Инфоурок Иностранные языки Другие методич. материалыЛексикалық грамматикалық тапсырмалардың ауызекі сөйлеу тілін дамытудағы рольі.

Лексикалық грамматикалық тапсырмалардың ауызекі сөйлеу тілін дамытудағы рольі.

Скачать материал

Баяндаманың тақырыбы: Лексикалық грамматикалық тапсырмалардың ауызекі сөйлеу тілін дамытудағы рольі.

                          Теория, методика, практика.

Тіл қолданушылардың тілді пайдалану кезінде, өз қорытынды-пайымдауларын, сөз тапқырлығын, ойын анық, толық жеткізу, сұхбаттасу, ойын жазбаша білдіру барысында тілді қолдану ерекшелігі грамматика арқылы жүзеге асатындығы белгілі. Сондықтан тіл меңгеруде лексикалық және грамматикалық минимумдардың маңызы зор. Лексикалық минимумдар негізінде грамматикалық минимумдар әзірленеді.

«Грамматика» сөзі «grammatik» грек тілінен аударғанда «оқу мен жазудың икемділігі» мағынасын білдіреді. Грамматика дегеніміз – сөйлеу бөліктерін дұрыс құрастырудың заңдылықтарын, тілдің грамматикалық құрылымын зерттейтін тіл білімінің тарауы. Грамматикалық дағдыны қалыптастыруда коммуникативтік құзыреттілік негіздері ашылады.

Тіл білімі ғылымында тілдік тұлғаны қалыптастыру үшін қазақ тілін меңгеру әрекетінің тыңдалым, оқылым, жазылым, айтылым, лексика-грамматика түрлері пайдаланылады. Грамматикалық минимумдар ҚАЗТЕСТ жүйесінің осы бөліктерінің тест тапсырмаларын сапалы әзірлеу үшін нормативтік құжат болса, тіл қолданушыларға әрбір деңгейдің жағдаяттарына сәйкес сөйлей білуге, жаза білуге арналған тілдің грамматикалық құрылымын қамтитын минималды қоры болып табылады.

Оқушылардың қазақ тілін меңгеру деңгейін анықтауда ҚАЗТЕСТ жүйесі өзінің функциясын тиімді атқаруы үшін грамматикалық минимумдардың өзектілігі ерекше орын алады. Грамматикалық минимум әр деңгей бойынша тілдік жағдаяттарға қатысты тіл қолданушылардың сөздер мен сөз үлгілерін сұрыптап, сөз тіркестерін дұрыс байланыстыра білу, лексикалық, грамматикалық минимумды дұрыс қолдана отырып, байланыстырып сөйлей білу дағдыларын қалыптастыруға арналады.

         Әдіс деген сөз гректің "metodos" деген сөзінен шыққан. Метод деген ұғым белгілі ақиқатқа, шындыққа, мақсатқа жетудің жолдары деген мағынаны білдіреді.

Қысқаша психологиялық-педагогикалық сөздік "әдіс" — мақсатқа қол жеткізетін жол, тәсіл, белгілі жолмен тәртіпке салынған іс-әрекет"- деген анықтама береді.

Оқыту әдістері - оқытудың мақсат-міндеттеріне сай оның мазмұнын оқушыларға меңгертуде мұғалім мен оқушылардың қолданатын амал-тәсілдері мен құралдарының жиынтығы болып табылады. Мұғалім оқыту әдістерінің көмегімен оқушыларға білім беріп, олардың тәжірибелік әрекетін ұйымдастыруда өзінің іс-әрекетін оқушылардың таным әрекетіне басшылық етумен байланыстырады.

Мұғалім оқытудың нәтижесін арттыруда оқыту әдістеріне қатысты амал-тәсілдерімен қатар оның құралдарын да пайдаланады.

Қазақ тілі сабағында қолданылатын әдістер:

Сөздік әдістер: түсіндіру, әңгіме, әңгімелесу,кітаппен жұмыс.

Көрнекі әдістер: иллюстрация және демонстрация.

Оқыту үрдісінде ең көп тараған дәстүрлі әдіс - сөздік немесе мұғалімнің ауызша баяндау әдісі. Бұл әдіс оқыту процесіңде басқа әдістерге қарағанда жетекші роль атқарады.

Көрнекілік әдістер оқу материалын оқушылардың көзімен көріп, нақтылы түсінулеріне мүмкіңдік береді.

Бұған демонстрация, иллюстрация  тәсілдері жатады.

Тәжірибелік әдістердің ішінде ең көп қолданылатыны — жаттығу әдісі.Оқу барысында теориялық ережелер мен қағидаларды қайта пысықтап, тиянақты меңгеру жаттығу арқылы орындалады.

Ауызша жаттығу оқушының оқу материалын ауызекі баяңдауға дағдылану мақсатын көздейді.

Оқушы бірінші сыныптан бастап қазақ тілін үйрену барысында тілдегі түрлі қолданылатын атауларды ( әріп, дыбыс , буын, сөз,  сөз тіркестері, сөйлем, сөз бен сөзді байланыстыратын жалғау, жұрнақ,  тыныс белгілері – нүкте, үтір, леп белгісі, сұрау белгісі, сызықша,  қос нүкте, түрлі грамматикалық анықтама, ережелерді  оқып үйренеді.

Қабілеті әр түрлі оқушы тілдің мұндай белгілері мен атауларын бірден меңгеріп кетуі мүмкін емес,тек оның негізгі, қажеттілерін(анықтама, ережесін) есте сақтауы мүмкін.

Қазіргі  сабаққа қойылатын талап тұрғысынан техникалық құралдарды,  кестелер, сызбалар, үнтаспа жазбаларын пайдалану арқылы оқушылардың есту, көру сезімдеріне әсер ете отырып, олардың ойлану қабілетін дамытуға көңіл болінеді.

Қолданылатын көрнекіліктер оқушылардың сабаққа деген  ынтасын  арттырады, түсіндірілген  материалдарды саналы  меңгертуге  ықпал жасайды. Оқушылардың білім сапасының көп жағдайларда төмен болуы, осындай түрлі ойлау әрекеттеріне бейімделмеуден, дағды бермеуден деп айтуға болады.

Қазіргі кезде қазақ тілін қандай бағытта, қандай  мазмұнда оқыту керек?

     Меніңше, коммуникативті функционалды бағытта болуға тиіс. Сондықтан тілдің коммуникативті механизмін ашу қажет . Яғни, оның сөйлеу процесіндегі,  сөйлем құрудағы,  мәтін бойынша әңгіме құрастырудағы рөлі амал – құралдар арқылы меңгертіледі.

      Орыс мектептерінде қазақ тілін үйрену, білу қазіргі таңның басты мәселесі. Сабақта бұл мәселені шешу жолдарының бірі- әр түрлі әдіс- тәсілдерді тиімді қолдана отырып,  жаңа технологияларды енгізу.Қазір  технологиялардың түрлері өте көп. Орыс мектептерінде қазақ тілін үйрену, лексикалық және грамматикалық тақырыптарды меңгеру күрделі жұмыс. Сондықтан басқа ұлтқа қазақ тілін оқыту, ауызекі сөйлеуге үйрету қиын да,  қызық жұмыс.

     Грамматикалық материалдарды және лексикалық тақырыптарды оқытуда тірек сызбалардың  қолданылуы тілді дамытуға, сөздік қорды молайтуға, бір- бірімен, қарым- қатынас жасауға (сөйлеу, айту, жазу, оқу) ойлау қабілетін дамытуға, ойын қазақша жеткізе білуге үйретеді.

       Орыс сыныптарында қазақ тілін үйретуде іскерлік, рөлдік ойын түрлерін қолдану, диалог, монолог, сұхбат, сұрақ – жауап, көрініс қою, тақпақ оқу, ән айту, мәнерлеп оқу, жұмбақ , сөзжұмбақ шешу, пікір айту, пікірсайыс, тірек схемасын пайдаланып, жүйелі түрде әңгімелеу, т.б. әдіс-тәсілдерді сабақта пайдалану, оқушының басқа тілді үйрене алмаймын деген сенімсіздігін сейілтіп, тілді үйренуге ынтасын арттыратынын өз іс–тәжірибемнен күнделікті жұмыс барысында байқаймын. 

         Қорыта келе осы әдіс-тәсілдерді қолдану нәтижесі:

·             Оқушы тұлғасының танымдық қабілеттерін дамытуға;

·             Оқуға жағымды қызығушылық қалыптастыруға;

·             Белсенді сөздік қорын, ауызша және жазбаша тілін ұстартуға;

Тұлғаның қиындықтарға даяр  болу және оны білу, қарым – қатынас, ойын, танымдық, өзін- өзі бекіту  қажеттіліктерін қанағаттандыруға ықпал етеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2. ГРАММАТИКАЛЫҚ МИНИМУМДАРДЫ ӘЗІРЛЕУДІҢ МАҚСАТЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ

 

Мақсаты: Қазақ тілін меңгеру деңгейлеріне сәйкес ҚАЗТЕСТ жүйесіне арналған тілдің грамматикалық құрылымын қамтитын минималды қорын қалыптастыру.

 

Міндеттері:

- ҚР СТ 1925-2009, ҚР СТ 1926-2009, ҚР СТ 1927-2009, ҚР СТ 1928-2009, ҚР СТ 1929-2009 Қазақстан Республикасының мемлекеттік стандарттары, тіл меңгерудің деңгейлеріне анықталған тақырыптар мен Тест спецификациясы негізінде қазақ тілінің ерекшеліктерін ескеріп, қазақ тілін меңгерудің әрбір деңгейі бойынша практикалық грамматиканы нақтылау;

- халықаралық тіл меңгеру талаптарына арналып жасалған грамматикалық минимумдармен біріздендіру мақсатында қазақ тілінің меңгеру деңгейлеріне сәйкес практикалық грамматиканың нақтылық сараптамасын жасау;

- қазақ тілін меңгерудің әрбір деңгейі бойынша анықталған практикалық грамматика арқылы үйренудің ережелерін, тапсырмаларын орыс тіліндегі аудармасын әзірлеу;

- қазақ тілін меңгерудің әрбір деңгейі бойынша анықталған практикалық грамматика арқылы үйренудің ережелерін, тапсырмаларын орыс тіліндегі аудармаларының сараптамасын жасау;

- жаттығу жұмыстары жүйесін әзірлеу;

- анықталған грамматикалық тапсырмалардың, жаттығулардың, тест тапсырмаларының деңгейлік тақырыптармен жүйелеп, сараптамасын жасау;

- сөздік қорларды қолдану барысында контексттерді пайдалануына сараптама жасау;

- қазақ тілін меңгеру деңгейлерінің лексикалық тақырыптары бойынша грамматикалық тақырыптарды анықтау.

 

3. ГРАММАТИКАЛЫҚ МИНИМУМДАРДЫ ӘЗІРЛЕУГЕ ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР

 

Қазақ тілін меңгерудің деңгейлеріне арналған грамматикалық минимумдар әзірлеу барысында келесі талаптар қойылады:

- грамматикалық минимумдар мен тест тапсырмаларының мазмұны қазақ тілін меңгерудің коммуникативтік тілдік құзыреттілік талаптарын анықтайтын мемлекеттік стандарттарға, ҚАЗТЕСТ жүйесінің тест тапсырмаларын қалыптастырудың спецификациясына, тіл меңгеру деңгейінің тақырыптарына, лексикалық минимумдарға қатаң түрде сәйкес болуы тиіс;

- грамматикалық минимумдардың құрылымдық бөліктерін сақтау қажет;

- диалект сөздер пайдаланылмауы керек;

- Қазақстан Республикасында құзырлы мемлекеттік органдар ресми мақұлдаған сөздіктер мен анықтамалықтар ғана пайдаланылуы керек;

- шет тілдерін үйренудегі практикалық грамматика құрастырудың тәжірибелері негізге алынуы керек (Мысалы, ағылшын тілінің практикалық грамматикасын үйренудің Cambridge University Press (Raymond Murphy) баспасы әзірлеген оқу-әдістемелік құралдарының озық үлгілері);

- минимумдағы сөздер мен сөз тіркестерінің топтамасы қазақ тілін меңгеру деңгейлеріне арналған тақырыптардан ауытқымауы және сөйлемдердің күрделілігі деңгейге байланысты болуы қажет;

- сөз немесе сөз тіркесінің қосалқы мағыналары болса, оны толығырақ сілтеме беру арқылы немесе «түсіндірме» арқылы түсіндіруі керек;

- барлық тілдік заңдылықтардың, ережелердің, мысалдардың түсіндірмелерінің, тапсырма орындаудың талаптарының орысша аудармалары болуы қажет;

- аударманың дұрыстығы күмән туғызбауы қажет;

- тіл меңгеруді бағалаудың еуропалық портфелінде анықталған жағдаяттар мен тақырыптарға қосымша әрбір деңгейге сәйкес ұлттық құндылықтар қосылуы қажет. Мысалы, тұрақты сөз тіркестері, мақал-мәтелдер, қанатты сөздер, әдет-ғұрыптар мен салт-дәстүрлер тақырыбындағы сөздер мен сөз тіркестері және т.б;

- қазақ тілінің тілдік обьектілері, грамматикалық тақырыптары жіктеліп берілуі қажет және бөліктер латын әріптерінің бас әріптермен A, B, C, D, E және с.с. белгіленуі қажет;

- тілдік заңдылықтар, ережелер түсінікті тілмен берілуі керек;

- бөлік бойынша мысалдар келтірілуі қажет (1-қосымша үлгіде көрсетілген);

 - жаттығу тапсырмалары берілуі тиіс (2-қосымша үлгіде көрсетілген);

- бөлікке тиісті тест тапсырмаларын әдістемелік құралдың соңында келтіру қажет;

- тест тапсырмалары ҚАЗТЕСТ жүйесіне арналған Тест спецификациясы негізінде әзірленуі керек.

Жаттығу тапсырмалар берудің мысалдары келесі түрде болуы мүмкін:

- жаттығу жұмысы;

- тыңдау, қайталау, салыстыру, сөйлемдердің айырмашылығын табу;

- кестені толықтыру, оның ішінде тіл қолданушы қаламды пайдалану арқылы өзін-өзі тексеру мақсатында жазуға болатындай мүмкіндік қарастырылған жаттығулар. Оларды да басқа шрифтпен теру керек;

- үлгілерді пайдаланып, сөйлемдерді ауыстыру;

- үлгідегі кестенің көмегімен сөйлем құрастыру;

- сөйлемді толықтыру;

- оқу құралының соңында жаттығулардың, қосымша жаттығулардың, тест тапсырмаларының жауабы берілуі керек;

- әрбір деңгейге сай грамматикалық минимумның соңында тақырыптың, ереженің емлесін, ерекшеліктерін беру керек;

- пайдаланылған және ұсынылатын әдебиеттердің тізімі берілуі керек;

 

4. ГРАММАТИКАЛЫҚ МИНИМУМДАРДЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ

 

Қазақ тілін меңгерудің деңгейлеріне арналған грамматикалық минимумдар төмендегі құрылымдық бөліктерден тұрады:

1.     Титулдық парақ.

2.     Түсіндірме жазба:

          - қазақ тілін меңгерудің деңгейлеріне сәйкес грамматикалық минимумдарды қалыптастырудың негізгі мақсаты мен міндеттері;

          - еуропалық тіл білімін бағалау жүйелерінің тіл меңгеру деңгейлерінің талаптары мен қазақ тілін меңгеру деңгейлері арасындағы сабақтастығы мен байланысы;

- грамматикалық минимумдарды пайдалану бойынша тіл қолданушыларға ереже.

3. Қазақ тілін меңгеру деңгейлерінің тақырыптық грамматикалық минимумның негізгі мазмұны: грамматикалық тақырып, тақырыпқа сәйкес анықтамалық ереже, мысал, жаттығулар, олардың орыс тіліне аудармасы.

4. Түйін сөз.

5. Қосымшалар (үлгілер, кестелер).

6. Ұсынылатын және пайдаланылған әдебиеттер тізімі.

7. Мазмұны.

 

 

4.1 ГРАММАТИКАЛЫҚ МИНИМУМДАР ЖОБАСЫНЫҢ ЭЛЕКТРОНДЫҚ НҰСҚАСЫНЫҢ РӘСІМДЕЛУІ

 

- мысалдарды редакторда теру кезінде грамматикалық минимумның негізгі шрифтінен бөлек, айталық «Tahoma» шрифтімен теру керек;

-жаттығуларды редакторда теру кезінде грамматикалық минимумның негізгі шрифтінен бөлек, айталық «KZ Script» шрифтімен теру керек;

- грамматикалық минимумдар жобасы «MS Word» редакторында өлшемі 14-ші «Times New Roman» қарпінде теріліп, парақ беттерінің параметрлері сол жақтан 3 мм, оң жақтан 1,5 мм, жоғарыдан 2 мм, төменнен 2 мм болуы тиіс;

- титул парағы 2-қосымшаға сәйкес рәсімделеді;

- түсіндірме жазбада тіл меңгеру деңгейін бағалаудың ғылыми негізделген тақырыптарына арналған грамматикалық минимумдардың озық тәжірибелеріне шолу жасау арқылы, қазақ тілін меңгеру деңгейлерін бағалауда, оның ішінде ҚАЗТЕСТ жүйесіне арналған қазақ тілінің грамматикалық минимумдарының өзгешелігін, қажеттілігін, өзектілігін және осы саладағы ғылыми ізденістерді негізге ала отырып, ұсынылып отырған жобаның әлемдік және қойылып отырған талаптарға сәйкестігін ашу қажет;

- қазақ тілін меңгерудің деңгейлеріне сәйкес грамматикалық минимумдарды қалыптастырудың негізгі мақсатын анық беру арқылы сол мақсатқа жетудің міндеттерін нақтылап түсіндіру керек;

- грамматикалық минимумдарды пайдалану бойынша тіл қолданушыларға ережені түсінікті тілмен, шұбалаңқы сөйлемдерді мүмкіндігінше пайдаланбай, ойды нақты-нақты қысқаша түрде түсінікті беруді негізге алу керек;

- тақырыпшаларды бас әріптермен теру керек, ішкі тақырыпшалар сол тақырыпқа сәйкес нөмірленуі керек, мысалы:

1. ЖАЛПЫ МАҒЛҰМАТТАР

1.1 Тіл меңгеру деңгейін бағалаудағы грамматикалық минимумдардың маңыздылығы

- қосымшалар мен үлгілерді Ұлттық тестілеу орталығы Мемлекеттік тілді дамыту басқармасымен келісілген түрде ресімдеу қажет;

- грамматикалық минимумдар жобасының қағаздағы нұсқалары 3 данадан көбейтіп басылуы керек;

- грамматикалық минимумдар жобасының электрондық жобасы келісім-шарттар негізінде Ұлттық тестілеу орталығының Мемлекеттік тілді дамыту басқармасына тапсыру керек.

 


5. ҚАЗАҚ ТІЛІН МЕҢГЕРУДІҢ ДЕҢГЕЙЛЕРІНЕ СӘЙКЕС

ЖАҒДАЯТТАР МЕН ТАҚЫРЫПТАРДЫҢ ЖОБАСЫ

 

 

Қарапайым деңгей

Базалық деңгей

Орта деңгей

Ортадан жоғары деңгей

Жоғары деңгей

1. Танысу

2. Отбасы

3. Тамақ

4. Денсаулық – зор байлық.

5. Киім

6. Көлік

7. Жұмыс

8. Менің күнім

9. Ауа-райы

10. Бос уақыт

 

 

1. Менің Қазақстаным

2. Ас-адамның арқауы

3. Сән және талғам

4. Ел болашағы денсаулықта

5. Сапар шегу және туризм

6. Жұмыс

7. Спорт және біз

8. Мен өмір бойы оқимын

 

1. Мен және менің отбасым

2. Тауар сапасы

3. Менің сүйікті ісім

4. Ас мол болсын!

5. Болашақ ұрпақ денсаулығы

6. Мен жұмыс таңдаймын

7. «Жеті күн»

 

1. Отбасы сыйластығы

2. Біз қай тілде сөйлейміз

3. Асыңыз дәмді болсын

4. Ғылым және жұмыс

5. Cапар шегу және туризм

6. Мұражайға саяхат

7. Спорт тынысы

8. Ақпараттар әлемі

 

1. Отбасы, отбасы бақыты

2. Сөзі жоғалған жұрттың өзі де жоғалады

3. Дені саудың – жаны сау

4. Өз үйім – өлең төсегім

5. Қолым боста

6. Жеке бағдарламалар мен журналдар

 

 

 

 

 

 

 


6. ГРАММАТИКАЛЫҚ МИНИМУМДАРДЫ ҚАБЫЛДАП АЛУДЫҢ ЖӘНЕ ТАЛАПТАРҒА СӘЙКЕСТІГІН ТЕКСЕРУДІҢ ЕРЕЖЕСІ

 

Тапсырыс беруші дайындалған қазақ тілін меңгеру деңгейлеріне сәйкес грамматикалық минимумдарды байқаудан, сынақтан өткізу мақсатында мәліметтер әзірлейді. Грамматикалық минимумдарды тәжірибеден өткізудің түрін, құрамын, көлемін және құрамдас бөліктерін әзірлемешілермен келіседі.

Қазақ тілін меңгеру деңгейлеріне сәйкес грамматикалық минимумдарды әзірлеудің жеке келісім шарттары әзірленеді. Орындалған жұмыстардың қабылдау-тапсыру актісі екі жақтан қол қою арқылы қабылданады.

Қабылдау-тапсырудың ресімдері кезінде «Тәжірибеден өткізудің актісі» жасалып, қабылдау-тапсырудың құжаттары бекітіледі.

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Лексикалық грамматикалық тапсырмалардың ауызекі сөйлеу тілін дамытудағы рольі."

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Заместитель директора

Получите профессию

Методист-разработчик онлайн-курсов

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

                          Теория, методика, практика.

Тіл қолданушылардың тілді пайдалану кезінде, өз қорытынды-пайымдауларын, сөз тапқырлығын, ойын анық, толық жеткізу, сұхбаттасу, ойын жазбаша білдіру барысында тілді қолдану ерекшелігі грамматика арқылы жүзеге асатындығы белгілі. Сондықтан тіл меңгеруде лексикалық және грамматикалық минимумдардың маңызы зор. Лексикалық минимумдар негізінде грамматикалық минимумдар әзірленеді.

«Грамматика» сөзі «grammatik» грек тілінен аударғанда «оқу мен жазудың икемділігі» мағынасын білдіреді. Грамматика дегеніміз – сөйлеу бөліктерін дұрыс құрастырудың заңдылықтарын, тілдің грамматикалық құрылымын зерттейтін тіл білімінің тарауы. Грамматикалық дағдыны қалыптастыруда коммуникативтік құзыреттілік негіздері ашылады.

Тіл білімі ғылымында тілдік тұлғаны қалыптастыру үшін қазақ тілін меңгеру әрекетінің тыңдалым, оқылым, жазылым, айтылым, лексика-грамматика түрлері пайдаланылады. Грамматикалық минимумдар ҚАЗТЕСТ жүйесінің осы бөліктерінің тест тапсырмаларын сапалы әзірлеу үшін нормативтік құжат болса, тіл қолданушыларға әрбір деңгейдің жағдаяттарына сәйкес сөйлей білуге, жаза білуге арналған тілдің грамматикалық құрылымын қамтитын минималды қоры болып табылады.

Оқушылардың қазақ тілін меңгеру деңгейін анықтауда ҚАЗТЕСТ жүйесі өзінің функциясын тиімді атқаруы үшін грамматикалық минимумдардың өзектілігі ерекше орын алады. Грамматикалық минимум әр деңгей бойынша тілдік жағдаяттарға қатысты тіл қолданушылардың сөздер мен сөз үлгілерін сұрыптап, сөз тіркестерін дұрыс байланыстыра білу, лексикалық, грамматикалық минимумды дұрыс қолдана отырып, байланыстырып сөйлей білу дағдыларын қалыптастыруға арналады.

 

         Әдіс деген сөз гректің "metodos" деген сөзінен шыққан. Метод деген ұғым белгілі ақиқатқа, шындыққа, мақсатқа жетудің жолдары деген мағынаны білдіреді. 

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 650 557 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 01.04.2015 6545
    • DOCX 77 кбайт
    • 84 скачивания
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Ташетова Жанар Хамитовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Ташетова Жанар Хамитовна
    Ташетова Жанар Хамитовна
    • На сайте: 9 лет
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 30685
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Фитнес-тренер

Фитнес-тренер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Актуальные вопросы методики преподавания немецкого языка в условиях реализации ФГОС

72 ч.

2200 руб. 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 69 человек из 38 регионов
  • Этот курс уже прошли 250 человек

Курс повышения квалификации

Особенности подготовки к сдаче ОГЭ по английскому языку в условиях реализации ФГОС ООО

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 288 человек из 61 региона
  • Этот курс уже прошли 1 829 человек

Курс профессиональной переподготовки

Английский язык: теория и методика преподавания в дошкольном образовании

Учитель

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 231 человек из 53 регионов
  • Этот курс уже прошли 456 человек

Мини-курс

Классики и современники: литературные портреты и психология творчества

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 24 человека из 17 регионов
  • Этот курс уже прошли 13 человек

Мини-курс

Управление проектами: от планирования до реализации

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 38 человек из 22 регионов

Мини-курс

Общая химия

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе