Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / История / Другие методич. материалы / Лау лау жанған желтоқсан

Лау лау жанған желтоқсан



Осталось всего 2 дня приёма заявок на
Международный конкурс "Мириады открытий"
(конкурс сразу по 24 предметам за один оргвзнос)


  • История

Поделитесь материалом с коллегами:


«Лау- лау жанған Желтоқсан» атты ашық тәрбие сағаты


  Мақсаты: 1986 жылы желтоқсан оқиғасын оқушыларға таныстыру. Желтоқсан оқиғасын неден басталып, оның не себепті қамды оқиғаға ұласқанын ашып көрсету. Өз отанын, туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттыра отырып, отаншылдыққа тәрбиелеу.


Көрнекілігі: «Лау- лау жанған Желтоқсан» тақырыбында шығарылған плакат,

         нақыл сөздер жазылған плакат, желтоқсан оқиғасының құрбандарына,

        желтоқсан оқиғасына байланысты жасалған буклеттер, пректор;


Әнұраным жанұраным

Айтар әнім, сөйлер сөзім.

Туған жерім – сағынарым

Мәңгі бақи шырқалады,

Гимн:

Мұғалім: Құрметті ұстаздар, оқушылар. Біз бүгін дүниені дүр сілкіндірген тәуелсіздік туын ең алғашқы көтерген әйгілі 1986 жылдың желтоқсанына арналған «Лау- лау жанған Желтоқсан» атты тәрибе сағатымызды ашып беру үшін сөз мектебіміз директоры Надирхан ағай Усмановқа


Ерлерді ұмытса да ел, сел ұмытпас,

Ерлерді ұмытса да ел , жел ұмытпас,

Ел үшін жанын қиып, жауды қуған

Ерлерді ұмытса да ел, бел ұмытпас

Ел үшін төккен ерлер қанын жұтып,

Ерлерді ұмытса да ел, жер ұмытпас

               Ерлерді ұмытпаса ел ұмытпас, - деп Мағжан Жұмабаев ағамыз айтқандай дүниені дүр сілкіндіріп, қазақ елінің бостандық туын көтерген ерлеріміз мәңгі есте қалары сөзсіз.


               1986 жылы 16-17 желтоқсанда Алматы қаласы бұрынғы астанамыз, қәзіргі бас қаламызда мыңдаған қазақ жастары наразылық білдіріп,шеруге шықты. Олар: «Тәуелсіздік керек!» қазақ елінің өз көсемі сайлансын! деген тілек білдірді. Сол кездегі Қазақстан Компартиясының орталық комитетінің 18 минутқа созылған Дінмухаммед Ахметұлы Қонаевтың орнына Кеңетер одағының Комунистік партиясы Рвзуловскийдің ұсынысы бойынша Генадий Колбинді тағайындаған. Республика жұртшылығы бұл адаммен мүлдем бетаныс болатын,бұл сылтау ғана,елі киіздің көп жылдар бойы ой санасына қордаланып жатып шыдым- шарқы таусылып барып, бұрқ етіп шыққан жастарға «Бұзақылар», «Ұятшылдар», «Нашақорлар» деген кінәлар тағылды.

+

Нашақор деп, ұлтшыл деп.

Қазаққа күйе жаққан күн

Базары кетіп бар күнде

Қайғыға халық батқан күн

Әділдік пен шындықты

Өтірік жала еткен күн

Надан жасаған сұмдықтан

Адамдар азап шеккен күн

Қасқалдақ ұшып көлінен

Шүрегей келіп қонған күн

Қыранды қуып көгінен

Қағалар билік алған күн

Адал мен арсыз, аярды

Айырып халық ұққан күн




Құрбандарым, жазықсыз құрбандарым

Бет бағдарын бақиға бұрғандарым,

Қаралы жылдардай боп қарауытып,

Халқымның мәңгі есінде тұрғандарым

Құрбандарым, жазықсыз құрбандарым,

Кеудемдегі қоламта қоздатқаным

Тұншықса да түрмеде тозбапты әнім.

Жазықсыз жапа шегіп бұл жалғаннан,

Жалтақтап кете барған боздақтарым.


Көрініс: «Қазақ жастарының аланға шығуы»

Естідіңдер ме

Бұл не масқара!

Неге халықпен санаспайды

Қашанғы шыдаймыз

Ең болмаса өз ішімізден неге сайламаған

Ел қамын біз ойламағанда, кім ойлайды.


( сахна алдына ержүректі желтоқсан батырлары шыға бастайды)


Демократияны бұғаудан босатыңдар,

Әр халыққа өзінің көсемі керек


Сүрмейтұғын болдық қой күймей ғұмыр,

Көлеңкеміз. Күннен де тиймеді нүр.

Колбин деген кім екен, қайдан келген

Я сыртымыздан қашанғы бийлейді бұл.


Ескерусіз дін жатыр жатыр сүресінде,

Қақпақ қойып ауызға, көзді байлап

Санаспайды, ай бұлар тегі ешкіммен

Жариялайық дегенің елес білем


Огей қозы біз болық енемізге

Келімсектер шықтығой төбемізге

Ақықат жоқ, маңайын толған аңыз

Жүр екенбіз тұманды жолда нағыз

( сахнаға осы сәтте милиция мен солдаттар шығады)

Милиция: Тарангдар, әйтпесе күш қолданамыз!

( сол сәтте сойылмен соғу, қыздарың шашынан сүйреу, тепкілеу, айқай шу шығады)


Бар болғаны осы еді қылмысымыз

Савицкийді көрген жоқ бір кісіміз

Кейін соның қазасы танылғанда

Аң- таң болып, қан жылап тұрды ішіміз

Темір құрсау біздерді бүргені шын

Мұң шығады қапаста кімге құсың

Ақ қараңды тексерер түрме деген

Концлагер болды ғой біздер үшін







Мұғалім: 1986 жылы 16 желтоқсанда бүкіл жастары тотаритарлық режимге ашық қарлық көрсетді. Міне осында үмытылмас оқиғадан бері 28 жыл өтті. Омір өзен толқындары сол кезден бізді алстатып бара жатсада жүрегімізде мәнгі ұмытылмас бір нәрсе қалды. Ол үшін

дүниені дүр сілкіндірген қазақ қыздары мен ұлдарының рухына, ерлігіне деген тағзым, құрмет.Ендеше сол желтоқсанның оқиғаларындағы шындаған боздақтардың рухын еске алайық

 

Ия, аңғал сеніммен алаңға шыққан бейкүнә қыз жігіттер контреволюциөнерлер емес еді. Тәуелсіз мемлекет болумызға шырылдап жанын қиған Сабира Мухамеджанова, Ләззат Асанова, Ербол Спатаев, Қайрат Рыскулов

Ортаға Сәбира, Ләззат, Қайрат, Ерболдың суреттерін ұстаған төрт оқушы шығады.

 

1-оқушы: 19-желтоқсан. Ауруханаға бас сүйегі мен миынан жарақаттанған

          энергетика институтының екінші курс студенті Ербол Сыпатаев

          әкелінді. 23-желтоқсанда есін жимастан қайтыс болды. Ербол біреудің

          жалғыз баласы еді. «Құйын-86» операциясының құрбаны болды.

 

2-оқушы: Сол бір ерте түскен қыс тоқырау жанжалының табанында аяусыз,

          армансыз тапталған ар-намыстың ышқынған дауысы құлағымызда әлі

          шыңылдап тұрғандай. Бұл дауыстың ішінен қызғалдақтай Ләззат сенің

          де ләззат үнің талып естіледі. Сен тірі болсаң, қазағыңның мәдениетін

          дамытуда үлкен үлес қосар едің-ау.

Еліңнің сен намысы үшін

Құрбан еттің жаныңды

Мазақ етіп қорлай алмас

Ешкім сенің арыңды.

3-оқушы: Сәбира, Сәбира Мұхамеджанова бар жоғы 16 жаста еді.

           26-желтоқсан күні Астанадағы дүрбелеңге үн қосқаны үшін өзінің ар-

           намысына, анасына, атасына масқара сөздер айтып, балағаттағанына

           училищеден жазықсыз шығарылғаны үшін шыдай алмай, Өскемен

           педучилищесінің 1- курс студенті Сәбира Мұхамеджанова

           жатақхананың 5-ші қабатынан құлап өлді.

Желтоқсанда шындық жырын шырқаймын деп шарқ ұрдың,

Желтоқсанда егеменді ел болсақ деп талпындың

Айналайын, айналайын, жас өркені халқымның

Ерте айтылды, сондықтан да келте айтылды бұл әнің.

 

4-оқушы: Қайрат деген атым бар,

                 Қазақ деген затым бар

                 «Еркек тоқты құрбандық»

                 Атам десең атыңдар!


Түн кәдімгі милиондаған түндердің бірі, бірақ бұл түн озгеше түн еді. Себебі бұл түнде қаланың кез келген тұсынан ұсталған қыз жігіттердің қатікездікжасағанын көргендердің ішінде Қайрат Рыскуловта бар еді

 - Ия, бұл жазықсыз құрбан болған қазақ азаматы Қайраттың соңғы күні. Ол 1987 жылдың 1-қаңтар күні үйінде жаңа жылды тойлау үстінде тұтқындылған еді.

 

Көрініс:

Милиция: Біз органнан келдік. Қайрат Рыскулбеков деген азаматты тұтқындаймыз. Прокурорның санкциясы бар, міне

 Ана:Ойбай-ау бұларың не жұдырықтай баламның не жазығы бар

Милиция:Апатай сабыр етіңіз. Бұл жігіт бір тобелеске қатысыпты, анық қанығын тексерген соң, қайтарып жібереміз.



Қайрат: Жалалы боп, қатты батты жаныма

Жазалаушы қағаз алдым қолыма

Жігіттер –ай, айтып айтпай не керек

Жазған екен маңдайыма сорыма


Тергеуші: Заключенный Рыскулбеков! Сен «мир» мен «Сатбаев» көшелерінде жасақшыларды көрдің бе

Қайрат: егер ол көшеге бармасам, оларды қайдан көрейін

Тергеуші: Сенің ұрып жатқаныңды біреу көріпті ғой.

Қайрат: Олай болса мені осы адаммен беттестір. Бұл өтірік жала!

Тергеуші:  Ах, ты декабрист несчастный! Я тебе покожу өтірікті жала деді еще.Әй Рыскулбеков! Сен Савицкийді өлтірдім деп мойында, сонда сенің жазаң жеңілденеді. Егер сен Савицкийді өлтіргеніңді мойындасаң әкеңе тиіспейміз. Әйтпесе әкеңді де

Қайрат: Жолдас тергеуші! Бұл жала ғой! Өлтірмеген адамды өтірік өлтірдім деп қалай мойындаймын

Тергеуші:  Заключенный Рыскулбеков! Сен ақымақ болма! Өлтірдім деп мойында, бүл бір. Сен әкеңнен 4000сом алып, мына менің жұмсақ алақаныма сал, бұл екі. Түсіндің бе

Қайрат: Жолдас тергеуші! Ауылда өз күнін әзер көріп отырған ата- анамды ақша деп қийнағым келмейді және неүшін төлеуім керек! Не үшін ешқандай қылмысым жоқ ғой.

Күнәдан таза басым бар

              Жиырма бірде жасым бар

              Қасқалдақтай қаным бар

              Бозторғайдай жаным бар.

              Алам десең алыңдар!

               Қайрат деген атым бар,

               Қазақ деген затым бар

               «Еркек тоқты құрбандық»

               Атам десең атыңдар!

 

«Желтоқсан желі» әнін

 желтоқсан құрбандарын еске алып, тағзым етіп қосыла шырқайық!


 Пешенесіне жазылған аз ғана ғұмырдың соңғы сағатына дейін   рахым күтіп, кім үшін, не үшін мерт болуға тиіс екендігі сезе алмаған еді. Өкінішке орай 1988 жыл 21 мамыр күні таңда Семей түрмесінде Қайрат Рыскулбеков өмірден өтті. Есіл ер көзі тірісінде шындыққа жете алмай қапында жер жастанды.

 

Әр дәуірдің еркіне сай нарқы өзгерген алтынның

Айналайын, айналайын, жас өркені халқымның

Желтоқсанда шындық жырын шырқаймын деп шарқ ұрдың,

Желтоқсанда егеменді ел болсақ деп талпындың

Кеудеңде әлі сызы жатыр сол кездегі салқынның

Айналайын, айналайын, жас өркені халқымның!


Президенттің жарлығымен 1996 жылы 9 желтоқсанда Қайрат Ноғайбайұлы Рыскулбековқа «Халық қаһарманы» атағы беріліп, айырықша ерекшелік белгісі мен «Алтын жұлдыз» тапсырылды. Сәбира, Ләззат, Ерболға «Ақтау жөніндегі анықтама» қағаздары берілді. Халқымыздың егемендігі жолында құрбан болғандарын дәлелдеді.

 

Атамекен әні.

Осымен бүгінгі желтоқсан оқиғасына арналған «Лау лау жанған Желтоқсан» атты тәрбие сағатымызды аяқтаймыз.



57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)


Автор
Дата добавления 09.01.2016
Раздел История
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров87
Номер материала ДВ-318288
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх