Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Другое / Конспекты / "ӨЛЕҢ КЕРНЕП БАРАДЫ ЖҮРЕГІМДІ" (М.Әлімбаевтың туғанына 90 жыл)

"ӨЛЕҢ КЕРНЕП БАРАДЫ ЖҮРЕГІМДІ" (М.Әлімбаевтың туғанына 90 жыл)

Международный конкурс по математике «Поверь в себя»

для учеников 1-11 классов и дошкольников с ЛЮБЫМ уровнем знаний

Задания конкурса по математике «Поверь в себя» разработаны таким образом, чтобы каждый ученик вне зависимости от уровня подготовки смог проявить себя.

К ОПЛАТЕ ЗА ОДНОГО УЧЕНИКА: ВСЕГО 28 РУБ.

Конкурс проходит полностью дистанционно. Это значит, что ребенок сам решает задания, сидя за своим домашним компьютером (по желанию учителя дети могут решать задания и организованно в компьютерном классе).

Подробнее о конкурсе - https://urokimatematiki.ru/


Идёт приём заявок на самые массовые международные олимпиады проекта "Инфоурок"

Для учителей мы подготовили самые привлекательные условия в русскоязычном интернете:

1. Бесплатные наградные документы с указанием данных образовательной Лицензии и Свидeтельства СМИ;
2. Призовой фонд 1.500.000 рублей для самых активных учителей;
3. До 100 рублей за одного ученика остаётся у учителя (при орг.взносе 150 рублей);
4. Бесплатные путёвки в Турцию (на двоих, всё включено) - розыгрыш среди активных учителей;
5. Бесплатная подписка на месяц на видеоуроки от "Инфоурок" - активным учителям;
6. Благодарность учителю будет выслана на адрес руководителя школы.

Подайте заявку на олимпиаду сейчас - https://infourok.ru/konkurs

  • Другое

Поделитесь материалом с коллегами:

ӨЛЕҢ КЕРНЕП БАРАДЫ ЖҮРЕГІМДІ

(М.Әлімбаевтың туғанына 90 жыл)

Кештің мақсаты: Мұзафар Әлімбаевтың өлеңдері арқылы жас оқырмандарды адамгершілікке, адал болуына, балалар әдеби кітаптарына деген қызығушылығын арттыру, балалар журналдарына деген ізденіс, белсенділіктерін нығайту.

Көрнекіліктер: кітап көрмесі, Мұзафардың фото-суреттерінің слайды, сурет көрмесі, нақыл сөздер, жаңылтпаштар, өтірік өлеңдер.

Кітапханашы:

Балалар, білесіңдер ме,

Эфирден атқарылып жыр есілгенде,

Осыны біздерге арнап кім жазды дер,

Атына көңіл қойып жүрсіңдер ме?

Жасы үлкен жақын достарың,

Білесіңдер ме?

«Балдырғанды» шығарып

Сан ұрпақты

Қанша жыл жырларымен таңырқатты.

Айтады мың алғысын ағаларың,

Өлеңнің татып өскен балын тәтті.

... Білмессіңдер балалар,

Біліп алыңдар,

Кәрі де, жас та,

Бала да... жырына құмар

90-да бүгін Мұзафар аталарың

Мұзафар Әлімбаев!

Ұғып алыңдар

1-оқушы:

Тамсанып, тамылжытып әнің көкке,

Өрлетті «Ақсұңқары» мәлім көпке

Содан шығар,

Жыр сүйген жалпақ елі,

Біледі Мұзафарды Мәлім деп те

Мұзафар Әлімбаев-Мәлім аға,

Өзіңдей бала жанын жан ұға ма,

Жаңғырған жырдың биік жотасында,

Кезігіп жүрейікші тағы да Аға

Балдырған балалардың бағына Аға!

Кітапханашы: «Тәрбие – тілден басталады» - дейді халық. Сөз маржанын тере білген, балғындардың сүйікті ақыны, көп қырлы талант иесі Мұзафар атамыздың 90 жылдығына қош келдіңіздер құрметті қонақтар, оқушылар.

Республикамыздың айтулы ақыны М.Әлімбай аталарының есімін білмейтін кісі кем де кем. Еңбектенген баладан еңкейген қарияға дейін біледі десек қателеспейміз. Өйткені Мұзатамның өлең-тақпақтарын тілі жаңа шығып келе жатқан сәбиден бастап жаттап, өлеңіне жазылған әндерді шырқап өседі. Мұзаталарының өздеріне арнап өлең жырлары да том-том, өлеңдер, дастандар ғана емес, әңгімелер дейсің бе, мақал-мәтелдер дейсің бе, толып жатыр. Сан ұрпақты көптеген жылдар ішінде жырларымен сусындатып, таңырқатқан Қазақстан халық жазушысы, балдырған журналының тұңғыш редакторы Мұзафар Әлімбаев 90 жасқа толып отыр.

Балалар бүгінгі ертеңгілікке бәріне жақсы танымал «Аяның алақаны» кітабының кейіпкеріАя қызды шақырайық. Ол аталарың туралы көптеген қызықты әңгімелерін алып келді.

Ая: Балалар, сәлеметсіздер ме! Мен «Аяның алақаны» кітабының кейіпкері Ая қызбын және ақын мұзафар аталарыңның туған немересімін. Біз бүгін атамыздың балаларға арнап жазған өлеңдерімен танысамыз.Достар, мен жалғыз келген жоқпын, менімен бірге сендердің сүйікті жыршыларыңның Мұзафар атаның шығармашылығымен жақсы таныс, кішкене кезінен оның өлеңдерін сүйіп оқитын Білгішбекті және еріншек бала туралы ертегісінің кейіпкеріЕртеңбайды бірге ала келдім.

Білгішбек: Сәлеметсіздер ме, балалар Мұзафар атамыздың 90 жылы құтты болсын, мен сендерді көргеніме өте қуаныштымын!

Ертеңбай: Мен Мұзафар атамыздың Еріншектер елінен еріншек Ертеңбайы ертегісінің кейіпкері- Ертеңбаймын. Балалар, мына Ая мен Білгішбек жол бойы атамыздың қызық-қызық тақпақ, аңыз-әңгімелері бар екенін айтып келді. Мен...,мен болсам ештеңе білмеймін. Бәрін ертеңге ысырып келе жатырмын. Білгішбек, сенің әңгімелеріңді мен де тыңдайыншы.

Білгішбек: Жарайды, Ертеңбай, тыңда. Мұзафар атамыз балаларға арнап көптеген өлеңдер жазған қаламгер. Оның «Бала арманы», «Ел ордамыз Астана», «Қазақстан жалауы», «Досым артық өзімнен»- деген үлкен кітаптары көпшілік көңілінен шығып, ондаған жылдар бойы бүлдіршіндер мен жасөспірімдердің сүйіктісіне айналды.

(ортаға оқушылар шығып, аталған тақпақ-өлеңдерін мәнерлеп жатқа айтады.)

Ая: (қолындағы кітапқа үңіліп) Мұзафар ата – бала көңілін тауып, бала болып ойлап, бала сияқты жақсылықтан үйреніп, жамандықтан жирене білген, сол үшін де балаларға арнап, ой тербеген қаламгер. Әрі бағбан, әрі бапкер, әрі сазгер, әрі ұстаз. Менің атам сегіз қырлы бір сырлы қаламгер. Бұған жинақтарындағы кез келген өлеңі куә десек, таразыланбаған талай-талай ертегі, аңыз, ойын-өлең, өтірік өлең, жұмбақ-жаңылтпаштар

тағы айғақ. Олай болса Білгішбек атамыздың жұмбақтарын шешейік.

(ортаға 6 оқушы шығып, көрермендерге жұмбақтарды жатқа айтады.)

Ертеңбай: Ая, Білгішбек Мұзафар атаның үлкен әдебиетке қалай келгендігі, бала кезінде кім болуды армандағанын білесің бе?

Ая: Әрине, ол туралы атамның өз аузынан естідім. Әр ақын –жазушының әдебиетке келер өзіндік жолы болады екен. Менің атамның да өлең-жырға, әсем әнге әуесі ана сүтімен дарыған Зейнеп анасының айтуынша Абайдай адамның өмірде болғанын білген «Жас жеткіншектің жан дүниесіне рухани нәр беретін нәрсе анаңның ақ сүті, ананың әлдиі, ананың бесік жыры мен ананың әсем де әсерлі әңгімелері» - деп атам әрқашанда тебірене айтады.

Білгішбек: Балалар, білесіңдер ме Мұзафар ата 5 жасында әрпті әліп деп біліп, кітап оқи бастады, 6-жасында ауыл кітабын оқидыБауырсақтан» бастап, «Бесік жырымен» жалғастырып, 16-жасында алғашқы өлеңі баспасөзге жарияланды. Балалар, қалай ойлайсыңдар, ойыншықпен ойнамайтын бала бола ма? Әрине, болмайды! Ойыншықсыз өмірді көзге елестету мүмкін емес. Келесі кезекті «Ойыншықтар» өлеңіне берсек.( ортаға ойыншықтарымен оқушы шығып, ойыншықтарын тәртіпке шақырып, ооларға татулық, бірлік тілейді.)

Ая: Балалар, ал атамның мен туралы жазған өлеңін білесіңдер ме? (ортаға көрермен оқушы шығып «Айналайын Аяның» өлеңін жатқа оқиды.)

Айналайын Аяның

Алақаны аялы

Ая-біздің мейірбан,

Досынан жоқ аяры

Айналайын аялы

Қолда барын достардың

Алдына әкеп жаяды.

Айналайын Аяның

Алақаны аялы.



  • Рахмет балалар, тағыда қандай өлеңдерін білесіңдер?

(5 оқушы «өтірік өлеңдерін» жатқа айтады)

Білгішбек: Ақын атамның тағы бір өнері әнге өлең жазу. Оның 1949 жылдан бастап, 300-ге жуық өлең ән-әуенге айналыпты. Ол әндердің көбі өздеріне арналған.

Ән: «Мұғалім ол біздің».

Ая: Балалар, 1958 жылы шілде айында балабақша бөбектері мен бастауыш мектеп шәкірттеріне арналып «Балдырған» журналы ашылды, тағы да мақтанышпен айтамын, тұңғыш редакторы менңің атам. Биыл балалар, Балдырған журналына 55 жыл, бірінші беттерінде менің атам жайлы жазылған.

Балдырған:

Балдырған 55-кеп егделендің,

Жинаған, тергеніңді елге берлдің.

Үміттей үзілмейді өмірің де,

Өмірде қызықпаған бала бар ма?

Оқиды өлеңіңді әңгімелерді.

Жүзге келерсің, сен Балдырғаным

Алғайсың бізді есіңе сол күндері.

Ертеңбай: Шәкірт болсаң,

Шоқандардай озық бол,

Оқу-білім бейнетіне төзіп көр.

Ертеңгі істі бүгін ойлап, бейімде,

Бүгінгіні ысырма тек кейінге.

Кітап құмармен сырлас бол.

Қылқалам, бояу сөйлейсің,

Сал туған ауыл бейнесін!

Үлкеннен үйрен, кішіге үйрет.

Жаманнан жирен, тозғанды күйрет.

Кітапханашы: Мінеки достар, үлкенге де кішіге де ұстаз Мәлім-Мұзаға балдырғандар поэзиясының Маршалына айналды. Әрқашанда Мұзафар атамыздың сүйікті балдырған оқырмандары болып жүре беріңдер. Мұзафар атамыздың 100 жыл мерейтойын тойлайық.



Самые низкие цены на курсы профессиональной переподготовки и повышения квалификации!

Предлагаем учителям воспользоваться 50% скидкой при обучении по программам профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок".

Начало обучения ближайших групп: 18 января и 25 января. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (20% в начале обучения и 80% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru/kursy



Автор
Дата добавления 13.11.2015
Раздел Другое
Подраздел Конспекты
Просмотров362
Номер материала ДВ-151385
Получить свидетельство о публикации

УЖЕ ЧЕРЕЗ 10 МИНУТ ВЫ МОЖЕТЕ ПОЛУЧИТЬ ДИПЛОМ

от проекта "Инфоурок" с указанием данных образовательной лицензии, что важно при прохождении аттестации.

Если Вы учитель или воспитатель, то можете прямо сейчас получить документ, подтверждающий Ваши профессиональные компетенции. Выдаваемые дипломы и сертификаты помогут Вам наполнить собственное портфолио и успешно пройти аттестацию.

Список всех тестов можно посмотреть тут - https://infourok.ru/tests

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх