Жомарт күз
Мақсаты: Күз
туралы балалардың дүниетанымдарын арттыру, күз мезгілінің қоршаған ортаға
әсерін таныту,күз ерекшеліктерін, күз сыйын ұғындыра отырып, балаларға мерекелік
көңіл-күй сыйлау.
Тәрбиеші: Қайырлы
күн! Армысыздар, құрметті ата-аналар мен балалар! Ел байлығын арттырған,
берекелі күз айы да келді. Күзді құрметтеп,қуанышпен қарсы алайық. Бүгінгі «Жомарт
күз» атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер!
-
Балалар, біз қандай мерекені тойлайық деп жатырмыз?
-
Күз мезгілінде қандай өзгерістер болады?
Балалардың жауабы: Күзде табиғат ерекше күйге енеді. Жапырақтар сары,
қызыл болса, алқаптағы шөптер қоңыр, сарғыш түске боялады, құстар жылы жаққа
ұшып кетеді. Күн біртіндеп қысқарады, жауын –шашын көбейіп, күн суытады. Күзде
жеміс-жидектер, көкөністер, бақша дақылдары, егістіктегі астық пісіп,
қамбаларға жиналады. Күз - жылдың берекелі мезгілі.
Тәрбиеші: Балалар, осы күз мезгілі
туралы тақпақтар білеміз бе?
Наргиза: Самал
қозғап қалғанда. Қ.Баянбаев.
Самал қозғап қалғанда,
Үзіледі сары алма.
Шолып едім бақшаны,
Қауын біткен сап-сары
Сары жапырақ төгілген
Тоғайды да көрдім мен.
Енді сары бояумен
Күз суретін салам мен.
Бағлан:
Бұтағындай емініп,
Күзде жеміс піседі.
Сабағынан жел үзіп,
Жерге топ-топ түседі.
Мағжан:
Күн шуаққа маужырап,
Жатыр еді атырап.
Ағаштардан жамырап,
Ұшты кенет жапырақ.
Дәулет:
Сұр
бұлт түсі суық қаптайды аспан,
Дымқыл тұман жерді басқан
Білмеймін тойғаны ма, тоңғаны ма?
Жылқы ойнап, тай жарысқан,бие қашқан
Тәрбиеші: Балалар,
жаңа тақпақта айтылғандай күзгі суық жел басталды.Желдің лебі бізге де келіп
жеткен секілді. (жел гуілі естіледі)
Балалар орындарынан тұрып, қолдарындағы жапырақтарды жерге шашады. Музыканың
әуенімен билеп Күз ханшайымы және күз айлары кіреді.
Тәрбиеші: Қош
келдіңіздер, Күз ханшайымы және де күз айлары. Өздеріңмен бірге береке, байлық,
молшылық, тоқшылық ала келдіңіздер. Оған біз өте қуаныштымыз.
Күз
ханшайымы:Амансыңдар
ма, балалар! Бүгінгі желдің лебі мені сендердің орталарыңа алып келді.
Мерекелеріңіз құтты болсын!Балалар мен өзіммен бірге айларымды ертіп келдім.Күз
мезгілінің айларын білесіңдер ме?
Қыркүйек - Жансая
Бір-біріне жер аспан
Мейіріммен қарасқан
Ұстаз-шәкірт жүздескен
Қош келіпсіз күз дескен.
Қазан-Жанболат
Қазан айы болыпты,
Қамбаға астық толыпты
Сары даланы сәндетіп
Думандатып әндетіп
Қараша-Жомарт
Күн суытып барады
Малдар қолға қарады
Қараша ауыл даламыз
Қысқа дайын боламыз.
Тәрбиеші: Олай болса балалар, келген
қонақтарға тақпақтарымызды айтып берейік.
Мөлдір:
Алтын, сары, қызыл, көк,
Алуан-алуан жапырақ.
Күзгі бақта күлімдеп,
Көз тартады атырап.
С.
Қолғанат:
Берекесін сыйлауға,
Өлкемізге күз келді.
Жемістерін жинауға,
Шақырады біздерді.
Тәрбиеші:
Жарайсыңдар, балалар, Күз ханшайымына арнап «Күз жомарт» әнін орындап берейік.
Ән «Күз жомарт».Хор
Кішкентай жеміс- жидектер тақпақтарын айтады.
Тәрбиеші: Күз
ханшайымы, мына қолыңыздағы сыйлықтарыңызды балаларға берсек бола ма?
Күз
ханшайымы:
Бұл сыйымды балалар еңбек етіп алулары керек.Ол үшін менің тапсырмаларымды
орындауларың керек.
Тәрбиеші: Күз
ханшайымы,қандай тапсырма берсеңіз де орындап, еңбек етуге дайынбыз, солай ма
балалар?
Тәрбиеші: Олай
болса балалар, бұл тапсырмаларды 3 топқа бөлініп орындасақ қайтеді?
Балалар: Иә!
Тәрбиеші
балаларды 3 топқа бөледі:
Бірінші
топ: «Көкөністер»
Екінші
топ: «Жеміс-жидектер»
Үшінші
топ: «Астық дақылдары»
Күз
ханшайымы: Олай
болса әр топ өздерін таныстырып өтуі керек.
Тәрбиеші:
Мереке
басы ән болар,
Береке басы дән болар, - дейді халқымыз, ендеше ортаға астық дақылдарын шақырайық.
Бидай:
Нан атасы –бидаймын,
Ілияс
Елге астық сыйлаймын.
Дәнім толып піскенде,
Қауызыма сыймаймын.
Тары:
Ақ, қарамын, сарымын,
Н.
Қолғанат
Мен өнімді тарымын.
Халқым еңбек сіңірсе,
Қайтарамын қарымын.
Күріш:
Күнді сүйген күрішпін,
Айбар
Күллі жұртқа ырыспын.
Алсын деп ел, мол өнім
Ала жаздай су іштім.
Сұлы:
Мен сұлымын, ұланның
С.
Ақерке
Тұлпарына ұнадым.
Баптаған әр диқанға
Басымды иіп тұрамын.
Астық
дақылдары ортаға шығып билейді. 149
Ортаға
«Жеміс-жидектер» тобын шақырамыз.
Жансая:
Мен
алмұртпын, алмұртпын,
Күзде жинап алатын.
Балдыраған біреуін,
Жесен тойып қалатын.
Нұрланбек: Сары
алтындай әңгелек,
Қандай тәтті әңгелек.
Дәмі аузыңнан кетпейді,
Балың да оған жетпейді.
Мөлдір: Мен
шиемін, шиемін,
Күннің көзін сүйемін.
Қышқыл шырын менде бар,
Төмен басты иемін.
Наргиза:
Мен
алмамын, алмамын,
Таңдай жұлар бар дәмім.
Дәмімді татқан балақан,
Ұмытпайды ешқашан.
«Жемістер
биі» 148
Тәрбиеші: Ортаға
үшінші топ «Көкөністер» тобын шақырайық.
Көрініс
«Көкөністер дауы»
Тәрбиеші:
Өнім
биіл тамаша!Көз тоймайды қараса:
Сәбіз, картоп, кәдіш пен қып-қызыл піскен қызанақ,
Қырыққабатқа қарашы!
Көкөністер бір кезде жиыла қалып дауласты.
Көкөністер:
Жиналып
қалыппыз бәріміз,
Қайсымыз ең дәмдіміз?
Ішімізден адамға
Тиеді көп пайдамыз?
Бұршақ:
Мақтаншақ
бұршақ ортаға жүгіріп шықты.
Алуанай
Кішкене
түймедеймін мен,
Ұнаймын мен бәріне!
Дәмді тағамдарыммен
Сый жасаймын бәріңе.
Тәрбиеші:
Ызаланған
қызылша қып-қызыл болып кетті.
Қызылша:
Мен
де бір сөз айтайын,
Жаннель
Мақтанайын
сіздерге.
Менсіз борщ болмайды
Венегрет те үстелде.
Қырыққабат:
Мақтаңғаннан
не пайда?
Ернар Менсіз дәмді щи қайда?
Мені қосса самсаға,
Бәрі жейді тамсана!
Қияр:
Дәмім
тілді үйірген
Сұлтан
Мен
тұздалған күйімде!
Жаңа піскен кезімде
Жейді бәрі сүйсіне!
Шалқан:
Кім
білмейді шалқанды?
Мадияр
Талайлар маған таң қалды.
Бәріне сый боламын
Тауып көр менен дарханды!
Сәбіз:
Кім
бар сәбіз шырынын
Малика
Жастайынан ішпеген?
Мені жеген адамдар
Кем болмайды күшке де!
Қызанақ:
Піскен
кезде қызанақ,
Айша
Көз
тартар қызыл түсімен.
Бар ма адам сүйсінбей
Томат шырын ішпеген.
Пияз:
Боламын мен дәмдеуіш,
Әділет
Барлық-барлық тағамға.
Көкөністер ішінен
Мен пайдалы адамға.
Картоп:
Мен ұялшақ картоппын
Арсен
Мен
емеспін мақтаншар.
Мені жақсы көреді
Үлкендер мен балалар.
Тәрбиеші:
Бос айтысты қояйық,
Дауласуды тоқтатайық.(көкөністер барлығы):
Жиналып
қалыппыз бәріміз,
Қайсымыз
ең дәмдіміз?
Ішімізден
адамға
Тиеді
көп пайдамыз?
Тәрбиеші:
Көкөністер
бәрі де,
Денсаулыққа пайдалы
Мұны жатқа біліңдер,
Оларды жақсы көріңдер!
Балалар,
жарайсыңдар, рахмет! «Көкөністер»биі 150
Ал, енді ортамызға Кішкентай бишілерімізді шақырамыз.
1
тапсырма
Күз ханшайымы: Бәрекелді балалар,
жарайсыңдар! Мұны көрермендер бағалайды.Егер сендердің орындаған тапсырмаларың
ұнаса шапалақтауы керек.
Менің тапсырмам «Жүз бір жұмбақ» деп аталады.
Мына алтын конвертте жұмбақтар жазылған, сол жұмбақтарды апайларың
айтып берсін.
Жұмбақтар:
1 Іші толған шәрбат
Дәмі қандай әйбат
Үзесің бірден жүзін
Оның аты-...(жүзім)
2 Дөп-дөңгелек сары
Ішінде бар дәні
Қызығасың көріп
Оның аты-...(өрік)
3 Жапырақты тасалап
Өсетін жері бақша-бақ
Күрең қызыл шіркін ай
Оның аты-...(құлпынай)
4
Қалын кигенді ұнатады,
Шешіндірсең жылатады. (пияз)
5
Жер бетінде шашы бар,
Жер астында басы бар. (сәбіз)
6
Көкпенбек еді көктемде,
Қызарады күзжеткенде. (қызанақ)
7 Бір сабақта көп түйме
Жей алмайсың көк күйде
Санап қара қанша
Оның аты-...(шие)
8 Пісетін кезі дәл күзде
Мезгілсіз оны үзбе.
Аузыңнан кетпес бал дәмі
Оның аты...(Шабдалы)
9
Қырыққабат жейде,
Осыны да жейді ел. (қырыққабат)
10
Жазда тұрып жоғары,
Күзде жерге қонады. (жапырақ)
11
Іші жұмсақ, сырты-қатты,
Еті қызыл, сүті –тәтті. (қарбыз)
12 Тәрбиеші:
Балалар,
ал ең соңғы жұмбақты «Астық дақылдары » тобынан Қуаныш жұмбақ жасырсам деп
отыр.Қане тыңдайық.
Қуаныш:
Жиып-теріп
болатын,
Қамбаға астық толатын.
Қызыл қырман ойнайтын,
Қай мезгіл деп ойлайсын? (күз мезгілі)
Ойын:
«Картоп жинау»
Күз ханшайымы: Біраз ойымызды
сергітіп ойындар ойнап жіберейік.Ал енді, балалар, менің сендерге алып келген
ойындарым бар.Балалар, сендер білесіңдер ме,көкөністердің қайда өсетінін? Осы
көкөністердің бірі картоппен ойын ойнатқым келіп отыр.Картопты біз жерден
күрекпен қазып алады екенбіз.Олай болса қазір біз картопты күрекпен емес
қасықпен қазып аламыз.үш топтан үш бала шығады.
2-тапсырма
Күз
ханшайымы: Менің
үшінші тапсырмам «Жапырақтардан бейнелер құрастырайық»
Мынау
менің бақшамдағы сарғайып кеткен жапырақтар.Олар жерге түсіп керексіз болып
қалды.Ал мен осы жапырақтардан әдемі бейнелер құрастыруға болатынын ойлап,
сендерге әкеліп отырмын.
Үш
бейнені көрсетеді, осындай етіп бейнелер құрауға кіріседі.(музыкамен) Ең
үздігін көрермендер бағалайды (шапалақтайды)
Үш
ата- ана
көмекке келсін.
Тәрбиеші:
Рахмет,
сендерге балалар!Өте әдемі бейнелер құрастырдыңдар.
Ал
енді Наргизаның «Үнді биін» тамашалайық.
3
тапсырма
«Суретшінің
аяқталмаған суреті»
Балалар бір күні суретші сурет салуға кірісіпті.Ойланып,ойланып
мына суреттерді салады.Қане, мына суреттерге назар аударайықшы.Суретші ненің
суретін салмақ болған екен? Осы суреттерді салып енді бояйтын кезде бояулары
таусылып қалыпты.Сендер суретшінің боямаған суреттерін әдемілеп бояп беруге
көмектесесіңдер ме? Олай болса сәттілік!
Алманың, қарбыздың, сәбіздің суретін бояйды.Сол топ бояған
суреттерін қорғайды.
Тәрбиеші: Балалар сендерге орындайтын Күз ханшайымның ең соңғы
тапсырмасы қалды.
4
тапсырма
«Сұрақ -жауап
кезеңі»
Тәрбиеші:
Үш
топтан үш бала шығып конверттегі тапсырмаларды алады.
1
Балалар, неге күзді «Алтын күз» дейміз?
2 Ал неге «Жомарт
күз» дейміз?
Өйткені
күзде жеміс-жидектер, көкөністер, астық піседі. Барлығы мол болады. Сондықтан
«Алтын күз- жомарт күз» дейміз.
3
Сыйқырлы
күз деп неге атаймыз?
Жансаяның
орындауында «Айналайын айым» әнімен қарсы алыңыздар!
Күзгі
вальс.
Күз
ханшайымы:
Бәрекелді балалар, сендердің бүгінгі еңбектеріңе куә болдым.Өте еңбекқор
екенсіңдер.Мына сендер сияқты өте білімді, еңбекқор балалармен бүгін кездесіп,
қонақ болғаныма өте қуаныштымын.Бүгін сендердің еңбектеріңе мына менің
бақшамдағы жемістермен алғыс айтқым келіп отыр.
Тәрбиеші:
-Балалар күз мезгілі ұнайды ма?
-Несімен ұнайды?
Өңі
қашқан бәрінің
Оңып кеткен атырап
Қолдарындай кәрінің
Қалтырайды жапырақ
Соңғы кезде жерге күн
Қырын қарап алыпты
Қара бұлттар жөргегін
Кептіре алмай қалыпты,-дей отырып күзге айтарымыз берер сыйың жылдан-жылға көп
болсын, елде тыныштық болсын!- дей отырып бүгінгі «Жомарт күз» атты мерекелік
іс-шарамызды аяқтаймыз!Балабақша меңгерушісіне сөз
беру.Ата-аналардың бүлдіршіндерге құттықтау сөзі.Шашу шашылып, мереке аяқталады.
Оставьте свой комментарий
Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.