Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Классному руководителю / Другие методич. материалы / Өлеңім – өмірімнің айнасы ( М.Шаханов шығармашылығына арналған әдеби-сазды кеш

Өлеңім – өмірімнің айнасы ( М.Шаханов шығармашылығына арналған әдеби-сазды кеш

  • Классному руководителю

Поделитесь материалом с коллегами:


Өлеңім – өмірімнің айнасы

( М.Шаханов шығармашылығына арналған әдеби-сазды кеш)



Кештің мақсаты:

  • Қазақ поэзиясында өзіндік орны бар Мұхтар Шаханов шығармашылығының терең иірімдеріне үңілу, тарихи шындықты, сөз өнерімен өрнектелген әсемдікті түйсіне білуге баулу;

  • Адамгершілік, рухани қасиеттерді оқушылар бойына сіңіру, отансүйгіштік сезімдерін шыңдау;


Кештің көрнекілігі: кітаптар көрмесі, ақын портреті, ақын туралы лебіздер жазылған плакттар, интерактивті тақта

Мұғалім: Қайырлы күн, құрметті оқушылар, ұстаздар! Бүгінгі біздің тәрбие сағатымыз қазақ халқының ардақты ақыны Мұхтар Шаханов шығармашылығына арналады. Біздің сабағымыздың мақсаты:

  • Қазақ поэзиясында өзіндік орны бар Мұхтар Шаханов шығармашылығының терең иірімдеріне үңілу, тарихи шындықты, сөз өнерімен өрнектелген әсемдікті түйсіне білуге баулу;

  • Адамгершілік, рухани қасиеттерді оқушылар бойына сіңіру, отансүйгіштік сезімдерін шыңдау;

1-жүргізуші: Өз елінің намысын ту қып ұстаған ақын өмірбаянына сөз берсек...

Туған жылы: 1942 жыл 2 шілде

Туған жері: Оңтүстік Қазақстан облысы, Отырар ауданы, Шілік ауылы

Қызмет жолы:

трактордың тіркеушісі;

  • Облыстық «Оңтүстік Қазақстан» газетінде корректор, әдеби қызметкер;

  • «Лениншіл жас» газетінде оңтүстік облыстар бойынша меншікті тілші;

  • Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының хатшысы;

  • Республикалық «Жалын» журналының бас редакторы;

  • КСРО халық депутаты, КСРО Жоғары Кеңесінің мүшесі, ҚР халық депутаты;

  • Қырғыз Республикасының Халық ақыны (1994ж.)

  • Қазақстанның халық жазушысы (1996ж.)

2-жүргізуші: Мұхтар Шахановтың сынып жетекшісі болған Әбдіқұл Қошанов ақынның мектептегі кезеңін былай деп суреттейді: «Мұхтардың әкесінің аты Шахан еді, ауыл тұрғындары оны «Шахан молда» деп атайтын. Анасының есімі – Ұмсын. Мен ол кезде «Жұлдыз» орта мектебінде қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болып жұмыс істейтінмін. 1954 жылы Мұхтар біздің мектептің 4-ші сыныбына оқуға келді. Келесі жылы мен сынып жетекшісі болдым. Мұхтар сол кезде-ақ кітапқа құмар болып өсті. Әдебиетті көп оқитын, өлеңдерді жатқа айтатын. Сол кездегі атақты ақындардың кітабын қолынан тастамайтын. Сабағы жақсы, момын болатын, ешкіммен ұрысып-төбелескенін көрмеппін. Ол велосипедпен келе жатса да ойына өлең шумақтары түссе болды, дереу жерге отыра қалып, оны дереу қойын дәптеріне жазып алатын. Сондайда оны түсінбейтін кейбіреулер «Шаханның баласына бірдеңенің шалығы тиген бе?» десіп жататын».

1-жүргізуші: Ақын аға есімінің Мұқтар болуының да өзіндік сыры бар. Өз есімінің Мұхтар қойылуын ақын «Мені неге Мұхтар қойған» өлеңінде былай деп жырлайды...

«Мені неге Мұхтар қойған» өлеңі оқылады. (Исин Қ.)





МEHІ НЕГЕ МҰХТАР ҚОЙҒАН


Мұрат Әуезовке
 
Мықтылардың күйін шертіп өтер күн,
Заман – терек, адам соның бұтағы,
Мен туғанда, досым, сенің әкеңнің
Жазылыпты Абай жайлы кітабы.
Менің әкем соны оқып,
Ұзақ түндер отырыпты оңаша.
Біp биікпен табыстым деп тамаша,
Шаттаныпты балаша.
Айқара ашып аспанын,
Жинап барлық достары мен қастарын
Ниетімді құптар деп,
Бұл ecімдe ерекше біp құт бар деп,
Мына мендей перзентіне сол күні
Ат қойыпты Мұхтар деп.
Атқа міндім...
Болса да көп арманы,
Әкем марқұм ол күнді көре алмады.
Көре алмады ол тағдырдың мергендігін,
Ұланының жырдан гүл тергендігін.
Абай, Мұхтар бастаған елге әйгілі
Ұлы көштің соңынан ергендігін.
Мұхтар деген – киелі ат, марқұм әкем
Маған тегін қоймаған бұл есімді.
Мені осынау сенімнен айырма, Отан!
Қастарыма күшімді пайымдатам.
Өзім қанша мықтыны мойындадым.
Енді өзімді соларға мойындатам!

1-жүргізуші : Атақты «Қорлан» әнінің авторы Естай ақын 72-келіп, тіршілікпен қоштасар шағында аласұрып, жан досы Нұрлыбекті іздепті, екі күндік қашық жерде тұратын Нұрлыбек аттан құлап, аяғын сындырып алғанына қарамастан арбаға жамбастай жатып, досына жеткен екен. Сонда Естай әбден жұқарып тозуға айналған сұқ саусағындағы жүзігін көрсетіп: «Сүйегіме кіретін қарттарға ескерт. Мына жүзікті жарты ғасыр қолымнан тастамай келгенімді білесің. Ендеше, қалған ғасырларда да саусағымда жарқырап жатсын, ұлы сезімін кішкен жүзігіне сидырған қайран Қорланым-ай!» - деп ағыл-тегіл жылапты.

«Ғашықтық ғаламаты» (Қайыргелді Гүлзат)

1-жүргізуші: Ақын өлеңдеріне жазылған әндерді әнсүйер қауым қалай әуелете шырқады десейші! М.Шахановтың «Арыс жағасында», «Кешікпей келем деп ең» өлеңдері қазіргі таңда халық арасында кең тарап, үнемі айтылып жүр, сахна репертуарларынан түспейді. Бұл өлеңдерді М.Шаханов 1965-1966 жылдары жазған екен. Мұндағы айтылатын басты тақырып-ол махаббат. Соның бірі «Арыс жағасында» өлеңінде махаббатпен қоса табиғат та анық суреттеледі. Яғни, сол бір Арыс өзені бойында алғаш рет екі қос ғашықтың кездескені жайлы, сонымен қатар Арыс өзеніндей осы бір күн де құлпырып тұрғанын ақын көркемдеп жеткізеді.

М.Шаханов өлеңіне жазылған Ш.Қалдаяқовтың «Арыс жағасында» әні орындалады. (Нұрмағанбетов Арман)


2-жүргізуші: Мұхтар шығармаларының негізгі лейтмотиві – адамдықты, адалдықты, әділдікті, тазалықты, пәктікті паш ету; ездікті, зұлымдықты әшкерелеу. Тегінде, бұл – бүкіл ақ ниетті өнер атаулының мұраты болса керек. Бірақ, Мұхтар осы жайларды ешкімге ұқсамай, өз даусымен, өз дәлелімен өрнектеуге тырысады. Мысалы:
«Өмір жайлы сан толқыдым, толғандым,
Достар, достар менен үміт үзбеңдер
Мені кілең адал ойлы жандардың
Қатарынан іздеңдер», -
дейді ақын. Оның өлеңдері бірде осылайша жан сезімін алдыңызға бар ақиқатымен жайып салған адамның сырындай қабылданса, енді бірде жігерлендіруші күш танытып отырады:
Өзің-ақ айтшы ғаламда мынау
Жеңудің бәрі жеңіс пе?
Жігітке арман жеткізіп пе еді
Өз сорын өзі жеңбесе.
Өмірдің барлық сәтсіздіктері
Бақытсыздық емес ендеше!
Өмірде өз қабілетіңді дұрыс танып, қоғамның, халқыңның қажетіне жарау үшін арманды дұрыс таңдай білу керектігін уағыздай отырып, осындай қорытындыға келді.
М.Шаханов «Жігерлендіру» (Малшиев Әлібек)

Өзін бақытсызбын деп
есептеген жігітке жауап
 
Сен жыладың, жігітім,
Көп көрдім деп тұрмыстың тапшылығын,
Қайтпады деп жұртқа еткен жақсылығым.
Сен жыладың,
Сезімің жасып ағып,
Кіп-кішкентай балаңды қасыңа алып...


2-жүргізуші: М.Шаханов ой маржанын бүкіл әлемнен, ал поэзияның бастауларын халықтық жырдан іздейді. Мұхтардың «Жеңілген жеңімпаз хандығы Отырар дастаны немесе Шыңғысханның қателігі» атты шағын поэмасындағы қираған қаланың тағдыры бүгінгі халық тағдырымен тікелей астасып, ұрпаққа ауыр да абыройлы жауапкершілік жүктегендей болады. Сатқындықтың құрбаны болған Отырар ойран болды. Осы кезге дейін дауасы табылмаған сатқындық туралы, адам бойындағы ең жек көрінішті қасиетті ақын осылайша өз жырына арқау етті.

«Жеңілген жеңімпаз хандығы Отырар дастаны немесе Шыңғысханның қателігі» поэмасының желісі бойынша қойылым.


Қойылым «Отырардың күйреуі»

1-жүргізуші: Мұхтар шығармаларының ерекшелігі, адамды селт еткізер тұсы - өлеңнің ішкі мазмұны, өлеңдегі ойдың тереңдігі мен көкейкестілігі. Айтар ой, айшықты сезім кейіпкер тағдырымен, ақынның өз тағдырымен тікелей астасып жатады.

Оның өлеңіне жазылған әндер де осыны растайды, ән әуендері иірімге толы, кең тынысты болып келеді. Ақын өлеңіне жазылған «Отырардағы той» әні шет ел сахналарында да айтылып жүрген танымал әндердің бірі.


Ақын өлеңіне жазылған «Отырардағы той» әні. Назым Абдрасимова


2-жүргізуші: Мұхтар Шаханов «Желтоқсан оқиғасына» орай азаматтық әрі парасаттылық көрсетті.

Өзі айтқандай:

Ұлттың бағы жанар ма екен хас тұлпары, нары жоқ,

Ал, біреулер намысы жоқ, жігер, қауқар, қоры жоқ.

Кемсітпекші «желтоқсанның жалаң аяқтары» деп

Жоқ!!! Кешегі сын сағатта көкірегінде жанып от,

Тұрған олар аяз сорған қызыл беттің ары боп,

Дәуірінің тауығына шашылмаған тары боп. Мұхтар Шаханов жайлы қандай еңбек жазылса да, Желтоқсан оқиғасы мен ақын Мұхтар есімі қатар айтылары анық.

1-жүргізуші: Қазақ халқының басына түскен сол ауыр жылдары Мұхтар Шаханов етегі жасқа толған қазақ аналарының рухани демеушісі, жұбатушысы болды.

Қ.Рысқұлбековтың Анасына хаты (қойылым)

Оралу

Әбдірахман Әлия

          (Мойынқұмдағы Қайрат Рысқұлбековтің

ескерткішін ашардағы сөз)

Нақ төрінен мәңгі ит жығыс түсіп

жатқан майданның,

Жігеріңмен көктен өтіп,

Ұлт мүддесін шекпен етіп,

Төбең бір сәт көкке жетіп

Өз өлкеңе ескерткіш боп оралдың ба, айдарым!

Жетекке алып саналы арман,

Бүршігінді жаңа жарған шағыңда,

Денең қалып сонау Семей түрмесінің маңында

Мойынқүмның топырағын қайта бастың кемелдеп,

Ара жігін ерлік пенен ездіктің

Бір-ақ қадам екендігін дәлелдеп.

Қиын сәтте жалау еткен намысын,

Даңқың ассын, қайсар ұлан, жанын қиған ар үшін.

Ноғайбайдың перзенті боп Алматыға кетіп ең,

Бар қазақтың мақтаны боп қайта оралдың,

арысым .

Өлең «Желтоқсан алаңы» (Жаңабаев Әділет)


    Сәл аялдап, тағзым етпей бұл алаңнан өтпеңдер...

Желтоқсанда ызғырықтан тiтiркенiп көк пен бел,

Бұл жер, қалқам, асқақ рух жарылысы өткен жер,

Қайта оянған ұлт намысы қызыл қанға бөккен жер,

Ерте есейген ару қызды шаштан сүйреп, тепкен жер,

Жатты мұнда естен танып, күзге айналған көктемдер...

Алаң шетiн қоршап тұрған шыршаларға ала көк,

Жас бүлдiршiн, сезiмiңдi жанар етiп қарап өт.

Сол арадан сатқындық та елестейдi қара бет,

Қара беттiң көбi бүгiн дара тұлға, дара бет.

Жас бүлдiршiн, мұз құрсанған шыршаларға қарап өт,

Заманыңның жеңiсi мен жеңiлiсiн санап өт.

Ұлттың бағы жанар ма екен хас тұлпары, нары жоқ,

Ал бiреулер намысы жоқ, жiгер, қауқар, қары жоқ

Кемсiтпекшi "желтоқсанның жалаң аяқтары" деп.

Жоқ!!! Кешегi сын сағатта көкiрегiнде жанып от,

Тұрған солар аяз сорған қызыл беттiң ары боп,

Дәуiрiнiң тауығына шашылмаған тары боп.

Тiрлiктегi әр iсiңнiң жаңғырығы болады,

Бұл табиғи жасырын заң өзгерiссiз қалады,

Сол заңға сай сенi бақыт не сор iздеп табады.

...Дүниенi дүр сiлкiнткен жас толқынның саналы

Даңқын ешкiм, ешкiм бүркей алмас.

Оны да еске салады,

Желтоқсанның бас алаңы, қайсар рух алаңы.

Ән: «Желтоқсан тағлымы» (Сүлейменов, Малшиев)

2-жүргізуші: Мұхтар Шаханов - өз әріптестерінің арасында да өте жоғары бағаға ие болған ақын. Ол туралы лебіздердіі тыңдасақ:

1-оқушы.

Мұхтар Шаханов - өзінің адасқақ дүлей дәуірінің белсенді ар-ожданы. Оны билік тұғырындағылар бағалай қояр мекен? Бірақ мен осындай азаматтың өзіме жақын дос екенін мақтан етемін.

Расул Ғамзатов

2-оқушы.

Ашық айтар болсақ, бүгінгі өз замандастары арасында Еуропада Шахановқа тең келер ақын жоқ.

Роберто Чиули

3-оқушы

Ол – жаңаша ойлау дүниесінің өрені. Менің пайымдауымша, мұндай өзгеше мән-мазмұнға ие ақын бүгінге дейін күллі Азия әдебиетінде болған жоқ... Нақ осындай заңғар деңгейдегі ақын XX ғасыр мен XXI ғасыр аралығында бой көрсетуі керек –ақ еді. Ол ақынның Мұхтар Шаханов екені даусыз.


Шыңғыс Айтматов



1-жүргізуші: Ақын Олжас Сүлейменовке арналған мына өлең ақынның достықты қадірлей білетіндігіннің айғағы іспеттес.


«Біз әрқашанда біргеміз» өлеңі (Арман Сұлтаналин)

1 -жүргізуші:

Өзендер мен көлдердің

Көлден шалғай шөлдердің,

Биіктер мен алыптардың

Жылулар мен жарықтардың арасын жалғап келген бір ән бар, - деп ақынның өзі жырлағандай, оның көп өлеңіне ән де шығарылған. Көпшілікке танымал бұл әңдердің сөзін жазған М.Шаханов екенін біле бермеуіміз де мүмкін. Бұл әндер: «Айналайын», «Арыс жағасында», «Әке туралы жыр», «Кешікпей келем деп едің», «Ақ бантик» және тағы басқа көпшілікке танымал әндер.

«Кешікпей келем деп ең» әні (Қайыргелді Г., Төлеубаева А)

2-жүргізуші:

Безбүйрек нарықтың бәсейтіп даңғырын,

Зарланған, қорланған туған тіл тағдырын

Космополит басшылар шешпей ме, шеше ме?

Тіліміз қала бере ме панасыз адамдай көшеде?

Ұлт үшін қазір бұл – Нөмірі бірінші мәселе.

Тіл тағдыры – ұлт тағдыры. Ақын туған тілінің тағдырына алаңдайды. Оның бір топ өлеңдері осы тақырыпқа арналған.

«Рух пен тіл» өлеңі (Нұртасова Ж.)

   Табиғаттың өзгермейтін заңына бұр бетіңді,

Қай кезде де туған тілің туған анаң секілді.

Бабалардың арманы бар мына қызыл гүлдерде,

Олар елін, тілін қорғап жанын қиған бұл жерде.

Ұлтсыздану заманында,

Тілің нарық табанында,

Көнбістік бар қадамыңда,

Рухыңды басып кетті қарын.

Тіліңді жоғалтсаң,

Діліңді жоғалтсаң           

Жоғалтасың бәрін.

Адам қанша болғанымен дарынды әрі табанды,

Туған жерін сүймей тұрып сүймек емес ғаламды.

Өзге ананың мазмұнына, мерейіне тор құрар,

Алдыменен өз анасын сүйе алмаған сорлылар.

Нарық-ғасыр бәрін сатып жібере ме алтынға,

Кім қалады сол алтынға сатылмайтын қалпында?

Жалғандық бар ұлтсыздардың беделі мен даңқында,

Ана тілін сыйламаған сыйламайды халқын да.


1-жүргізуші: Құдіретті төрт анамыздың барын бағамдатып, төрт тілек тағанымызды түгендеп берген де Мұхтар Шаханов. Ол өз шығармаларында туған жер құдіреті, ата-баба дәстүрі туралы терең танымдық түйіндер жасайды.

«Төрт ана» өлеңі (Жаңабаев Әділет)

2-жүргізуші: Мына ән шумақтары бәрімізге де таныс болар,

Өзің едім тірегім де,

Жыр боп тұндың жүрегімде

Мені сендей түсінетін

Кім бар екен бұл өмірде?

Бұл әннің өлеңін жазған Мұхтар Шаханов екенін көбіміз біле бермеуіміз мүмкін. Әр өлең жолынан сүйген жардың ерке назы мен сүйгеніне деген адал сезімі шуақ болып есіп тұрғандай....

«Айналайын» әні Қоғамбек Әйгерім


Мұғалім: Мұхтар Шаханов поэзиясы – бұл адамгершілік поэзиясы, бұл – намысты жанитын, рухты оятатын поэзия. Бүгінгі кешімізден соң ақын шығармашылығына деген қызығушылықтарыңыз оянса, біздің мақсатымыздың орындалғаны. Бәріміз де сүйіп тыңдайтын «Мен саған өкпелемеймін» әнін бірге орындайық.  

1-жүргізуші:

Ән туады мұраттан,

Ой туады сұрақтан,

Небір үлкен өзендер басталады бұлақтан.

Бірақ соның барлығы жете алмайды теңізге,

Жоғалтады өзді-өзін, түседі де көп ізге.

Өмір кейде тым қатал, өмір кейде тұйықтау,

Кей өзеннің жолына бөгет болды биік тау.

Небір асау, асығыс, шулы өзендер ақ тарлан

Арып-арып барған да, құмға сіңіп жоқ болған.

Жолсыздық пен жөнсізді жалықты көз көруден,

Құтқар анау өзенді құмға сіңіп өлуден.

Құтқар анау аққуды сол өзеннен жеруден,

Ағын судан зерігіп, шалшық суға сенуден.

Өзен болу - үлкен сын,

Бақыт емес ол да аса

Теңізге ағып баруға мүмкіндігің болмаса.

2-жүргізуші: Өмірде өзімізді жоғалтып алмай, арманның биік асуларынан көріне берейік деген тілекпен бүгінгі М.Шаханов шығармашылығына арналған әдеби -сазды кешімізді аяқтаймыз.

Краткое описание документа:

Бұл сабақ әзірлемесі М.Шаханов шығармашылығына арналған, ештің мақсаты:

·         Қазақ поэзиясында өзіндік орны бар Мұхтар Шаханов шығармашылығының терең иірімдеріне үңілу, тарихи шындықты, сөз өнерімен өрнектелген әсемдікті түйсіне білуге баулу;

·         Адамгершілік, рухани қасиеттерді оқушылар бойына сіңіру, отансүйгіштік сезімдерін шыңдау;

 Ақын өлеңдеріне жазылған әндерді әнсүйер  қауым қалай әуелете шырқады десейші! М.Шахановтың «Арыс жағасында», «Кешікпей келем деп ең» өлеңдері қазіргі таңда халық арасында кең тарап, үнемі айтылып жүр, сахна репертуарларынан түспейді. Бұл өлеңдерді М.Шаханов 1965-1966 жылдары жазған екен. Мұндағы айтылатын басты тақырып-ол махаббат. Соның бірі «Арыс жағасында» өлеңінде махаббатпен қоса табиғат та анық суреттеледі. Яғни, сол бір Арыс өзені бойында алғаш рет екі қос ғашықтың кездескені жайлы, сонымен қатар Арыс өзеніндей осы бір күн де құлпырып тұрғанын ақын көркемдеп жеткізеді �йіспеншілігін арттыру, әдемілікті түйсінуге, туған табиғатқа қамқорлық жасауға тәрбиелеу; 

 

Сабақтың типі: жаңа сабақты меңгеру

Сабақтың түрі: аралас

Сабақтың әдісі: баяндау, түсіндіру, әңгімелеу, көрнекілік, сұрақ-жауап

Сабақтың көрнекілігі: ақын портреті, табиғатты  бейнелейтін суреттер, тірек сызбалар, интербелсенді тақта

Пәнаралық байланыс:  бейнелеу өнері, саз өнері, қазақ тілі

 

Кештің көрнекілігі: кітаптар көрмесі, ақын портреті, ақын туралы лебіздер жазылған плакттар, интерактивті тақта 

Автор
Дата добавления 07.05.2015
Раздел Классному руководителю
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров2488
Номер материала 516148
Получить свидетельство о публикации

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх