Инфоурок Другое Другие методич. материалы«Өлең- сөздің патшасы» атты Абай Құнанбаевтың 170 жылдығына арналған әдеби- сазды кештің сценарийі

«Өлең- сөздің патшасы» атты Абай Құнанбаевтың 170 жылдығына арналған әдеби- сазды кештің сценарийі

Скачать материал

    Тақырыбы: «Өлең-  сөздің патшасы» атты  Абай  Құнанбаевтың  170 жылдығына  арналған  әдеби- сазды кештің  сценарийі

 

Мақсаты:   Ұлы  ақынның өнегелі  өмірін,шығармашылығын,рухани  асыл  мұраларын насихаттап,шығармаларын мәнерлеп  оқуға  баулу.

Өткізілетін  уақыты: 10.10.2015  Акт  залында  сағат  11.00 де

Көрнекілігі:  Абайдың  шығармашылығына арналған слайд, бейнеролик.

                          (Кешімізді  биші  қыздар  ашады.)

1 жүрг. Сәлеметсіздер  ме  құрметті  әдеби - сазды  кешіміздің  қонақтары!

2 жүрг. Бүгінгі  біздің қазақ тілі  апталығы  аясында  өткізіліп  жатқан әдеби - сазды  кешіміз  ұлы  ғұлама,ойшыл  Абай  Құнанбаевтың  өмірі  мен  өлеңдеріне  арналады.

1 жүрг. Абай  қазақ  поэзиясының  өсіп,гүлденіп, жаңа  сапаға  жетуіне  орасан  зор  еңбек  етті.  Ақын  жас  ұрпаққа  терең  ойға  толы. Алуан  өлеңдер  үлгісін  қалдырды.

2 жүрг. Абай  мұралары- адамгершіліктің,имандылықтың,биік парасаттылықтың  асыл  қазынасы.Осыған  орай  бүгінгі Абай  Құнанбавтың  170  жылдық  мерей  тойына арналған  «Өлең-сөздің  патшасы»  атты әдеби-  сазды  кешімізді  бастауға  рұқсат  етіңіздер.

1 жүрг.   Жүрегімнің  түбіне  терең  бойла,

                Мен  бір  жұмбақ  адаммын оны  да  ойла.

                Соқтықпалы, соқпақсыз  жерде  өстім,

                Мыңмен  жалғыз  алыстым  кінә  қойма,

 

2жүрг.    Туғаннан  дүние  есігін  ашады  өлең,

                Өлеңмен  жер  қойнына  кіреді  денең

                Өмірдегі  қызығың  бәрі  өлеңмен.,-деген  екен

ақын,ағартушы  Абай атамыз олай  болса  кезекті  Абайдың  табиғат  лирикасына  берейік.

(«Күз» Ғаниқызы  Аяулым 2 сынып  оқушысы өлең оқылады  слайд  көрсетіледі.)

 

 

1жүрг.Қазақтың  ұлы  ақыны  Абай  Құнанбайұлы  1845  жылы  семей  өңірінің  қазіргі  Абай  ауданындағы  Шыңғыстау  бөктерінде  дүниеге  келген. Абайдың  шын  аты  Ибрахим.  Әжесі  еркелетіп  «Абай» деп  атап  кеткен. Болашақ  ақын  жас  кезінен  өлең,әңгімеге  әуес  болып,әжесі  Зере  мен  анасы Ұлжанның аңыз-әңгімелерін  барлық  ынтасымен  тыңдап  өсті. Ол  кісі  тек  ақын  емес, танымал  композитор.                                                              

2 жүрг.  Әннің де  естісі  бар,есері  бар

               Тыңдаушының  құлағын  кесері  бар

               Ақылдының  сөзіндей ойлы-күйлі

               Тыңдағанда  көңілдің  өсері  бар,-деп  жырлаған   Абайдың  өлеңге,әнге  қояр  талабы  мен талғамы  өте  жоғары  болды. Олай  болса  кезек  әнде.

 

    «Көзімнің  қарасы»  Жексенқұл  Нұрсипат 6 сынып  оқушысы

    «Желсіз  түнде  жарық-ай» Еркін  Айгерім 7  сынып  оқушысы

 

 

1жүрг. Жүрегін  шырақ  етіп  жандырған  кім?

Жырымен  жан  сусынын  қандырған  кім?                                                                                                                            Мұра  қып,кейінгіге  қалдырған  кім?                                                                                                        Ерте оянып, ойланып,ержеткен  кім?                                                                                    Талабын  тас  қияға  өрлеткен  кім?-  келесі  кезекті  Ақынның  сөз  өнеріндегі классикалық  стильде  жазылған  қара  сөздеріне  берелік.

 

  Әжмағанбетова  Ұлжан  7  сынып  оқушысы

  Құлмахан  Әйгерім 10  сынып  оқушысы

 

2жүрг. Сонымен  қатар  Абай  атамыз- жазба  қазақ  әдебиетінің, қазақ  әдеби  тілінің  негізін  қалаушы,философ,аудармашы,саяси  қайраткер,либералды білімді исламға  таяна  отырып,орыс  және еуропа  мәдениетімен жақындасу  арқылы  қазақ  мәдениетін  жаңартуды  көздеген  реформатор.

1жүрг. Сонымен Абайдың поэзиясы  мен  аудармасынада  тоқталайық.

 «Жасымда  ғылым  бар  деп ескермедім» Қасым  Ерасыл 5  сынып 

 «Құмырсқа  мен  шегіртке» Қолдыбай  Назерке 5  сынып

 

2жүрг.  «Абайды  таныту  арқылы  біз  Қазақстанды  әлемге  танытамыз,қазақ  халқын  танытамыз. Абай  әрқашан  біздің  ұлттық  ұранымыз  болуы  тиіс»,- дейді  Елбасымыз  Н.Ә.Назарбаев  олай  болса  келесі  кезекті  күйге  береміз.

        «Күй»  Сағындық  Айдын  6  сынып  оқушысы

 

 1жүрг.    Көп  адам  дүниеге  бой  алдырған,

                 Бой  алдарын, аяғын  көп  шалдырған.

                 Өлді  деуге  сия  ма  айтыңдаршы,

                 Өлмей  тұғын  артында  сөз  қалдырған-демекші  келесі  кезекті  Абайдың  өмірі  мен  шығармашылығына  байланысты  сұрақтарға  берейік.

 

1.     Абай  алғашқы  өлеңдерін  қай  ақынның атынан жариялап  отырды? (Көкбай)

2.     Абайдың  қанша  күйі  бар? (Үш  күйі  бар:  Тоқжанға,Май  түні, Абайдың  желдірмесі)

3.     Абайдың  неше қара  сөзі  бар? (45)

4.     «Абай  жолы» романын  кім  жазды?  (Мұхтар  Әуезов)

5.     Абай  кімге  ғашық  болды?  (Тоқжанға)

2жүрг.  Әрине, Абай  атамыз  туралы  айта  беру  артық  емес.  Бір  қарағанда  таныс  тақырып, таныс  бейне  секілденгенмен,ол  туралы  білетініміз  тым  аз-ау.  Ұлылықтың  сырына  қанық  болғымыз  келсе,  даралықтың  қандай  болатынын  ұғынғымыз  келсе,дана  Абай  әлемін  шарлап  қайталық,  құрметті  халайық! Жалпы  біз Абай  туралы  не  білеміз? (Абай  кім?  Бейнероликті  тамашалаңыздар!) Біздің ұлағатты  ұстаздар мен  оқушылардың  жауабы:

 

 1жүрг.    Өлді  деуге  бола  ма, ойлаңдаршы,

                 Өлмейтұғын  артында  сөз  қалдырған,- деп  төрелігін  өзі  шешкен  Абай  бүгін  жарқын  бейнесімен  де,жалынды  жырымен де  бізбен  бірге  170  жыл  бойы  өмір  сүріп  келеді, мәңгі  өмір  сүре  бермек! Ол өткен  заманның, кешегі  түркі  дүниесінің  соққан  тынысы  болса да бізге  түсінікті,жүрегімізге  қонымды  Абай-лебі, Абай-үні, ана-тынысы-заман тынысы,халық үні.Абайдың  жарқын  бейнесі, жалынды  жыры бізбен  бірге  мәңгі  жасап  келеді.

 

2жүрг. Қазақ   хандығымыздың  550 жылдық  мерей  тойымен  және де  Ассамблеямыздың  20 жылдық  мерей  тойымен  тұтас  келген  Абай  атамыздың  170  жыл  бізбен  бірге  жасап  келе  жатқан  мерей  тойы  құтты  болсын! Құрметті  қауым!  Мерекелеріңізбен!

Ән. «Жаса  Қазақстан» Имантай  Нұрғиса  6  сынып

                                              1жүрг. Сөз кезегін

Мектебіміздің  директоры: Тұрлыбек  Гүлбарам  Қайшыбекқызына  береміз.

                                (оқушыларды  марапаттау)

2 жүрг. Құрметті  әдебиет  сүйер  қауым! Қазақтың  біртуар  ұлдарының  бірі, данышпан  ақын, ойшыл,дана  ғұламаларының бірі, қазақ  әдебиетінің  шоқтығы  биік  ірі  тұлғасы  Абай  Құнанбайұлының  мерей  тойына  арналған  әдеби-сазды  кешімізге  келгендеріңізге  көптен-көп  рахмет!

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "«Өлең- сөздің патшасы» атты Абай Құнанбаевтың 170 жылдығына арналған әдеби- сазды кештің сценарийі"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Инструктор по гимнастике

Получите профессию

Экскурсовод (гид)

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 660 402 материала в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 14.04.2016 5506
    • DOCX 19.2 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Расилова Жамила Сатбаевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Расилова Жамила Сатбаевна
    Расилова Жамила Сатбаевна
    • На сайте: 8 лет
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 13734
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

HR-менеджер

Специалист по управлению персоналом (HR- менеджер)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Специалист в области охраны труда

72/180 ч.

от 1750 руб. от 1050 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 33 человека из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 153 человека

Курс профессиональной переподготовки

Организация деятельности библиотекаря в профессиональном образовании

Библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 282 человека из 66 регионов
  • Этот курс уже прошли 849 человек

Курс профессиональной переподготовки

Библиотечно-библиографические и информационные знания в педагогическом процессе

Педагог-библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 483 человека из 70 регионов
  • Этот курс уже прошли 2 325 человек

Мини-курс

Социальные и правовые аспекты эпохи Просвещения: влияние на образование сегодня

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Дизайн-проектирование: практические и методологические аспекты

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Психологическое консультирование семей: от неблагополучия к гармонии

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 29 человек из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 18 человек