Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Воспитательная работа / Другие методич. материалы / Әлем чемпионы Ораз Басаровпен кездесу кеші

Әлем чемпионы Ораз Басаровпен кездесу кеші


  • Воспитательная работа

Поделитесь материалом с коллегами:

Ұлан ауданының тумасы, қолкүрестен Әлем Чемпионы

Ораз Басаровпен кездесу кеші

Бағыты: Қолкүрестен Әлем Чемпионы Ораз Басаровпен кездесу

Кездесудің мақсаты: Өскелең жас ұрпаққа ауданымыздың намысын қорғап, абыройын асқақтатқан Басаров Ораздың үлгісінде салауатты өмір салтын ұстануға, өз туған еліне қызмет көрсетуге тәрбиелеу.

Құралдар: 1) Әдебиет

2) Интерактивті тақта

3) Өлендер

Нысандар: Ұжымдық шығармашылық істер

Нәтиже: Азаматтық тәрбиенің жоғары деңгейіне жетуге ұмтылу

Өтетін күні: 15.10.2015жыл 12:00

Өтетін жері:«М.Ломоносов атындағы орта мектеп» КММ, №14 акт залында

Акт залы шарлармен, гүлдермен, нақыл сөздермен әдемі безендіріледі. Әдемі әуен ойнап тұрады.

Жүргізуші: Қайырлы күн! Құрметті оқушылар, ұстаздар, келген қонақтар. Біз бүгін Ұлан ауданының абыройын әлем деңгейінде асқақтатқан жерлес спортшымыз Ораз Басаровпен кездесуге келіп отырмыз! Кездесу салтанатына қош келдіңіздер!

Кездесуімізге арнайы келіп отырған қонақтармен таныстырып өтейік:

Ұлан ауданы әкімінің орынбасары -Мамырбаева Роза Узаковнаға сөз беріледі.


Сөз кезегі арнайы шақырылған мектебіміздің жанашыр демеушілері - Сагинкумаров МайданСагинкумарович және Калиева Гүлдариға Кадылбековнаға беріледі.


Білім, дене шынықтыру және спорт бөлімібасшысының міндетін атқарушы - Окасов Куат Барысовичке сөз беріледі.


Ораздың анасы -Алмагуль Анатольевна және әкесі Ринат Басаровичке осындай жігерлі ұл өсіргеніне алғысымызды білдіре отырып, жаттықтырушысы Уалиев Ерлан Александровичке сөз кезегін берейік.

  • «Ұстазы жақсының – ұстамы жақсы» дейді ғой. Бүгінгі кездесуге Ораз жайлы тағы да біз білмейтін қырларын танығымыз келеді, естігіміз келеді деген мектеп оқушылары келіп отыр екен. Сөз кезегін сұрақтарын қою үшін оқушыларға берейік.

  1. Есімініздің тарихы бар ма, есіміңізді кім қойған?

  2. Өзіңіздің отбасыңыз жайлы айтып берсеңіз? Сіз 3 жыл бойықолкүреспен айналыстыңыз, басқа қандай спорт түрімен айналысасыз?

  3. Спорт сізге не береді?

  4. Сіз қай кезден бастап спортшы болуды армандадыңыз?

  5. Кумиріңіз кім?

  6. Сіз әлемдік жарыста қазақ елінің туының желбіреп, әнұранының шырқалғанына куә болдыңыз, сол кезде қандай сезімде болдыңыз?

  7. Тағы басқа да сұрақтар.

  8. Үлкен жарыстарға шығу үшін адамның бойында біріншіден – жігер, рух, намыс болу керек, екіншіден- Отанға деген сүйіспеншілік. Осы екеуі де сіздің бойыңызда бар. Екеуін қалай үйлестіріп жүрсіз. Балаларға айтар кеңесіңіз.

«Шоқ қыздар» би тобының мың бұралған биін тамашалаңыздар!

Сөз кезегі Ораздың жаттықтырушысы Уалиев Ерлан ағамызға беріледі.

  • Ел басымыз Н.Ә Назарбаев былай деген екен: «Ұлы тұлғаларды білмейінше бірде – бір дәуірді дұрыс тану, анық білу, ол кезеңнің тарихи жағдайын айқын аңғару мүмкін емес.Сондықтан халқы мен елінің алдындағы өздерінің перзенттік парызын айқын да анық түсінген қандай қиын - қыстау жағдайда оны орындаудан жалтармаған адамдар қай дәуірде өмір сүрсе де дәйім өз жұртының азаматы болып қала берген, ел тарихының шамшырақтары болған». Құрметті Ораз біз де сізге жұлдызыңыз жанып, шырағыңыз сөнбесін, деніңіз сау болып биік белестерден көріне беріңіз деп тілек айтамыз.

«М. Ломоносов атындағы орта мектебі» КММ атынан Ораз Басаровқа гүл шоғын және естелік табыстау.(дене тәрбиесінің мұғалімі Асанов Б.А.)

Осымен кездесуіміз аяқталды назарларыңызға рахмет!








Автор
Дата добавления 31.01.2016
Раздел Воспитательная работа
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров69
Номер материала ДВ-396552
Получить свидетельство о публикации


Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх