Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Классному руководителю / Другие методич. материалы / Күз береке, күз - мереке
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 24 мая.

Подать заявку на курс
  • Классному руководителю

Күз береке, күз - мереке

библиотека
материалов

Тақырыбы: Күз – мереке, күз – береке

Тәрбие сағатының мақсаты:

Бұл дәстүрлі мереке күз кереметтерін аша, көрсете отырып оқушыларды экологиялық, эстетикалық, адамгершілікке баулу тұрғысынан жағдай жасайды. Өміріндегі маңызды қатынас – табиғатпен байланысын сезініп, оған қорғаушы болуға талпындыра түседі деген ойдамын. Мереке барысында ақын – жазушылардың көркем шығармаларынан үзінділер оқылып, балалар қызықты көріністер қойып, ата – аналармен бірге мерекелейді. Ең негізгі мәні – еңбек адамдарының маңдай терімен келген молшылықтың қадірін білу. Еңбекті бағалау. Табиғатты қорғау.

Тәрбие сағатына қажетті құрал-жабдықтар, көрнекіліктер:

  • «Күз кереметтері» табиғи материалдардан оқушы жұмыстарының көрмесі;

  • Күзгі орман көрінісіне безендірілген зал: күзгі жапырақтар, ұшып бара жатқан құстар, әр жерде орылып буылған бидай масақтары;

  • Қазақ күйлері, С. Прокофьевтің «Таң» пьесасы, Чайковскиййдің «Жыл мезгілдері» жазылған үнтаспалар;

  • Кейіпкерлердің киім атрибуттары: Күз ханшайым (қызғылт түсті сары жапырақтармен әшекейленген көйлек, басында бидай масақтарынан киген сәукеле); Қыркүйек (көңілді сарғылт киімді жасөспірім); Қазан (әр жерінде тамшылары бар, басында бұлт төнген, толықтау, молшылыққа батқан бала); Қараша (қара суық, көңілсіз, жағымсыз, күнгірт бала); Қызанақ мырза (домалақ ал қызыл, жағымсыз кейіпкер); Чипполино (көңілді пиязшық, Италиядан келген тентек бала).

  • Ойын атрибуттары: әр балаға түрлі жеміс-жидектердің батпердесі, 4 белге айналдырғыш, 2 қолшатыр, емен жаңғағы салынған 2 ыдыс, алмалар, бұтақтар.

Тәрбие сағатына алдын-ала дайындық:

Оқушылар (әр сынып) ватман көлеміндей жапыраққа «Күзгі жаңалықтар» тақырыбында репортаж түрінде гажет шығарады, мақал мәтелдер, жұмбақтар, өлеңдер жаттайды.


Тәрбие сағатының барысы:

Музыка әуенімен күзгі орманда біреуден қашып келе жатып, күзгі орман тамашасына таңырқап жүрген Чипполино балаларға тап болады:

  • Сәлеметсіңдер ме, балалар! Мен пиязшық – Чипполиномын. Қызанақ мырзадан қашып, мына жерге тап болдым. Пиязды білесіңдер ме?

  • Пияз қайда өседі?

  • Сол бақшадан басқа жерді көрмеппін.

  • Міне, керемет! Мына жапырақтар бәрі неге сап-сары?

Балалар күз келгенін айтады.

  • Күзі мен білемін. Бірақ, орманды көрмеппін. Күз ханшайымды мен де көргім келеді.


Музыка әуенімен сары жапырақтар билейді. Орталарында – Күз ханшайым бар.


1-оқушы - Бәрекелді, қуандырып біздерді, Күз келді, Күз келді!

Күзді қарсы алайық!


Күз: - Сәлем, менің достарым!

Білем бәрі тосқанын!

Астық, жеміс, алмаға,

Толтырайын жерімді,

Таптамай, бірақ бекерге

Ал, жүгір, енді, теріп ал!

Күз туралы өлеңдер оқылады:


1-оқушы Береке бақ дарыған,

Жомарт көңіл, жарқын жүз,

Сары алтынға малынған

Жетті, міне, алтын күз.


2-оқушы Сары алтыннан бұрым да,

Сары пүліш көйлегі,

Алтын күзді шышын да,

Ару дейсің бейнелі.


3-оқушы Келістіріп бар сәнін,

Берген өзі, табиғат,

Алтын күзді, ал, қане,

Қарсы алайық, балалар!


Чипполино

  • Күз ханшайым, мына сарбаздар кімдер?

  • Ол менің ағаларым: Қыркүйек, Қазан, Қараша.


Музыка әуенімен:

Қыркүйек:

  • Алтын астық кең далам,

Қызығады ел маған,

Қызыл қырман қожасы,

Қыркүйегің мен болам!


4-оқушы Қыркүйек, Қыркүйек,

Алтын күз - Қыркүйек,

Жер қара, күн жылы,

Жарқын жүз Қыркүйек!

Қыркүйек:

  • Балалар, күздің бірінші айындағы ең үлкен сый сыйлаймын, ол – алтын астық.

Чипполино:

  • Астық деген не?

  • Сендер дастарханға нан қалай келетінін білесіңдер ме?

Балалар сұрайды.


Чипполино: - Балалр, жолда осындай ақ бидайға таласып жүрген екі тышқанды көргенмін. Міне өздері де келді...

«Ақ бидай» ертегісі.


Чипполино: - Балалар, тышқандарға біз де көмектесейік.

«Масақ теру» ойыны.

Күз: - Менің екінші ағам – Қазан.

Қазан - Ал, құрметті балалр, Қазанда қазан толады, ет, май, жеміс дастарханда мол болады. Менің алып келген сыйлықтарым мына қазанның ішінде. Жұмбақтап айтсам таба аласыңдар ма?


Көкөніс – жемістер туралы жұмбақтар жасырады:

Дұрыс тапқандыр алып шығады.

Ортаға шақырады да, «Күздік сәнді» тамашалайық .кенеттен көкөністер айтысма жөнеледі.

«Көкөністер айтысы».


Чипполино: - Балалар, Айболит атаны шақырайық.

Айболит келіп, олардың бәрі пайдалы екенін айтады.

Чипполино: - Айболит ата шыныққан дұрыс дейді. Қане Қазанның алмаларын жинап алайық.

«Алма теру» ойыны (аяғына пластик құмыра киіп).

Қызыл алма биі.

Күз: - Ал менің үшінші ағам – Қарашамен танысыңдар!

Қараша: - Менің атым – қараша,

Бұлтым ұшар аласа,

Төсегендей алаша,

Кең далама қарасам,

Ел қыстауға жайланды,

Қораға мал байланды,

Қырау шалып, мұз қатып,

Қар жаууға айналды.


  • Күн суытып, жаңбыр жауып, мені ешкім жақсы көрмейді.


Чипполино: - Балалр, күн жауса да ойын табуға болады ғой.


«Шалшықты баспа» ойыны

Қорқынышты музыка әуенімен Қызанақ мырза келіп, Чипполиноны қуалай жөнеледі. Ол Күз ханшайымның артына тығылады.


Қызанақ мырза – Ұстап алып, сазайыңды берейін. Шық бері. Әкел менің пиязымды.

Олар басын шайқайды.

  • Мен бәрінен күштімін! Байлығымда шек жоқ. Мен бәріне төремін! Мен ең құдіреттімін!

Күз: - Балалар, Қызанақ дұрыс айта ма?

Қызанақ мырза: - Мынау кім өзі?

Күз: - Қызанақ, қарашы, менің алтынымда шек жоқ. Сен менен бай емессің. Құдіреттімін дейсің, мынау табиғат, Жер ана, мен болмасам, өсіп-өнер ме едің? Ей, ақылсыз Қызанақ.

Қызанақ мырза: - Кел, күш сынасайық!

«Арқан тарту» ойыны.

Қызынық мырза: - Жарайды, жеңдіңдер! Күз ханшайым саған бас идім.

Күз - Балалар, Чипполино, мына Қызанақпен бірге ребустарымды шешіп көріңдер.

Ребустары бар Жаңғақты шаққанда, күз көрінісі бар пазлдар шығады.

Бір топ пазл құрағанша көрермендерге сұрақ:

  • Күз туралы халық көп жазған мақал - мәтелдер білесіңдер ме?

  • Еңбек пен табиғат туралы?

Чипполино:

  • Балалар, күзден соң қай мезгіл?

  • Ал қыстың қандай болатынын күзде болжауға бола ма?


Ортаға жұлдызшылар шығады. Болжаулар айтады.

Чипполино:

  • Ендеше, қысқа дайындалайық. Ол үшін жаңғақты қоймаға тасып, толтырайық.

Күз

Мерекенің соңында менің сыйымнан алыңыздар.

Сиқырлы қазанымнан түрлі жеміс, жидектер алып, барлық қауым дәм татсын.

Берекелі бақ дәулет,

Арта түссін тойланып,

Сау болайық әлеумет,

Келгенше жыл айналып.


5-оқушы

Сеуіп мейір білімін,

Табыстырып біздерді,

Басы оқу жылының,

Берекелі күз еді.


Жомарт жүрек, жарқын жүз,

Қош, қош енді, алтын күз!


Сүйретпелі устелмен үлкен табақ жеміс-жидек кіргізіледі.


Ақ бидай

1-т. - Әкел, бұл менің масағым.

2-т. - Жоқ, мен тапқанмын.

1-т. - Менікі, бер.

Әтеш - Әй, қойыңдар. Мына масақтан нан пісірсек барлығымыз тоямыз.

2-т. - Алақай!

1-т. - Алақай!

Ә. – Алдымен диірменге барып, ұн тарту крек. Кім барады?

2-т. - мен бара алмаймын. Әлі ойнап болған жоқпын.

1-т. - Біз әлі ойнап болған жоқпыз.

Ә. – Жарайды, ман-ақ барып келейін.

Ә. – Енді наубайханаға барып нан пісіру керек. Кім барады?

2-т. - Біз әлі тығылмақ ойнаған жоқпыз.

1-т. - Біз әлі қуаласпақ ойнаған жоқпыз.

Ә. – Жарайды, өзім барып келейін.

2-т. - Қандай нан!

1-т. - Иісі қандай?

Ә. – Нанды кім жейді?

2-т. – Мен!

1-т. – Мен!

Ә. – Қане, нанды кім жейді?

1-т. – Сен.

2-т. - Сен.

Ә. - Наубайханаға кім барады?

1-т. – Сен.

2-т. - Сен.

Ә. – Сонда нанды кім жейді?

Ә. - Жарайды, бір жолға кешіремін. Нан жегің келсе, еңбек ет дегенді ұмытпаңдар!

2-т. - Алақай!

1-т. – Алақай!

Ә. - Ал, ыдысты кім жуады.

1-т. – Біз әлі ... Жоқ, жоқ, біз жуамыз.

2-т. - Біз жуамыз.






Айтыс

Орамжапырақ


Бойым толы витамин,

Қабат, қабат тоным бар.

Салат жесең, борщ ішсең,

Сау боласың балалар!


Ең пайдалы менмін!


Сәбіз:


Жоқ, жоқ, жоқ,

Витаминге толы деп,

Мына тұрған мені айт.

Палау жесең, жәй кемірсең,

Бойың өсіп, тісің қатаят.


Ең пайдалы менмін.


Алма:


Жоқ, жоқ, жоқ,

Алмамын, мен алмамын,

Жесең қалмас арманың

Жесең толтырам бойыңа

Күш пен қуат, ақылды.


Ең пайдалы мен едім!


Сарымсақ:


Жоқ, жоқ, жоқ,

Мен кәдімгі сарымсақ,

Бірақ, егер ауырсаң,

Мен келемін көмекке,

Микробтарды өлтірем,

Ауыруды кетірем!


Бәрінен де пайдам көп!




Краткое описание документа:

Бұл дәстүрлі мереке күз кереметтерін аша, көрсете отырып оқушыларды экологиялық, эстетикалық, адамгершілікке баулу тұрғысынан жағдай жасайды. Өміріндегі маңызды қатынас – табиғатпен байланысын сезініп, оған қорғаушы болуға талпындыра түседі деген ойдамын. Мереке барысында ақын – жазушылардың көркем шығармаларынан үзінділер оқылып, балалар қызықты көріністер қойып, ата – аналармен бірге мерекелейді. Ең негізгі мәні – еңбек адамдарының маңдай терімен келген молшылықтың қадірін білу. Еңбекті бағалау. Табиғатты қорғау.  

Автор
Дата добавления 17.01.2015
Раздел Классному руководителю
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров1317
Номер материала 311447
Получить свидетельство о публикации

Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх