аспаптарды көрсет.

hello_html_6367105b.jpgолар цимбал, үшбұрыш, кіші барабан,үлкен барабан, литавралар.

Музыка тыңдау: «День победы»

Ән орындау: «Нұр-аға»

  1. Түсінгенін тексеру:

  • Тыңдаған музыканың ішіндегі ұрмалы аспаптардың дауысын көрсет. Қай аспаптың үні екенін анықта.

  1. Қорытынды:

Бағалау. Үйге: Ұрмалы аспаптар туралы мәлімет біліп кел. Әнді жатқа орында.



















































2тоқсан-27.11.2013

Сабақтың тақырыбы: Ежелгі музыкалық аспаптар-дабыл, дауылпаз-барабаны, асатаяқ-ложки,қоңырау –бубенцы, даңғыра –дойра, сақпан-трещетка

Мақсаты: Дабыл, дауылпаз-барабаны, асатаяқ-ложки,қоңырау –бубенцы, даңғыра –дойра, сақпан-трещетка аспаптары туралы мағұлмат беру. Аспаптық музыкалардың мазмұнын эмоциялық сезінуге тәрбиелеп, көркемдік талғамын дамыту. Еркін сөйлеуге, өз ойын жеткізе білуге, , есте сақтау, тыңдай білу, әнді дұрыс орындауға дағдыландыру.

Сабақтың типі: жаңа сабақ

Сабақ көрнекілігі: : Дабыл, дауылпаз-барабаны, асатаяқ-ложки,қоңырау –бубенцы, даңғыра –дойра, сақпан-трещетка аспаптары суреттері, слайд. ямаха

Сабақ барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі:

Музыкалық сәлемдесу. Сабаққа назарын аудару.

  1. Үй тапсырмасын тексеру:

  • Орыстың, қазақтың, қырғыздың шертпелі аспаптары туралы айтып бер?

  • « Бақытты балалақ шақ» әнін жатқа орындап айт.

  • Салған суреттерінің дұрыстығын тексеру.

  1. Мақсат қою.

Аспаптардың туыстығын табу.

  1. Жаңа сабақ.

Ежелгі кезде соғыстың басталғанын халыққа жариялау үшін немесе аң аулауда аңды үркіту үшін құралдар қажет болды. Адамдар оны үлкен-үлкен кепкен ағаштар мен мал терісінен жасады. Даңғырлатып соғып халықтың назарын аударатын болды. Кейіннен сол аспаптар музыкалық аспаптарға ұласты.

Мысалы:

hello_html_m5bda7ca.jpgал, асатаяқтар адамдарды емдеу үшін керек болған. hello_html_m6f13a663.jpg

Қазақта қоңырау, сақпан, тұяқтас, шартылдақ сияқты сілкіп ойнайтын аспаптар да бар. Орыста барабан, трещетка, бубенцы, ложки сияқты сілкімелі аспаптары бар.

hello_html_m21beeaa7.jpgДойра аспабы даңғыра аспабына ұқсас, өзбектің негізгі аспабы.

hello_html_43d1f0d8.jpghello_html_5f270378.jpghello_html_m2c30289.jpghello_html_m482a8478.jpghello_html_2e9eba91.jpghello_html_20ec2a6f.jpg


  1. Түсінгенін тексеру:

Аспаптардың ұқсастықтарын тап.

Ән үйрену:

  1. Қорытынды:

Бағалау, үйге: ән жаттау. Аспаптардың суретін сал



Сабақтың тақырыбы: Халық арфалары-жетіген, гусли, цимбало

Мақсаты: Арфа, жетіген, гусли, цимбало аспаптарымен танысу. Аспаптық музыкалардың мазмұнын эмоциялық сезінуге тәрбиелеп, көркемдік талғамын дамыту. Еркін сөйлеуге, өз ойын жеткізе білуге, , есте сақтау, тыңдай білу, әнді дұрыс орындауға дағдыландыру.

Сабақтың типі: аралас

Сабақ көрнекілігі: : ямаха, комп, суреттер.видео

Сабақ барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі: сәлемдесу. Түгелдеу, сабаққа назарын аудару.

  2. Үй тапсырмасын тексеру:

  • Сыбызғы аспабы туралы не білесің?

  • Ол неден жасалады, қалай ойналады?

  • Әнді жатқа орында!

  1. Мақсат қою: әртүрлі халықтардың музыкалық аспаптарының ұқсастығын тану.

  2. Жаңа сабақ

Арфа (нем. Harte) — ішегін іліп-тартып ойнайтын муз. аспабы. Арфа ертеде Египет және Ассиро-Вавилон елдерінен тараған. Арфа ішегі біртіндеп көбейе келіп, жетілдірілген аспапта 47 ішекке жетті. Орындаушы арфаны тартқан кезде, бұрауын өзгертіп отырады, ол үшін аспаптың аяқ жағындағы жегі баспасы (педаль) пайдаланылады. 

hello_html_m7a385605.jpghello_html_1b3127ea.jpg«Ну , погоди!» мультфильиін есіңе түсір. Гусли аспабы қазақтың жетіген аспабына ұқсас. hello_html_m4b2a3904.jpg цимбало бұл ұрмалы аспап, екі ағаш таяқшаларымен ұрып ойнайды.

Ән үйрену: «Төрле, төрле, жаңа жыл»

  1. Түсінгенін тексеру:

  • Бұл аталған аспаптардың топтарын ажырат.

  • Ұқсастығын және айырмашылығын айт.

  1. Қорытынды

  • Әнді хормен орында.

Бағалау.

Үйге: ән жаттау. Аспаптардың суретін сал.














Сабақтың тақырыбы:

Мақсаты: Оркестр туралы ұғымды кеңінен аша отырып, ондағы дирижердың қызметімен танысу.

Балаларды қазақтың өнеріне баули отырып , музыкалық талғамын кеңейтіп, жан-жақты дамыту.

Ұлттық музыкаға деген сүйіспеншілігін арттыру. Эстетикалық тәрбие беру.

Типі: аралас

Көрнекі – құрал: суреттер СД диск, домбыра

Барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі: Сәлемдесу. Сабаққа назарын аудару.

  2. Үй тапсырмасын тексеру:

Б.Бейсенова «Келді міне жаңа жыл» әнін жатқа орындау

Ұрмалы, үрмелі, шекті, ыспалы аспаптарды топта

  1. Білімін тексеру:

- оркестр құрамында қандай аспаптар тобы бар?

- аспаптарды ойналу әдісіне қарай топта!

4. мақсат қою

Атақты дирижерлармен танысу, музыка тыңдау.

5. Жаңа сабақ

Ұлт аспаптар оркестрінде 60-70 ке жуық орындаушылар болады. Олардың басын қосып, бір адамдай орындату дирижердың міндеті. Ол музыкалық білім өте жоғары болу керек. Дирижер музыкалық сауаты өте жоғары әрі білімді болуы керек.

Оркестрдегі әрбір аспапатар тобының шығарма орындау барысындағы жәй, тез немесе қатты, ақырын орындалуын жирижер көрсетеді.

Сондай міндетті атқарған дирижердың бірі - А.Жұбанов.

hello_html_2f7a622c.jpgОл әрі ұйымдастырушысы да болды. Өзі жүздеген шәкірт тәрбиеледі. Солардың бірі атақты дирижер Ш.Қажғалиев болды.

hello_html_m3b706f71.jpgМузыка тыңдау: Тәттімбет «Саржайлау». hello_html_me587fd3.jpgОрыстың ең алғашқы халық аспапатар оркестрін В.В.Андреев құрған. Ол балалайка аспабын өте шебер орындаушы болған.

hello_html_m51780709.jpg

  1. Түсінгенін тексеру:

Дирижердың міндеті не?

Дирижер қандай болуы керек?

Құрманғазы атындағы ұлт аспаптар оркестрінің алғашқы дирижеры кім?

А.Жұбановтың шәкірттері кімдер?

8. Қорыту.

Не үйрендік? Не білдік?.





























































Алматы облысы. Сарқан ауданы. Қойлық ауылы

М.Жұмабаев атындағы орта мектеп

Мараимова Шарбану Укметовна


«Ақынның сөзі жүректе»

(Нағиман апаның естелектері бойынша құрылған еске алу кеші)

Дамир:

Жырым көп әлі менің жазылмаған,

Кенім көп әлі менің қазылмаған.

Қалдырып болар, болмас қазынамды,

Неліктен бір күні мен жазым болам?!

Айгерім:

Қуалап тіршіліктің көбелегін

Қап қойды қапелімде көп өлеңім.

Жалғыз жаным менің – жырым менің,

Қалдырып сені артыма неге өлемін.

деп жырлаған ақын биыл 84 жасқа толған болар еді. Қамшының сабындай ғана қысқа ғұмырында артына сарқылмас байлық тастап кеткенін сезді ме екен?

Дамир: - Ия, қырық бес жасында қыршын кеткен оның күллі қазақтың баласы боларын, ардақты ақыны атанарын, туған бауырлары да өмірлік жары да, шешесі мен де білгеміз жоқ. Көпшілік ел де білмгене шығар... енді қарап отырсам, Мұқағалиымды аспанға көтеріп, өзі өлген соң еліне танытқан құдайдың берген таланты, өлеңінің қуаты шығар. Бұған да тәубе. Алатаудай айбарлымды ойласам, өзегім от болып жанады.- деп еске әз ана Нағима Батан қызы Мақатай келіні еске алатын еді. Ақыннң анасына деген перзенттік махаббаты әрбір жырынан аңғарылатын. Ақан анасы 1994 жылы дүниеден озды.

КӨРІНІС (Мұқағали-Серік, Анасы –Жұлдыз, автор - Ақбота)

(Сахнада жерге көрпе төселген, ақ жаймасы бар үстел, орындық)

Автор -Ақбота: -Әжесі дүниеден өткеннен кейін Мұқағали ақынның көңілі құлазып, бұрынғысынан да ойлы қалыпта жүрді. Анасын «шеше» деп бірден мойындап кету қиынға түскен еді. Майдан жұтқан махаббатын жоқтап егілген анасына кейде «Нақа» деп қалжыңдайтын еді.

(стол үстінде жазу жазып отырған ақын. Анасы іс тігіп отыр)

Мұқағали: (таңдана) – М-м-м! сендей сары бәйбішенң маған дап-дайын шеше болғанын қарасаңшы!..

Анасы күліп: -Е-е, болса несі бар, шешеңмін ғой.

(музыка естіліп, ақын сыртқа шығып кетеді, анасы тұрып стол үстін реттей бастайды. Біраздан соң ақын апыр-топыр есіктен қуана кіреді. Қолында хаты бар)

Мұқағали: - Шеше, мен күйеуіңді тауып келдім

Анасы: - Мынау не дейт? (орамалын түзеп көзін бадырайта қарайды)

Мұқағали: - Қай майданда соғысып, сүйегі қайда қалғаны туралы одақ көлемінде іздестіріп ем ғой, сол дерек табылды. (орындыққа отыра кетеді)

(анасы көз жасын жаулығының ұшымен сүртіп, ақынды басынан сипап өзіне тартады. Біраз үнсіздіктен кейін:)

Мұқағали:- Шеше, аман болсам сені әлі Мекке, Мәдинаға апарып қайтам, Алай-бұлай боп кетсең, сол қасиетті мекенге жерлеймін. Қасиетті сапарға төтеп берсең, қайтып әкеп, өз ортаңда «Қажы апа» атандырам.

Анасы: -Ә-ә-ә, ниетіңе жет балам. (ақырындап, ойлана)

(МУЗЫКА)

Мадина: «Шеше сен бақыттысың» (132 бет)

Ән «Үш бақытым» Ерлан Думан, Райымбек

Айгерім: Ақын бір жазбасында: «Мен ХХ ғасырдың перзентімін. Ал, шығармашылығым ХХІ ғасырдың ұрпақтарымен сырлас етеріне сенемін» - деген ойды неліктен батыл түрде әрі нық сеніммен айтты деп ойлайсыз?

Дамир: ХХІ ғасырдың ұрпақтары біздер, ХХ ғасырдың төл перзенті М.Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығын жылда, жылдың төрт мезгілінде, барлық жерлерде тамсана, зор сүйіспеншілікпен қозғап, сырлы жырларынан сусындап келеміз.

Жұлдыз: «Арыз жазып кетейін»

Айгерім: Алматы облысының Нарынқол ауданында Қарасаздеген жер бар. Төрт жағы бірдей тау қоршаған жасыл жазықтың кең ортасында ол кезде бірнеше уақ-уақ колхоздар болатын. Туған жерін мақтана айтатын.

Дамир: -Ауылға жиі қатысуды армандайтын. Барып, еркелеп мауқын басып та тұрды. « Қайран Қарасазым-ай! Үйрек ұшып қаз қонған!» – деп жырлаған ақындық қасиет сол жердің тамаша табиғатынан дарыған да болар..


Бота: Қайран Қарасазым-ай(265 бет)

Айгерім: Мұқағалидың әкесі Сүлеймен өте жуас, шаруа адамы еді. Соғыс деген пәле басталғанда осы Қарасаздан бір топ жігіттермен бірге майданға аттанды.

Дамир: Мұқағали онда 10 жаста еді – деп еске алады Нағиман апа.


Мерей: «Көзің нұрсыз дейсің сен» (152 бет. 3-4-5 шумақтар)

Айгерім: Нарынқолдағы интернатты бітіріп шықты. Ауқаттылардың балалары Алматы асып, үлкен оқу іздеп жатқанда ол ауылдық кеңесте хатшы болып қызметке тұрды.

Дамир: 14-15 жасынан жаза бастаған өлеңінен қол үзген жоқ. Төбесі ап-аласа үйге қалың-қалың кітаптарды үйіп тастап, бірінен кейін бірін алып оқитын да жататын


Айбота: «Мен өскен лашық бір бөлме» (51 бет)

КӨРІНІС:

(Үстелде анасы отыр. Аса көңілді қалпында ақын кіреді)

Мұқағали: - Ал, Нақа, бұйырса Алматылық боласың. Көшеміз!

Анасы: - сонда қайда барамыз? Үйді қайтесің балам-ау?

Мұқағали: - Қорықпа, Нақа! Өлеңім өлтірмейді. Асырайды бәрімізді! (ертіп шығып кетеді)

Дамир: Кең жайлауда өскен адамға ығы-жығы қалада күн ешу қайдан оңай болсын .

Айгерім: Қысылып-ақ жүрдік. Мен де, келінім Лашын да, Мұқағалидың өзі де сыр бермедік


Дәулет: «Мен өскен лашық бір бөлме»(51 бет ІІ бөлімі)

Айгерім: Сөйтіп жүргенде біздің шаңырақ аяқ астынан шайқалды.

Дамир: Майгүл деген қызы жол апатынан жазым болды. Міне осыдан бастап ол сеңдей бұзылды. Қатты күйзелді. Иығы түсіп, сылынып сала берді.

Аружан: «Майгүлге» (46 бет)

Айгерім: -Бізде әу бастан-ақ байлық көп болмаған адамдармыз. Әлгі әдемі үйге кіргендегі барымыз – Қарасаздан келген үлкен текемет. Соны ең үлкен бөлмеге жайып тастап бала құсап кеп аунайды Мұқағали.

Дамир:- Жолдас –жоралары сол текемет үстінде отырып, жайылған дастарханнан сусын-шараптарын ішеді.


Қымбат: «Жолдастарға» (191 бет 1-2 шумақтар)


Айгерім: -Қай жыл екенін білмеймін, әйтеуір қатты сырқаттанып жүрген кезінде әлгі атақты композитор Нұрғиса деген балам екеуі табысыпты. Сонымен 1 айға жуық бірге жүріп Мұқағали өлең жазып, ол болса оның сөзіне ән шығарыпты. Екі тентектің бір-бірін тапқанын көрмеймісің?

Дамир: - Қазір айтылып, қалың елге тараған көп әндер сол Тілендиевтің баласының үйінде туған дүниелер екен.


ӘН: «Саржайлау» Дәулет, Айбота, Жұмагүл, Бірлік


Дамир: - Жасы қырықтан асқан соң-ақ не ауру екенін қайдам, әйтеуір бір дерт жабысты. Анда-санда тарығып отырып қиналғанын, ұйықтай алмай шыққанын айтатын.

Айгерім: - Ара-арасында ауруханаға жатып емделіп те жүрді. Қайтадан ауырды:

Дина: «Емханада» (149 бет)


Айгерім: -Байқағаным, ауру жанына батқанда қатты күйзеліп-ақ жүрді. Әншейінде тау тұлғалы шырағымның еті қашып, ірі сүйектері саудырап сала берді ғой. Несін айтайын..

Дамир: -Әйтеуір қаламын тастаған жоқ. Оңаша үйде күбірлеп, сөйлеп, толғатқан анадай күй кешкен кездерін көрдім. Сөйтсем, мына жалғаннан арғы ауылға аттанатынын сезіп, соңына сөзін қалдыру қамымен жанталасқан екен ғой бала?

Айгерім: - «Айналдырған ауру алмай қоймайды» дегендей арыстай азаматымыздан айырылып та тындық.


Мадина «Реквием»


Айгерім: - 1976 жылдың 27 наурызы болатын.қалың ел қара нөпір болды да кетті. Тірісінде пәлендей мансабы болмағанмен, көп құрмет те көрмеген ақынның қазасы қалың көпшіліктің қабырғасы қайыстырар деп әз ана ойламап еді.

Дамир: Сол күні Қарасаздан келген ағайын –туыс, аудандық газеттегі бауырлары, нағашы жұрты мен қайын жұртынан Алматыдағы қарайған халық , дос-жарандары көптеп жиналды. Соңғы сапарға шығарып салды.


Айгерім:

Жазылар естеліктер мен туралы

Біреулер жан еді дер өр тұлғалы

Біреулер тұлпар еді дер де мүмкін

Бүтінделмей кеткен бір ер-тұрманы

Дамир:

Аңыз ғып айтар мүмкін қылығымды,

Қылығымды ұнатқан жұлынуды

Жақсы көрген дер мүмкін «жылынуды»

Әйтеуір-қазбас былық-шылығымды.

Айгерім:

Жоқ жанды қиған емес жамандауға

(Сол үшін рақмет адамдарға!!!)

Білемін әйтеуір бір замандарда

Жүреді жүз жыл жасап жасан қарға...

Дамир:

Жазылар естеліктер нешелеген

Көрерміз оның бәрін пешенеден.

Әйтеуір, білетінім бір-ақ нәрсе –

Көшеді өлең немесе өшеді өлең!

Айгерім:

Қулары, таудың қызыл түлкісі дер

Момындар, біздің үйдің кірпіші дер

Мәңгілікке өзіммен ала кеткен

Менің нәзік жанымды кім түсінер!?

ХОР: «Есіңе мені алғайсың» әні













Самые низкие цены на курсы переподготовки

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 50% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок", но в дипломе форма обучения не указывается.

Начало обучения ближайшей группы: 27 сентября. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (10% в начале обучения и 90% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru

Общая информация

Номер материала: ДВ-529267

Похожие материалы

2017 год объявлен годом экологии и особо охраняемых природных территорий в Российской Федерации. Министерство образования и науки рекомендует в 2017/2018 учебном году включать в программы воспитания и социализации образовательные события, приуроченные к году экологии.

Учителям 1-11 классов и воспитателям дошкольных ОУ вместе с ребятами рекомендуем принять участие в международном конкурсе «Законы экологии», приуроченном к году экологии. Участники конкурса проверят свои знания правил поведения на природе, узнают интересные факты о животных и растениях, занесённых в Красную книгу России. Все ученики будут награждены красочными наградными материалами, а учителя получат бесплатные свидетельства о подготовке участников и призёров международного конкурса.

Конкурс "Законы экологии"