Инфоурок Классному руководителю Другие методич. материалыКҮЗ – БЕРЕКЕ, КҮЗ – МЕРЕКЕ

КҮЗ – БЕРЕКЕ, КҮЗ – МЕРЕКЕ

Скачать материал

Семей қаласы

«№22 жалпы орта білім беретін мектеп-лицей» КММ

5 «Б» сынып жетекшісі: Тусупханова А.К.

 

КҮЗ – БЕРЕКЕ, КҮЗ – МЕРЕКЕ

(ашық тәрбие сағаты)

 

Тақырыбы: Күз – мереке, күз – береке.
Мақсаты: Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін, қызығушылықтарын арттырып, белсенділіктерін дамытып, ұйымшылдыққа, достыққа, жауапкершілікке тәрбиелеу. Оқушылардың күз туралы білімін кеңейту, ұштастыру. Оқушыларды табиғатты аялауға, өз өлкесін сүюге, еңбек адамдарының еңбегін қадірлей білуге тәрбиелеу, оқушылардың тіл байлығын дамытып, ой-өрісін, ойлау қабілетін арттыру.

Көрнекіліктері: слайд, күз суреттері, шар, лента, жапырақтар. (Сынып бөлмесін безендіріледі. Күз туралы мақал–мәтелдер, плакаттар, күз көрмесі.) Әсем безендірілген залға музыка ырғағымен кешті бастау.

1 - жүргізуші: Армысыздар, құрметті ата-аналар,
Бармысыздар, жадыраған ұстаздар!
Берекелі Алтын күз құтты болсын!

Уа, халайық, халайық,
Мұнда назар салайық.
2 - жүргізуші:

Қош келдіңіз көрермен, 
Отырыңыз қол соғып,
«Алтын күз» кешіне. 
Шат күлкіге бөлене.
1 - жүргізуші:
Бүгін, міне, қуандырып біздерді,
Берекелі күз келді, мерекелі күз келді! 
Күзді қарсы алайық! (Күз  киімін  киген  қыз бала  келеді.)

Күз:
Сәлем, өрен достарым, 
Қымбатты сый алыңдар,
Өмірге көп қосқаным. 
Молайтыңдар шаттықты,
Ән айтыңдар бақытты!
Картинки по запросу көкөністер суреттері   

2 - жүргізуші:
Көбейді құт - береке, 
Құтты болсын мереке,
Астық толы қоймамыз. 
«Алтын күзді» тойламыз!

1 - жүргізуші:
Өнім үйіп тастадық, 
Берекелі алтын күз,
Оқуды да бастадық. 
Ашық болсын аспаның!

1-бала:
Береке, бақ дарыған -
Жомарт көңіл жарқын күз.
Сары алтынға малынған 
Жетті міне Алтын күз!

2-бала:
Алма, алма дейсің,
Алма әкелсем жейсің.
Айтпады екен деме,
Алманы жумай жеме. 

3-бала:
Келістіріп бар сәнін,
Берген өзі табиғат.
Алтын күзді ал енді,
Қарсы алайық, жамағат!

4-бала:
Жүзім, алма жинаймыз,
Алтын мақта тереміз.
Үлкендерді сыйлаймыз,
Көмектесіп бәріміз.

5-бала:
Қазан болды молшылық,
Дәулет қорын қалады.
Жарқырады жарқын күз,
Келді, міне Алтын күз!

6-бала: 
Қандай өзі береген,
Алмасын-ай, алмасын!
Жемісі көп не деген,
Жеп тауыса алмайсың.

7-бала:
Күз жеткенше тамылжып,
Дастарханнан табылдың.
Мына бізден жасалар,
Қауыпқақ пен қауынқұрт

8-бала:
Мен алмұртпын, алмұртпын.
Аузындамын бар жұрттың.

9-бала:
Жемісі мол теретін,
Күз дос екен бізбенен
Бәрін тауып беретін,
Жомарт екен күз деген.

1 - жүргізуші: Мен – Күзбін. Өте еркемін, сәл нәрсеге ренжіп бұртиып қабағымды түйе қаламын. Кейде болмашыға өкпелеп, көз - жасымды аямай төгіп - төгіп жіберемін. Әйтсе де менің жомарттығым, ақкөңілдігім үшін халық мені ұнатады.
2 - жүргізуші: Иә, сізді байлық, молшылық, дархан күз деп білеміз. Біздің сізге арнаған сыйымыз бар. Сізге арнап үш топ өз өнерін көрсетеді. Соны тамашалаңыз!
Күз:   Барлығыңды қимаймын, 
         Бір айға нәр бір демім,
         Барымды мен сыйлаймын. 
         Өздеріңмен біргемін .

Оқушылар хормен: «Жаса, жаса, Алтын күз!»- деп айтады.
1 - жүргізуші: Алтын күз сіз бен бізге шуақ шашсын!
2 - жүргізуші: Көңілдің серіппелі күйін ашсын!
1 - жүргізуші: Бақ пенен шаттық бірге қатар қонып
2 - жүргізуші: Береке бірлікпенен ортақтассын,- дей отырып, құрметті көрермендер, бүгінгі мектебімізде жыл сайын өтетін дәстүрлі «КҮЗ – БЕРЕКЕ, КҮЗ – МЕРЕКЕ» атты мерекелік сайыс түрінде өтетін тәрбие сағатына жиналып отырмыз.
1 - жүргізуші: Бұл сынға үш топ қатысқалы отыр.
Бұл топтардың қайсысы жеңіске жететіндері «КҮЗ» таратып отырған жапырақтардың санына байланысты болады.

2 - жүргізуші:Уа, халайық, халайық, Сәлем жолдап баршаңызға Бәріне жар салайық! Келіп тұр бүгін топтар ортаңызға!

1 - жүргізуші:Енді, құрметті көрермендер, «Көкөністер», «Жемістер», «Астықтар» тобын орындарына отыруды сұраймыз.

2 - жүргізуші: Кештің шартымен таныстырайын:
1. Таныстыру

2. Өз өнерлерін көрсету(1ән, 1 би немесе 1күй)
3. «Ойлан, тап!» жұмысы (мұнда әр топ үш жұмбақтан жасырады)

4. «Сұрақ-жауап»
5. Сурет және қол еңбек көріністері, «Күз» туралы суреттерді пайдаланып, әр топ постер жасайды
 6. Үй тапсырмасы. «Күз – береке, күз - мереке» тақырыбына әр топтан 1 шығарма.

1 - жүргізуші: Бірінші кезекте  «Таныстыру» «Көкөністер», тобын

 

Картоп      Бақшамызда өседі,

                   Керек тағам деседі.

                   Бар қызыл, көк, сарысы

                   Ащы-тұщы бәрісі.

Пияз [жуа] (Лук)

Болса да ащы,

Дәмді етер асты.

Өседі ол жерге,

Тығып алып басты.

Сәбіз (Морковь)

Көкөніс бұл қалаулы,

Жасамас онсыз Палауды.

Кім бар сәбіз шырынын

Жастайынан ішпеген?

Mені жеген адамдар

Кем болмайды күшке де!

Қызылша (Свекла)

Ақ түсім бар қант алар,

Қызыл түсім - қанға нәр.

Ал, балақай біліп қой,

Қызылшамын пайдам бар.

«Жемістер» тобы

Мен - алмамын, алмамын

Таңдай татар бал дәмім

Мына тәтті бал-дәмді

Дастарқандарыңа арнадым

Мен шиемін, шиемін,

 Күннің көзін сүйемін.

 Қышқыл шырын менде бар,

Төмен басты иемін.

Жапырақта тасалап,

Өскен жері бақша – бақ.

Күрең қызыл шіркін –ай,

 Оның аты- құлпынай.

Жүзім пісті бір-бірлеп,

Үзіп мәзбіз біз енді.

Қоңырауы күмбірлеп,

Қыркүйекте күз келді.

«Астықтар» тобы

Егін елді жинайды,

Қырманға деп қоймайды.

Алтын астық айнала

Далама менің сыймайды. 

Жүгері жүгері сен келдің,

Өзіңмен бақыт әкелдің.

Сені көрген адамдар,

Бас салып жей береді.

Астықты алқап - мақтаным,

Қамбамызда қап-қап ұн.

Қасиетті ұн мен нан,

Жасалады бидайдан.

2 - жүргізуші: Екінші кезекте  «Өз өнерлерін көрсету»

1-топ_____________________________

2-топ_____________________________

3-топ_____________________________

1 - жүргізуші: Үшінші кезекте  «Ойлан, тап!»

1-топ          Бір шар бар кіріп шығар есігі  жоқ,
                   Су ішер, нан жемейді, тамағы тоқ.
                   Ішінде көп балапан етер мекен,
                   Ас қылып сойып жесең балдай екен.          /Қарбыз/.

                   Жаздай інге тығылып,
                   Жатқан қызыл түлкіні
                   Құйрығынан суырып,
                   Әкелді әжем бір күні.                              /Сәбіз/.

2-топ  Үлкендігі алмадай,
         Сырты жанған қызыл от,
         Ішін жарып  қарасаң-
         Майда , майда қызыл шоқ .                   /Анар/.

         Жер астында ақбоз ат,
         Терісі бар он қабат.
         Жалынан ұстап соярсың,
         Жей бастасаң жыларсың.                  /Пияз/.

3-топ          Іші толған шәрбәт,

                 Дәмі қандай әйбәт.

                 Үзесің бірден  жүзін

                 Оның аты -  ........             (жүзім)

Дөп-дөңгелек сары,

Ішінде бар дәмі.

Қызығасын көріп

Оның аты - ..............          (өрік)

2 - жүргізуші: Төртінші кезекте  «Сұрақ-жауап»

1. Қазақстан Республикасында неше облыс бар?
2. Төрт түліктің төлдерін ата
3. Қазақтың қандай салт - дәстүрлерін білесіңдер?
4. Қазақтың қандай батырларын білесіңдер?
5. Қазақтың ұлттық тағамдарын ата
6. Қазақтың үш биін ата
7. Апорт алмасының отаны
8. Бейбітшілік құсы деп қай құсты атайды?

9. Қазақстан Республикасының рәміздерді ата?
1 - жүргізуші: Алтыншы кезекте  Сурет және қол еңбек көріністері, «Күз» туралы суреттерді пайдаланып, әр топ постер жасайды .

Картинки по запросу көкеністер суреттеріКартинки по запросу көкеністер суреттері

Картинки по запросу жемістердің суреттеріКартинки по запросу жемістердің суреттеріКартинки по запросу жемістердің суреттері


 2 - жүргізуші: Бесінші кезекте  Үй тапсырмасы. «Күз – береке, күз - мереке» тақырыбына әр топтан 1 шығарма.

1 - жүргізуші:

Ойын: “Экологиялық пирамида” ( Қорытынды)
- Балалар тіршілік үшін не қажет?
- Топырақ, су, ауа, күн, жеміс-жидек,
- Осылармен қорек ететін нелер, кімдер?
- Аңдар, құстар, адамдар?
- Міне біздер тіршілік пирамидасын құрдық.

2 -жүргізуші: Ешқайсысын алып тастауға болмайды. Алып тастасақ барлығы қирайды. Олар бір-бірінсіз өмір сүре алмайды. Ормандағы басты байлық - ағаштар мен жеміс-жидектер, оларды кесуге, таптауға, жұлуға, өртеуге болмайды.

Барлығы: Табиғатты қорғау – барлық адамның міндеті. Отанымыздың табиғатын қорғаймыз.

Күз :
Рахмет, достар, өнеріңе!
Талмай еңбек етіңдер,
Уақыт өтпес тірліксіз, Қыстан аман өтіңдер.
Бақыт келмес бірліксіз.
- Барлығың өнерлі, білімді, талантты екенсіңдер. Енді мен қайтайын. Келесі жылы келермін. Мені қуандырып қарсы алдыңдар, риза етіп шығарып салыңдар. Қош болыңдар, келесі жылы амандықпен кездесейік!
Хормен: «Сау болыңыз, Алтын күз!»
1 - жүргізуші: Осымен «КҮЗ – БЕРЕКЕ, КҮЗ – МЕРЕКЕ» атты мерекеміз аяқталды. Қорытынды сөзді
тәрбие ісінің меңгерушісіне беріледі.

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "КҮЗ – БЕРЕКЕ, КҮЗ – МЕРЕКЕ"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Менеджер гостиничного комплекса

Получите профессию

Бухгалтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 663 076 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 09.11.2016 1992
    • DOCX 217.6 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Тусупханова Айнаш Кенесбековна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 7 лет и 7 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 26399
    • Всего материалов: 9

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Няня

Няня

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Медиаграмотность как форма работы с современным родителем

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 37 человек из 22 регионов
  • Этот курс уже прошли 126 человек

Курс повышения квалификации

Разговоры о важном: организация и обеспечение внеурочной деятельности

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 782 человека из 73 регионов
  • Этот курс уже прошли 3 991 человек

Курс повышения квалификации

Работа классного руководителя по организации взаимодействия семьи и школы

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 410 человек из 64 регионов
  • Этот курс уже прошли 3 542 человека

Мини-курс

История классической музыки от античности до романтизма

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Психология детей и подростков с дромоманией

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 21 человек из 18 регионов
  • Этот курс уже прошли 14 человек

Мини-курс

Педагогические идеи выдающихся педагогов, критиков и общественных деятелей

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе