Инфоурок Другое Другие методич. материалыҰланбасының рөлі және қызметі

Ұланбасының рөлі және қызметі

Скачать материал

«Ұланбасының» рөлі және қызметі

«Біздің жастарымыз ғылым мен

білімге ұмтылып,елдің болашағын

 ойлайтын болса,келешегіміз кемел,

 тәуелсіздігіміз баянды болады»

 

Н.Ә.Назарбаев

 

Қазіргі кезде мектеп өмірінде өзін-өзі басқару ұйымы маңызды рөл атқарады. Білім мен тәрбиені қатар сіңіру арқылы ғана біз өз-өзіне сенімді, зиялы да текті ұрпақ тәрбиелей аламыз. Осы орайда, қосымша білім берудің, оның ішінде, балалар ұйымдарының алар орны ерекше. Осындай игі істердің жаршысы болып жүрген Елбасы, ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлының бастамасымен құрылған «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы бүгінде өскелең ұрпақ тәрбиелеуде өзіндің үлесін қосып келуде. Өзім қызмет ететін гимназияның  «Жас Ұлан» ұйымына тоқталып кетсем деймін. Гимназиямызда «Жас Ұлан» өзін-өзі басқару ұйымы жұмыс жасайды. Яғни аға тәлімгер мен Ұланбасы бірлесе  отырып жұмыс атқарады. Әрине  бұл  ұйым Ұланбасы және бөлімбасыларынан тұрады.  «Жас Ұлан» өзін-өзі басқару ұйымы ол – жұмылдыра отырып жұмыс істеуге, бір-бірімен жақын араласуға, гимназмяның ішкі ережесін бұлжытпай орындауға, гимназия ішіндегі әртүрлі іс-шараларды жүзеге асыруға, қайырымдылық акциясын ұйымдастырға, қала мектептерімен және орталықтармен бірлескен жоспарларды жүзеге асыруға үйретеді. «Ұланбасы»- кандай болу керек: гимназияда өз орыны бар,  үздік оқушы, қоғамдық жұмыстармен тығыз байланысты, «мектебім» деп жүрегі лүпілдеген, жауапкершілігі мол, өзіне сенім білдірген адамдардың сенімінен шыға білетін тұлға.

Биыл жаңа оқу жылында Ұланбасы 11-шы сыныпқа көшуіне байланысты Ұланбасын сайлауын жұмысын жоспарладық. Сайлау жұмысы бір ай көлемінде жүрді. Ең алдымен Ұланбасын сайлау жұмысының ұйымдастыру жоспарын жасап, сол жоспар бойынша ұйым мүшелері жұмыс атқарды.   Яғни ол ақпарат,  мәдени және ғылыми бөлімдер. Ұйымның отырысы өткізілді. Ол отырыста оқушыларды  жүзеге асатын қаулымен таныстыру жұмысы, сайлауға жас үміткерлерді тіркеу жұмысын ұйымдастыру, жас үміткерлердің бағдарламаларын әзірлеу, оны таныстыру, сайлау күнін өткізу және Ұланбасын ресми түрде жариялау және құттықтау туралы айтылды.

            Жас үміткерлер тіркелу кезінде басшылыққа алады:

1. 8-10 сынып оқушысы

2. мектептік сайлау округі бойынша сайлануға үміткер өтініші; 

3. үміткердің өмірбаяны;

4. мақсаты;

5. сынып жетекшісінен мінездемесі;

Жоспар бойынша жас үміткерлер тіркелегеннен кейін бағдарламаларын 1-ші қабатқа тақтаға іліп, теледидарға электронды бағдарламаладын жариялайды. Осыдан барып ақпарат насихат жұмысы жиын залда құрылған кесте бойынша бағдарламалары таныстырылады. Әр оқушыға үміткерлердің бағдарламаларымен қысқаша мазмұны жазылған парақшалар таратылады.

Белгіленген уақыт бойынша сайлау күні өтеді. Сайлау комиссия мүшелері әр мектепте әртүрлі болуы мүмкін. Біздің  гимназияда сайлау комиссия мүшелерінің  құрамына  аға тәлімгер, гимназия психологы, педагог ұйымдастырушы және ұйымның бір мүшесі кіреді.

Сайлау күнінен бір күн бұрын өтетін орын дайындалып, сыныптардың тізімдері жасалады, сайлау бюллетендері саналып, комисся мүшелеріне тапсырылады. Сайлау жәшігіне мөр соғылып, бекітіледі. Арнайы орынға қойылады.

     Сайлау күні барлық оқушылар қатысады және  көрсетілген кесте бойынша сынып сынып жетекшісімен келіп дауыс береді. Сайлау жұмысы аяқталған соң комиссия мүшелері жәшікті ашып бюллитендерді санайды. Дауыстардың қорытындысы сайлау комиссиясымен тексеріліп,  арнайы жазылған хаттамаға қол қояды.   Сайлау қорытындысы гимназия  стендінде және гимназияішілік  баспасөзде жарияланады.  Ең көп дауыс жинаған үміткер «Ұланбасы» атанады. Жоспар бойынша сайланған Ұланбасын жиын залда ресми түрде құттықтап, тілектер айтылады. Бұрыңғы  оқу жылының көшбасшысы «Ұланбасы» атты лентаны тағып, Жас Ұлан төс белгісін тағады.

         Сөзімнің соңында Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың айтқан сөзімен аяқтсам деймін: «Әрбіріміздің болашағы-ол жастар. Бұл тек әдемі сөздер емес, онымен баршамыз саналатын нәрсе. Біз ХХІ ғасырда өмір сүріп, еңбек етеміз»- деген екен.

 

ШҚО, Семей қ.,№37 гимназия

Аға тәлімгер жән тарих пәнінің мұғалімі

А.С.Шакарова

 

 

 

Ақпараттық насихат жұмсы                                       Жас үміткерлерге тілек..

             

 

Бағдарламамен таныстыру сәті                                       Дауыс беру сәті

           

 

Жас үміткерлерге  ұстаздарымызда дауыс бееруде...

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Ұланбасының рөлі және қызметі"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Администратор баз данных

Получите профессию

Экскурсовод (гид)

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 661 668 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 29.10.2016 5597
    • DOCX 4.6 мбайт
    • 16 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Шакарова Арайлым Сержановна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Шакарова Арайлым Сержановна
    Шакарова Арайлым Сержановна
    • На сайте: 7 лет и 5 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 5688
    • Всего материалов: 1

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой