Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Другое / Другие методич. материалы / Лексика саласы бойынша деңгейлік тапсырмалар

Лексика саласы бойынша деңгейлік тапсырмалар

  • Другое

Поделитесь материалом с коллегами:

1

5-сынып

І деңгей

1.Берілген тұрақты тіркестерінің мағыналарын түсіндір

Қас пен көздің арасында жоқ болды. Бетінен оты шықты. Ағаштан түйін түю. Қырға қабақ болу. Жүрегі зу ету.

2.Төмендегі тұрақты тіркестерін қатыстырып сөйлемдер құрап жаз.

Көзін жеткізу. Қолды болу. Мысы құру. Қыр көрсету. Сабасынан түсу. Көңіліне келу.

ІІ деңгей

1.Берілген тұрақты тіркестердің мағынасын жаз.

  1. Санын соғып қалу –

  2. Ит өлген жер –

  3. Аузына құм құйылды –

  4. Көзді ашып-жұмғанша –

  5. Екі аяғын бір етікке тықты –

  6. Жегенін желкесінен шығарды –

  7. Ескі жараның аузын ашу –

  8. Қой аузына шөп алмас –

  9. Зәресі кету –

  10. Сөзіне құлақ аспау –

  11. Он саусағынан өнер тамған –

  12. Ит терісін басына қаптау –

  13. Үріп ауызға салғандай –

  14. Төбеге жай түскендей –

  15. Су жүрек –

  16. Ала көзімен атты –

  17. Арқасы мұздап қоя берді –

  18. Дәм-тұзы жараспады –

  19. Ереуіл атқа ер салу –

  20. Иненің көзінен өткендей –

ІІІ деңгей

1. Тест сұрақтарына жауап бер.

1. Тұрақты тіркесті көрсетіңіз.

A) Қала мен ауыл арасы.
B) Алты қанат ақ үй.
C) Ит терісін басына қаптады.
D) Көпке тараған күй.
E) Тез келді.

2. “Әсем” сөзінің синонимдік тұрақты тіркесін көрсетіңіз.

A) Азар да безер болды.
B) Тайға таңба басқандай.
C) Бетінен оты шықты.
D) Ай оңынан туды.
E) Қыздың жиған жүгіндей.

3. Тұрақты тіркесін көрсетіңіз.

A) Ырыс – алды ынтымақ.
B) бойшаң қыз.
C) ат ізін салмау.
D) туған жер.
E) түйме тағу.

4. “Төбесі көкке жету” тұрақты тіркесінің мағынасын көрсетіңіз.

A) өкіну.
B) қуану.
C) ұйықтау.
D) ұшу.
E) ойнау.

5.Тұрақты тіркесін көрсетіңіз.

A) қоян жүрек.
B) адамның жүрегі.
C) жүрегі соқты.
D) жүрегі лүпілдеді.
E) жүрек ауруы.

2. Тұрақты тіркестерді қатыстырып шағын мәтін құрастыр.





2

І деңгей

1.1.Берілген сөздерді жақша ішіндегі сөздермен тіркестір. Қандай мағынада қолданылып тұрғанын ажыратып жаз.

Терең (өзен, білім, ой); қатты (сөз, құрт); қара (көйлек, жұмыс, су, өлең, ниет); жұмсақ (адам, мінез, орындық).

Тура мағыналы сөз

Ауыспалы мағыналы сөз

Терең өзен

Терең білім


1.2.Сөйлемдерді көшіріп, тура және ауыспалы мағыналы сөздердің астын сыз.

Қанат – құстар мен шыбын-шіркейлердің ұшып-қонатын дене мүшесі, алдымен қанат ақ орданы тігуге кірісті. Біз футбол алаңының оң қанатына отырдық. Қазір иненің көзіне жіпті өткізе де алмаймын. Көзім ауырып, дәрігерге қаралып жүрмін. Жұмыстың көзін тапсақ, тез бітірер едік.


1.3.Ыстық, ауыр сөздері қандай мағынада қолданған.

1

Маржан ауыр жүк көтерді.

2

Ол – сыныбымыздағы мінезі ауыр баланың бірі.

3

Дастарқанға ыстық тамақ келді.

4

Қуаныштан оның бойын ыстық сезім биледі.


ІІ деңгей

2.1. «Қол» деген сөзді бірде тура мағынада, бірде ауыспалымағынада қолданып екі сөйлем жаз.


2.2.Көп мағыналы сөздердің қатарын жалғастыр.

Адамның аяғы –

Домбыраның құлағы –

Пышақтың жүзі –


ІІІ деңгей

3.1.Тура мағынаны тауып, ауыспалы мен тура мағынаға сөйлем құрастыр.

Ақ алтын –

Темір құс –

Темір тұлпар –

Білім бұлағы –




3

5-сынып

Деңгейлік тапсырмалар

І деңгей

1.Төмендегі берілген сөздерді қатыстырып, сөйлем құрастыру.

Жұлдыз. Күн. Асем. Қымбат. Қыздар.

2.Мына омоним сөздерді төменде берілген үлгі бойынша жаз.

От. Ат. Ақ.

Үлгі: От – зат есім (от отынға тоймайды).

От – сын есім, шөбі мол жер деген мағынада (қойлар от жерге келіп тоқтады).

3.Мына сөздердің үлгіде көрсетілгендей мағыналарын соларға лайық сөйлемдер құра. Жақ. Ер. Көш. Жүз. Бас.

Үлгі: Жақ – дене мүшесі, сүйек.

Жақ – етістік т.б.


ІІ деңгей

1.Омонимдерге бес-бестен сөздер ойлап жаз.

2.Мына сөздерден синонимдік қатарлар жаса.

Адам. Биік. Шапшаң. Күшті. Келбет.

3.Төмендегі синоним сөздердің мағынасына қарай топтап жаз.

Ауру. Алыс. Ажар. Науқас. Дәу. Кесел. Нан. Келбет. Үлкен. Ауқат. Қашық. Тамақ. Шалғай.


ІІІ деңгей

1.Төмендегі антоним сөздерді үлгі бойынша жұп-жұбымен жаз.

Үлгі: аласа – биік, төмен – жоғары, ...

Ұл. Суық. Жаман. Ақ. Күн. Қыз. Қара. Жылы. Түн. Түзу. Тату. Қатты. Ұзын. Араз. Жұмсақ. Қысқа. Жас. Кен. Кәрі. Аз. Қисық.

2.Мына сөйлемдерді көшіріп жазып, омоним, синоним сөздерді тап.

Бет көрсе, жүз ұялады. Мен тез кетуім керек. Жылдам сөйлеген кісі минутына үш жүз сөз айтады. Қатты састым, тұра қаштым жалма-жан. Сабақ бір айға созылды.


































4

5 сынып

Деңгейлік тапсырмалар

І деңгей

1. Көп мағыналы сөздердің қатарын жалғастыр.

1

Адамның аяғы,....

2

Домбыраның құлағы,....

3

Жараның ауызы,....

4

Пышақтың жүзі,.....


2. Көп мағыналы сөздерді теріп жаз.

1.Қанат құстардың ұшып, қонатын дене мүшесі. Алты қанат ақ орданы тігуге кірісті.

2.Көзім ауырып дәрігерге көрініп жүрмін. Иненің көзіне жіп өткізе алмадым.

3.Сөздің басын арыдан бастады. Адамның басы- Алланың добы.

3. Көп мағыналы сөздердің ішінен алғашқы мағынасын тап

А)Сөздің басы, жолдың басы, адамның басы, таудың басы,жұмыстың басы

Б)Кітаптың беті, адамның беті, судың беті, жер беті

В)сағат тілі , кітап тілі, орыс тілі, техника тілі, адам тілі


ІІ деңгей

1.Мәтіннен антонимдерді теріп жаз.

Үлкенді-кішілі үйлердің терезелері де жарық. Үлкен де, кіші де қуанышты. Бауыржан – құлағы түрік, шапшаң бала. Қаламқас – жер қозғалса қозғалмайтын, мінезі ауыр қыз. – сен жаман баға алмақсың ба сонда? – жоқ, жақсы баға алам. Қаламқас диктантты жай жазады. – Мен жылдам айтып жатырмын ба? Бәріне жұрт кіріп-шығып жатыр. – Жемді ертеңгілік бір, кешкілік бір, азғантайдан шаш. Балық аштақтан емес, тоқтықтан өледі. Кітапта солай жазылған. – Балалар, кеше біз тазалық күнін әбден жақсы өткіздік. – Апай, бүгін кірлеген парталарды мен жуайыншы.































5

5-сынып

Деңгейлік тапсырмалар

І деңгей


1. Берілген сөздерге лексикалық талдау жаса.

Қара. Жаз


2. Тұрақты тіркестердің мағынасын ашып, сөйлем құрастыр.

  • Төбесі көкке жету –

  • Қырық пышақ болу –

  • Ит өлген жер –

  • Тіс жармады –

  • Қыздың жиған жүгіндей –

  • Жерден жеті қоян тапқандай –

  • Ат ізін салмады –

  • Айы оңынан туды –

  • Екі құлағы езуіне жетті – мәз-мейрам болды


ІІ деңгей


1.Синоним сөздерді сәйкестендір.

Ертеде

Азанда

Алыс

Баяғыда

Үлкен

Дәм

Кішкентай

Дәу

Ажар

Биттей

Тамақ

Келбет

Таңертең

Шалғай


























6

5-сынып

Деңгейлік тапсырмалар

І деңгей

1. Берілген сөздерді үш бағанға бөлу. Бірінші бағанға түбір сөзге жұрнақ жалғануы арқылы, бірігу арқылы, тіркесу арқылы жасалған сөздерді теріп жазу.

Әнші, көзқарас, тасбақа, Алматы қаласы, қойшы, қарақұрт, мәдениет сарайы, достық, биыл, бүгін, қара ала, ұзын бойлы, бөлім, білгір, апар, он бес, келіп отыр, Талықорған, жақсылық, білезік, екі жүз бес.

2. Мақалды толықтыр.

Мұз қашан ериді?

Ненің сүті қорғасын?

Кімге дүние жарық,

Кімнің күні ғаріп?

Кім күлкіге, кім ұйқыға тоймайды?

Кімнің егіні піспейді?

Ата-ананың қадірін қашан біледі?

Жағадағы құндыз бен аспандағы жұлдыз кімдер?

ІІ деңгей

1. а)Жұмбақтардың шешуін табыңдар.

Жез отауда жездем аты кісідейді.

б)Қызыл түлкі шық десе,

Інінен шықпайды.

в)Жол үстінде қу қазық, г)Таптым-таптым тап жорға,

Табаны жалпақ боз жорға. Мергеншіге жол азық.

2.Мәтінді оқып, ішінен зат есім, сын есім етістіктерді теріп жаз.

Кітап.

Мені жұрт сүйеді, құрметтейді. Маған арнап шкафтар жасап, үстіме шаң жуытпай, таза ұстайды. Мені ұрпақтан-ұрпаққа мұра етіп қалдырады.

Мен де адамды жақсы көремін. Қалтықсыз қызмет етемін. Адамға жақсы тұруды, бақытты өмір сүруді үйретемін. Балаларға ата-бабаларының қалай өмір сүргенін, қандай өсиет қалдырғанын айтып беремін. Балаларды білімді, өнерлі болуға үйретемін. Ойлаңдаршы, балалар! Мен сонда кіммі?

Мен адамның досымын. Менің атым – кітап. Мені жасау үшін адам баласы көп еңбек сіңіреді.

Алдымен адам орманнан аға кеседі. Оны фабрикаға апарады. Фабрика ол ағаштан қағаз жасап шығарады. Сонан соң оған авторлар жазады.

Суретшілер сурет салады. Баспахана жазулар мен суреттерді басып, кітап шығарады. Жұмысшылар машина мен пойыздарға тиеп, қала-қалаға, ауыл-ауылға таратады.

Міне, енді сенің қолыңда тұрмын. Мені күтіп, жыртпай, таза ұста. Мен сенімді досыңмын.

ІІІ деңгей Шығармашылық тапсырмалар:

1.«Қысқы демалысты қалай өткіздім?» деген тақырыпта шағын ойтолғау жазу.

2.Бес жолды өлең құрастыру.

1 зат есім

2 сын есім

3 етістік

4 сөзді сөйлем

Синоним










7

5-сынып

Деңгейлік тапсырмалар



Қазақ тілі пәнінен дауысты дыбыстарға арналған деңгейлік тапсырмалар.


І деңгей

1.Адасқан әріптерді орнына қой.

І, м, б, л, і. Ш, о, б, а, л, қ, а.

К, р, е, м, т, е, е. С, ұ, з, а, т.

К, т, е, м, е, т, е. А, л, а, д.


2.Сөйлемдерді көшіріп еріндіктің астын бір сызық, езуліктің астын екі сызықпен сызыңдар.

Өзгелері балаларды атқа мінгізіп, ауылға алып келді. Малшылар Асн, Үсенді көріп, олар да қуанып, біреуі әке-шешелерінен сүйінші сұраймыз деп, шауып кетті. Нақ бесін мезгілінде балалар аман-есен үйлеріне келіп, әке-шешелеріне қосылыпты.


3.Көп нүктенің орнына тиісті дыбыстарды қойып көшір.

Б...з. б..генб...а. А...л...ы. К...ше. Ү...к...н. Ә...е. Ә...ия. М...н...з. Тұр...ыс. Б...л...м. О...ау.


ІІ деңгей.

1.Мына сөздерден сөйлемдер құрастырып жазыңдар.

Үркер. Қамал. Жұлдыз. Байлық. Суретші. Ардақ.


2.Мәтінді көшіріп, білім, күш, оқушы сөздеріне дыбыстық талдау жаса.

Қазіргі кезде терең білім болмаса, елімізді өркендете алмаймыз. Әр оқушы жан-жақты білім алуға міндетті. Білім алу да зор күш екенін ұмытпа.


























8

Деңгейлік тапсырмалар

5-сынып

І деңгей

1. Берілген мақалдарды етістіктермен толықтырыңдар.

1) Талапты ерге нұр ....

2) Ел үмітін ер ...

Ер атағын ел ...

3) Аңдамай ... ауырмай өледі.

4) Жаманға сырыңды ...

Сырыңды айтсаң да, шыныңды ...

5) Ақылсыз адам ... келеді,

Жан-жағын жайпай келеді.

Ақылды адам жай-жай келеді,

Жан-жағын ... келеді.

2. Тапсырма мына сөздермен сөйлем құрастыр

  1. Қалада

  2. Әдемі, кең

  3. Киім- кешек

ІІ деңгей

1. «Залдың ортасында өңкей ажарлы қыздар, әрлі әйелдер отыр»

(1.Синоним сөздерді табу, сөйлем мүшесіне талдау жаса)

2.«Біздің қарамызды көрген соң, олар қолын бұлғап шақырды»

(1.Омоним сөздерін табу.)

3.«Мұны әлділер әділет деп қуанса, әлсіздер қиянат деп қынжылады»

(1. Антоним сөздерді табу.)

ІІІ деңгей

1.Байлықтың атасы-еңбек, анасы – жер. Өнерлінің өрісі кең. Аузы күйген үріп ішер. Ақыл жастан шығады, асыл тастан шығады.

1.Мақал – мәлелдерден сөздің тура және ауыспалы мағыналарын ажыратыңыз.

2.Өткірдің жүзі, кестенің бізі, өрнегін сендей сала алмас (Абай). Арық атқа қамшы ауыр тиеді. 1.Асты сызылған сөздердің омонимін табыңыз.

ІҮ деңгей. Шығармашылық тапсырмалар:

1.«Мектепте өткен спорттық сайыс туралы» деген тақырыпта шағын ойтолғау жазу.

2.Бес жолды өлең құрастыру.

1 зат есім

2 сын есім

3 етістік

4 сөзді сөйлем

Синоним




Выберите курс повышения квалификации со скидкой 50%:

Автор
Дата добавления 10.11.2015
Раздел Другое
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров804
Номер материала ДВ-140954
Получить свидетельство о публикации

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх