Инфоурок / Дошкольное образование / Конспекты / Күз сыйы. Ашық сабақ

Күз сыйы. Ашық сабақ


библиотека
материалов

Тақырыбы: «Күз сыйы»

Мақсаты: Балалардың күз туралы түсініктерін кеңейту. Балалардың қоршаған ортаға деген көзқарастарын қалыптастырып, табиғатты сүюге, қамқор болуға үйрету.Күз мезгілінің атауларын, олардың ерекшеліктерін ұғындыру. Ертегі арқылы оқу іс-әрекетке деген қызығушылығын арттыру. Суреттер арқылы балалардың ой-өрісін, тілін, сөйлеу мәнерін дамыту. Көкөністер мен жемістерді ажырата білуге. Күз молшылығы туралы түсініктерін кеңейту.

Көрнекілігі: Күз мезгілінің суреттері. Шалқан ертегісінің кейіпкерлерінің суреттері.Көкөністер мен жемістер.

Әдіс-тәсілдер: әңгімелеу, түсіндіру, сұрақ-жауап, ойын.

Ұйымдастыру кезеңі.

Амандасу

Шаттық шеңбері: Қайырлы таң, Алтын күн!

Қайырлы таң, көк аспан!

Қайырлы таң , жер -ана!

Қайырлы таң , қонақтар!

Қайырлы таң , достарым!

-Ал, балалар бүгінгі көңіл- күйлерің қалай?

-Жақсы

-Олай болса балалар бүгінгі оқу іс-әрекетімізді көңілді отырып бастайық.Бүгінгі оқу іс – әрекетіміздің тақырыбы «Күз сыйы « деп аталады.

Балалар бүгін бізге «Шалқан» ертегісіндегі кейіпкерлер қонаққа келіпті. Қонаққа келгенде балалар олар бізден көмек сұрап келіпті. Көмектесеміз бе?

-иа

-Балалар «шалқан» ертегісін білеміз бе?

-иа

-Олай болса , балалар 1-ші Шалқан ертегісін есімізге түсірейік.

Балалар шалқан ертегісін естеріне түсіреді.

-Балалар атайға шалқанын тартып көмектесейік, ол үшін атайдың бізге берген тапсырмасы бар екен соны орындайық.

Атайдың тапсырмасы:

  1. Бір жылда неше мезгіл бар?

  2. Төрт мезгілді маған кім айтып береді?

Шалқан жұлынбады. Енді көмекке әжейді шақырамыз.Әжейге көмектесу үшін әжейдің тапсырмасын орындайық.

1.Қазір жылдың қай мезгілі?

2.Күз мезгілінің неше айы бар?

Шалқан жұлынбады.Енді көмекке кімді шақырамыз?

-Немере қызды.

Енді балалар немере қыздың тапсырмасын орындайық.

1.Күз мезгілінің ерекшеліктерін ата.

-Шалқан жұлынды ма?

-Жоқ.

-Олай болса көмекке кімді шақырамыз?

-Күшікті.

Енді күшіктің тапсырмасын орындайық.

  1. Жемістер қайда өседі?

  2. Көкөністер қайда өседі?

-Күшікке де шалқан жұлынбады. Енді көмекке кім келеді?

-Мысық

-Олай болса мысықтың тапсырмасын орындайық.

1. Бақта жұмыс жасайтын адамды кім деп атаймыз?

2. Жеміс ағашы өсетін ағашты не деп айтамыз?

-Енді көмекке кім келеді?

-Тышқан.

Енді тышқанның тапсырмасын орындайық.

-Балалар тышқанның бізге берген тапсырмасы жұмбақтарды шешу екен.

1. Ағайынды бәрі

Шықса жасыл,

Түссе сары Ол не? (жапырақ)



2.Көк лағым көгенде жатып семіреді. (қарбыз)



3.Қалың киімді ұнатады,

Шешіндірсең жылатады. (Пияз)



4.Отыз көйлек киінген

Бір түйме жоқ ілінген (капуста)



5.Аласа талда алуан алма,

Алқызыл болмай аузыңа салма (қызанақ)



6. Аспай піскен

Қайнамай түскен (жеміс)

-Өте жақсы балалар міне сендер барлық тапсырманы жақсы орындадыңдар. Сендердің білімдеріңнің арқасында шалқан жұлынды.

Қане, балалар, манадан бері тапсырмаларды орындаймыз деп шаршаған боларсыңдар сергіту жаттығуын жасап дем алып алайық.

Сергіту сәті:

Тербеледі ағаштар

Алдымнан жел еседі

Кіп-кішкентай ағаштар

Үп - үлкен боп өседі.

Енді кезекті ойынға берейік . «Өз орнын тап» ойыны.

Кезек –кезек оншақты баламен ойналады.

Күз туралы азғантай мағлұмат беріп кетемін.

Жақсы, балалар күз мезгілін біз жомарт күз деп атаймыз. Өйткені күз мезгілінде қамбалар астыққа толып, жемістер, көкөністер піседі. Бізге күздің берер сыйы мол. Міне сондықтан жомарт күз деп айтамыз. Балалар, күз мезгілі үш кезеңнен тұрады.

1-ші кезең Қыркүйек айын Ерте күз деп айтамыз.Себебі, қыркүйек айында ересек тобының балалары мектепке барады.Жемістер, көкөністер піседі.

2-ші кезең Қазан айын Алтын күз деп айтамыз. Себебі Қазан айында жапырақтар сарғайып, жерге түседі.Айнала сары түске бөленеді міне сондықтан Алтын күз деп атаймыз.

3-ші кезең Қараша айын Қоңыр күз деп айтамыз.Себебі, қараша айында күн суытып, жел болып, су бетіне мұз қатады. Міне сондықтан да қараша айын қоңыр күз деп айтамыз.

Енді балалар тағы да ойынға кезек берейік «Көкөністер мен жемістерді ажырат» ойынын ойнаймыз.

Төрт баламен ойналады.

-Балалар «Шалқан» ертегісінің кейіпкерлерін айтайықшы.

Атай,Әжей,Қыз,Күшік,Мысық,Тышқан.

-Өте жақсы балалар

-Балалар күз мезгілі неше кезеңнен тұрады?

-Үш кезеңнен тұрады. Ерте күз, Алтын күз, Қоңыр күз.

-Неге күз мезгілін жомарт күз деп айтамыз?

-Күз мезгілінде қамбалар астыққа толып, жемістер мен көкөністер піседі.

-Өте жақсы.

Балалар, бүгінгі оқу іс- әрекет ұнады ма?

-иа.

Оқу іс-әрекет ұнаса күнді көрсетеміз, ұнамаса бұлтты көрсетеміз.

Бүгінгі оқу іс- әрекетіне жақсы қатысқан балаларды жұлдызшамен марапаттау.





Күтілетін нәтиже:

Не білді: Күз мезгілінің ерекшеліктерін толық ажырата білді.Күз мезгілінің үш кезеңнен тұратынын білді.



Не алды:Ертегі арқылы оқу іс-әрекетке деген қызығушылығы артты.



Не істей алды: Сұрақтарға жауап беріп, жұмбақтарды шешу, ойын ойнау арқылы рухани қасиеттерін арттыра отырып, сөйлеу қабілетін дамытты.



Только до конца зимы! Скидка 60% для педагогов на ДИПЛОМЫ от Столичного учебного центра!

Курсы профессиональной переподготовки и повышения квалификации от 1 400 руб.
Для выбора курса воспользуйтесь удобным поиском на сайте KURSY.ORG


Вы получите официальный Диплом или Удостоверение установленного образца в соответствии с требованиями государства (образовательная Лицензия № 038767 выдана ООО "Столичный учебный центр" Департаментом образования города МОСКВЫ).

Московские документы для аттестации: KURSY.ORG


Общая информация

Номер материала: ДВ-102261

Похожие материалы



Очень низкие цены на курсы переподготовки от Московского учебного центра для педагогов

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 60% скидки (только до конца зимы) при обучении на курсах профессиональной переподготовки (124 курса на выбор).

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: KURSY.ORG