Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Дошкольное образование / Конспекты / "Күзгі табиғат" (Тіл дамыту)
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Дошкольное образование

"Күзгі табиғат" (Тіл дамыту)

библиотека
материалов

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің

5 технологиялық картасы


Тақырыбы: «Жомарт Күз»


Білім беру саласы:

Қатынас

Бөлімі:

Тіл дамыту

Тақырыбы:

«Күзгі табиғат»

Мақсаты:

Күзгі табиғаттағы ауа-райындағы, өгерістерді байқалай отыра артикуляциялық және дауыс аппаратын дамыту.

Міндеті:

Табиғаттағы, ауа-райындағы, өгерістерді байқауға талпындыру. «Күзгі табиғат». Артикуляциялық және дауыс аппаратын дамыту. Қойылған сұрақты тыңдап, дұрыс жауап беруге үйрету. Байланыстыра сөйлеуге дағдыландыру.

Қажетті құрал-жабдықтар, көрнекіліктер:

Орман макеттері. шырша, аққайын, терек, емен, бұталар. Қоян, түлкі суреттері. Жапырақтар.





Іс-әрекет кезеңі

Тәрбиешінің іс -әрекеті

Баланың іс-әрекеті

Мотивациялық -қозғаушы


Тәрбиеші балалармен қимылды жаттығу кешенің жасайды:

«Қайырлы таң!»

Қайырлы таң мөлдір көздерім!

Қайырлы таң жұмсақ қолдарым!

Қайырлы таң мықты аяқтарым!

Қайырлы таң арайлы күн, аспан!

Тәрбиеші: Мақсұт Неталиевтің

Күз суреті туралы өлеңің оқиды:

Сарыала жапырақтар

Қонады қалқып ұшып.

Мүлгиді атырап бар

Жамылып алтын ішік.

Бу шығып бүйірінен

Ағады жылға-бұлақ.

Тәрбиеші: Балалар, бұл өлеңде не туралы айтылған, қандай жыл мезгілі туралы жазылған?

Тәрбиеші: дұрыс айтасыңдар күз туралы

(әйнекке қарасақ та ағаш бұтақтарында сарғайған жапырақтар көрінеді) деп түсіндіреді.

Жаңылтпашын түсіндіріп айтыды

Санай бер, қарай бер, бояуы жүз, келді күз.

Қараңдар жер беті сап-сары, алтын сияқты.

Жапырақтардың түстері қандай?

Балалар сары, тоқсары, қызыл.

суретте адамдар қалай киінген?

Тәрбиеші: Далада салқын, суық, сондықтан адамдар жылы киіген.

күз мезгілінде салқын, суық жел соғады, жаңбыр жауады, сондықтан суық болады.

Жел қатты соғып: Артикулияциялық жаттығу: «Жапырақтарға үрлейік» жіпке байланған жапырақтың үлгісіне үрлейді.

(тәрбиеші: «түрлі-түсті жапырақтарымызды жан-жаққа ұшырып апарады, жердің беті сап-сары болады», балалар қалай ойлайсыңдар қайда жапырақтар ұшып барады)?


Тәрбиеші: Дұрыс айтасыңдар, жапырақтарды қатты жел орманға ұшырып апарады. Сеңдер алтын сары жапырақтарды көргілерің келе ме?

Ендеше орманға барайық, онда алуан, алуан жапырақтар көріп келейік.

(тәрбиеші балаларға сары мен қызыл жапырақтарды беріп, екі орталыққа бөледі, де бірі шығармашылық орталығына барып жапырақтардың суретімен жапсырмасын жасайды, қалған балалар көңілді тіл орталығына барады)

Тәрбиеші: ендеше көздеріңді жұмып, орнымызда айналып сары жапырақтар сияқты айналып ұшып барамыз орманға.


екі қолдарынан дүрбі жасайды

алақанға шапалақтайды


орында тұрып кезек-кезек аяқтармен басады

Қолдарың жоғары қарай көтереді

балалар орындарына отырады.









Балалар ойланып жауап береді: күз туралы



балаларға тақтада ілініп тұрға, суреттерге қарайды


Санай бер, қарай бер, бояуы жүз, келді күз қайталайды.



Балалар ойланады








Балалар ойланады (көшеге, далаға ұшып барад)




Иә

Балалар жолға шығуға дайындалады.


Балалар шығармашылық орталығына барып жапырақтардың суретімен жапсырмасын жасайды.






Ұйымдастыру іс-әрекеті






















































Тәрбиеші: міне орманға да келіп қалдық.

Тәрбиеші (алдын ала топта дайындалған орман ағаштары мен бұталар, арасында тығылып отырған сұр қоянның, түлкінің суреттерін жасырылған түрдері тұрады)

Тәрбиеші: қандай әдемі ағаштар, балалар бұл ағаштарды танисыңдар ма?Балалар: шырша, ақ қайын.

Тәрбиеші: ағаштарды шыршамен салыстырады?

Шыршада не бар?

Ағашта не болады?

Дидактикалық ойын: «Аталған ағаштың суретін тап»

Мақсаты: Белгісіне қарай аталған ағашты тез тауып алуға машақтандыру.

Құралдар: шырша, аққайын, терек, емен, бұталар.

Шарты: Топтын ішінде балаларға көрінетіндей ағаштар мен бұталар суреттері тұрады. Тәрбиеші өсімдіктердің атауын атап, балалар тез сол ағаштын суретін тауып жанына барып тұру керек.

Тәрбиеші: Дұрыс. Балалар орманда қандай жануарларды кезтестіруге болады?

Тәрбиеші: қараңдар анау ағаштын арасында біреу отырған сияқты (қоянның құлақтарын көреді)

Балалар мен тәрбиеші ағашқа жақындап қоянның суретіне назар аударады (қоян қандай? түсі қандай?)

Тәрбиеші: Балалар, қоянның киген тоны қандай?

Тәрбиеші: Түсі қандай?

Тәрбиеші: түсі сұр, қыста тоңын түсі ақ болады, тоңы жұмсақ, мамық, үлпілдек.

Тәрбиеші: қоянның құлақтарығы қандай?, құйрығы қандай?

құлақтары ұзын, құйрығы қысқа. (қайталайды).

Тәрбиеші: Балаларды бір ағаштын түбінде жасырынып отырған түлкіге (сурет) жақындатып: (балалар мынау қандай жануар?)

Тәрбтеші: Дұрыс. Қандай ертегілерде кездеседі?

Балалар жауап береді (Бауырсақ, қоян мен түлкі)

Түлкімен қоянның бет әлпетін салыстырады.

(бір уақытта аю оянып (ересек адам) «кім орманда шулап жүр, менің ұйқымды бұзған кім?»

Тәрбиеші: кешіріңіз аю біз балалармен күзгі орманға келдік, ормандағы күзгі тамашаларды көруге келдік.

Аю: А-А-А-А ондай болса, жақсы деп келіседі. Шуламандар! Мен де орманды жақсы көремін деп қайта ұйықтап кетеді.

Тәрбиеші: балалар аю қандай?

Тәрбиеші: Аюдың тонын түсі қандай?

Тәрбиеші: құлақтары қандай? құйрығы қандай?

Тәрбиеші: Біз аюды оянғанда қандай дауыс шығарды?

Тәрбиеші: Балалар аюдың ұйқысы тәтті болсын, «а» дыбысын ақырын дауыспен айтытайық.

Тәрбиеші: Жарайсыңдыр балалар, аю ұйықтап қалды.

Тәрбиеші: Балалар жерде көп жаңғақтар жатыр, кәне теріп жинайық мына себетке салайық, қарны ашып аю оянғанда себеттегі жаңғақтарды алып жейді.

Дидактикалық ойын: «Жаңғақтарды себетке жина».

Мақсаты: Үлкен, кішірек сөздерін мағынасын түсініп, ажыратуға үйрету.

Шарты: Балаларға қолдарына себеттер беріледі орман ішінде жатқан түстері, көлемдері әр-түрлі жаңғақтарды жинауға тапсырма беріледі. (жаңғақтар арасынада жасыл жаңғақтарда болады, оларды балалар жинамау керек деп ескерту жасалады). Ойын сонында: Себетке неге жасыл жаңғақтарды салған жоқсыңдар?

балалар жауап береді (олардың дәндері шикі)

Тәрбиеші: Жақсы балалар. Себеттерінді ағаштын түбіне қойыңдар, аю өзі алады.






Балалар жауап береді: шыршада инелер болады, ағашта жапырақтар.




Биік, аласа деген сөздерді м енгеріп түсінеді.


Балалар ойланады.



Жұмсақ, тоңы жылы

Балалар ойланады





Түлкі






Үлкен

Қоңыр

Балалар: кішкентай, қысқа

Балалар: А-А-А—А (2-3 рет қайталау)

Балалар: а-а-а-а—а (2-3 рет қайталау)






Балалар жаңғақтарды жинайды, қандай жаңғақ себетке салғанын түсіндіріп айтады. Мысалы: мынау үлкен жаңғақ; мынау жасыл жаңғақ, мынау кішішкентай жаңғақ.


Рефлексивті-түзетуші

Тәрбиеші Біз бугін қайда бардық?


Орманда не көрдік?

Шырша биік пен? ағашта биік пе?

Орманда нелерді көрдік?

Ормангда не көп

Олардын түсі қандай?

Неге орманда жапырақтар көп?

Неге олар жерде жатыр?


Тәрбиеші: ал енді балабақшамызға барайық, көздерін жұмайық балақшаға барайық.

Орманға

Ағаштар мен шыршалар


Қоянды, аюды, түлкі.

Жапырақтар (сары, жасыл, қызыл)


Балалар ойланып жауап береді.

Орманда суық, жел соғады, жапырақтарды үзіп, ұшырады деп айту керек.

Күтілетін нәтиже:


Нені білу керек:

Сурет бойынша күз мезгілі туралы әңгіме құрастырып білу керек.

Нені игереді:

Жаңа мағналы сөздердің мағнасын игереді.

Нені біледі:

Барлық дыбыстарды естіп, анық айтып біледі.



Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 09.02.2016
Раздел Дошкольное образование
Подраздел Конспекты
Просмотров610
Номер материала ДВ-432934
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх