Инфоурок / Биология / Статьи / Лекция по биологий на тему "Жарақат түрлері"
Обращаем Ваше внимание: Министерство образования и науки рекомендует в 2017/2018 учебном году включать в программы воспитания и социализации образовательные события, приуроченные к году экологии (2017 год объявлен годом экологии и особо охраняемых природных территорий в Российской Федерации).

Учителям 1-11 классов и воспитателям дошкольных ОУ вместе с ребятами рекомендуем принять участие в международном конкурсе «Законы экологии», приуроченном к году экологии. Участники конкурса проверят свои знания правил поведения на природе, узнают интересные факты о животных и растениях, занесённых в Красную книгу России. Все ученики будут награждены красочными наградными материалами, а учителя получат бесплатные свидетельства о подготовке участников и призёров международного конкурса.

ПРИЁМ ЗАЯВОК ТОЛЬКО ДО 21 ОКТЯБРЯ!

Конкурс "Законы экологии"

Лекция по биологий на тему "Жарақат түрлері"

библиотека
материалов

Жарақат түрлерi
Барлық механикалық зақымдаушылар ашық және жабық деп бөлiнедi.
Жарақаттар – бұл адам ұлпалары мен органдарының зақымдануы, сыртқы себептерден аяқ-қолдың сынуы мен буынның шығуынан, жұмсақ ұлпаның жаралануы мен дененiң сыдырылуынан, органдардың зақымдануынан және көптеген басқа жәйттердiң әсерiнен ұлпалар мен органдар тұтастығы мен қызметiнiң бұзылуы.
Алғашқы көмек дегенiмiз – зардап шеккен адамның жарақатын асқындырмай, оған әртүрлi медициналық көмек шараларын дұрыс көрсетiп,оның өмiрiн сақтап қалуға бағытталған iс-әрекет. Сондықтан да жарақаттанған адамның өмiрi мен патологиялық процестердiң одан арғы салдары көбiнесе апат болған жердегi алғашқы көмектiң көрсетiлген уақыты мен оның сапасына тығыз байланысты.
Ашық зақымдалу, немесе жара, кiлегейлi қабықша мен терi жамылғысының тұтастығының бұзылуы — бұл сыртқы жара, ал iшкi жара қан кетумен сипатталады (көкiрек, құрсақ қуысы, ми сауытында).

Жарақаттану мынадай түрлерге бөлінеді:
1. Өндірісте (өнеркәсіпте, ауыл шаруашылығында) жарақаттану;
2. Көлікте (автомобиль, темір жол, су көлігі, әуе көлігі) жарақаттану;
3. Көшеде жарақаттану (адамдардың көшеде құлап қалуынан, құлаған заттардың соғуынан, т. б. зақымдану);
4. Тұрмыстық жарақаттану (тұрмыста кездейсоқ себептерден зақымдану: баспалдақтан құлау, түрмыстағы қолданылатын заттардан зақым алу, т. б. немесе төбелес, кісі өлтірушілік, өзін-өзі өлтірушілік және т. б. кезінде қасақана жасалатын зақымдар);
5. Әскери қызметшілердің соғыс кезіндегі және бейбіт кездегі жарақаттары болып табылатын әскери жарақаттану;
6. Спортпен айналысқан кездегі спорт жарақаттары.
Жарақаттанудың әрбір түрінің өз ерекшеліктері болады, олар оқиғалардың мән-жайларына ғана емес, келтірілген зақымдардың сипатына да байланысты. Мәселен, өндірісте жарақаттанғанда — жаралану, көшеде — сынық, спортта соғып алу мен сіңірдің созылуы сияқты түрлері көбірек орын алады.
Сот-медицина тәжірибесінде оқиғалардың мән-жайы, әсіресе, тергеу басталған кезде көбінесе беймәлім болып қалады. Сондықтан қалай зақымданғандығын және зақымдардың сипаты мен ерекшеліктері бойынша олардың жасалған мерзімдерін анықтаудың зор маңызы бар.
Сот-медицина травматологиясының негізгі міндеттерінің бірі — зақымдардың сипаты негізінде жарақат салынғандағы құралды анықтау. Әсіресе әр түрлі доғал заттармен немесе құлау салдарынан соғылып жарақаттанған жағдайларда зақымдалудың себебі мен қалай болғанын анықтау өте қиынға. Сондықтан соққының күші мен шапшаңдық мөлшерін қолдана отырып, дененің эксперименталдық зақымдануын зерттеу мен алынған зақымдардың морфологиясын кейіннен зерттеудің маңызы зор. Эксперименталдық зақымдану Морфологиясын күнделікті өмірде кездесетін ұқсас зақымдармен салыстыру сот травматологиясы мәселелерін шешуге көмектеседі.
Мәселен, сот медицинасының мамандары мөлшерленген динамикалық және статикалық күш түсіру жағдайында бас сүйегі мен омыртқалардың зақымдануын модельдеу жөнінен кешенді түрде көп жүмыс жүргізді. Бұл жұмысқа олармен бірге травматологтар, анатомдар, физиологтар, спорт және авиация медицинасының мамандары, инженерлер мен математиктер қатысты. Денені автомашина басып кеткенде немесе соғып кеткен кезде автомобиль кабинасы ішінде, сондай-ақ жазық жерге құлаған жағдайда баспен соғылған кезде алынатын жарақат сияқты бас сүйегі мен омыртқалар зақымдануының бірқатар модельдері жасалды. Бүл әдістемелер соғылысу шапшаңдығына, соққылардың күшіне, пайда болатын салмаққа, бастың және соғылысатын беттерінің серпімділік қасиеттеріне (қалпына келу коэффициенті) қарап, қозғалып келе жатқан дененің басы мен омыртқасының зақымдануьш туғызады.
Күнделікті тіршілікте кейбір зақымдану түрлері өте сирек кездеседі, ал басқа бір түрлері халықтың бірдей топтары арасында белгілі бір жағдайларда жиі аңғарылып тұрады. Еңбек және тұрмыс жағдайлары ұқсас адамдарда біртектес жарақаттардың қайталанып отыруы медицина тілінде жарақаттану (травматизм) деп аталады.
Жарақаттану мынадай түрлерге бөлінеді:
1. Өндірісте (өнеркәсіпте, ауыл шаруашылығында) жарақаттану;
2. Көлікте (автомобиль, темір жол, су көлігі, әуе көлігі) жарақаттану;
3. Көшеде жарақаттану (адамдардың көшеде құлап қалуынан, құлаған заттардың соғуынан, т. б. зақымдану);
4. Тұрмыстық жарақаттану (тұрмыста кездейсоқ себептерден зақымдану: баспалдақтан құлау, түрмыстағы қолданылатын заттардан зақым алу, т. б. немесе төбелес, кісі өлтірушілік, өзін-өзі өлтірушілік және т. б. кезінде қасақана жасалатын зақымдар);
5. Әскери қызметшілердің соғыс кезіндегі және бейбіт кездегі жарақаттары болып табылатын әскери жарақаттану;
6. Спортпен айналысқан кездегі спорт жарақаттары.
Сот-медицина тәжірибесінде оқиғалардың мән-жайы, әсіресе, тергеу басталған кезде көбінесе беймәлім болып қалады. Сондықтан қалай зақымданғандығын және зақымдардың сипаты мен ерекшеліктері бойынша олардың жасалған мерзімдерін анықтаудың зор маңызы бар.
Сот-медицина травматологиясының негізгі міндеттерінің бірі — зақымдардың сипаты негізінде жарақат салынғандағы құралды анықтау. Әсіресе әр түрлі доғал заттармен немесе құлау салдарынан соғылып жарақаттанған жағдайларда зақымдалудың себебі мен қалай болғанын анықтау өте қиынға. Сондықтан соққының күші мен шапшаңдық мөлшерін қолдана отырып, дененің эксперименталдық зақымдануын зерттеу мен алынған зақымдардың морфологиясын кейіннен зерттеудің маңызы зор. Эксперименталдық зақымдану Морфологиясын күнделікті өмірде кездесетін ұқсас зақымдармен
Жарақаттың себебі:
1. Экзогендік факторлар — сырттан келген факторлардың әсерінен болады.
2. Эндогендік факторлар — іштен келген факторлардың әсерінен болады.
Экзогендік факторларға жатады:
1. механикалық факторлар (соғылу, ауыр салмақты плитаның астында қалу, биіктен құлау).
2. химикалық факторлар (қышқылдардың, улағыш заттардың әсері).
3. физикалық факторлар (ыстық, суық, қысым, электр тоғының, рентген, иондаушы сәулелердің әсері).
4. биологиялық факторлар (бактериялардың, вирустардың, басқа макро және микроорганизмдердің әсері)
5. психикалық факторлар (қорқу, ренжу, абыржу салдарынан).
Жарақаттардың түрлері:
1. Терінің бүтіндігінің бұзулуы бойынша жарақаттар бөлінеді: ашық және жабық жарақаттар. Ашық жарақатқа ұлпа мен ағзалардың анатомиялық тұтастығының бұзылуы жатады: жара, сынық, күйік, буынның таюы. Жабық жарақатқа — терінің сыдырылуы, сіңірдің созылуы, бұлшық еттің жаншылуы, аяқ — қолдың буыннан шығуы, сүйектің жабық сынуы.
2. Жедел және созылмалы жарақаттар. Жедел дегеніміз ағза ұлпасында бір сәтте қатты әсер ету нәтижесінде пайда болған зақымдану. Созылмалы дегеніміз аз күштің көп мәрте және тұрақты әсерінен пайда болған зақымдану.
3. Тікелей және тікелей емес жарақаттар. Тікелей жарақаттар соққы тіген жерде пайда болады. Тікелей емес ағзаның басқа жерінде пайда болған жарақақаттар.
4. Қайтымды және қайтымсыз жарақаттар.
Жарақаттардың белгілері:
Жергілікті белгілер: дененің зақымданған бөлігінің ауырсынуы, бозаруы, ісінуі, қан кетуі, қызметінің бұзылуы. Жалпы белгілер: ес-түсінен айырылуы, ыстығы көтерілуі, тамырдың нашар соғуы, артериалық қысымның төмендеуі, тыныс алудың, зат алмасуының бұзылуы және т.б.
Жарақаттардың асқынуы: жарақаттық шок, талықсу; қансырау, қан кету; жара инфекциясы; өмірге маңызды мүшелердің қызметінің (жүрек, бүйрек, өкпе) бұзылуы.
Уақыттың шектеулі үзігі аралығында халықтың белгілі бір тобындағы жарақаттардың жиыны жарақаттанушылық деп аталады.
Жарақаттанушылықтың түрлері:
1) транспорттық (автокөліктік, темір, әуе, су жөл көліктік)
2) өндірістік (өнеркәсіптік, ауылшаруашылық)
3) балалы
4) тұрмыстық
5) спорттық
6) көшелік
7) әскерлік
8) жасандық (суицидтік) жарақаттанушылық.
АЛҒАШҚЫ КӨМЕК КОРСЕТУ ТҮРЛЕРІ
Күю — жоғары температура ықпалынан (термиялық күйіктер), қышқыл және сілті (химиялық күйіктер), электр тоғы, иондалушы сәулелену салдарынан болады.
Термиялық күйіктер. Үш түрде ажыратылады: жеңіл, орташа және ауыр. Күйіктің жеңіл түрінде күйіп қалған тері қызарады, қатты ауырады. Ауыр түрдегі күйікте тері күлдірейді, беті қызарады және күлдіреген теріде ақ бөліктер пайда болуы мүмкін. Кең көлемді күйіктерде адам естен танып, күйзелісте болғанда аурудан қатты сенделеді, қашуға тырысады, орнын және жағдайды бағдарлай алмайды. Абыржу тежелумен, көңілсіздікпен алмасады.
Ыстық ауамен, бумен, түтінмен дем алу тыныс алу жолдарының күюіне, көмейдің ісінуіне, дем алудың бұзылуына әкеп соғады. Бұл гипоксияға әкеледі (организмдегі клеткалар тобына оттегінің жетіспеуі).
Алғашқы жәрдем. Шектеулі термиялық күйікте дереу күйген жерді құбырмен жеткізілетін сумен 10-15 минут уақыт салқындату қажет. Осыдан кейін күйген жерді таза, стерилденген таңғышпен байлау керек. Ауыруды бәсеңдету үшін ауыртпайтын дәрілер қабылдау керек (анальгин, амидопирин және т.б.). Көлемді күйіктерде стерилденген таңғыш байланған соң, азап шеккен адамға ыстық шай ішкізу кажет. Ауыртпайтын дәрілер беріп және жылылап орап, оны тез арада емдеу мекемесіне жеткізу керек. Егер тасымалдау кешіксе немесе ұзаққа созылса, сілтілі-тұз қайнамасының қоспасын беру керек (1 ас қасық қайнатылған тұз және ½ ас қасық ас содасы 2 стақан суға ерітілген). Бірінші 6 сағатта күйгеннен кейін азап шегуші 2 стақаннан кем емес ерітіндіні 1 сағат ішінде алу қажет.
Химиялық күйіктер. Химиялық күйіктерде теріде күлдіреу сирек пайда болады. Күйіктің тереңделуіне және жайылуына мүмкіндік туғызатын киімге сіңген қышқыл және сілті.
Алғашқы жәрдем. Тез арада химикат сіңіп кеткен киімді құрту керек. Теріні ағынды сумен молырақ жуады. Ауыртпайтын дәрілер беріп, азап шегушіні емдеу мекемесіне жібереді.
Иіс – газ иісінен уланудан пайда болатын жарақат, одан адам естен танып, ал ауыр жағдайларда өлімге әкеп соғады.
Газ иісінен уланғанда әлсіреу, ұйқышылдық, бас ауыруы, жүрек айну, құсу пайда болады. Егерде уланған адамға тез арада көмек көрсетпесе, ол тыныс алу мен жүрек қызметінің әлсіреуінен өліп кетуі мүмкін. Мүмкіндігінше тезірек газдың әсерін тоқтату қажет, терезе, есіктерді ашып немесе зардап шеккен адамды ғимарат ішінен алып шығу қажет. Оның басына міндетті түрде суық компресс жасап, аяғына грелка қою керек, бетіне суық су бүрку қажет, нашатырлы спирт иіскету керек, қою шай немесе кофе ішкізу қажет. Қиын жағдайда қолдан дем алдырып және жүрекке массаж жасау қажет.
Үсітіп алу дененің қандайда бір бөлігінде суықтың ұзақ әсер етуінен басталады. Суықтың әсері барлық организмнің жалпы суынуына әкеледі. Үсігенде зақымданған тері бөлігі суық болып тұрады, бозарған–көкшіл түсті болады, сезімталдық болмайды.
Жалпы үсігенде зардап шегуші әлсіз, қатынассыз, терісінің беттері бозарған, суық, пульс сирек, дене температурасы 36,5С-ден төмен болады.
Алғашқы жәрдем. Зардап шегушіні жылы бөлмеге кіргізіп, аяқ киімін және қолғабын шешу керек. Үсіген аяқ-қолының бастарын құрғақ матамен уқалап, сосын жылы су құйылған (32-34,5 С) легенге салады. Температураны 10 мин. ішінде 40,5 С жеткізеді. Аяқ–қолының бастарында қан айналып, сезгіштігін қалпына келтіру үшін құрғатып сүртіп, 33% спирт ерітіндісімен уқалап, асептикалық бау немесе таза таңғышпен тану қажет (таза өтектелген шұлық немесе қолғап кигізуге болады).
Жалпы денесі суынғанда зардап шегушіні міндетті түрде жылы орандырып, айналасына грелка жастап, ыстық шай ішкізу керек.
Ыстық өту — сырқатты жағдай, жалпы организмнің қызып кетуінен және сыртқы жылу факторларының әсерінен пайда болады. Жылу соққысы жоғары температуралы және дымқыл бөлмеде болған кезде, қапырық, нашар желдетілетін ғимаратта қарқынды дене жұмысымен шұғылданған кезде болуы мүмкін.
Зардап шегушіде жалпы әлсіреу сезімі, қалжырағандық, бас ауруы, бас айналуы, құлақ шулау, ұйқышылдық, шөлдеу, жүрек айнушылық байқалады. Тексеру кезінде терінің беттері қызарғаны байқалады. Тыныс алу қиындайды және тамыр жиі соғады, қызуы көтеріледі. Ауыр жағдайда азап шегуші есінен айырылады, кейде сіңір тартылады.
Алғашқы жәрдем. Зардап шегушіні тез арада салқын жерге шығару, таза ауаның кіруін қамтамасыз ету, киімін шешу, суық су беру, басына суық компресс басу керек. Тым ауыр жағдайларда суық сумен суланған ақ жаймаға орандырып, салқын су құю, басына және шап аумақтарына мұз қою көрсетілген; мұсатырлы спиртке малынған мақтаны иіскетуге болады. Тыныс алу және жүрек кызметінің қатты бұзылуында қолдан дем алдырып және жүрекке массаж жасау: оны тыныс алу мен жүрек өз бетімен қалпына келгенше немесе дәрігер келгенше жасау керек.
Күн өту — күн көзінің бастан өтіп кетуі нәтижесіндегі организмнің ауыр сырқаулы күйі. Зардап шегушіде жүрек айнушылық, лоқсу, мұрыннан қан кету, көзінің көруі бұзылуы мүмкін, тыныс алу және тамырдың жиі соғуы, ессіз қалыптағы жағдайдағы оқиғалар да байқалады, тыныс алу және жүрек қызметінің тоқтауы байқалады.
Алғашқы жәрдем. Зардап шегушіні салқын бөлмеге немесе көлеңкеге әкеліп, үстіндегі киімдерін шешіп, жүрек аумағына және басына суық басып, молырақ тұзды сусын беру қажет. Ауыр түрінде қолдан дем алдыруға және жүрекке массаж жасауға кірісу керек. Қажеттілік болса зардап шегушіні емдеу мекемесіне жеткізу қажет.
Суға кету — тыныс алу жолдары сұйықтыққа немесе сұйықтық массасына толады. Суға кету белгілері аузынан көбік ату, тыныс алу және жүрек қызметінің тоқтауы, тері бетінің көгеруі, қарашықтың ұлғаюы болып табылады
Алғашқы жәрдем. Ауыз қуыстарын тазалау, зардап шегушіні ішімен құтқарушының санына жатқызу керек, зардап шегушінің басы жерге салбырап тұру үшін, жігермен арқасы мен кеудесінен басып, өкпе мен асқазандағы суды шығару қажет, қолдан дем алдыруға кірсу керек (зардап шегушіні жылындыру үшін үйкелеу керек).
Улану. Тағамнан улану көздерінің көптен бір тараған түрі біршама микроптар бар, өте күшті токсиналар бөлетін өнімдерден болуы мүмкін. Бұл біріншіден ботулинус таяқшасы. Улану консервіленген тағам өнімдерін қолданғаннан пайда болады. Әдеттегі кез-келген тағамнан уланғанда, бірнеше сағаттан соң көздің көруі әлсірейді (лоқсу, іш өту, іштің ауыруы), сөйлеу және жұтыну бұзылады. Тағамнан улану кеңінен таралған, ол стафилококк токсиналарынан болады. Бұл бактериялар әртүрлі тағам өнімдерінде көбейе береді (кремді пирожный, сүтті тағамдар, ысталған өнімдер, паштеттер).
Алғашқы жәрдем. Зардап шегушінің асқазанын шайып, 5-6 стақан жылы су немесе аздаған ас содасының ерітіндісін ішкізіп, тілдің түбін саусақпен тітіркендіріп, лоқсытады, осындай процедураны бірнеше рет қайталайды. Асқазан тазартылғаннан кейін ыстық шай береді. Содан соң зардап шегушіні емдеу мекемесіне жіберу керек.
Химиялық заттармен улану. Қышқылмен (80% сірке су ерітіндісі, тұзды, карболды, қымыздық қышқылы) және ащы сілтімен (ойып түсетін өткір сода, нашатырлы спирт) жиі улану болады. Қышқыл немесе сілті организмге түскеннен кейін ауызда, жұтқыншақта, тыныс алу жолдарында қатты ауру пайда болады. Шырышты қабық күйгенде қатты ісік пайда болады, сілекей молырақ бөлінеді, жанға батарлық ауру зардап шегушіні жұтыну мүмкіншілігінен айырады. Тыныс алу кезінде сілекей ауамен бірге тыныс алу жолдарына құйылып, тыныс алуды қиындатып, тұншықтырады.
Алғашқы жәрдем. Зардап шегушінің ауызынан дереу сілекей және шырыштыны алып тастау. Ас қасыққа шағын мәрліні, салфетка немесе орамалды орап, ауыз қуыстарын сүрту. Егер де тұншығу белгісі пайда болса, қолдан дем алдыру қажет. Зардап шегушілерде жиі лоқсу, кейде қан аралас болады. Мұндай жағдайларда өз бетімен асқазанды тазалауға болмайды, себебі ол лоқсуды күшейтіп, қышқыл мен сілтіні тыныс алу жолдарына әкеліп түсіруі мүмкін. Зардап шегушіге ішуге 2-3 стақан мұз салынған су беруге болады. Улы сұйықтықты «бейтараптандыруға» тырысуға болмайды.
Басқа химиялық заттармен уланғанда (хлорланған көмірсутегі, анилинді бояуыш және т.б.) дәрігер келгенше зардап шегушіні лоқсытып және тазаландыру қажет, егерде ол есін білсе, асқазанын сумен тазалау керек. Зардап шегуші ессіз қалыпта болса, жастықсыз ішімен жатқызып, басын жанына бұру керек. Тілін жұтқанда, сонымен қатар, ессіз қалыпта сіңірлері тартылып қалғанда, жақтары қарысып, дұрыс тыныс алуға кедергі жасағанда, абайлап басын шалқайтып және төменгі жақты алдыға және жоғары итеріп шығару керек.
Электрден жарақаттану – ағзаға электр тоғынан зақым келуі. Электрлік жарақаттану бір жерде және жалпы (күйіктер) болады. Қысқа тұйықталу нәтижесінде дененің бір бөлігіне тоқтың әсерінен бір жерде электрден жарақаттану болады. Жалпы электрлік жарақаттану электр тоғының ағза арқылы өтіп, тікелей әсер етуінен пайда болады. Жалпы зақымға ұшырауда бұлшық еттер тамырларының тартылуы, жүрек қызметінің нашарлауы, тыныс алу жолдарының бұзылуы байқалады.
Найзағай жарақаты, жалпы аталған электр жарақаты белгілеріне ұқсас, есту қабілеті нашарлайды, сөйлеу қабілеті төмендеп, теріде қара-көк түсті дақтар пайда болады.
Алғашқы жәрдем. Зардап шегушіні міндетті түрде тоқ әсерінен босату; рубильникті өшіру, электр сымын шауып лақтырып тастау керек. Қолдан дем алдырып және жүрекке массаж жасап, зардап шегушіні емдеу мекемесіне жіберу қажет.
Естен тану. Адамға төтенше жағдайлардың физикалық және эмоциялық факторларының әсері ағзаның өмірлік маңызды функционалдық жүйелерінің қатты күйзелісіне, жалпы ауыр жағдайдың дамуына әкеп соғады, ол естен тану деп аталады. Естен танудың көп тараған түрі зақымнан болған естен тану. Ол бастың көлемді жері зақымдануынан, кеуде, аяқ-қол және күйіктердің нәтижесінде болады. Мұндай жағдайда қан айналым жүйесі, тыныс алу, зат алмасу, жүйкенің регуляциялық қызметі бұзылады.
Қозу сатысы ештеңеге қызықпаушылық күйге ауысады, маңындағы адамдармен араласпайды, ауыруға реакциясы төмен немесе толық болмайды, парықсыз жағдайға алмасады. Зардап шегуші бозарады, жабысқақ суық тер шығады, дене температурасы төмендейді, тыныс алу және тамырдың соғуы жиілейді, шөл пайда болады, кейде лоқсиды.
Жоғарыда жазылған белгілер байқалған жағдайда тез арада көмек көретуге кірісу қажет:
— жарақаттану факторының әсер етуін тоқтату;
— зардап шегушіні естен танған кейіпте жатқызу;
— қан кетуді тоқтату;

Аяқ-қолдарына қажет болғанда уақытша иммобилизациялау жүргізу;

тыныс алу жолдарын босату;
— тыныс алуы және жүрегі тоқтап қалған жағдайда қолдан дем алдыру керек;
— ауыруды сездірмейтін дәрілер беру немесе егу қажет (анальгин, пенталгин, седаогин);
— жылумен қамтамасыз ету;
— зардап шегушінің жағдайын үнемі бақылауға алуды қамтамасыз ету;
— жылдам госпитальға жатқызу мүмкіндігін туғызу;
Естен танудың бір түрі қызбалықтан (эмоциялық) естен тану болып табылады. Ол кенеттен болатын психиялық зақымдану нәтижесінде дамиды. Зардап шегуші толық парықсыздықты (естен айырылып қалушылық) немесе кенеттен қозушылық білдіруі мүмкін.
Жәрдем көрсету жарақаттанғандағы естен тануда өткізілетін іс-шаралардан құралады.
Анафилактикалық естен тану адамның уға, тағамға, дәріге тез аллергиялық реакция беру салдарынан болады. Мұндай реакция нәтижесінде қан тамырлары бұзылады, тыныс алу жолдары, беті, мойынында ісіну пайда болады, күретамыр қан қысымы тез төмендеп кетеді, тыныс алу қиындай түседі, өмір сүруге маңызды ағзаларды оттегімен қамтамасыз ету төмендейді, тері беттері қызарады және дақтар пайда болады, зардап шегуші мазасызданады, тамыры жиі соғады.
Алғашқы жәрдем. Тыныс алуға ыңғайлы қалыпты қамтамасыз ету, адреналин енгізу, жедел маман көмегін шақырудан тұрады.
Басылып қалу синдромы жаппай апаттан – шахталардың опырыла құлауы, жер сілкінісі т.б. нәтижесінде байқалуы мүмкін. Аяқ-қолдың ауыр зат астында ұзақ басылып қалу салдарынан жиі пайда болады.
Қол немесе аяқ ұстағанда суық, бозғылт, көк реңді, функция болмайды, аяқ-қол бастарында тамыр сирек соғады немесе соқпайды. Егер де аяқ-қол басылудан босатылмаса, онда зардап шегушінің жалпы жағдайы қанағаттанарлықтай болуы мүмкін. Басылып қалған кезде өте қатты ауырған жер бірнеше сағаттан кейін әлсірейді. Аяқ-қолды босатқанда (жгут көмегінсіз) жағдай шұғыл нашарлайды, есінен тандырады, еріксіз дефекация болады және несеп жібереді.
Алғашқы жәрдем. Аяқ-қолды босату алдында бастырылған жерден жоғары жгутпен таңу. Бастырылудан босатылғаннан кейін, жгутты шешпей, аяқ-қолды бармақтар негізінен жгутқа дейін таңады және содан кейін ғана ақырындап шешеді.
Ауыртпайтын құралдар енгізеді. Сүйек зақымданғанда таңғыш қалақпен таңу керек, жарақатта – стерильденген таңғыш қолданады.
Буын шығу жарақаты – сүйектердің соңғы буынымен өзара араласып тұрған буын формасының зақымдануы. Сонымен қатар кенеттен ауыруы байқалады, формасы өзгереді және буын функциялары зақымданады.
Алғашқы жәрдем. Иық немесе шынтақ буындары шығып кетсе, қолдың бас жағын жазып қойып, таңғышпен кеудеге немесе қолын орамалға іліп қояды.
Созылу және буын аралығының созылуы – дене мүмкіндіктерінен асатын қозғалыстан буындардың зақымдануы. Буын арасының созылуы кезіндегі белгілерге буындардың ауруы, оның функцияларының бұзылуы, ісіну, қан құйылуы жатады.
Алғашқы жәрдем. Зақымдалған буынды қатты басып таңып, үстінен суық басу керек.
Зақымдалған қол-аяқты ампутациялау толық және жартылай болады. Толық ампутацияда аяқ-қол бастарындағы мүше сегменті қалдықпен ешқандай байланыста болмайды.
Толық емес ампутацияда буындардың, жүйкенің, сүйектердің, сіңірлердің бірен-саран жұмсақ тіндері мен тері беттерінде зақымдану болады. Ампутацияланған аяқ-қол бастарын ойдағыдай толық бұрынғы қалпына келтіру үшін зардап шегушіге дұрыс мағыналы жәрдем жасау, ампутацияланған сегментті тасымалдау және сақтау жағдайын орындау қажет.
Алғашқы жәрдем. Қалдығынан қан кетуді таңғышпен басып таңып немесе үрілген манжетпен тоқтатады. Аяқ-қолдың зақымданған жерін биіктетіп ұстау керек. Зардап шегушіні жатқызып, оған ауыртпайтын құралдар береді, қою шай беріп, жарақаттың бетін таза немесе стерильденген салфеткамен жауып қою керек.
Кесіліп қалған мүше бөлігінің басын таза немесе стерильденген матамен орап, полиэтиленді пакетке сыйдырып, қар, мұз, суық су толтырылған сыйымдылыққа салады. Тасымалдауда ампутацияланған пакеттегі аяқ-қол бастарын жоғары көтеріп қою керек, қағазға зақымданған уақыты көрсетіледі.
Жартылай ампутацияда барлық қол-аяқты мұқият иммболизациялайды және жұлынып қалған бөлікті суытады. Зардап шегушіні шұғыл емдеу мекемесіне жеткізу керек.
Қабу. Тістеу. Шағу. Аңдардың тістеуі, қабуы. Адамдарды көбіне асыранды иттер жиі қабады, мысықтар мен жабайы аңдар сирек қабады. Құтырған жануарлардың қабуы үлкен қауіп келтіреді. Егер де зардап шегушіні асыранды сау ит қапса және жарақат үлкен болмаса, онда оны жуып, стерильденген таңғышпен орайды. Қансыраған үлкен жарақатқа стерильді салфеткамен тампон қояды. Егер де құтырма аурумен күдікті бөтен иттер немесе басқа аңдар тістесе, госпиталдау көрсетілген.
Жыланның шағуы. Әсер ету механизмі бойынша барлық жыландардың у түрі 3 топқа бөлінеді.
1. Жүйке жүйесіне әсер ететін, бұлшық еттердің сал болып қалуына әкеп соғатын, тыныс алуға және жүрек қызметіне әсер ететін у (кобра уы, тропикалық теңіз жағалауындағы су жыландары).

2. Қанды ұйытатын, тіндердің құруын және орындарының ісінуін туғызатын улар (порза уы, эфа, щитомордник, кәдімгі улы жылан ).

3. Жүйке жүйесіне әсер ететін, қанды ұйытатын, орындарының ісінуін және тіндердің құруын туғызатын улар (ысылдағыш улы жылан, австралиялық аспидтар).
Кобра немесе бірінші топтағы басқа жыландар шаққанда ауыру пайда болады, шаққан орны қатып қалады, барлық зақымданған жерлерге тез жайылады, содан кейін басқада дене бөліктеріне жетеді. Бас айналып, талу жағдайы, тіл және бет аумақтарының сіресіп қалуы болады, сөйлеу және жұтыну мүшелерінің бұзылуы пайда болады. Төменнен басталған сал ауруы жоғары көтеріліп тез дамиды (шайқалған жүріс, кейін аяқтан тұра алмау және жүре алмау, соңында толық сал болып қалу), соңында көкірекке жайылады. Тыныс алу алғашқыда қысқа уақытқа жиілейді, содан кейін тым сирек бола бастайды, жүректің соғу ырғағы бұзылады. Ең ауыр жағдай, яғни у қан тамырлары мен лимфа тамырларына түскенде, онда толық сал болып қалады және шаққаннан кейін 10-20 мин. ішінде адам өледі.

Улы сұр жыландардың немесе щитомордниктер түрлері шаққанда орнында жыланның улы тістері қалып, терең түйрелген жарақат анық көрінеді, алғашқы минутта қызару тез жайылады, содан кейін ісінеді және қан құйылады. Бірте-бірте дененің шағылған бөлігі ісіне бастайды, тері қып-қызыл–көк түске боялып, қанталайды. Тері күлдірейді, ал шаққан орнында ойық жарақат қалады. Ішкі ағзаларға қан құйылуы, кейде мұрыннан, ішек-қарын және бүйректен қан кетуі болады. Қозу шұғыл әлсіреумен, бозару, бас айналу, тамыр соғуының жиілеуі, жүрек айнушылық және құсумен алмасады. Есеңгіреуі мүмкін.
Алғашқы жәрдем. Тез арада қарқынмен жарақаттағы уды ауызбен сорып алу керек. Уды зардап шегушінің өзі және басқа да тұлғалар сорып алуына болады. 10-15 мин. сорып, түкіріп тастап отыру қажет. Жаракаттың шеттері мұндай да қозғалмай қалғаны өте маңызды. Басынан бастап тыныштықты және жату орнын қамтамасыз ету керек. Шаққан жерді күйдіруге, кез-келген препаратты егуге, кесуге болмайды. Жарақаттанған жердің шетін жгутпен таңуға болмайды. Тек кобра шаққанда ғана интоксикация жайылуын ақырындату үшін, шаққан жерден жоғарырақ жгутпен таңуға болады. Көп мөлшерде сұйық ішу көрсетілген.
Шыбын-шіркей, құрт-құмырсқаның шағуы. Көбіне ара немесе сона шаққанда адамға қауіп төндіреді, әсіресе осы жәндіктерге деген сезгіштік қасиеті жоғары жағдайда болғанда. Сонымен қатар, сол жердің тіні ісініп қана қоймай, дененің едәуір ыстығы көтеріледі, кенеттен бастың ауыруы, сіңір тартылуы пайда болады. Алғашқы жәрдем ретінде шаққан жерге суық компресс басады, 1 стақан қою тәтті шәй беріледі, 1г ацетилсалицил қышқылын, 0,03г димедрол беріп, жедел дәрігер шақырып немесе зардап шегушіні госпитальдау ЗАРДАП ШЕГУШІНІ ҚАРАУ.
Жалпы жүйеліктегі алғашқы медициналық жәрдем көрсетуде зардап шегушіні қарау маңызды бөлімге жатады. Оның әрқашан бірінші басын тексеру керек, содан кейін қолмен ұстап қарайды. Ол бас сүйегінің жұмсарғанын немесе жарылғанын, қанталаудың болуын айқындауға мүмкіндік береді. Бет жүзін тексергенде оның түсіне көңіл аудару керек. Бозғылт, терлеген, беті суық, көзі жұмылған және аузы ашық болса, естен тану жағдайында екенін дәлелдейді. Беті ысып, қызарып тұрса қызбалықты білдіреді. Мұрыннан қан кету бас сүйегінің, мұрын сүйектері немесе мұрынның қан тамырлары зақымдану салдарынан болуы мүмкін. Егер де мұрын сынған болса, оны байқау оңай. Көзді қарап тексеру басқа денелерді, жараны анықтау, көз қарашықтарының ұлғаю жағдайын, олардың жарыққа реакциясын анықтау үшін жасалады. Көзбен қатар бас сүйегінің жарақат қауіптілігін дәлелдейтін, құлақтың жарғағы қаралады, есту және құлақтан шығатын сұйықтық тексеріледі. Ауыз қуыстарын тексергенде ауыздың зақымдануына, ерін түсіне, тістердің бүтіндігіне және жақ сүйектеріне ерекше көңіл бөлінеді. Бозарған ерін жүректің кемшіліктерін, ал көгерген ерін оттегі жетіспеушілігін көрсетеді. Ауыздан шыққан сұйықтық қан түсті болса, ішкі ағзалардың, тыныс алу және ас қорыту жолдарының бұзылуын білдіреді. Мойынды жағаны шешкеннен кейін қарайды, сонымен бірге мойын омыртқа бөлігінің бүтіндігін, оның функцияларын тексереді, мойнынан зорлықпен өлтіру ізін іздейді.
Зардап шегушінің арқасын тексеру үшін ішіне немесе қырынан жатқызу керек, егер де мұндай мүмкіншілік болса, арқасына қол сұғып ұстап қарайды. Бұл жұмыс процесінде сүйектердің, жұмсақ тіндердің зақымдалған орындары, аурудың шоғырланған жерлері анықталады. Арқаны тексеру кезінде омыртқаның күйіне ерекше көңіл бөлу керек. Кеуденің алдыңғы бөлігін қарағанда бұғананың бүтіндігін олардың ортаңғы бөлігін басу арқылы тексереді, содан кейін зардап шегушінің терең дем алуын сұрайды; егер де қабырға және кеуде клеткалары зақымдалмаса, онда тыныс алу түзу, ауырмайтын, бір қалыпты болады. Кеуденің үстіңгі жағын тексеріп болғаннан кейін ішті және жамбас сүйегіне тексеріс жүргізіледі. Қол-аяқты көзбен шолып тексеруде зақымданған жері болса қолмен тексеру біруақытта жүргізіледі.
Сонымен қатар қол-аяқтың қозғалыс функциясын, олардың бүтіндігін, сезімталдығын, деформацияның бар жоғын, жара болған жерді, қансырауын тексереді. Тексеру зардап шегушінің жай-күйін анықтауға мүмкіндік береді, едәуір зақымданған аумақтарды айқындайды, алғашқы жәрдем көрсету жолдарын белгілейді.

Алғашқы медициналық жәрдем көрсетуде маңызды элементтер адамның тірі болуы мен өлуінің негізгі белгілерін құтқарушылардың білуі болып табылады.

ТІРІ БОЛУ БЕЛГІСІ

Тірі болу белгісі болып табылады:

Тыныс алуы. Оны көкірек қуысы және іштің қозғалуынан, мұрынға және ауызға қойылған айнаның булануынан, танауға жақындатылған мақта немесе бинт түйірінің қозғалуынан, қабырғасына қолынды қойып, зардап шегушінің аузына құлақпен жақындау арқылы айырады.
— Жүрек қызметінің сақталуы. Оны тамырдың соғысын басып көру арқылы, шеткі тамырлардың оқтын-оқтын соғуынан анықтайды. — Тамырдың соғуын тері астында қосалқы орналасқан кәрі жілік арасы және бұлшық ет сіңірлеріндегі күре тамыр сәулесі арқылы айыруға болады. Егер де тамырдың соғуын күре тамыр сәулелерінен тексеруге болмайтын жағдайларда, оны ұйқы немесе самай күре тамырларынан, не болмаса аяқтан (табанның сыртқы күре тамырынан және артқы сан жілік күре тамырынан) айырады. Әдетте дені сау адамның тамыр соғу жиілігі 60-75мин/соғ, тамыр соғу ырғағы дұрыс, бір қалыпты, жақсы соғады. Жарақат алу, қан жоғалтқанда, қатты ауырған кезде жүрек қызметінің кемшілігінен тамыр соғуы жиілейді. Тамырдың едәуір сирек соғуы ауыр жағдайда пайда болады (бас сүйек жарақаты);
— көз қарашығының жарыққа реакциясы. Оны көз қарашығына кез келген жарық шоғын түсіру жолы арқылы анықтауға болады; көз қарашығының тарылуы оң реакцияны дәлелдейді. Күндізгі жарықта бұл реакция келесі бейнемен тексеріледі: көзді қолмен 2-3 мин. жауып тұрады, сосын қолды тез алады; егер де көз қарашығы тарылса, онда бұл бас миының функциясының сақталғанын дәлелдейді.

Жоғарыда аталғандардың барлығы жоқ болса, дереу өмір сүру белгілері бұрынғы қалпына келгенше реанимациялық шара жүргізу (қолдан дем алдыру, жүрекке массаж жасау) керек болады.

Зардап шегушіні тірілту кезінде реанимациядан бастап 20-25 минутқа дейін өмір сүру белгісі байқалмаса, әрі қарай жалғастыру қажет болмайды.

ӨЛІМ БЕЛГІСІ

Ағзада өмір сүру қызметінің кері айналмай тоқтауы — биологиялық өлімнің басталуы алдында жанталас және клиникалық өлім болады.

Жанталас өлімде есінің қарауытуы, тамырдың соқпауы, тыныс алу жолдарының бұзылуы, бір қалыпта болмай, жан ұшыру, күре тамыр қысымының төмендеуі сипатталады. Тері суық, бозарған немесе көгерген түрде болады. Жанталас өлімнен кейін клиникалық өлім басталады.

Клиникалық өлім кезінде негізгі өмір сүру белгілері – тыныс алуы және жүрек соғуы болмайды, бірақ та ағзада кері айналмайтын өзгерістер әлі дамымайды.

Клиникалық өлім 5-8 минутқа созылады. Осы кезеңде реанимациялық шаралар көрсету қажет. Бұл уақыттың өтуінен кейін биологиялық өлім басталады.

Өлімнің белгілеріне жатады:

тыныс алмауы;
— жүректің соқпауы;
— ауруды және термиялық тітіркендіргішті сезінбеуі;
— дене температурасының төмендеуі;
— көздің мөлдір қабығының бұлдырауы және кебуі;
— лоқсу рефлексінің болмауы;
— бет терісі, төс, іште қып-қызыл немесе көк-күлгін түсті өлік дағы;
— өлгеннен кейін 2-4 сағатта білінетін өліктің сіресіп қатып қалуы.
Зардап шегушінің өлімі туралы соңғы шешім заңда белгіленген тәртіппен қабылданады.

АЛҒАШҚЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕК КӨРСЕТУ ҚҰРАЛДАРЫ.

Зардап шегушілерге ойдағыдай алғашқы медициналық жәрдем көрсету жағдайын жасау үшін құтқарушыда міндетті түрде қажетті құралдар, дәрі-дәрмектер, таңу материалы, арнайы құралдар болу қажет.

АЛҒАШҚЫ ЖӘРДЕМ АПТЕЧКАСЫ

Алғашқы медициналық жәрдем көрсетуге қажет құралдар және дәрі-дәрмектер жиынтығы алғашқы жәрдем аптечкасы деп аталады. Алғашқы медициналық жәрдем көрсетуге арналған дәрі-дәрмек апараттары және басқада құралдар жиынтығын нақты жағдайларға есептелген және тәжірибеден өткізілгенінен таңдап алу қажет.

Алғашқы жәрдем аптечкасында міндетті түрде ауруды басатын, ыстық түсіретін, қабынуға қарсы, тынышталдыратын, антисептикалық құралдар, сонымен қатар таңғыш шүберектер, бинттер, мақта, бактерецидті лейкопластырь, қан тоқтататын жгут болу керек.

Аптечкада қайшы, пинцет, ине, шприц, күре тамыр қысымын өлшейтін құрал, термометр болса артық болмайды.

Зақымданғанда, жарақаттанғанда, терісі сыдырылған жараларда, кесіп алғанда қан тоқтату үшін жгут (шалбар бауы, тығыз белдік), жеке таңатын пакет, стерилденген жара танғыш, салфеткалар, (таза шүберек, гүлді болмау керек), бактерецидті пластрь,5 % йод ерітіндісі, 1% бриллиантты жасыл дәрі, марганецті қышқыл калий, сутегі тотығы, медициналық спирт, БФ-6 желімі керек.

Сынықтарда таңғыш қалақ, корсет, қолдан жасалған құралдар (қатты картоп, фанера, тақтай, таяқ, оралған журнал және т.б.) қажет.

Алғашқы жәрдем аптечкасын міндетті түрде үнемі жаңа дәрілермен толтырып отыру қажет. Оларды қолданар алдында сақтау мерзімін, герметикалық орауышын, қолдану нұсқаулығының болуын тексеру керек.




Самые низкие цены на курсы переподготовки

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 50% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок", но в дипломе форма обучения не указывается.

Начало обучения ближайшей группы: 25 октября. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (10% в начале обучения и 90% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru

Общая информация

Номер материала: ДВ-556296

Похожие материалы