Инфоурок Дошкольное образование Другие методич. материалыКүз сыйы даярлық сынып

Күз сыйы даярлық сынып

Скачать материал

Тақырыбы: Күз сыйы

Мақсаты: Балалардың күз мезгілі туралы алған білімдерін тиянақтау, күз ерекшеліктерін, күз сыйын ұғындыра отырып, балаларға мерекелік көңіл-күй сыйлау.
Көрнекіліктер: Залдың іші күз мерекесіне сай безендірілген. Мысалы: шиырма - құстың, ағаштың, жапырақтың суреттері, күз жәрмеңкесі, яғни - жемістер мен көкөністер салынған себеттер.

Жүргізуші:
Қуандырып біздерді,
Мерекелі күз келді.
Кел жемісті алтын күз
Кемелденсін халқымыз.
Құрметті ата-аналар, балалар, тәрбиешілер «күз сыйы» атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер!

Хор: «Алтын күз».
Жүргізуші: Шоғы толған гүлдей жайнап,
Шақырады жарқын жүз.
Сайрандаған күліп-ойнап,
Келді міне алтын күз.

Бүгінгі мерекеге орай №2 мектепалды даярлық топ бүлдіршіндері өздерінің жылы лебіздерін жолдайды.
Абунасыр: Көк майсалы көрікті,
Алқаптағы көп егін.
Бұл күндері киіпті
Сары жібек көйлегін.

Бибінұр: Жел тынымсыз гуілдеп
Болып кетті тым бұзық
Шуылдайды тал терек
Жапырағын жұлғызып

Қуаныш: Күншуаққа маужырап
Жатыр еді атырап.
Ағаштардан жамырап,
Ұшты кенет жапырақ.

Бекет: Әй алақай тамаша,
Шашу шашты жапырақ
Бақтың іші алаша
Аунар ма еді жатып ап.

Жанарыс: Алтын-сары, қызыл-көк
Алуан-алуан жапырақ.
Күзгі бақта күлімдеп
Көз тартады жапырлап.

Нұрдәулет: Үркіп-үйрек қаздары,
Шулайды көл қоғалы,
Дәурен өтіп жаздағы
Күздің желі соғады.

Мұхамбет: Ұшты талдан жапырақ
Сары көбелек секілді
Аспанда жай шатырлап
Тамшы жерде секірді

Бекзат: Дамылдап жатқан балғындай
Тоқтатты сулар тасуын
Ағаштар алтын жамбыдай
Шашады жерге шашуын
Жүрексіз қоян безеді
Жөңкілсе қаңбақ күздегі.

Қызықтыру сәті: залға «күз ханшайымы» кіреді.
Күз ханшайымы: Сәлеметсіңдер ме балалар!
- Мені таныдыңдар ма?
- Не тойлап жатсыңдар?
- Күз туралы және оның ерекшеліктері туралы кім біледі?
Балалардың жауабы: Күзде табиғат ерекше күйге енеді. Жапырақтар сары, қызыл болса, алқаптағы шөптер қоңыр, сарғыш түске боялады, құстар жылы жаққа ұшып кетеді. Күн біртіндеп қысқарады, жауын –шашын көбейіп, күн суытады. Күзде жеміс-жидектер, көкөністер, бақша дақылдары, егістіктегі астық пісіп, қамбаларға жиналады. Күз мезгілінде 3 ай бар, олар: қыркүйек, қазан, қараша.Күз - жылдың берекелі мезгілі.

Күз ханшайымы: - Ой жарайсыңдар балалар ал енді күз айларын және күз ерекшеліктерін кім маған жырға қосып айта алады?
Қыркүйек
Бір-біріне жер аспан
Мейіріммен қарасқан
Ұстаз-шәкірт жүздескен
Қош келіпсіз күз дескен.
Қазан
Қазан айы болыпты,
Қамбаға астық толыпты
Сары даланы сәндетіп
Думандатып әндетіп
Қараша
Күн суытып барады
Малдар қолға қарады
Қараша ауыл даламыз
Қысқа дайын боламыз
Алтынай
Жатыр дала жалтылдап
Жаз шуағы мол құйды
Күн астында алтын дән
Тербеледі толқиды
Көктемде егін егетін
Күзде жиып беретін
Біздің дала бай дала
Астық толы айнала
Нұрхан
Қоңыр күз келдің бе?
Қабағың түйіліп,
Қауындар, жемістер
Қалыпты жиылып.
Жанна Қ.
Қызды қайнап ел ісі
Қызыл қырмен жер үсті
Елдің тоймен жүрген
Еңбегінің жемісі.

Жүргізуші: Күз ханшайымы біздің балаларымыздың өнерлері бұнымен шектелмек емес балаларымыз өте талантты қане төрлетіңіз біздің өнерімізді тамашалаңыз.
«Жапырақтар биі»
Хор: «Сары күз»

Жүргізуші: Күз ханшайымы сізде құр алақан келмеген шығарсыз бізге арнап бір тосын сый жасап келген шығарсыз солайма?
Күз ханшайымы: Ия дұрыс айтасың бұндай өнерлі балалардың ортасына келіп ойнамай кеткенім жөн болмас сондықтанда «Жемістер мен көкөністерді жина» деген ойынды ойнағым келіп тұр. Ойынның шарты бойынша балаларды 2 топқа бөлемін сендер «Алтын күз» ал сендер «Жомарт күз» боласыңдар келістік пе? Ал ендеше ойынды бастаймыз.

Қимылды ойын: «Жемістер мен көкөністерді жина»
Ән: «Жау-жау жаңбыр» Орындайтындар: Мектепалды даярлық топ бүлдіршіндері
Жүргізуші: балалар бізді күз мерекесімен құттықтауға өздеріңнің сүйікті достарың «Буратино» келіп отыр. Ал ол өзімен бірге достарында ала келіпті. Соған қарағанда құр қол келмеген шығар. Қане Буратиноны ортаға шақырайық.
Би: «Буратино»
Жүргізуші:
Жатыр дала жалтылдап,
Жаз шуағы мол құйды.
Күн астында алтын дән
Тербеледі толқиды
№1 мектепалды даярлық топ балалары жырдан шашу шашады.
Айкөркем
Таудан салқын жел соқса,
Сыбдырлайды қалтырап
Жақын қалды желтоқсан
Жабырқайды жапырақ
Аягөз
Қиқулап көкте жүзеді
Құстардың керуен тізбегі
Күйекте күйлі мал қанша
Қырманда толы дән қанша
Алтын күз әсем айналам
Қараймын көзім талғанша
Гүлжайна
Кейде құйын кетеді
Доп қылып-ап қаңбақты
Бейне тентек баладай
Ойран асыр салады
Алма бағын жағалай
Алмаларын қағады
Серікболсын
Барын беріп халыққа
Жұмыстан соң қалтырап
Дала ұқсайды алыпқа
Дамыл алған маужырап
Саят
Ой балалар балалар
Қоңырқай күз болыпты
Қурап жапырақ салыпты
Ел егінін алыпты
Жүргізуші:
Жемістер жүр қадамын аңдап басып
Келеді міне ортаға толқып тасып
Бөбектерін өбектеген халқым менің
Көңілді қошеметпен қол соғалық

Ортаға жемістерді «Жемістер биімен» қарсы алайық «Жемістер биі»

Жүргізуші: Балалар мен жұмбақ жасырғым кеп тұр бәріміз мұқият тыңдайық:

Іші толған шәрбат
Дәмі қандай әйбат
Үзесің бірден жүзін
Оның аты-...(жүзім)

Дөп-дөңгелек сары
Ішінде бар дәні
Қызығасың көріп
Оның аты-...(өрік)

Жапырақты тасалап
Өсетін жері бақша-бақ
Күрең қызыл шіркін ай
Оның аты-...(құлпынай)

Бір сабақта көп түйме
Жей алмайсың көк күйде
Санап қара қанша
Оның аты-...(шие)

Пісетін кезі дәл күзде
Мезгілсіз оны үзбе.
Аузыңнан кетпес бал дәмі
Оның аты...(Шабдалы)

Көрініс: «Түлкі мен торғай»
Күз ханшайымы: Ой балалар менің көңіл-күйімді көтергендеріңе сендерге көп-көп рахмет. Өнерлерің үстем болсын өте талантты балалар екенсіңдер, келесі күз келгенше білімдеріңді де өнерлеріңді де өрістете беріңдер. Ал мен сендермен қош айтысамын, сау болыңдар. (Күз ханшайымы залдан шығып кетеді)

Хор: «Күз жомарт»
Жүргізуші:
Өңі қашқан бәрінің
Оңып кеткен атырап
Қолдарындай кәрінің
Қалтырайды жапырақ
Соңғы кезде жерге күн
Қырын қарап алыпты
Қара бұлттар жөргегін
Кептіре алмай қалыпты

Демекші міне балалар күзде аяқталып қалды, енді қылышын сүйретіп қыс келмекші. Күзге айтарымыз берер сыйын жылдан-жылға көп болсын елде тыныштық болсын дейміз. Осымен «Күз сыйы» атты ертеңгілігіміз аяқталды көңіл қойып тыңдағандарыңызға көп-көп рахмет.

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Күз сыйы даярлық сынып"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Кризисный психолог

Получите профессию

Технолог-калькулятор общественного питания

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 662 176 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 18.01.2016 1013
    • DOCX 24.6 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Мустафина Гульмира Жасулановна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 3 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 5618
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Технолог-калькулятор общественного питания

Технолог-калькулятор общественного питания

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
аудиоформат

Курс повышения квалификации

Организация и содержание работы учителя-логопеда в условиях реализации ФГОС ДО

108/144 ч.

от 2500 руб. от 1250 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 46 человек из 25 регионов
  • Этот курс уже прошли 317 человек

Курс повышения квалификации

Организация в ДОО «Школы для родителей»: формирование психологической грамотности

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 26 человек из 12 регионов
  • Этот курс уже прошли 99 человек

Курс повышения квалификации

Современные методы организации детской игры в ДОУ

36/72 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 265 человек из 56 регионов
  • Этот курс уже прошли 4 228 человек

Мини-курс

Басня как педагогическая технология

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Стрессоустойчивость и успех в учебе: практические методики и стратегии

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 50 человек из 24 регионов
  • Этот курс уже прошли 17 человек

Мини-курс

Готовимся к ЕГЭ по литературе

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе