Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Начальные классы / Другие методич. материалы / Әлемдегі кереметтің барлығы ұстаздан
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Начальные классы

Әлемдегі кереметтің барлығы ұстаздан

библиотека
материалов

Әлемдегі кереметтің барлығы ұстаздан

Ұстаз адамның жан-жақты түсінігі мол,

қандай істі болса да тез шешіп,

тұжырымдай алатын, ұшқыр ойлы,

көреген, батыл һәм шешен болуы керек.

Ұстаз шындық пен әділдіктың қажымас

жақтаушысы, қайратты күрескері болуы

Тиіс,-дейді

Әбу Насыр әл-Фараби

              Шындығында  мұғалім  барлық  мамандық   иесін  тәрбиелейтін,  оқытып үйрететін  абзал  жандар.  «Мұғалім  мамандығы-барлық  мамандықтың  анасы»  деп  қалай  дәл  тауып  айтқан. Ұстаз  алдынан  тәрбие  алмайтын  жан  жоқ. Ұстаз  берген  тәрбие  әрбір  жанның  өміріне  жол  сілтер  шамшырақ  болары  анық.

Ғылым  иесі  ғалым  да,  ел  қорғаған  батыр  да, тілінен  бал  тамған ақын  да,  тегеуріні   темір   балқытқан   жұмысшы  да, егін  салған диқан да, мал  бағып   терін   төккен  шопан  да, көк  күмбезінен  әрі  өткен ғарышкер  де  бәрі-бәрі  ұстаздан  білім,  тәлім  алған,  сондықтан ұлағатты  ұстаздарға  бүкіл  адам баласы  құрметпен  бас  иеді.

Қиындығы  да, қызығы  да  жетерлік, ең  бастысы-жауапкершілігі   жоғары  мамандықтың бірі  ұстаздық  ету  екені  ақиқат. Өйткені  бұл  мамандық  иелерінің  мойнына ешнәрседен хабары  жоқ, мыңдаған  тарыдай   ғана   бүлдіршіндердің   бойына  білім  нәрін  сеуіп, тәрбие  ұрығын  егіп,  таудай  азамат  етіп  шығару  міндеті  жүктелген.

Сондықтан  басқа мамандық  иелерінің  баршасы да  ұстаздарға борыштар деп  ойлаймын. Ұрпақ болашағы, халқымыздың келешегі қазіргі ұстаздардың қолында.

Қыран  түлегіне  қайтпас  қанат  сыйлайды, ұстаз  шәкіртіне  талмас талап сыйлайды»  демекші,  ұстаз қай кезде де мектептің жүрегі, қоғамның  тірегі. Қоғам, тұлғаны  қаншалықты жетілдірсе, жетілген тұлға қоғамды соншалықты  дәрежеде дамытады.

Сондықтан  қоғам  дамуында  білім  беру ең маңызды  мәселе  болып табылады. «Келер  ұрпақ алдында  зор жауапкершілік жүгін арқалап келеміз» деген Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев, бүгінде мұғалімдер алдында үлкен жауапкершілік жүктеді. Өйткені, әрбір мемлекеттің  өсіп  өркендеуінің,  бәсекеге қабілетті болуының ең басты ошағы – ұстаз берген білімде.

Сондықтан да дамудың ең биік көкжиегінен  көрінгісі  келген  кез  келген мемлекет  ең  алдымен, білім  беру саласын дұрыс  жолға  қойып, сапасын көтеруді мақсат етеді. Ендеше, осындай бәсекеге қабілетті, рухы биік ұрпақ  тәрбиелеу  жаңа  формация мұғалімінің  еншісіне  тиері  анық. Ұстаздан  дәріс  алмаған  адам  қазір  жер  бетінде  жоқ  десе  де болар.  Бұл мамандық содан  да  киелі.  Жан-Жак  Руссоның  «Ұстаз  болу – өз  уақытыңды  аямау, басқаның бақытын  аялау»  деген  нақыл  сөзі жаныма  өте  жақын.

Ұстаз  білгенін  үйретуші ғана  емес,  тұла  бойы  тұнған  өнеге,  ақ  тілеулі  ана  тәрізді барлық  адамның  бойынан жақсылық  іздейтін  ізгі  ниет  иесі.  Шәкірті  өзінен  озған ұстаз – еңбегі  ақталған  ұстаз. Өйткені, өмірдің заңы даму, ілгерілеу, озу. Өзінен озған шәкірт тәрбиелейтін  шебер  ұстаз үздіксіз  ізденісте  болып,  қоғам  сұранысына сай  білімді, шығармашыл, өзін-өзі дамытып,  жетілдіре  алатын  болуы қажет  деп  ойлаймын.   Маман ұстаз ретіндегі негізгі ұстанымым: баланы тұлға деп тану, оның  пікірімен  санасу, оқушының кішкентай қуанышын,  табысын  бағалай  білу.

Ұстаз мәңгі нұрдың қызметшісі, ол барлық ой мен қимыл-әрекетіне ақылдың дәнін сеуіп, нұр құятын тынымсыз лаулаған жалын иесі.
Ол өзінің барлық жігерін, білімін, бойындағы барлық бағалы қасиетін өзінің оқушыларына, халыққа беріп отырады.

Сондықтан  бүгін  білім  берудің  сапалы  болуы  үшін:

  • біріншіден,  ұстаздың  жан-жақты  академиялық  білімінің  болуы;

  • екіншіден,  мұғалімнің  өз  мамандығына  деген  шынайы  сүйіспеншілігінің  және  ешқандай  дипломмен  бірге  берілмейтін  шығармашылық  қабілеті,  балаға  деген  кіршіксіз адамгершілік  қасиеттері  болуы  шарт.

Осындай  жаңа  даму  үрдісі  алға  басып  отырғанда  Елбасы Н.Назарбаев  «Болашақта еңбек  етіп,  өмір  сүретіндер-бүгінгі  мектеп оқушылары,  мұғалім  оларды қалай тәрбиелесе,  Қазақстан  сол  деңгейде болады.  Сондықтан  ұстазға  жүктелетін міндет ауыр»-деген  еді.  Біз  осы  сөзге  сай  болуымыз  керек. Ұстаз мамандық әлеміндегі ең ғажайып мамандық. Көзі жаудырап алдында отырған шәкірттер ертеңгі ел басқаратын, ғылымның тылсым сырын ашатын, қоңыр даланың ғарышқа самғайтын немесе ақылдың нұрымен суарып кітап жазатын еліңнің ертеңгі қожалары емес пе!

         Еліміз өркениетті  елдер  қатарынан  орын алып, ұрпағымыз  қоғам  қажеттілігіне  сай   болып  жатса, бұл -  ұстаздар еңбегінің  жемісі. Олай  дейтінім,  ақын  мен батырды да, алып пен дананы да ұстаздар  тәрбиелейді.  Мұғалімі  қандай  болса, қоғамы да  сондай  болмақ  делінген  бұлжымас  заңдылық  ерте  уақыттардың  өзінде–ақ  белгілі  болды.  Адамзат өркениетінің  даму  тарихында  жақсы  мектебі мен  мұғалімдері  бар  мемлекет  ғана  алға  озып  шыққан.      Мектептегі  білім мен тәрбие  оқушыларды  халқымыздың  бай  мәдениеті  негізінде  тәрбиелеп,  ғылым  негіздерін  игертіп,  ой – өрісі кең,  шығармашыл, іске  әрқашан  әзір,  салауатты  азамат  қалыптастыруды  қажет  етеді.

         Қай қоғамның  болсын жедел жаңаруы сол қоғамның талап-тілегіне, арман-мүддесіне байланысты. Жедел жаңару немесе халықаралық тілмен айтқанда, модернизация – мемлекеттің жаңа жағдайға сай дамуы мен өркендеуіне себепші кешенді іс-шаралардың жүйесі.

         Білім мен тәрбиенің бұтақ жайған бәйтерегіндей болған қазақ 5 КМЛ жеке тұлғаның қалыптасуына, оның жан-жақты үйлесімді дамуына, салауаттылық,  құзіреттілік деген адами құндылықтарды оқушы бойына сіңіруге ат салысудамын.

         Ж. Аймауытов: «Мектеп бітіріп шыққан соң бала бүкіл әлемге, өзгенің және өзінің өміріне білім жүзімен, ашылған саналы ақыл көзімен қарай білсе, міне, білімділердің көздейтін түпкі мақсаты – осы. Мектеп осы бағытта баланың келешекте жетілуіне мықты негіз салуы керек»,- деген.

  Ұлағатты ұлылықты бала жүрегіне сіңіріп, дарындылықты дамытатын ұстазға тән қасиет: іскерлік, жаңашылдық, келешекті болжай білуге ұмтылу.

Қазіргі таңда әрбір мұғалім дана халқымыздың: «Ең жоғарғы сый – көңілмен сыйлау, ең жоғарғы тәрбие – сөзбен тәрбиелеу, ең жоғарғы қуаныш – рухани қуаныш. Әлемде оны ештеңемен ауыстыруға болмайды»,- деген  ұлы сөзін   өмірлік ұстаным ету қажет тәрізді. Өйткені, мектеп – білім ордасы болса, ұстаз – оның тұлғасы, ал шәкірт – өмір жалғасы.

         Қанаттанып жатқан қазағымның жарқын болашағын болжап, намыс оты шоқ болып жүрегіңе түскенде рухты сезімнің құшағында қалады екенсің. Бүгінгі таңда алтын шырақ – білімдінің қолында. Өшпейтін өмірдің өзегі іспетті ұрпақ тәрбиешісі – Ұстаз жаққан от ешқашан сөнбейді.





















Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Краткое описание документа:

Әлемдегі кереметтің барлығы ұстаздан

Ұстаз адамның жан-жақты түсінігі мол,

қандай істі болса да тез шешіп,

тұжырымдай алатын, ұшқыр ойлы,

көреген, батыл һәм шешен болуы керек.

Ұстаз шындық пен әділдіктың қажымас

жақтаушысы, қайратты күрескері болуы

Тиіс,-дейді

Әбу Насыр әл-Фараби

 

              Шындығында  мұғалім  барлық  мамандық   иесін  тәрбиелейтін,  оқытып үйрететін  абзал  жандар.  «Мұғалім  мамандығы-барлық  мамандықтың  анасы»  деп  қалай  дәл  тауып  айтқан. Ұстаз  алдынан  тәрбие  алмайтын  жан  жоқ. Ұстаз  берген  тәрбие  әрбір  жанның  өміріне  жол  сілтер  шамшырақ  болары  анық.

Автор
Дата добавления 05.05.2015
Раздел Начальные классы
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров373
Номер материала 512475
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх