Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015

Опубликуйте свой материал в официальном Печатном сборнике методических разработок проекта «Инфоурок»

(с присвоением ISBN)

Выберите любой материал на Вашем учительском сайте или загрузите новый

Оформите заявку на публикацию в сборник(займет не более 3 минут)

+

Получите свой экземпляр сборника и свидетельство о публикации в нем

Инфоурок / Другое / Другие методич. материалы / Лекция по валеологии на тему "Зиянды әдеттер: нашақорлық"
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 24 мая.

Подать заявку на курс
  • Другое

Лекция по валеологии на тему "Зиянды әдеттер: нашақорлық"

библиотека
материалов

Есірткі қайдан алынады?

Есірткі тобындағы заттар, көбінесе көкнәр өсімдігінен екі түрлі жолмен жасалады.

1. Көкнәр өсімдігінің ұрық қабығы пісуден бұрын, пышақпен тілгенде аққан сұйықтықтың күнге кептірілуінен жасалатын апиын сағызынан өндіріледі.

2. Піскен ұрық қауашағынан, құрғақ жапырақтарынан өндіріледі.


Героин деген не?

Морфийдің екі рет қолдан өтуі арқылы өндіріледі. Медициналық мақсатқа мүлде қолданылмайды. Жасалуы да заңсыз. Героин есірткінің 90% болып табылады. Өте қысқа уақытта тым аз мөлшері құмарлыққа апарады. Героиннің ұнтақ түрін иіскеу, ал суға ертіп езіндісін тамырға құю арқылы пайдаланылады.


Басқа да құмарлық тудыратын заттар?

Морфий мен кодеин медицинада ауру басу үшін қолданылады. Гашиш үнді сорасы өсімдігінің түбірі, жапырағы және гүлінен өндіріледі. Құрғақ жапырақтарын темекіге орап тарту ең көп көлемде қолданылатын түрі. гашиш қолданған адамдарда мишық қызметі бұзылады. Заттар кейде үлкен, не кіші көрінеді. Сондықтан жол апаттарына көп ұрынады.

Кокайн Оңүстік америкада өсетін кокаөсімдігінің жапырақтарынан жасалады. Ақ, мөлдір тұз сияқты ұнтақ 200кг кока жапырағынан 0,5кг кокайн алынады.


Есірткі және денсаулық.

Дәрігерлердің айтуына қарағанда, есірткі миды құрғатып, кептіріп жібереді. Гашиш шеккен адамдардың жүрек соғуы мен тамыр соғуы артады. Созылмалы қан тамыр аурулары балаларда (инфаркт) тамыр бітелу болады. Ұзақ уақыт апиын тартқандарда тыныс жолы аурулары пайда болады. Сонымен бірге жүрек, ми, бүйректерде де зиянды зардап туғызады.

Гашиш адамның денсаулығын зияндап қана қоймай, оны қылмысқа да итермелейді. Медициналық мақсатта мүлде қолданылмайтын есірткіні шегу адамды жындануға, тіпті өлімге дейін итермелейтін жаман әдет.

Кокайн қолданған кезде орталық жүйке жүйесіне ықпал жасйды да, жүрек соғуы тездейді, қан қысымы артады және тыныс алуы жиілейді, көп қолданылса өлтіреді. Ұзақ жылдар бойы кокайн қолданғандарда ұйқысыздықтың, рухани қалыпсыздық, өзін өлтіруге бейімделу байқалады. Кокайнның жүрек бұлшық еті және сүйек қаңқасы бұлшық еттеріне уытты ықпалы бар.


Героинді наркоманиялық өсуде.

Өмір адамға табиғатпен берілетін ең қымбат дүние, бірақ адам соны өз қолымен бүлдіреді.

Бұл қалай болады?

Біріншіден, темекі. Темекі – адамның өмілін біртіндеп улайды. Жыл сайын темекіден 3 млн. адамның өмірі қысқарып отырады.

Екіншіден, ішімдік. Ішімдік адамның жүйке-жүйесін, миын зақымдайды. Ішімдіктен жыл сайын 700 мың бала өмірімен қоштасыды. Қаншама отбасы шайқалады.

Үшіншіден, СПИД-иммундық тапшылық синдромы. СПИД-тен 3,5 млн. балалардың қысқартады.

Төртіншіден, нашақорлық. Есірткі – бұл анық өлтіретін у. Жыл сайын есірткіден 15 пен 25 жас аралығында 1 млн адам өмірімен қоштасады. Нашақорлық – ХХІ ғасырдың індеті.

Осы аурудың көрсеткіші соңғы жылдары өте көбейді. Есірткіні пайдаланушылардың дені 15-тен 30-ға дейінгі жастар. Соңғы 2-3 жыл көлемінде героинді наркоманиямен ауыратын аурулардың саны бірден өсіп кетті. Героинді наркомания - өте тез дамитын қатерлі дерт.

Оның пайда болу факторының үш сатысы бар:

  1. Әлеуметтік.

  2. Биологиялық.

  3. Психологиялық

Әлеуметтік факторларға наркомания мәселелеріне мемлекеттің қатысы, қоршаған ортада, жанұяда, достар арасында, компанияда есірткі заттарын тарату жатады.

Биологиялық фактор – бұл адам темпераментінің, тұқым қуалаушылық мінездерінің ерекшеліктері.

Психологиялық факторға түрлі жүйкені жарақаттайтын жағдайлар, яғни жүйкелердің тозуы жатады.

Ауру жанұясынан, жұмысынан айырылып, психикалық күйзеліске ұшырайды. Адамның бар көздегені есірткі қабылдау болады. Түрлі қылмыстар мен құқық бұзушылық жиі болып тұрады. Наркоманияның ең қауіпті асқынуы СПИД-ке әкеп соғады. Басқа да ауыр асқынуларға дозаны асыра салғаннан, токсикоманиялық гепатиттен, тромбофлебиттен, сепсистен өлуі жатады.

«Бірінші байлық - денсаулық» демекші, адам өзін-өзі күтпесе, жасөспірім ұл-қыздарына тәрбие бере алмаса, осының бәрі тәртіпсіздікке, маскүнемдік пен нашақорлыққа душар еткізеді.

Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлының «Қазақстан - 2030» бағдарламасын қолдай отырып, экологиялық ортамыздың таза болуын, келешек жастарымыздың тәрбиелі болуын, жат қылықтарға еліктемеуін бақылауымыз керек.

Есірткіден сақтану үшін ең алдымен балалардың бос уақытын қалай өткізетінін білуіміз керек.


Нашақорлық

Нашақорлық – есірткілердің мемлекеттік тізіміне енгізілген, адамды психикалық, кейде физикалық тәуелділікке және өздеріне деген төзімділікке, сонымен қатар медициналық-әлеуметтік зардатарға алып келетін заттарды тұтынудан туындаған аурулар. Нашақорлықтың бүкіл әлем бойынша кең жайылып, талай жанның, әсіресе жас буынның өмірін тым ерте қиып жатқандығы баршаға мәлім.

Есірткіге тәуелділіктің қалыптасу механизімдері. Нашақорлықтың пайда болуы және қалыптасуы бас миының эмоциялық-позитивті орталықтарына есірткінің әсер етуіне байланысты. Есірткілік заттардың әсерінен пайда болған көңіл-күйдегі ауытқулар өз кезегінде «рефлекстік мақсаттарды», яғни адам іс-әрекетінің кезектегі рет жағымды көңіл-күйді іздеу рефлексін, туындатады. Демек, оның дәмін татып көрген жанның алғашқыда көңіл-күйі керемет көтеріліп, «рахат» сезімге бөленеді де осы сезімді тағы да бастан кешіргісі келіп, нашаны қайдан тапсам екен деп аласұра бастайды.осы мақсатына қол жеткізген сайын, яғни есірткіні жиі тұтанған сайын адам тұрақты патологиялық жағдайға ауысады, басқаша айтқанда оның есірткіге тәуелділігі арта түседі.

Психикалық тәуелділік – үнемі немесе ара-тұра есірткі қабылдауға ұмтылу. Бұл кезеңде адамды есірткі туралы ойлар мазалайды, оны тұтынғанда көңіл-күйдің күрт төмендеуі байқалады.

Физикалық тәуелділік дегеніміз ағзаның бүкіл қызметтерінің қайта құрылуы кезіндегі жағдай. Есірткі әсері тоқтаған кезде дөрекі психикалық және соматикалық бұзылыстар туындайды. Абстинентті синдром пайда болады, ол кезекті есірткі қабылдаған соң жеңілдейді немесе тоқтайды.

Төзімділік – есірткіге бейімделу жағдайы. Осы кезеңде төзімділік жоғарылайды, есірткі мөлшері ұлғайтылады, оны қабылдау жиілігі де арта түседі.

Апиын және оның түрлері:

  1. Морфий – ақ түсті кристал ұнтақ, түймедақ түрінде және ампулаларда шығарылады.

  2. Кодеин – тұтқырлығы әртүрлі қарақошқыл түсті сұйықтық, капсула және түймедақ түрінде өндіріледі.

  3. Героин – түсі ақтан бастап қоңыр түске дейін ауытқитын ұрпақ.

  4. Омнопон – апиын аналгетигі, ампуладағы ерітінді. Осы топқа дионин, тебаин, т.б. жатқызылады.

Морфиннің аз ғана мөлшері психикалық үрдістер ағымында өзгерістер тудырады. Шалықтау (эйфория) пайда болады, қиял жандана түседі, қабылдау артады, жеңіл ой және дене еңбегі жеңілдік иллюзиясын тудырады, бірақ зейін қою қиындайды, қандай да бір қызметке деген қажеттілік төмендейді, еңбек өнімділігі, көлемі мен қимыл белсенділігі төмендейді.

Опиаттарға деген тәуелділік тез дамиды: 2-3рет қабылдаған, психикалық тәуелділік туындайды. Есірткі туралы ойлар адамды жаулап алып, бір сәт те босатпайды. Дене тәуелділігі де тез дамиды.

Морфий абстиненциясы ахуалы бұлшық еттердің, ішкі ағзалардың жанға бата ауыруымен, қан аралас нәжіспен,жүрек-қан тамыры қызметінің төмендеуімен, жүрек соғысы және тыныс алу бұзылысымен, буындардың, аяқ-қолдың ауыруымен, көздің жасаурауымен, тұмаумен, түшкірумен, жөтелмен, есінеумен қатар жүреді. Абстиненция құбылыстары 5-6 күнде азаяды, алайда науқас бір айдан кейін және ем басталған соң ұйқының бұзылуына шағымданады.

Амфетаминдік тип нашақорлығы. Амфетаминдер қоздырғыш құралдарға, психостимуляторлар тобына жатады. Ең белгілі амфетаминдер – амфетамин, фенамин, ритали, экстази. Оларды ішеді және тамырға егеді. Амфетаминдермен улан белгілері: көңіл-күйдің көтерілуі, дене сергектігі, ойлаудың жылдамдауы, жағымды психикалық сергектігі. Амфетаминдерді жүйелі түрде қабылдаған жағдайда абстиненцияның ауыр көріністері байқалады. Психикалық және физикалық шаршаудан, организімнің жүдеп-жадауынан науқас адам есірткілік заттардың мөлшерін көбейтеді. Көру және есту елестері, қырағылық, сөйлеу қозғыштығы, сандырақ идеялар, т.б. пайда болады. әсіресе белсенді қозғалыс кезінде (мысалы билегенде) экстази қабылдау организмнің шапшаң сусыздануына және естен тануға алып келеді.

Нашақорлықтың адам өмірі үшін де, қоғам үшін де аса қауіпті проблема екндігі белгілі. Нашақорлар залалсыздандырылмаған және ортақ пісектерді қолданатындықтан, оларда В, С гепатиттері, АИТВ/ЖИТС, сепсис дамиды. Тазартылмаған героин, қоюлығы жоғары есірткі қабылдаған жағдайда адам өлімке душар болады, сондай-ақ есірткі мөлшері шамадан артық болғанда қалшылдап, комаға ұшырайды немесе өледі.

Нашақорлық – емделуі өте қиын қауіпті дерт. Алаңғасар, сенгіш жастардың өз ортасында біреудің жетегіне еріп, жаман жолға түсіп кетуі оп-оңай. Сондықтан ата-ананың, ұстаздардың, туыстардың сақтығы аса қажет-ақ. Өйткені есірткінің дәмін татып көрген адамның одан бас тартуы аса қиын.



Автор
Дата добавления 14.03.2016
Раздел Другое
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров127
Номер материала ДВ-527385
Получить свидетельство о публикации

Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх