Катиондардың
екінші тобы
1. Жалпы
сипаттамасы
Екінші топ катиондарына сілтілік жер
металдары: кальций, стронций және барий катиондары жатады. Бұл топ катиондарының карбонаттары
суда ерімейді, бірақ күшті қышқылдарда (HCl, HNO3) және әлсіз
қышқылдарда да (CH3COOH) еритіндігімен сипатталады. Сульфидтері
BaS, SrS және CaS жақсы суда ериді. Осы қасиеттерімен үшінші , төртінші және
бесінші топ катиондарынан
ерекшеленеді, олардың сульфидтері суда ерімейді,
бірақ күшті қышқылдарда ериді. Сілтілік жер металдарының гидрооксидтері:
Ca(OH)2, Sr(OH)2 и Ba(OH)2 – күшті сілтілер. олардың
ерігіштігі Ca(OH)2 кальций гидрооксидінен Ba(OH)2
барий гидрооксидіне қарай өседі . Барлық сілтілік жер металдары екі валентті
катиондар: Ba2+, Sr2+ және Ca2+ түзеді. Олар
түссіз,
егер олар түсті
аниондармен байланысқан болмаса.
Олардың
хлоридтері, нитраттары, ацетаттары, гидрокарбонаттары және сульфидтері: BaCl2,
Ba(NO3)2, Ba(CH3COO)2, Ba(HCO3)2,
BaS суда жақсы ериді. Аз суда еритіндері: карбонаттары, сульфаттары,
сульфидері, оксалаттары, фосфаттары, гидрофосфаттары, силикаттары, фторидтері,
хроматтары (кальций хроматнан басқасы). Сульфаттары BaSO4, SrSO4
және CaSO4 суда, әлсіз қышқылдарда және күшті қышқылдарда да
ерімейді.. Оксалаттары ВаС2О4, SrС2О4
және СаС2О4 суда ерімейді, бірақ күшті қышқылдарда ериді,
суықта сірке қышқылында ерімейді.
2. Екінші топ
катиондарының реактивтері.
Аммоний
карбонаты (NH4)2CO3. Екінші
катиондарының топтық реактиві болып табылады.
- Калий
хроматы K2CrO4 және бихроматы
K2Cr2O7. Калий хроматының K2CrO4
сулы ерітіндісіде түссіз К+ иондары және сары CrO42-
иондары болады:
K2CrO4 ↔ 2К+
+ CrO42-
- Калий
бихроматының K2Cr2O7 сулы
ерітіндісіде түссіз К+ иондары және сары-
қызылт Cr2O72-
иондары болады:
K2Cr2O7 ↔ 2К+ + Cr2O72-
Калий
хроматы K2CrO4 гидролизі:
CrO42- + Н2О
↔ НCrO4- + ОН-
2
НCrO4-↔ Cr2O72- + Н2О
2
CrO42- + Н2О
↔ Cr2O72- + ОН-
Калий бихроматының K2Cr2O7 гидролизі:
Cr2O72- + Н2О
↔ 2 CrO42- + Н+
· Күкірт қышқылы.
Екінші
топ катиондарымен қышқылдарда ерімейтін сульфаттарының
түнбасын түзеді.
Аммоний сульфаты. Бұл
тұздың қаныққан ерітіндісі Са2+ иондарымен суда еритін кешенді тұз
(NH4)2[Ca(SO4)2], ал Ва2+
и Sr2+ иондарымен тұнба түзеді: BaSO4, SrSO4
· Аммоний оксалаты.
Қымыздық
қышқылының аммоний тұзы (NH)4C2O4 .
Қымыздық қышқылы Н2С2О4 (құрылымдық формуласы
НООС - СООН) –екі негізді, екі сатыда диссоциацияланады:
Н2С2О4
↔ Н+ + НС2О4-
НС2О4-
↔ Н+ + С2О42-
Оставьте свой комментарий
Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.