Инфоурок Биология Рабочие программыЛекционный материал по биологии на тему "Ұжымдық оқыту технологиясы"

Лекционный материал по биологии на тему "Ұжымдық оқыту технологиясы"

Скачать материал

Қаракемер кәсіптік колледжі

 

 Биология пәнінің оқытушысы

Умирбаева Камила Арапбайқызы

 

Баяндама: Ұжымдық оқыту технологиясы
Қазіргі кезде қоғамның әлеуметтік-экономикалық өміріндегі түбірлі өзгерістерге байланысты білім жүйесінде және оның мазмұны мен оқыту технологиясында да өзгерістер болып жатыр.
Соның ішінде, ең бастысы, әлемдік білім кеңістігіне ену мақсатындағы алғашқы қадамдар жасалып жатыр. Бұл қасиетті істерде оқытушыға  қойылар талап та ерекше. Мемлекеттік білім саясаты да осы оқытушы  арқылы жүзеге аспақ. Ал бүгінгі таңда колледждің, оқытушының  ең қасиетті міндеті – рухани бай, жан-жақты дамыған, жеке, қабілетті тұлға тәрбиелеу. Әр оқытушының  алдындағы сәулелі мұраты – өз пәнінен білім беріп қана қоймай, әр баланың “менін” ашу, сол “менді” шығармашылыққа жеткізіп, баланың өзіне деген сенімін туғызу. 
Білім алушының  өз бетінше оқып үйрену оның жеке талабын қанағаттандыруға және көкейінде жүрген сұрақтарға жауап беруге үлкен ықпал етеді.
Өз бетімен оқып білуге үйрету – баланың қоршаған ортаның өз бетінше танып білуге деген табиғи ынтасы негізінде құрылған оқытудың негізгі тәсілі.
Өз бетімен оқып білуге үйретудің негізгі мақсаты –
білім алушының  адамзаттық мәдениеттің қай саласында болсын өз бетімен шығармашылық  жаңа іс-әрекет тәсілдерін игеруге дайындығы мен қабілетін қалыптастыру.
Ол – белгісізді іздеу, жаңа білімді іздеу үрдісі. Бұл – адамның танымдық әрекеттерінің бірі.
Әрине, білім беруде тиімді нәтижеге жету үшін оқыту әдістері мен құралдарын іріктеу, технологияны таңдау, оқу үрдісін құру –
оқытушы  құзырындағы іс.
Білім алушылармен  жұмыс жасауда жеке дара, топтық, ұжымдық топтарға бөлудің психотерапиялық мүмкіндігінің зор екені де белгілі болып отыр.
Адамша ойлау, ізденімпаздық – табиғаттың адамзатқа берген тамаша сыйы. Бұл қабілет барлық адам бойынан табылатыны сөзсіз, бірақ біреуге аз, біреуге көп дегендей.
Н.Ә. Назарбаев білім және ғылым қызметкерлерінің ІІ съезінде: «Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер – бүгінгі
білім алушыларды, оқытушы оларды қалай тәрбиелесе, Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан да ұстаздарға жүктелетін міндет өте ауыр», – деген.
Сондықтан қазіргі заман
оқытушы өз пәнінен білімді ғана емес, тарихи танымы мол, педагогикалық-психологиялық сауатты, озық педагогикалық технологияларды меңгерген ұстаз болуы қажет.
Белгілі педагог К.Ушинский «Мұғалім өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім. Оқуды, ізденуді тоқтатысымен мұғалімдігі де жойылады» дегеніндей, оқыту мен білім берудің жаңашыл әдісіне көшкен
колледждер үшін іскер оқытушылар  қажет.
Оқыту үрдісінде логиқаға көңіл бөлген чех педагогі Я.Коменский
білім алушыларды қысқа ой тұжырым жасауға, оларды өмірмен байланыстыра білуге үйретіп, ары қарай логикалық ойлауын жетілдіру керектігін айтқан. Ол қандай пән болсын талдау, жіктеу және салыстыруға көп көңіл бөлген. Бұл көзқарастар ары қарай ұлы педагог К.Ушинскийдің еңбектерінде көрініс тапты. Ол логика – дүниені танудағы елес емес, ол барлық ғылымдардың басында тұруы керек деп ой түйді. Баланы логикалық ойлауға үйрету – оқытушының басты мақсаты, логикалық ойлауға үйретудің негізі – айнала мен табиғатты бақылаумен көрнекі оқыту болуы керек. К.Ушинский    білім алушылардың  логикалық ойлауын дамытуда көбіне салыстыру тәсілін қолданған. Өйткені, “салыстырусыз – түсіну жоқ, түсінік жоқ жерде пайымдау жоқ” деп қорытынды жасаған.
В.Сухомлинскийдің еңбектерінде
білім алушылардың  логикалық ойлауын дамытудың негізгі жолы абстракциялық ойлауды ұйымдыстыруға көп көңіл бөлінген. Себебі абстракциялық ойлау заттардың ерекшілігін, ұқсастықтарын және себептерін түсіндіреді.
Кейде адамның логикалық ойлауы білім алу барысында немесе жай өмірде өзінше қалыптасады ма, әлде арнайы ұйымдастыру қажет пе? – деген ой туады. Бұл сұрақ Ж.Пиаженің еңбегінде қаралған.
Логикалық ойлау адамның жас ерекшілігімен өзінше қалыптасады, бірақ дамымайды. Даму үшін арнайы ұйымдастырулар керек. Баланың логикалық ойлауын дамытуда әрқашанда жас ерекшелік ескерілсе ғана жетістіктерге жетуге болады дейді ол.
Көптеген авторлардың еңбектерімен және зерттеу жұмыстарымен таныса отырып мынандай қорытындыға келдік. Логикалық білім және оны меңгеру оқыту үрдісінде өз бетінше қалыптаспайды.
Білім алушылардың  логикалық ойлауының дамымауы ары қарай толық білім алуға мүмкіндік бермейді. Сондықтан оқыту үрдісінде білім алушылардың логикалық ойлауын дамытуды ұйымдастыру керек.
Менің негізгі қолданатыным Красноярск педогогикалық институтының кафедра меңгерушісі В.К Дьяченка жүйелеп ұсынған оқытудың ұжымдық технологиясы.
Ұжымдық оқыту технологиясы.
Ұжымдық оқыту әдісі дегеніміз оқу үрдісін  төрт түрлі ұйымдастыру түрлері, яғни, жекелей, жұптық, топтық, ұжымдық  тәсілдер  арқылы жүзеге асыру, әрине, соңғысы – ұжымдық оқыту тәсілі бастысы болып табылады. Ұжымдық оқыту әдісі  әр
білім алушылар бір сәтте әрі білім алушы, әрі оқытушы  ретінде болатындай етіп  оқу үрдісін белсендіре түседі.
Колледж білім алушылар оқу әрекетін ұйымдастыруда тек қана ұжымдық оқыту әдісі ғана әр білім алушының өз мүмкіндігін барынша қолдануға, ал  оқытушыға әр балаға деңгейіне сай оқуына мүмкіндік туғызады.
Ұжымдық оқыту әдісі негізінде
оқытушының  күнделікті тексеруі мен білім алушының өзін-өзі бақылауы туралы ақпараттың артуы болып отыратын үрдістегі баламен қарым-қатынас жатыр.
Мұндай оқыту түрі тек қана бірлесіп жұмыс істеу емес, сонымен қатар, жарысқа түсу, бәсекелесуді қарастырады (“ХХІ ғасыр – білім мен ғылым бәсекесінің ғасыры” Н.Назарбаев).
Айталық, сабаққа дейін әр
білім алушы  бір мәліметті білді делік (А,В,С,Д). Бастапқы кезеңде білім алушылар  жұппен жұмыс жасай отырып, бір-біріне білген мәліметін түсіндіреді, партада А-В,С-Д отыруына байланысты, осыдан келіп,  жұппен жұмыста әр білім алушының оқытушы  рөлінде де болуы шығады.
Осындай жұмыстың нәтижесінде  әр
білім алушы екі бірдей ақпаратпен қаруланады. Осындан кейін жұптар ауысады, мысалы А-С,В-Д, сонда екі түрлі ақпаратпен келген баланың білетіні екі есе көбейеді.
Ұжымдық оқыту тәсілінің әдістемесі
Монитор әдістемесі – жаңа ақпарат алу үшін  оқу мәтінімен жұмыс істеуге арналған.  Оқу мәтіні мағыналық бөліктерге бөлінеді.  Әрқайсысына мәтін бойынша сұрақтары бар карточка дайындалады.  Әр карточканың нөмірі және бояу түсі болады. Бұл әдістеме  бір бал – оқушы, ал екіншісі – мұғалім болатындай жұптық жұмысты қарастырады.  Сабақ барысында  әр бала барлық мәліметті меңгергенінше еркін ауысып жүреді. Жұмыс соңында мәтін беріледі немесе сұрақтар қойылады.
Мұндай әдістеме барлық оқушының танымдық әрекетін белсендіреді, мәтінмен жұмыс дағдысын қалыптастырады, байланыстырп жүйелі мазмұндауға, жұппен үйренеді.
Пікір сұрау әдістемесі
биология  сабағында кеңінен қолданылады.  Бұл әдістеме барлық білім алушының  сабақты меңгергендіктерін көрсете алғандықтан, кіріспе сабақта да, қорытынды сабақта да қолданылады. Мұндай сабаққа дайындалу үшін  оқытушы ең алдымен, тақырыпты талқылауға арналған  сұрақтар  дайындайды.  Жұмыс топтарының саны  сұрақтар санына байланысты болады (әдетте 4-5 сұрақ). Білім алушылар топтарға бөлінеді.  Әр топ жұмыс алгоритмі мен сұрақ алады.
Топта жұмыс істеп болғаннан кейін  ортақ талқылау өтеді.  Осылайша, сабақтың өн бойында
оқытушы  білім алушылар қызықтыратын мәселер  жөнінде ақпарат  ала алады.  Сондай-ақ,  білім алушылардың  жұпта, топта жұмыс істеу, талқылау, жүйелеу дағдылары қалыптасады.
Өзара жаттығу әдістемесі – жаттығу, бекіту, қайталауды ұйымдастыру мақсатында қолданылады.  Ұжымдық оқытудың бұл тәсілі  барлық
білім алушының  үнемі жұмыс істеуін талап етеді,  жұппен жұмыс істеуде  зейін қою, істің байыбына бару сияқты қасиеттерін дамытады.
Тыңдауға, сөйлеуге, білімін жеткізу, білім алуға деген қажеттілік үнемі болатыны белгілі.  
Білім алушылар өз жұптасына  түсіндіру керек, ал ол үшін ол бала өзі білу керек, сондықтан да үнемі оқуға деген сұраныс туады.  Ол үшін өзіңді және жұптасыңды басқара алу керек, өзіңді бағалау және бақылай алу керек.
Тамсырмаларды өзара алмасу әдістемесі —  стандартты типтік есептерді шығаруды үйретуге арналған.  Та
псырма дегеніміз не?  Бұл біртиптік тапсырмалар – есептер, жаттығулар немесе сұрақтар.  Әр тапсырманың өз нөмірі болады.  Оларды нөмірмен немесе әріппен  белгілеген қолайлы. Әріптер —  тарауларды белгілеу үшін, сандар —  осы тараудағы тапсырмалар нөмірін белгілеу үшін қажет.  Тапсырмаларды арнайы карточкаларға мақсатты түрде жасау қажет.
Тамсырмаларды өзара алмасу әдістемесі
білім алушылардың оқып өз бетімен жұмыс істеуге, үйренуге, оқытушы әр баламен жеке жұмыс істеуіне мүмкіндік береді.
Мәтінді абзац бойынша бөліп оқыту әдістемесі
Баспа  мақалалар мен ғылыми мәтіндерді ауыспалы құрамда жұппен оқып меңгеру үшін құрылған.  Бұл әдістеме бойынша әр
білім алушы  өзінің ерекше тақырыбын алады және оны әр жұптағы әр баламен бірігіп орындайды. Жұмыс  барлық материал бірінен кейін бірі жүйелі түрде бірінші білім алушы  тұрғысынан, екінші оқытушы тұрғысынан оқып, талдануға негізделіп ұйымдастырылады.
Ұжымдық оқыту тәсілі
оқытушыны  күнделікті тексеруден босатып, осыған орай әр білім алушыға  жекелей көмек көрсетуге уақытының болатынымен де құнды.Бұл техналогияның  тәрбиелік мәні де ерекше, білім алушының  өзіндік әрекеті, құрбыларына деген қарым қатынасы қалыптасады, білім алушы  өзін өзі бағалауға үйренеді.

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Лекционный материал по биологии на тему "Ұжымдық оқыту технологиясы""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Специалист по студенческому спорту

Получите профессию

Экскурсовод (гид)

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 626 081 материал в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 04.02.2016 2709
    • DOCX 47 кбайт
    • Рейтинг: 5 из 5
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Умирбаева Камила Арапбайкызы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Умирбаева Камила Арапбайкызы
    Умирбаева Камила Арапбайкызы
    • На сайте: 8 лет и 1 месяц
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 13220
    • Всего материалов: 6

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Менеджер по туризму

Менеджер по туризму

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Составление и использование педагогических тестов при обучении биологии

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 23 человека из 15 регионов

Курс повышения квалификации

Инновационные технологии обучения биологии как основа реализации ФГОС

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 127 человек из 45 регионов

Курс профессиональной переподготовки

Биология: теория и методика преподавания в образовательной организации

Учитель биологии

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 456 человек из 69 регионов

Мини-курс

Психологическая зрелость и стрессоустойчивость: основы развития личности и поддержки

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 98 человек из 43 регионов

Мини-курс

Анализ межпредметных связей: связь педагогики с научными дисциплинами

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Стратегии маркетинга и продаж в B2B

8 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе