Инфоурок Информатика Другие методич. материалыЛекционный материал по информатике на тему " деңгейлеп -саралап оқыту технологиясы"

Лекционный материал по информатике на тему " деңгейлеп -саралап оқыту технологиясы"

Скачать материал

Деңгейлеп-саралап оқыту технологиясы

  Деңгейлеп –саралап  оқыту технологиясы қазіргі уақытта жаңа технологиялардың бірі деп келеді. Дамыта оқытудың негізін Ян Амос Коменский өзінің 17 ғасырда «Ұлы дидактикасында» айтып талдап берген. Содан кейін орыс ғалымдары К.Д.Ушинский, Л.С.Выготский еңбектерінде қарастырылып, 1969 жылдары Ресей ғалымдары Л.ВЗанков, Д.Б.Эльконин, В.В.Давыдов көтерді. Д.Б.Эльконин мен В.В.Давыдовтың зерттеулері білім алушыларды «субъект» ретінде тануға бағытталды.

Ұстаздық деген киелі мамандықтың сырын ашып, қыры мол, терең дүниеге еніп кеткелі көңілдегі арман толастамай, тоқу мен қуаныш қатар аралып колледж деген үлкен дарияда жүзіп келе жатырмыз.

Еліміздің басынан өтіп жатқан жанартаудай «сілкіністер» бүгінгі білім беру жүйесіне де түрлі өзгерістер енгізуде. Заман талабы «білу аз, сол білгенінді іске қолдана білу» дейді. «Әркім қолда барын ұсынады» деп немқұрайдылыққа салынсақ алдымызда отырған бейкүнә білім алушылардың тағдырына қиянат жасаған болар едік. Не ексең, соңы орасың.

  Мақсаты: Алдымызда тұрған өзекті мәселелер айналасында сөз қозғау. Соның ішінде ең бастысы - әлемдік білім кеңістігіне ену жолындағы алғашқы қадамдар.

Қай заманда, қандай реформа болсын мектептің басты тұлғасы –мұғалім. Мемлекеттік білім саясаты да осы мұғалім арқылы жүзеге аспақ. Ал бүгінгі таңда мектептің, мұғалімнің қасиетті міндеті – рухани бай, жан-жақты дамыған жеке тұлға қалыптастыру. Рухани байлық, ең алдымен, әр халықтың ұлттық әдет-салты, көзқарасы шыққан түп-тамырында жататыны белгілі. Сол ұлттық байлықты бүкіл адамзат өз ұрпағын тәрбиелеуге қолданып келеді.

Армансыз адам алысқа бармас. Арман бар жерде оған жетер жол даңғыл десек, қателесеміз. Көңілдегі көрікті ойдың ауыздан шығарда жоғалып кететініне, өз қиялындағы әдемі дүниенің білім алушы алдында быт-шыты шыққанына талай ұстаз куә. Білім жетерлік, бірақ оны білім алушыға жеткізу үлкен шеберлікті қажет етеді.

   Алдымен бала қызығушылығын ояту керек, олай болса зерттейтін объект –білім алушы. Оның бойындағы қасиеттерді ескере отырып, сезімін, ынтасын оятар іс-әрекетті жоспарлап көр, әрі қарай оқушының таным белсенділігін арттыруды мақсат ет. Танымдық белсенділікті қалыптастыру көрсеткіштеріне интеллектуалдық, эмоцияналдық, жігерлілік іс-әрекетке білім алушылардың белсене қатысуы жатады. Осындай нәтижеге жету үшін сабақ мазмұнының түрлерін, оқытудың амал-тәсілдерін түгелдей өзгерту қажет, қазір жалпылама баяндау, сұрақ-жауап, лекция тәрізді сабақ әдістері өз нәтижесін бере алмайды. Сондықтан сабақ процесінде оқытудың жаңа әдіс-тәсілі, деңгейлеп-саралап оқыту педагогикалық технологиясын таңдап алдым.

Деңгейлеп саралап оқыту технологиясы 1998 оқу жылынан бастап мектептің барлық сатысына, барлық пәндерге еніп, оқу үрдісін жандандыруға үлкен үлес қосып келеді.

Профессор Ж.Қараевтың деңгейлеп-саралап оқыту технологиясы жаңаша өзгерген мақсатпен білім алушылардың өздігінен танып, іздену іс-әрекеттерін меңгертуді талап етеді. Бұл технологияда бірінші орында білім алушы тұрады және өз бетімен білім алудағы белсенділігіне аса назар аударылды.

Деңгейлеп-саралап оқыту технологиясында жұмыс міндетті үш деңгейлік, қосымша шығармашылық деңгей талаптарынан тұрады. Оның басты мақсаты – білім алушыларды «қабілетті», «қабілетсіз» деген жіктерге бөлуді болдырмау. Сабақта қандай білім алушы болмасын, жақсы оқитынына қарамастан жұмысты І деңгейден орындайды. І деңгей тапсырмаларын орындау мемлекеттік білім стандарты талаптарының орындалуына кепілдік береді. І деңгейді орындаған білім алушы «3» деген бағамен бағаланады. Әрбір білім алушы  І деңгейді орындауға міндетті және одан жоғарғы деңгейдегі тапсырмаларды орындауға құқылы. Осы тұрғыдан алғанда «үлгерімі төмен, баяу» білім алушы жақсы оқитын білім алушыға ілесе алмай жатса не істеуге болады? - деген сұрақ туады. І деңгейден аса алмай жатқан жағдайда қалған тапсырмаларды үйде орындауға беру керек. Деңгейлеп-саралап оқыту технологиясының екінші бір жағы – білім алушыларды дүниежүзілік білім жүйесінде қолданынылатын рейтинг – ұпай жинау әдісіне баулу.

Деңгейлік тапсырмалар рейтинг-ұпай – балл жинау әдісімен бағаланатынын ескерсек, оқушылардың деңгейлік сабақ өткеннен кейін де сол тапсырмаларда жіберген қателіктеріне, тапсырмаларын орындауда қолданған тәсілдеріне анализ жасап, қателіктері мен кемшіліктерін анықтай білуге мүмкіндік береді. Келесі тапсырмаларда білім алушы неғұрлым көбірек ұпай жинау үшін ізденіп білім алушыдан, жолдастарынан, қосымша материалдардан білім жинайды

Деңгейлеп-саралап оқыту технологиясы:

- білім алушының өз қабілетіне, болашағына сенуіне;

- білім алушының ынталандыруға;

- білім алушы мен оқытушының ынтымақтастық қарым-қатынас достығына;

- білім алушының өз білімін өз бағалай білуіне;

- баға әділдігіне;

- білім көрсетудің әділ сайысына мүмкіндік береді.

Мәселе – педагогикалық процестің маңызды құрамы оқу ісіндегі субъектілер – оқытушы мен білім алушылардың тұлғалық бағытталған өзара әрекетін ұйымдастыру.

Тақырып – деңгейлеп – саралап оқыту технологиясын пайдаланудың әдіс-тәсілдері.

Актуалдығы – деңгейлеп – саралап оқытудың басты сипаты – мақсатты нәтиже. Қоғам талабы да – нәтижелі білім алушы даярлауда болып отыр.

         Зерттеудің объектісі – мұғалімнің фасилистаторлық (кеңесші, ұйымдастырушы) іс-әрекеті және оқыту –тәрбие процесіндегі білім алушының оқу-танымдық іс-әрекеті.

         Зерттеудің бұйымы – деңгейлеп – саралап оқыту технологиясының білім алушыларды және олардың білім деңгейін дамытуға ықпалы (мақсат, мазмұны).

         Зерттеудің мақсаты – баланың тұлғалық дамуына бағытталған деңгейлеп-саралап оқыту технологияларын оқу-тәрбие процесіне енгізу.

Зерттеудің тапсырмалары – деңгейлеп – саралап оқытудың тиімділігіне көз жеткізу.

Әр пән бойынша оқу модельдерін әзірлеу және әдістемелерін жинақтау

- білім алушылардың жеке тұлғасын зерттеу

- деңгейлеп-саралап оқытудың тұлға қажеттіліктерін қанағаттандыруға және оны дамытуға ықпалын анықтау

- білім алушылардың пәнге деген тұрақты қызығушылығын тудыру.

Зерттеу болжамы – деңгейлеп-саралап оқыту технологиясын оқу-тәрбие процесіне енгізіп және ғылыми-әдістемелік құжаттар мен ұсыныстармен қамтамасыз етсек, онда дәстүрлі оқытудың төмендегідей мәселелерін шеше аламыз:

- білім алушылардың 100 пайыздық үлгерімі қамтамасыз етіледі.

- білім алушылардың  жүктемесін оңтайландыруға мүмкіндік туады (үй тапсырмасы азаяды).

- білім алушылардың оқу қызметтерінің нәтижелері әділ бағаланады.

- білім алушыларды сәтсіздік, қорқыныш, мазасыздық сезімі жойылады.

- қабілеттібілім алушылар дер кезінде анықталып, оларды дамытуға жағдайлар жасалады.

- Танымдық процестерді, білім алушылардың таным қабілеттерін зерттеу әдістері жүйеленеді.

- Олимпиада, конференция жүлдегерлері, шығармашылық жұмыстардың жеңімпаздарының саны артады.

Бұл технологияның тағы бір ерекшелігі дарынды балалармен тұрақты және жүйелі жұмыс істеу мүмкіндігі болып табылады.

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Лекционный материал по информатике на тему " деңгейлеп -саралап оқыту технологиясы""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Патентовед

Получите профессию

Секретарь-администратор

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 663 076 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 03.02.2016 664
    • DOCX 16.8 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Нурмаханова Гульсинай Туреахмедовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 10073
    • Всего материалов: 10

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Интернет-маркетолог

Интернет-маркетолог

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Информатика: теория и методика преподавания с применением дистанционных технологий

Учитель информатики

300 ч. — 1200 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 18 человек

Курс профессиональной переподготовки

Информатика: теория и методика преподавания в профессиональном образовании

Преподаватель информатики

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 49 человек из 21 региона
  • Этот курс уже прошли 151 человек

Курс профессиональной переподготовки

Информатика: теория и методика преподавания в образовательной организации

Учитель информатики

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 493 человека из 73 регионов
  • Этот курс уже прошли 1 523 человека

Мини-курс

Занимательное обучение русскому языку: основы орфоэпии и тайны русской орфографии

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 35 человек из 21 региона
  • Этот курс уже прошли 34 человека

Мини-курс

Психологические вызовы современного подростка: риски и профилактика

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 124 человека из 49 регионов
  • Этот курс уже прошли 34 человека

Мини-курс

Фитнес: вопросы здоровья и безопасности во время тренировок

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе