Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Дошкольное образование / Конспекты / Күз мезгіліне арналған ертеңгілік "Алтын күзім"

Күз мезгіліне арналған ертеңгілік "Алтын күзім"


  • Дошкольное образование

Поделитесь материалом с коллегами:

hello_html_323d8850.gifhello_html_1a700749.gifhello_html_633fbb83.gifhello_html_633fbb83.gifhello_html_633fbb83.gifСабақтың тақырыбы:  Алтын күзім.
Мақсаты: Күз мезгілі жайында оқушылардың білімдерін толықтыру, күз мезгілінде болатын  ерекшеліктерін есте сақтауға баулу. Табиғатты тамашалай білуге,қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу. Өз беттерінше ерінбей еңбек етуге үйрету және өз еңбегін бағалай білуге  тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: Табиғи заттардан қол өнер көрмесі, «Күз» тақырыбы бойынша сурет көрмесі, табиғи жапырақтар.

Сабақтың барысы:
МҰҒАЛІМ:Құрметті ата-аналар, ұстаздар,қонақтар бүгінгі «Алтын күз » ертеңгілігіне қош келдіңіздер.

Музыка қосылады содан соң балалар кіреді
Қош келдіңіз, көрермен
«Алтын күзім» ертеңгілігіне.
Отырыңыз қол соғып,
Шат күлкіге бөлене.
МҰҒАЛІМ: «Сұр бұлт түсі суық қаптайды аспан,
Күз болып дымқыл тұман жерді басқан.
Білмеймін тойғаны ма, тоңғаны ма,
Жылқы ойнап, бие қашқан, тай жарысқан»
,- деп Абай атамыз айтқандай, біздің де балаларымыз осы күз мерекесіне арнап тақпақтарын айтып береді.
МЕРЕЙ:  Көк аспаның мөлдіреп,
Алтын күзім елжіреп.
Асыр салып жүре бер,
Сары көйлегің желбіреп.

БАҚЫТ:    Жаздай күткен бәріміз,
Сары алтын, сары күз.
Алтын ұя бақшада,
Сабақ бастар шағымыз.

АЖАР:  Күз жемісті алтын күз,
Қуансың халқымыз.

АЛИБЕК: Берекесін сыйлауға

Өлкемізге күз келді

Жемістерін жинауға

Шақырады біздерді


РАҚЫМ:Алтын,алтын,сары алтын

Алтын күзде нұр жатыр

Мектепке баратын

Алақай-ау күн жақын

БАЯН: ой балалар балалар

Қоңырқай күз болыпты

қурап жапырақ түсіпті

ел егінін орыпты

ой балалар,балалар

ойнайық та күлейік

енді оқуға кірейік

ЕРАСЫЛ: Көбейді құт-береке,
Астық толы қоймамыз.
Құтты болсын мереке,
«Алтын күзді» тойлаймыз.

Би: Жапырақтар

Тәрбиеші: Жарайсыңдар балалар.
-    Балалар бізге қонақ келе жатыр. Бұл кім екен?
Күз: Сәлеметсіңдер ме балалар? Бүгін сіздерде мереке болып жатыр екен.

Дастарқандарыңыз нанға мол болсын!

Дастарқандарыңыз жеміс-жидекке мол болсын.  

Ән айтыңдар бақытты!
Молайтыңдар шаттықты!

Мынау менің сендерге әкелген шашуым!
Себет ішіндегі сары алтын жапырақтарды шашу ретінде айналаға шашады.

Мен құр келген жоқпын, өзіммен бірге жұмбақтар алып келдім.
Жұмбақ жасыру
1.    Отыз көйлек киген, Бір түйме жоқ ілген. ( орамжапырақ)
2.    Көк ала киім киеді, күннің көзін сүйеді.  (қарбыз)
3.    Қалың киімді ұнатады, Шешіндірсең жылатады.  (пияз)
4.    Аласа тауда жасыл алма, ол қызыл болмай аузыңа салма. (қызанақ)
5.     Сарт-сарт жауады,қолшатырды ашқызады  (жаңбыр)
7.    Жазда жасыл , жоғарыда өседі,

Күзде сарғайып, төмен түседі,    (жапырақ)
Тәрбиеші: Күз ханшайымы, біз сізге ризамыз. Біздің оқушылар сізге арнап көптеген өнер әзірледі, отырып тамашалаңыз.

Ойын: Саңырауқұлақ пен жапырақ

МҰҒАЛІМ:Балалар ал біздің ата-аналарымыз көкөністерді,жемістерді білеме?,білімдерін тексеріп көреміз бе?

Дұрыс жауап бергендерге жапырақ тарату,содан соң сол жапырақ бойынша ата-аналарды ойынға қатыстыру.
АТА-АНАЛАРДЫ ҚАТЫСТЫРУ: Салат жасау.
Ән: Бізге күз не әкеледі?
Ойын: «Жаңбыр мен күн»
Ән
: КҮЗ,КҮЗ,КҮЗ КЕЛДІ.

КӨРІНІС :ШАЛҚАН

ӨЛЕҢ: ЖАҢБЫР,ЖАҢБЫР СОҚПАШЫ

КӨРІНІС: «АЛМА» Шағын көрініс "Алма"

Кейіпкерлері :Қарға,2 Қоян,Кірпі,Аю және Күз

Қояндар- АЛИБЕК,БАЯН: -Әй,Қарға ! Бізге алманы үзіп берші!

Қояндар- АЛИБЕК,БАЯН: -Тоқта,тоқта!Алмамды қайтарып бер.Оны тауып алған -біз.

Кірпі- РАҚЫМ:-Бұл менің алмам!Ол төбеден құлады ,мен оны ұстап алдым.

Қарға- АЖАР:- Босқа таласпаңдар,алма менікі! Мен оны өзіме үзіп алдым!

Жүргізуші:Орман іші айғай-шу болып кетеді.

Сол кезде Қорбанбай Аю келіп қалады

Аю- ЕРАСЫЛ:-Осы жерде не болып жатыр,бүкіл орманға шулап не болды?

Қояндар- АЛИБЕК,БАЯН : -Аю бізге алманың кімдікі екенін айтып берші!

Аю- ЕРАСЫЛ: Алманы кім тауып алды?

Қояндар- АЛИБЕК,БАЯН : Біз

Аю- ЕРАСЫЛ: Ал алманы кім үзіп алды?

Қарға- АЖАР: Мен

Аю- ЕРАСЫЛ: Жақсы. Оны кім ұстап алды?

Кірпі- РАҚЫМ: Мен

Аю-ЕРАСЫЛ:Онда алманы үшеуің бөліп алындар!

Кірпі- РАҚЫМ: Жоқ алманы төртке бөліп, аю сағанда береміз керек!

Күз-: Қандай жақсы балаларсыңдар,міне мынау сендерге арналған сыйлық !

Ән: «Көңілді күн»

Қорытынды

Осымен , құрметті ата-аналар, ұстаздар «Алтын күзім» мерекесіне арналған ертеңгілігіміз аяқталды.



















«Тәуелсіздік – ел тілегі» мерекелік ертеңгілігі
Мақсаты: Қазақстан Республикасының тәуелсіздік күні мерекесі туралы түсінік беру.
Туған елінің болашағына үлес қосып, елі, жері үшін қызмет етуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: рәміздер, шар, жалаушалар, Н.Ә.Назарбаевтің суреті
Өту барысы
Тәрбиеші: Құрметті ата-аналар, ұстаздар және балалар! 16- желтоқсан Қазақстанның тәуелсіздік алған күніне арналған «Тәуелсіздік – ел тілегі» атты мерекелік ертеңгілігімізге қош келдіңіздер!
Тәуелсіздігімізге арналған салтанатты мерекемізді еліміздің әнұранымен бастайық.
Әнұран орындалады.
Құрметті қонақтар, сүйікті балалар!
Еліміз тәуелсіздік алып, нарықты заман орнады. Тәуелсіз еліміздің жастары үшін заман талабына сай өнерлі де білімді болып өсу талабы туды. Тәуелсіз еліміз болашаққа айқын бағдар түзеп, өркениетті елдер қатарына аяқ басты.
Болашағы жайнаған бақ тұғыры,
Бұл да болса қазақтың мықтылығы.
Еркіндік, тәуелсіздік аңсаған ел,
Жиырма жылға қыр асып шықты міне.
-    Балалар, Отан дегенді қалай түсінесіңдер?
-    Бәздің мемлекетіміз қалай аталады?
-    Қазақстан Республикасы қандай ел?
Балалардың жауаптары тындалады.
Аяулым: Қазақстан – өте үлкен республика. Оның табиғаты алуан түрлі, жері бай. Талай қиындықтарды бастан кешкен қазақ халқы бүгінгі күні – егемендікке қол жеткізіп отырған ел.
Отан туралы өлең шумақтарды қабыл алыңыздар.
Дарын   Отан – жерім, Отан-суым,
Отан қуат, нәр береді.
Отан-ұран, Отан-туым,
Отан мәңгі гүлденеді.
Иман:  Отанды біз атамекен
Деп аялап атаймыз.
Өйткені оны мекен еткен,
Бабамыз бен атамыз.
Ерасыл:  Отанды
Жас, кәріміз де
Туған жер деп сүйеміз,
Өйткені онда бәріміз де,
Туып, өмір сүреміз.
Ранида:  Отанды әркім анасындай,
Қастерлейді, бағалап.
Өйткені, Отан баласындай
Бізді өсірер аялап.

Роман:  Отан деген-атамекен,
Отан деген-туған жер.
Отан-ана,
Отан-үлкен
Қазақстан-туған ел!
Бағдат:  Отан-сенің ата-анаң,
Отан-өлкең, аспаның.
Отан-досың, бауырың,
Отан-аудан, ауылың.
Хормен «Достық» әні орындалады.
Тәрбиеші: Әрбір егеменді елдің өзіне тән мемлекеттік рәміздері болады.
-    Қазақстан мемлекетінің рәміздерін айтып беріңдерші.
Балалардың жауаптары тыңдалады.
Жайнар: Рәміздерім – елдігімнің белгісі,
Білу керек бала-дағы ең кіші.
Рәміздерім – Әнұран, Ту, Елтаңба,
Рәміздерді жатқа білген жөн кісі.
Ерасыл:          Қазақстан туы
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы тік бұрышты көгілдір мата. Тудың ортасында шұғылалы күн бейнеленген. Оның астында қалықтап ұшқан қыран құс бейнесі алтын түсті бояумен берілген. Матаның сол жағында ұлттық өрнек салынған тік жолақ бар. Тудың ені – 1 метр, ұзындығы – 2 метр.
Перизат:  Көк аспандай көкпеңбек,
Қазақстан жалауы.
Көк емес ол тектен-тек-
Елдің ашық қабағы
Ақ ниеті – алтын күн,
Асқақ арман – қыраны.
Жалауы бұл  – халқымның,
Мәртебесі, мақтаны.
Дарын:      Қазақстан елтаңбасы
Қазақстанның Мемлекеттік елтаңбасында көгілдір түс аясындағы шаңырақ бейнеленген. Шаңырақты айнала күн сәулесіндей тарап, уықтар шаншылған. Оны аңыз әңгімелердегі пырақтардың қанаты көмкеріп тұр. Елтаңбаның жоғарғы жағында жұлдыз орналасқан, ал төменгі жағында «Қазақстан» деген жазу бар. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік елтаңбасының реңдік бейнесі екі түсті – алтын және көгілдір түс.
Гүлсезім:  Елтаңбасы елімнің,                     Серіжан:  Қанатты қос арғымақ,
Неткен әйбат, әдемі! .                                    Екі жақтан көмкерген.
Тұнығындай көңілдің,                                   Тәуелсіздік жолында,
Ортада-аспан әлемі.                                       Талай-талай тер тамған.
Құт, береке-шаңырақ,                                    Билігім өз қолымда,
Орын алған ол төрден.                                  Еркіндігім-Елтаңбам.
Тәрбиеші:  Әр жыл сайын,
Тәуелсіздік таңы атты.
Топқа бардың, тойға мініп ақ атты,
Дүниені қуанышқа бөлеп тұр,
Ән айтылып, жыр төгіліп қанатты.
Би: «Қаражорға»
Тәрбиеші:  Көз тіккен төрткүл дүние алты алашы,
Бұл бүгін қазағымның бас қаласы.
Елордам халқым үшін ерен бөлек-
Тәуелсіз еліміздің Астанасы!
Елорда Астанаға арналған өлең шумақтарды қабыл алыңыздар.

Гүлсезім:  Қадамың бар баспаған,
Асуың бар аспаған.
Халқым жетсін мұратқа,
Ей, бас қала – Астанам!
Серіжан:  Тың жолдары бастаған,
Жалған атын тастаған.
Қайта түлеп, құлпырған,
Ей, бас қала – Астанам!
Ранида:   Жетпіс тоғыз жас жаран
Жау дұшпанын жасқаған.
Намысың бар найзадай,
Ей, бас қала – Астанам!
Иман:  Кенесары-бас бабаң,
Озық туған басқадан.
Арыстарды ардақта,
Ей, бас қала – Астанам!
Жайнар:  Шырқап көкке аспан-ән,
Болашаққа бас қадам.
Қазақ рухын биіктет,
Ей, бас қала – Астанам!
Роман:  Жас астана-жас ғалам,
Тарихың бар ашпаған.
Ордасы бол, ойшылдың,
Ей, бас қала – Астанам!
Тәрбиеші:  Тал шыбықтай бұралған,
Қазағымның қыздары-ай.
Сүйсіндірген биімен,
Өнерлі ғой қыздар-ай.
Би: «Домбыра биі»
-    Қазақстан Республикасының президенті кім?
-    Н.Ә.Назарбаев
Гүлсезім:  Елі сүйген еңселім де, еркінім,
Аппақ таңнан дауысыңды естіп, елтідім.
Тәуелсіздік – Назарбаев Нұрсұлтан,
Тұңғыш көкке көтерді ол ел туын.
Аяулым:  Тәуелсіздік күні дедік бұл күнді,
Атын атап ақын оны жыр қылды.
Сол күнменен қатар туған сәбилер,
Кішілерге аға болып үлгерді.
Айкерім:  Тәуелсіздік – балалардың ұраны,
Бей уақытта бойға таққан тұмары.
Тәуелсіздік- түнектерде тұншығып,
Ызғар ұрып, жанбай қалған шырағы.
Жайнар:  Тәуелсіздік еліміздің күн,айы,
Жанға қуат беретіндей ұдайы.
Еліміздің аталғандай есімі,
Еліміздің кіретіндей шырайы.
Нұрсая:  Тәуелсіздік – таң нұрысың арайлы,
Бабалардың арманысың талайғы.
Ғасырлардың құшағында ер жеттің,
Халқым сені өз бақыты санайды.
Сен әкелдің шаттығымды, күлкімді
Ата-бабам армандаған бұл күнді.
Тәуелсіздік өркендесін өрісің,
Бақытпенен қауыштырған жұртымды!
Хор: «Әрқашан күн сөнбесін»
Қорытынды
Әрқашан бейбітшілік заман болсын,
Ел іргесі аман болсын.
Ертеңге жол ашатын,
Бүлдіршіндер бақытты болсын.
Осымен, Қазақстан Республикасының 20 жылдық мерекесіне арналған ертеңгілігіміз аяқталды. Ел тыныш, халқымыз аман болсын, бейбіт күніміз жарқын болсын. Тәуелсіз еліміздің көк байрағы желбіресін!

Төрле, төрле, Жаңа жыл!
Тәрбиеші: Ерте, ерте, ертеде ешкі жүні бөртеде, елі төрт түлікке бай, өңірі кенге толы, суы мөлдір, ауасы таза, табиғаты жанға дауа Қазақстан деген ұлан-байтақ шаһар болған екен. Сол шаһардың ішін кезіп жүріп жастары білімге құштар, үлкендері ұлағатты халқының ынтымағы жарасқан, жақсы жетістіктерімен танымал болған бір ауылға кезіктім. Ол өздеріңіз куә болып отырған- Жақсыбай елді мекені. Ал біз осы елді мекендегі аудан бойынша өзіндік ерекшелігі бар «Білімнен асқан жақұт жоқ, Ұстаздықтан асқан бақыт жоқ» дегендей бар ғұмырын бала тәрбиесіне сарп еткен, білім нәрін сепкен ұлағатты әз жүрек асыл жандары бар Білім ордасына келіп қалған екенбіз.
-    Олай болса, қасиетті Жақсыбайдың барша халқы мен қонақтарын, ұстаздары мен білімпаз оқушыларын келе жатқан Жаңа жыл мерекесімен құттықтаймыз!
Жаңа жыл туындаған жаңа армандар,
Жаңа жыл шуылдаған жаңа ормандар.
Ол мынау мәңгі бақи жаңа дүние,
О, сәлем, Жаңа жылда жаңарғандар.
Ал, енді біз бүгін мына керемет Жаңа жыл тойын осы бір әсем шыршасы бар, сұлу безендірілген қасиетті қара шаңырақта тойлағалы отырмыз ғой. Осы шаңырақтың патшасын ортаға салтанатпен шақырып жүздессек қайтеді.
-    Олай болса, шаңырақтың патшасы Мейірбек Жұмабекұлын қошеметтеп ортаға шақырайық.
(Мектеп директоры сөз алады)
Ерасыл:  Жаңа жылың құтты болсын, жас ұрпақ,
Келген жылға қарамаңдар тосырқап.
Үлкенге ізет, кішіге көмек көрсетіп,
Жақсы істермен көңіліңнің досын тап.
Жайнар:  Жаңа жылың құтты болсын, аталар,
Сергек ұрпақ өздеріңнен от алар.
Қара нарлар, көтеріңдер жыл жүгін,
Соңдарыңнан ере берсін боталар.
Нұрсая:  Жаңа жылың құтты болсын, аналар,
Бүлдіршіндер өздеріңнен нәр алар.
Сендер барда дүниеге келеді,
Ұлы ақындар, дүр ғалымдар, даналар.
Серіжан:  Жаңа жылың құтты болсын, бауырлар,
Жарқырай бер, жас қалалар, ауылдар.
Кемелді елге кереметін табыстап,
Тереңдерге кетіп жатқан тамырлар.
Ранида:  Жаңа жылың құтты болсын әпкелер,
Сендерге еріп әрбір үйге бақ келер.
Сендерге еріп жақсылыққа серік боп,
Сендерге еріп іні, сіңлі тапты өнер.

Дарын:  Жаңа жылың құтты болсын, байтақ ел,
Жүректерге сөзін бүгін айтады ер.
Бір-бір жасқа бәрімізді үлкейтіп,
12 айдан кейін бізге қайта кел.
Тәрбиеші: Жаңа жылдарыңыз құтты болсын!
Енді Жаңа жыл ертеңгілігімізді бастауға болады.
Түлкі: Тоқтаңдар, тоқтаңдар! Аяз ата қайда? Аяз ата да жоқ. Ақшақар да жоқ. Оларсыз қалай Жаңа жылды қарсы аламыз?
Тәрбиеші: Дұрыс айтасыз. Олай болса, оларды шақырайық.
Аяз ата! Ақшақар! А-у, а-у.
(Әдемі әуен естіледі. Аяз ата мен Ақшақар, қоян келеді)
Тәрбиеші: (Аяз ата мен Ақшақар, қоян келе жатқанда оқылады)

Аппақ тонға оранып,
Базарлықты мол алып.
Келеді алыс сапардан,
Аяз ата оралып.
Қалып едік сағынып
Күтіп алдық жабылып.
Жолын қойдық жарық қып,
Шыршаларға шам іліп.
-    Аяз ата, Ақшақар келіңіз, қызықты бізбен көріңіз.
(Аяз ата мен Ақшақарға сөз беріледі)
Тәрбиеші: Кешіміз көңілді әнмен, бимен басталып та кеткен сияқты. Бізбен бір жыл бойы бірге болып, бар қызықты бірге өткізген, бірге қуанып, бірге ренжіген, біз үшін үлкен қуаныш болған қоян жылына сөз берейік.
(Ескі жылға сөз беріледі)
Тәрбиеші: Қоян жылын шығарып,
Ұлу жылын қарсы алар.
Кәне, менің достарым
Әсем бимен ырғалар.
Би: Антошка
Серіжан:  Көңілде жұбаныш                                           Бағдат:  Ақ таяғын таянып,
Тасысын береке.                                                              Таңмен бірге оянып.
Жаңа жыл – қуаныш,                                                      Аяз ата келіп тұр,
Жаңа жыл – мереке.                                                        Ақ күпіге оранып.
Айкерім:  О, Жаңа жыл, құтты жыл                              Аяулым:  Қараңыз мына шыршаларға,
Жаңа бақыт, несібем.                                                        Неткен әсем, көрікті.
Жаңа жылдың қып-қызыл                                               Жаңа жылдық мерекеге,
Қоштастық біз кешімен.                                                   Барлығы да келіпті.
Гүлсезім:  Жарқырайды жыл шамы
Жыл келгенін тосамыз.                                   Роман:  Жасыл желек жамылған
Шыр айналып шыршаны                                              Асыл моншақ тағынған.
Әнге біздер басамыз.                                                     Міне әсем шыршамыз,
Көптен күтіп сағынған.
Көрініс: «Жыл басына таласқан хайуанаттар»
Тәрбиеші: Балалар, 1-2 күннен жаңа жыл келеді. Ал кім айтады, келер жыл қандай жыл?
-    Дұрыс айтасыңдар, балалар. Жаңа 2012 жыл Ұлу жылы екен. Ендеше сөз кезегін ұлу жылына берелік.
Тәрбиеші: Жаңа жылым бірлік берсін еліме,
Береке мен ырыс келсін жеріме.

Аяулым: Келді жылым-бақытым,
Кемелденді уақытым.
Сәлем саған, Жаңа жыл,
Жаңа бақыт, жаңа жыр!
Гүлсезім: Әкелді жыл ырыс-құт,
Елімде той тыныштық.
Жарқын өмір жаңаша,
Жаңа жылым тамаша.
Нұрсая:  Жаңа жылым тамаша,
Біз тойлайық жаңаша.
Ұлу жылы тоқшылық,
Шынайы достық, денсаулық,
Жаңалық пен игі істер
Келе берсін баршаға.

Перизат: Тамаша сый алып
Келді Аяз атамыз.
Шаттанып, қуанып,
Шырқап ән айтамыз.
Айкерім: Әдемілеп біз ілген
Ойыншықтар тізілген.
Қандай жақсы шыршамыз
Ән шырқайық баршамыз.
Жайнар: Атамызбен бірге ойнап
Жаңа жылды бірге тойлап.
Би биледік, ән салдық
Жаңа жылды қарсы алдық
Ранида: Жаңа жыл Аяз атаны
Мектепке әкеп кіргізді
Қоржын толы сыйлығымен
Қуантады біздерді.
Би: «Батырлар биі»
Ерасыл: Жаңа жылда жаңа табыс әркімге,
Бақыт болсын таусылмайтын әркімде.
Отан аман, заман тыныш, бейбіт күн
Тыйылмасын сәби, бөбек күлкің де.
Дарын: Аппақ бүгін қыр-далам,
Ақ дастарқан жапқандай.
Халық біткен қарбалас
Қонақ күтіп жатқандай.
Көңілде көп қуаныш
Әр көңілде жақсылық
Кеткен жылға мың алғыс
Әкелген көп жақсылық.
Иман: Жаңа жылда алдағы,
Көңіл өсіп кеңейсін.
Ортақ ойы, арманы
Жаңа дәстүр көбейсін.
Роман: Этот день мы ждали долго
С нетерпением целый год.
Запевай, звени под елкой,
Новогодний хоровод.
Би: «Домбыра биі»
Тәрбиеші: Балалар, Аяз ата бармаған әлі талай асулар бар. Сендер сияқты балалар күтіп отыр. Соңғы рет Аяз ата, Ақшақар бәріміз бір билеп атамызбен қоштасайық.
(Аяз ата мен Ақшақар кетеді)
Барлығы: Сау болыңыздар, Аяз ата, Ақшақар.
Тәрбиеші:       Мерекеміз Жаңа жыл
Тойында қызық думан бар!
Жаңа жыл-бұл Жаңа өмір
Сайранда туыс-туғандар.
Бақытты болып жыл сайын
Осылай басты қосайық.
Ашық боп аспан әрдайым
Тыныштық тойын жасайық.
Жаңа жылда жақсылық болсын,
Әр үйге құт, береке қонсын!
Бүгінгі шырша тойымызды осымен аяқтаймыз.( 19 рет оқылды.)

Интернетке хабарлау:

In My World 

Share to FB



Share





0




Filed under: Бастауыш сынып



Сабақ, мақала туралы пікір жазып, ойыңызды жазыңыз:

Начало формы

Аты-жөні (міндетті)

E-mail (міндетті)

Спам қорғаныс: 1 + 4 = ?



Конец формы




Автор
Дата добавления 01.11.2015
Раздел Дошкольное образование
Подраздел Конспекты
Просмотров382
Номер материала ДВ-113526
Получить свидетельство о публикации

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх