Инфоурок Биология КонспектыЛекция по ботанике на тему "Жапырақ"

Лекция по ботанике на тему "Жапырақ"

Скачать материал

                                         Жапырақ

     Жапырақ – жоғарғы сатыдағы өсімдіктер өркенінің өсуі біршама шектелген бүйірлік мүшесі. Тамыр мен сабақтан жапырақтың айырмасы ол өсуін ұшы арқылы емес, жапырақ тақтасының негізінде орналасқан қыстырма меристемасы арқылы жалғастырады.                                                                                                        Алғашқы нағыз жасыл жапырақ өсімдіктердің сулы ортадан құрлыққа шығуына байланысты құрлық жағдайларына бейімделген. Қос жарнақтыларда негізгі өркеннің апексі және төбе бүршігі жетілгенге дейін, олардың тұқымынан өсіп шыққан жапырақ – тұқым жарнақтың жапырағы деп аталады. Жапырақтар алғашқы негізгі өркеннің, одан кейін жанама өркендердің әрқайсысының бой конусында экзогенді меристемалық төмпешіктер ретінде қалыптасып жетіледі. Төмпешіктердің жоғарғы бөлігі – апексі, төменгі бөлігі базальды бөлігі деп аталады. Апекстен жапырақтақтасы, сағағы, ал базальды бөлігінен жапырақ негізі, бөбешік жапырақтар, қынап пайда болады.                                                                                                                       Жапырақ  өзінің даму барысында екі кезеңді басынан өткізеді, олар бүршік ішіндегі және бүршік сыртындағы кезеңдер. Бірінші кезеңде жапырақ бастамасы негізінен клеткалардың бөлінуі есебінен көлемін ұлңайтып, біртіндеп жапыраққа тән пішінге келе бастайды, бірақ қабатталған немесе бүктелген кішкентай қалпында қалады. Екінші кезеңде жапырақ жазылып, клеткалардың бөлінуі мен созылуы есебінен көлемін тез ұлғайтады.                                                                                                                                 Тұқымды өсімдіктерде жапырақтың өсуінің шектелуі – ұшынан өсу қабілетінің тез жойылып, өзінің меристемалық апексін сақтамауынан. Сонымен қатар жапырақтың жиегі мен бетіндегі қыстырма  меристемасы арқылы жүзеге асатын өсу ұзаққа созылмайды. Сондықтан жапырақ белгілі бір мөлшерге жеткен соң тіршілігінің соңына дейін өспей, өзгеріссіз қалады.                                              Жапырақ тақтасының пішіні негізінен жазық, яғни бифациальды (латынша, bis –екі, facies – сыртқы пішіні, қос бетті) сабақ және тамырмен салыстырғанда құрылысы дорсовентральды (латынша dorsum – арқа, venter - бауыр).                                                                                                                                  Жапырақ тақтасының үстіңгі бетін тағы да ішкі жағы, бауыр беті немесе адаксиальды (латынша adaxiolis – өске қарай) деп, ал астыңғы беті сырты, арқасы немесе абаксиальды ( латынша abaxialis – өстен әрі) беті деп аталады. Жапырақтың үстіңгі беті (бауыр беті) бүршікке, өркеннің сабақ бөлігіне қарай, ал астыңғы беті немесе арқасы өстен сыртқа қарайорналасады. Сонымен қатар жапырақтың үстіңгі және астыңғы беттерінің анатомиялық құрылысы, жүйкеленуі, реңі жағынан айырмашылықтары бар.                                                                                                                                    Жапырақтың дорсовентральды құрылысы кейбір ксерофиттерде, суккуленттерде, дара жарнақтылардың бірсыпыра өкілдерінде ауытқиды. Мысалы, улы бозкілемнің жапырағы радиальды симметриалы цилиндр тәрізді, сол сияқты пияздың жапырағы түтік тәрізді, көлденең кесіндісінің пішіні дөңгелек, осылай көптеп мысалдар келтіруге болады.                                                Жапырақ – өсімдітер денесінде фотосинтез жүретін, яғни органикалық емес заттардан органикалық заттар түзілетін, ауа алмасатын (тыныс) – көмірқышқыл газы мен оттегін қабылдайтын және шығаратын, суды буландыратын (транспирация)маңызды вегетативтік мүше. Осы негізгі қызметтерімен қатар көптеген өсімдіктерде жапырақ қор заттарын жинау қорғаныштық, тіректік және вегетативтік көбею қызметін атқарады.

                           Жапырақтың морфологиялық құрылысы.

Жапырақтың негізгі бөліктері. Жапырақ, жапырақ тақтасы (алақаны), сағақ, бөбешік жапырақтар, қынап, тілше және т.б. бөліктерден тұрады. Бұл аталған бөліктер барлық өсімдіктердің жапырағында бірдей кездесе бермейді.                                                                                                             Жапырақтың негізгі бөлігі – оның тақтасы. Бұл бөліктің пішіні атына сәйкес тұқымды өсімдіктердің басым көпшілігінде тақта тәрізді болып келеді жәнеи жапыраққа тән қызметтер негізінен осында жүреді. Атқаратын қызметіне сәйкес жапырақ тақтасының пішіні, мөлшері алуан түрлі болады. Сағақ – жапырақ тақтасы мен оның негізін қосып тұратын бөлігі. Жапырақ негізі дегеніміз – жапырақ тақтасыныңсабаққа бекінетін төменгі бөлігі. Сағақ жапырақтың сабақта күннің түсу бағытына қарай орналасуын қамтамасыз етеді. Сонымен қатар сағақтың өткізгіш шоқтары арқылы су және онда еріген минералдық заттар сабақтан жапырақ тақтасына өтіп, онда фотосинтез жүреді. Нәтижесінде пайда болған органикалық қосылыстар сабаққа қарай жылжиды. Сағағы жоқ жапырақтар сағақсыз немесе қондырмалы жапырақ деп аталады.                                                         Жапырақ қынабы – жапырақ тақтасының сабақты түтік тәрізді қоршап орналасқан төменгі бөлігі. Қынап жапырақты сабақпен байланыстырып қана қоймай, таяныш қызметін де атқарады және төбе бүршігін, буын аралығының қыстырма меристемасы орналасқан төменгі бөлігін ортаның әртүрлі қолайсыз жағдайларынан қорғайды. Егер қынаптың реңі жасыл түсті болса, онда ол фотосинтезге қатысады деген сөз. Реңі мөлдір, үлпек немесе қоңыр тері тәрізді(қияқөлеңдерде) қынаптар да бар. Қынапты жапырақ негізінен астық тұқымдастарға тән. Жапырақ негізінің пішіні әр түрлі. Кейде ол айтарлықтай байқалмайды немесе шамалы ұлғайып, қалыңдап кетеді, мұны жапырақ жастықшасы деп атайды. Мысалы, саумалдықта осындай. Кейбір өсімдіктерде (шатыршагүлділерде) жапырағының негізі немесе сағағы ұзына бойы не көлденең өсіп ұлғаяды да қобыланып бітеді, мұндай жапырақты қобылы жапырақ деп атайды.                                                                                                                                                Көптеген өсімдіктердің жапырақ негізінен ерекше өскіншелер өсіп шығады, олар бөбешік жапырақтр деп аталады.Олар кішкентай жапырақшалар, тікенектер пішіндес, үлпек қабыршақ тәріздес болада. Бөбешік жапырақтардың көлемі әдетте кішілеу (жоңышқа, беде) келеді. Ал кейбір өсімдіктерде, мысалы, асбұршақта ол кәдімгі жапырақтан ірі. Чинаның кейбір түрлерінің (жапырақсыз чина) жапырақ тақталары м үлде өзгеріске ұшыраған. Мұндай жағдайда фотосинтездің жүруі, органикалық заттың түзілуі тек қана бөбешік жапырақтардың үлесіне тиесілі. Бөбешік жапырақтар бос немесе сағаққа кірігіп, кейде жапырақтың ішкі жағына қарай ауысып, қолтығында өседі. Осыған сәйкес оларды қолтық бөбөшік жапырақтар деп атайды.                             

     Бөбешік жапырақтар негізгі жапырақ тақтасынан гөрі ертерек жетіліп, бүршік жабынының құрамын түзеді. Алайда олар бүршік ашылған кезде түсіп қалатындықтан, оларды ересек өркеннің толық жетілген жапырақтарында кездестіру қиын. Мысалы, жөке ағашы, қайың, емен, мойыл және көптеген ағаштар мен бұталарда солай. Кейбір өсімдіктерде бөбешік жапырақтар кірігіп сабақты қоршап, етіктің қонышы тәрізді қуыс түтік түзеді.Бұл тараңдар тұқымдасының өкілдеріне жататындардың бәрінде кездеседі.

   Астық тұқымдасының басым көпшілігінде қынаптың жапырақ тақтасына жалғасқан жерінде тілше деп аталатын кішірек жұқа үлпек қабыршақ көрінеді. Осы буындағы жапырақ тақтасының екі бүйірінен сабақты тығыз қаусырған жіңішке екі өскінше жетіледі, бұлар құлақшалар деп аталады. Тілшелер мен құлақшалардың пішіні астық дақылдарында алуан түрлі.

   Жапырақ формациялары. Жоғары сатыдағы өсімдіктердің вегетативтік мүшелерінің ішінде әсіресе жапырақ өзінің пішіні, көлемі, реңі, өмір сүруі және т.б. ерекшеліктері жағынан өзгергіш. Әлемдегі өсімдіктердің түріне қарай, оның жапырақ пішіндері де әр түрлі болады.

   Жапырақтардың үш формациясы бар: төменгі жапырақ, ортаңғы жапырақ және жоғарғы жапырақ. Төменгі жапырақтар- қорғаныштық немесе қор жинаушы және т.б. арнаулы қызметтер атқаруға бейімделіп, түрін өзгерткен және толық жетілмеген жапырақтар. Сол сияқты тұқым жарнақтарының жапырағы, бүршіктердің жабын қабыршақтары және тамырсабақтар мен жер бетіндегі өркендердің қабыршақ жапырақтары да төменгі жапырақтар саналады. Ортаңғы жапырақтар- белгілі өсімдік түріне тән нағыз жасыл жапырақтар. Олардың негізгі қызметі- фотосинтез, транспирация және ауа алмастыру. Жоғары жапырақтарға гүл жапырақтар, гүл жапырақшалар жатады. Бұлар, әдетте, толық жетілмеген және жапыраққа тән қызмет атқармайды.   Әр түрлі жапырақтылық бір өсімдікте әр түрлі пішіндегі жапырақтардың болуы.

      Жапырақ- сыртқы орта жағдайлырының өзгеруін тез сезетін өсімдік мүшесі. Жарық, жылу,

ылғал, қоректену және т.б. жағдайлардың әсерінен жапырақ пішіні өзгеріске түседі.

Мысалы, су сарғалдағы,жебежапырақ сияқты су өсімдіктерін алайық, олардың су

астындағы жапырақтарының су бетіндегі жапырақтарынан айырмашылығы бар. Су

астындағы жапырақтар таспа тәрізді немесе жіп тәрізді тілімделіп,жіңішкеретін болса,ал

су бетіндегілері бүтін немесе телімделген тақталы болады.Гетерофилля құрылық

өсімдіктерінде де байқалады.Мысалы,інжір,тұт ағаштары.                             

          Анизофиллия дегеніміз өркеннің бір буында орналасқан жапырақтардың пішінідері мен көлемдерінің әр түрлі болып келуі.Анизофиллия сүректі және шөптесін өсімдіктердің плагиоттропты өркендерінде жиі байқалады.Мұндай айырма өркеннің үстіңгі және астыңғы беттеріне түсетін жарық пен салмақ әсеріне байланысты.


              
Жай жапырақтар және күрделі жапырақтар
Жапырақтың негізгі бөлігі оның тақтасы дедік.Егер жапырақтағы тақта саны біреу болса,онда ол жай жапырақ деп аталады.Жапырақтардың түсуі кезінде жай жапырақ тұтас түсіп қалады.Мысалы,егер жапырақ сағақты болса, тақтасы сағағымен бірге үзіледі.
        Күрделі жапырақта,бір жапырақтың негізгі сағағында екі,үш немесе бірнеше жеке тақташалар болуы мүмкін.Кейде олар өз сағақшалары арқылы өсіп жетіледі де кейін әрқайсысы жеке-жеке түседі.Мұндай жапырақ күрделі жапырақ деп,ал оның жеке тақталары күрделі жапырақтың жапырақшалары деп аталады.Күрделі жапырақтың жапырақшалары орналасқан ортақ сағақ бөлімі рахис делінеді.
         Жай жапырақ тақталарының пішіні алуан түрлі.Мысалы,ине тәріздестері қылқан жапырақты.Оған шырша,қарағай,балқарағай және т.б жапырақтары жатады.Таспа немесе айыл тәрізді жапырақ астықтарға тән.Сол сияқты сыртқы пішініне қарай жапырақтар қандауыр,ромб,жұмыртқа,бүйрек,жүрек,дөңгелек,сопақ,эллипс,жебе,қалқан тәрізді  және т.б болып жүйеленеді.Жапырақ тақтасы жиегінің ерекшелігіне байланысты жапырақтар бүтін жиекті және бүтін деп бөлінеді.Бүтін жиекті жапырақтардың тақта жиегінде ешбір кедір-бұдырлары және тіліктері жоқ.Бүтін жапырақ  тақтасының жиегінде азды-көпті кедір-бұдырлары бар,олардың пішіндері: үшкір тісті,ара тісті, жұмыр тісті ойыс жиекті және т.б болып келеді.Үшкір тісті жапырақ тақтасының жиегіндегі тісшелерінің ұшы үшкір,әрбір тісше негізгі жүйкеге біршама перпиндикуляр өседі.Жиегі ара тісті жапырақ тақтасындағы тісшелердің ұшы үшкір, тіс- тісшелердің сыртқы қабырғасы ұзындау. Сондықтан тісшелер орталық жүйкеге біршама параллель өседі. Жұмыр тісті немесе дөңес, жиекті жапырақ тақтасындағы тісшелердің сырт жағы дөңес, түп жағы үшкір болып аяқталады. Ойыс жиекті жапырақ тақтасының пішіні керісінше, тісшелердің ұшы үшкір де, түп жағы ойыс.

    Жапырақтар- жапырақ тақтасының ұшының пішініне қарай: доғал, үшкір, ойыс, ал жапырақ тақтасының негізіне қарай: сына тәрізді, дөңгелек, жүрек тәрізді, бүйрек тәрізді, жебе тәрізді және т.б. болып келеді.

     Тақтасының жиегіндегі тіліктердің аумағына қарай жапырақтарды телімді, тілімді, және бөлімді деп жүйелейді.

       Телімді жапырақтарда- жапырақ тақтасының жиегіндегі тілімдерінің түп жағы, оның негізгі жүйкеге дейінгі 1/2  бөлігіне немесе тұтас тақта енінің 1/4  бөлігіне жетеді, тілімді жапырақтарда- жапырақ тақтасының жиегіндегі тіліктерінің түп жағы оның негізгі жүйкесіне дейінгі 1/2 бөлігінен асып кетеді, бөлімді жапырақтарда- жапырақ тақтасының жиегіндегі тілімдеу аумағы оның негізгі жүйкесіне дейін жетіп, тақта жеке бөліктерге бөлінеді. Жиегінің тілімделу бөліктерінің саны мен пішініне қарай жапырақтар: үш құлақ телімді, саусақ салалы телімді, қауырсын телімді, үш құлақ тілімді, саусақ салалы тілімді, қауырсын тілімді, үш құлақ бөлімді, саусақ салалы бқлімді, қауырсын бөлімді деп жүйкеленеді.Қауырсын бөлімді жапырақта ірі жапырақтар майдаларымен кезектесіп орналасса, мұны үзілмелі қауырсын бөлімді жапырақ деп атайды. Қауырсын бөлімді жапырақтың жоғарғы бөлігі бүйір жағындағылардан едәуір ірі болса, оны лира тәрізді жапырақ дейді. Егер жапырақ тақтасы ұзынша, ал бөліктерінің пішіні үшбұрыштанып келсе, мұны сүргі тәрізді жапырақ деп атайды.

       Күрделі жапырақтар рахисте жапырақшаларының орналасуына қарай үш құлақ, саусақ салалы, қауырсын күрделі жапырақтар болып жүйеленеді. Қауырсын күрделі жапырақтың өзі тақ қауырсын, жұп қауырсын күрделі деп, одан әрі күрделену нәтижесінде екі рет жұп, тақ қауырсынды, үш рет жұп, тақ қауырсынды күрделі жапырақтар деп жіктеледі.

       Үш құлақты күрделі жапырақта рахиске үш жапырақша ғана орналасады. Мұндай күрделі жапырақ беде, жоңышқа, қытай бұршақ және т.б. өсімдіктерге тән. Саусақ салалы күрделі жапырақтағы жапырақшалардың саны үштен артық. Олар шоғырлана орналасқан. Мысалы, атталшын, кенепшөп, қазтабан жапырақтары. Қауырсын күрделі жапырақта рахиске жапырақшалар құс қауырсынының пәріне ұқсап орналасады. Рахистің ұшы жапырақшамен аяқталса, тақ қауырсынды, екі жапырақшамен аяқталса, жұп қауырсынды күрделі жапырақ болады.

         Жапырақтың жүйкеленуі. Жүйкелену- жапырақ тақтасында өткізгіш шоқтардың орналасу реті. Жүйке жапырақ тақтасының астыңғы бетінен анық көрінеді және ол өзі өткізгіш шоқтардан тұратындықтан, жапыраққа суда еріген минералдық заттарды жеткізіп, жапырақтан органикалық заттарды төмен қарай өсімдіктің мүшелеріне, сабағына, тамырына таратады. Жапырақ тақтасына мықтылық қасиет беріп, жыртылудан сақтайды.

        Жапырақ тақтасының ортасы арқылы өтетін білеуленген қуатты негізгі жүйке оның сағағынан сабаққа өтеді. Негізгі жүйкеден шетке қарай қашықтаған сайын жүйкелер тармағы жіңішкере береді. Жапырақ тақтасының жүйкеленуі әр түрлі болады. Олар қарапайым, дихотомиялы, торлы, доға тәрізді және парпллель жүйкелену.

         Қарапайым жүйкеленуде жапырақтың негізінен ұшына дейін созылған бір ғана жүйке өтеді. Жай жүйкелену жоғары сатыдағы споралы өсімдіктер: мүктерге, плаундарға, және ашық тұқымдылардың көбіне, сол сияқты жабық тұқымдылардың кейбір өкілдеріне тән.

         Дихотомиялы жүкеленуде- жапырақ тақтасында аша тәрізді бұтақтанған жүйкелер орналасады.

        Торлы жүйкелену өз ретінде саусақ салалы торлы және қауырсын торлы болып екіге бөлінеді. Саусақ салалы торлы жүйкеленуде сағақтан жапырақ тақтасына майда жүйкелер торы таралады. Саусақ салалы жүйкелену саусақ салалы тілімденген жапырақ тақталарына тән. Қауырсын торлы жүйкеленуде сағақтан жапырақ тақтасына бірінші реттегі бір жүйке өтеді де, ол бүйірлік жүйкелердің бұтақтарынан тұратын жиі тор түзеді. Қауырсын жүйкелену жабық тұқымдылардың қос жарнақтылар өкілдерінде мол кездеснді де, дара жарнақтылардын тек қана банан мен қарғакөз жапырағына тән.

        Доға тәрізді жүйкеленуде жапырақ негізінен жапырақ тақтасына доға тәрізді иілген, бұтақтанбаған бірнеше жүйкелері бағытталып, жапырақ ұшында олар қайтадан бір- бірімен қосылады. Мысалы, меруертгүл, жолжелкен және т.б. өсімдік жапырақтары осындай.

       Жапырақтың негізінен немесе қынабынан басталған бірнеше бұтақтанбаған бірдей жүйкелер бір- біріне параллель күйінде тақтаның ұш жағында түйіседі, мұны параллель жүйкелену дейді. Бұлайша жүйкелену әсіресе дара жарнақтылардың өкілдеріне тән.

                                      Жапырақтың анатомиялық құрылысы

    Жоғары сатыдағы өсімдіктер жапырағының анатомиялық құрылысы негізгі үш бөліктен тұрады. Олар: 1) жапырақ тақтасын үстінгі және астыңғы бет жағынан жауып тұратын жабындық ұлпа- эпидерма; 2) ассимиляциялаушы  қоректік ұлпадан тұратын негізгі бөлігі- мезофилл ;3) мезофилл бөлігінде орналасқан өткізгіш шоқтар. Жапрақтың бұл анатамиялық құрылысына жапырақ формацияларына, өсімдіктердің жүйелілік топтарына және өсіп тұрған орта жағдайларының әсеріне байланысты азды- көпті өзгерістер болады.

                    Қос жарнақты өсімдіктер жапырағының анатомиялық құрылысы.

         Жапырақ тақтасын сырт жағынынан жабындық ұлпа – эпидерма жауып тұрады. Эпидерма клеткалары тірі, бір-бірімен тіркесіп бір қатар, екі қатар, сирек жағдайда көп қатар түзіп орналасады. Негізгі қызметі – жапырақтың ішкі жұмсақ бөлігін кебуден, механикалық зақымданудан және микроорганизмдердің енуінен сақтау. Эпидерма клеткаларының сыртқы қабырғасын, әсіресе үстіңгі бетін, кутикула және балауыз дақ жауып тұрады. Бұл қабаттар эпидерманың қорғаныштық қызметін арттыра түседі.

Дорсовентральды жапырақтардың үстіңгі бетінің эпидерма клеткалары астыңғы бетінен гөрі ірі, түзу төрт бұрышты болады.

Жапырақ тақтасы көлбеу бағытта ұсталып, үстіңгі бетімен жарыққа бағытталған жағдайда устьице негізінен астыңғы бетінде орналасады. Жапырақ тік бағытта өсіп, жарық екі бетіне бірдей түскен жағдайда устьице екі бетінде шамамен бірдей болады. Жапырағы су бетінде қалқып жүретін су өсімдіктерінде устьице жапырақ тақтасының тек үстіңгі бетінде кездеседі.

Мезофилл – морфологиялық құрылысы, атқаратын қызметі жағынан бір-бірінен азды-көпті айырмасы бар екі түрлі бағаналы және борпылдақ ұлпалардан тұрады. Клетка құрамындағы хлоропластарға байланысты бұл бөлімінің реңі жасыл болатындықтан, ол мезофилл хлоренхима деп те аталады.

Бағаналы ұлпаклеткаларының пішіні бағана немесе діңгек тәрізді болып,үстіңгі эпидерма клеткаларына көлденең бағытта, өзара тығыз орналасады.

Бағаналы ұлпа клеткаларында жапырақтағы барлық хлоропластардың ¾ - тен 4/5 – ке дейінгі бөлігі орналасқан, сондықтан жапырақтардың үстіңгі беті қою жасыл түсті негізінен фотосинтез қызметін атқарады.

Көптеген өсімдіктерде бағаналы ұлпа бір қабатты, кейде екі қабатты, сирек жағдайда көп қабатты болып келеді.

Борпылдақ ұлпа клеткалары ұлпа клеткалары дөңгелек, сопақтау және басқа да әр түрлі пішінді, олар бір-бірімен тығыз жанаспай клеткаралық кеңістіктер қалдырып, астыңғы эпидермаға таяу орналасады. Бұларда хлоропластардың саны бағаналы ұлпамен салыстырғанда кем, сондықтан фотосинтез қарқындылығы төмен. Негізінен борпылдақ ұлпа арқылы ауа алмасу және транспирация жүзеге асады.

Борпылдақ ұлпаның бағаналы ұлпамен жанасып жатқан біраз клеткалары арнаулы қызметтер атқарадыы. Бұлар жинағыш клеткалар деп аталады. Бағаналы ұлпаның екі, үш клеткасына жинағыш клеткалардың біреуі жанасады да, онда фотосинтездің нәтижесінде пайда болған органикалық заттар ерітінділерінің сүзгілі түтік арқылы тезірек жылжуына әсерін тигізеді.

Мезофиллдің бағаналы және борпылдақ ұлпаға айқын жіктелуіне жарықтың мол түсуі үлкен әсерін тигізеді. Жапырақ тақтасы азды-көпті тік бағытта орналасса, жапырақ тақтасының екі бетіне жарықтың түсуі бірқалыпты болады да жапырақтың анатомиялық құрылысы бірыңғай, борпылдақ ұлпадан тұрады. Осы типтес құрылым көлеңкеде өсетін және су өсімдіктерінің суға батырылған жапырақтарына да тән. Осы сияқты мезофилі бірыңғай ұлпадан тұратын жапырақтар изолатеральды, яғни тең беткейлі деп аталады.

Дара жарнақты өсімдіктер жапырағының анатомиялық құрылысы. Дара жарнақтылар жапырағының анатомиялық құрылысы астық тұқымдастарынан қарастырамыз. Өйткені астық тұқымдастарда дара жарнақтылардың басқа жүйелілік топтарымен салыстырғанда олардың жапырағына тән ерекшеліктер байқалады.

Жапырақ тақтасын екі бетінен эпидерма жауып тұрады. Астық тұқымдасында эпидерма клеткалары бірыңғай емес, көбінің пішіні сопақша келген тік бұрышты, бүйір қабырғалары иректеліп жатады. Мұндай клеткалардың сыртқы қабырғасы кутикулаланады және кремнезем сіңіп, оған мықтылық, шытырлақ қасиет береді. Сонымен қатар астық тұқымдастардың үстіңгі эпидермасында клетка қабықшалары жұқа, клетка жолағы шырынға толы, эпидерманың басқа клеткаларымен салыстырғанда ірі клеткалар тобы айқындалады, бұлар будақ клеткалар деп аталады. Құрғақшылық кезде бұл клеткалар ылғалын жоғалтып, тарылып, жапырақ жиектерін жоғары қарай тартады, соның нәтижесінде жапырақ алақаны ширатылып, одан түтік пайда болады. Бұл далалық астық тұқымдастарда жиі байқалады. Өйткені оларда устьицелер жапырақ тақтасының үстіңгі бетін ішке алып ширатылуынан судың булануы кеміп, өсімдік денесіндегі ылғал сақталып қалады. Жауын жауып топырақта ылғал молайған кеде бұл өсімдіктердің ширатылған жапырақ тақталары қайтадан жазылып, таспа тәрізденіп өзінің бұрынғы қалпына келеді.

Астық тұқымдастары устьице құрылысының өзіндік ерекшеліктері – жанаспалы клеткалардың гантель пішінді болуы. Әрбір жанаспалы клетканың енді бөлігі хлоропластары бар жұқа қабықшалы, ал жіңішке орталық бөлігі хлоропластарсыз қалың-қабықшалы, енді бөлімі ұлғаяды да орталық қалыңдаған бөлігі бір-бірінен қашықтап, устьице саңылауы ашылады.

Астық тұқымдастар жапырағының мезофилі бағаналы және борпылдақ ұлпаларға жіктелмеген, бірыңғай ассимиляциялық ұлпа – хлоренхимадан тұрады.Астық тұқымдастардың жапырағында өткізгіш шоқтардың ірілері бір-біріне параллель орналасады да, ұсақтары олардың арасын көптеген анастомоздар түзеді. Өткізгіш шоқтары астық тұқымдастардың біразында хлорофилді клеткалармен қапталып тұрады, ал басқаларында ішкі қабырғалары тозданатын эндодермаға ұқсас қоғаныш қынаппен қоршалған. Астық тұқымдастардың жапырағында механикалық ұлпалар дамыған, әсіресе құрғақшылық жағдайда өсетін өкілдерінде склеренхима жақсы жетілген.

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Лекция по ботанике на тему "Жапырақ""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Флорист

Получите профессию

HR-менеджер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 662 839 материалов в базе

Материал подходит для УМК

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 03.01.2018 4408
    • DOCX 32.3 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Жапакова Алмагуль Казбулатовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 7 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 169739
    • Всего материалов: 32

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Копирайтер

Копирайтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Анатомия и физиология: теория и методика преподавания в образовательной организации

Преподаватель анатомии и физиологии

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 34 человека из 21 региона
  • Этот курс уже прошли 172 человека

Курс повышения квалификации

Организация элективного курса в рамках реализации проекта "Точка роста": методология биологического эксперимента

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Инновационные технологии обучения биологии как основа реализации ФГОС

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 135 человек из 47 регионов
  • Этот курс уже прошли 1 517 человек

Мини-курс

Управление рисками и финансовое моделирование

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Методика поддержки физкультурно-спортивной деятельности для людей с ограниченными возможностями здоровья

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Введение в медиакоммуникации

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе