Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Дошкольное образование / Другие методич. материалы / "Күз сыйы,жемістер мен көкөністер" технологиялық карта
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Дошкольное образование

"Күз сыйы,жемістер мен көкөністер" технологиялық карта

библиотека
материалов

Келісілді. Әдіскер____________________

«Балдырған» ортаңғы тобының ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

Білім беру саласы:Таным Өткізілген уақыты:

Бөлімі:Қоршаған ортамен таныстыру.

Тақырыбы:Күз сыйы. Жемістер мен көкөністер.

Мақсаты: Білімділік:Көкөністер мен жемістер туралы түсініктерін кеңейту.

Дамытушылық: Танымдық қабілетін дамыту.

Тәрбиелік: Көкөністер мен жемістерді күтуге тәрбиелеу.

Алдын –ала жүргізілетін жұмыстар:Күз мезгілі туралы білімдерін бекіту. Күздің берер сыйы туралы баяндау. Күз қызықтары туралы әңгімелеу.

Әдіс – тәсілдер:сөздік,көрнекілік,ойын.

Қажетті құрал – жабдықтар:Сиқырлы қорапша,көкөністер мен жемістер муляжы.

Сөздік жұмыс: Күз, жеміс, көкөніс.

Қостілділік компонент : Күз-осень, жеміс-фрукты, көкөніс-овощь.

Тәрбиешілердің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Себепті қызығушылығын ояту кезеңі

Жылулық шеңберіне жиналу.

Жарқырап күнде ашылды,

Айналаға гүлде шашылды.

Қайырлы күн!

Біз нәзік қыздармыз,

Қайырлы күн!

Біз ержүрек ұлдармыз!

Балалар жылулық шеңберіне жиналып, тәрбиешімен бірге білетін өлең жолдарын айта бастайды.

Ұйымдастырушылық ізденушілік кезеңі

Жұмбақ жасыру.

1.Іші жұмсақ,сырты қатты,

Еті қызыл,сүті тәтті.

2.Аспай піскен,

Қайнамай түскен.

3.Жер астында жез қазық,

Жеуге болар ас қазық.

-Балалар,ойын ойнағыларың келе ме?

«Сиқырлы қорапша» ойыны.

-Балалар, қалай ойлайсыңдар, мына менің қолымдағы қораптың ішінде не бар?

-Жоқ.

-Жоқ,балалар,ол-ағашта өседі.

Бұл қораптың ішінде жеміс бар екен.Ал бірақ қандай жеміс екені белгісіз.Енді соны табыңдар.

-Жоқ.

-Иә,таптың,ол-алма.

-Екінші қораптың ішінде не бар деп ойлайсыңдар?

-Жоқ,бұл затты жеуге болады.

-Жарайсың, таптың,ол-көкөніс.Бірақ қай көкөніс екенін табыңдар.

-Иә,дұрыс айтасың,ол-қызанақ.

-Жемістер мен көкөністердің адамға қандай пайдасы бар?

-Жемістерден нелер жасауға болады? -Жемістер қайда өседі?

-Қандай көкөністердің түрлерін білесіңдер?

-Жемістер мен көкөністер-адам ағзасына өте пайдалы.Жемістер бақта,ағаштарда өседі,жемістерден әртүрлі дәмді тосаптар мен шырындар дайындайды.Шырынды адамдар сүйсініп ішеді.Көкөністердің құрамында адамның ағзасының өсуі мен дамуына пайдалы түрлі дәрумендер бар.Көкөністер бақшада өседі.Балаларды екі орталыққа бөліп,екінші таңғы асқа дайындық жасау керек екенін айтады.

Бірінші орталықтағы балаларға жемістердің,екінші орталықтағы балаларға көкөністердің туралмаған кездегі түрі,иісі,түсі және дәміне байланысты сұрақтар қояды.Соңынан ортасынан екіге бөлінген жеміс немесе көкөністі беріп,қайсысының иісінің қатты шығып тұрғанын сұрайды.Бірінші орталықтағы балаларға туралған жеміс түрлерінен,екінші орталықтағы балаларға көкөністерден салат жасауды тапсырады.Орталықта жұмыс істеу барысында қауіпсіздік ережесін сақтауды ескертеді.

Сергіту сәті.

Саусақ ойынын ойнату.

Жаңбыр жауса тырс-тырс,

Айтады гүл:

-Дұрыс,дұрыс!

Жаңбыр жауса тырс-тырс,

Айтады гүл:

-Ырыс,ырыс!

Тәрбиеші балалардың орындарын ауыстырады.

Д/о: «Иісінен тап!»ойыны.

Ойын шарты:балалар көздерін жұмып,иісі арқылы қандай жеміс немесе көкөніс екенін табуы керек.

Балалар жұмбақтың шешуін табуға тырысады.

-Қарбыз


-Жеміс


-Сәбіз.

Ия, ойнағымыз келеді.




-Ол ойыншық па?

-Машина ма?

-телефон ба?




-Ол алма ма?




-Ол кәмпит пе?

-Ол көкөніс пе?

-Ол қызанақ па?

Белсенді түрде жауап іздейді,өздерінің ой-пікірлерімен бөліседі.

-Тамақ жасауға болады.-Ағашта өседі.


-Сәбіз, қызанақ, қияр.


Жеміс-жидектер мен көкөністер туралы білетін өлеңдерін айтады.







Балалар әлі туралмаған көкөністер мен жемістерді қарап,зерттеу жүргізіп,түсі,иісі,дәмі қандай екендігін айта отырып,бүтін қалпын салыстырады,иісін анықтайды,қайсысының иісінің басым екенін айтады.

Бірінші орталықтағы балалар туралған жеміс-жидектерден (ананас,алма,банан,мандарин,йогурт)екінші орталықтағы балалар көкөністерден (қияр,қызанақ,аскөк,тұз)салат жасайды.




Сергіту сәтін қимылмен жасайды.







Ойынды қызығушылықпен ойнайды.

Іс-әрекетті бағалау кезеңі

-Балалар, біз бүгін не туралы білдік?


-Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті ұнады ма?

Жемістер мен көкөністер туралы білдік.

Ия, ұнады.

Күтілетін нәтиже:

Нені біледі:Көкөніс пен жемістерді ажыратып топтастыруды, сөйлем ішінде жалпылауыш сөздерді қолдануды үйренді.

Қандай түсініктерді игерді:Жемістердің бақта, көкөністердің бақшада өсетіндіктерін, олардан салат жасауға болатынын игерді.

Меңгерген дағдылары мен іскерліктері:Жемістер мен көкөністерден салат жасай алады, қауіпсіздік ережесін меңгерді.


Тәрбиеші: Утепова С.А.





Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 15.11.2016
Раздел Дошкольное образование
Подраздел Другие методич. материалы
Номер материала ДБ-354070
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх