Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Химия / Конспекты / Лекция "Аналитикалық химияға кіріспе"
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Химия

Лекция "Аналитикалық химияға кіріспе"

библиотека
материалов

Аналитикалық химия пәніне кіріспе.

1. Аналитикалық химия пәнi мен мiндеттерi

Химия – заттардың құрылысын, құрамын және олардың айналуын зерттейтін ғылым. Заттардың химиялық қасиеті түзілетін заттардың, яғни молекула және атомдардың сыртқы электрон деңгейлерінің күйімен анықталады. Химиялық зерттеулердің объектісі химиялық элементтер және олардың түрлі комбинациялары, яғни жай және күрделі атомдар болады.

"Химия" сөзі грек сөзінен аударғанда «chemeia» - металл балқыту дегенді білдіреді. Бұл термин алғаш рет 5 ғ. Грек алхимигі Зосим қолданды. Жалпы химия бейорганикалық химия, органикалық химия, аналитикалық химия және т.б. болып бөлінеді. Тамақ өндірісінің химиясы пәнінде біз аналитикалық, физикалық және органикалық химияларының теориялық және практикалық сұрақтарына тоқталамыз.

Аналитикалық химия заттардың химиялық құрамын және құрылысын анықтайтын әдiстер туралы ғылым.

Заттың сапалық және сандық құрамы болады. Заттың құрамын анықтау үшін, заттың қандай компоненттерден (элементтерден, иондардан және т.б) тұратындығын және оның сандық қатынастарын табу керек.

Заттың құрылымы – заттың молекулалары немесе иондары арасындағы химиялық байланысты және олардағы атомдардың орналасу ретін көрсетеді.

Мысалы, күкiрт қышқылының Н24 сапалық құрамы мынадай - сутек, оттек, күкiрт; ал сандық құрамы - 2.04 % сутек, 65,31 % оттек, 32,65 % күкiрт. Күкiрт қышқылының құрылымын жазу.

2. Аналитикалық химияның даму тарихы



19 ғ. Бірінші жартысына шейін аналитикалық химия жалпы химияның негізгі бөлімі болатын. Осы кезең кезінде көптеген химиялық элементтер ашылып, кейбір табиғи қосылыстардың құрамы анықталды және ең маңыздысы зат массасының сақталу заңы ұсынылды. Т. Бергман жүйелік анализдің сызбанұсқасын ұсынды. Аналитикалық реагент ретінде H2S енгізіп, жалындағы анализ әдістерін ұсынды. Бұл жүйелік анализді Г. Розе және К. Фрезиус толықтырды. Титриметриялық анализ жүйесін Ф. Декруазиль және Ж. Гей-Люссак ұсынды.

20 ғ. Органикалық қосылыстардың микроанализі ұсынылды (Ф. Прегль). Полярографиялық әдіс ұсынылды (Я. Гейровский, 1922).

Химиялық анализ көптеген технологиялық үрдістердің қадағалауында және әр түрлі өндірістерде өнімдердің сапасын қадағалауда қолданылады.

3. Мақсаты



Айналаны танудағы маңызды роль атқаратын химияның бір саласы аналитикалық химияның негізгі мәселелерін оқыту, ғылымның техниканың дамуына жағдай жасау, оны қолдана білуге үйрету, технологиялық процесті бақылаудың негізгі әдістерін іздеу, экологиялық таза, сапалы өнім өндірудің автоматты жүйесін енгізуге жол бастау және қоршаған ортаның тазалығын қадағалауға үйрету.

4. Талдау әдістерінің жіктелуі

Химиялық талдау аналитикалық талаптардың орындалуына байланысты сапалық, сандық және құрылымдық болып бөлiнедi.

Сапалық талдаудың мiндетi – заттың құрамын (қандай элементтерден, иондардан, молекулалардан, функционалдық топтардан тұратындығын) анықтау, сондай-ақ стандартты ерітінділермен салыстыра отырып, құрамы белгісіз заттарды идентификациялау. Идентификациялау үшін әдетте бір ғана әдіс емес, сапалық талдаудың кешенді әдістерін қолданады.

Сандық талдаудың мiндетi – компоненттердің сандық құрамын немесе олардың өзара қатынасын анықтау. Алдымен сапалық, содан кейiн сандық талдау жүргiзiледi.

Құрылымдық талдаудың мiндетi – заттардың құрылымын зерттеу.

Талдау зерттеу әдiстерiне қарай химиялық, физикалық, физика-химиялық болып бөлінеді.

Талдаудың химиялық әдісі химиялық реакцияларға негізделген. Химиялық әдіс гравиметрлік, титриметрлік және газды талдау болып үш топқа бөлінеді.

Талдаудың физикалық әдістерде талданатын компоненттің сандық мөлшерін қандай да бір физикалық сипаттама бойынша анықтайды, яғни заттың құрамының функциясы болып табылатын оның физикалық шамаларын өлшеуге негізделген. Ал химиялық реакциялар қолданылмайды. Мысалы, ерітіндінің концентрациясын оның тығыздығы немесе сыну көрсеткіші коэффициенті бойынша, анықтама кестелерін пайдалана отырып, анықтайды.

Сондай-ақ, спектрлiк талдау арқылы затты от жалынына енгiзгенде, оның шығаратын сәулелерiнiң спектрiн зерттейдi. Зерттелiнiп отырған заттың қандай элементтерден тұратындығын сол элементтердiң өздерiне тән спектрлiк сызықтардың пайда болуынан, ал олардың сандық мөлшерiн сызықтардың айқындылығынан анықтауға болады.

Талдаудың физикалық-химиялық әдiстерiнде заттың құрамын, химиялық реакция жүргенде өзгеретiн физикалық шамаларын өлшеу арқылы анықтайды. Мысалы, колориметрлiк талдауда молекула немесе ионның сандық мөлшерiн боянды ерiтiндiнiң өзiнен өткен жарық шоғын сiңiру дәрежесiне байланысты анықтайды. Оларға спектроскопия, электрохимия, хроматография және басқа да әдістер жатады.




Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 21.10.2016
Раздел Химия
Подраздел Конспекты
Просмотров327
Номер материала ДБ-280233
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх