Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Начальные классы / Другие методич. материалы / Әлемдік білім беру кеңістігіндегі желілік қоғамдастықтың орны (баяндама, тәжірибемен бөлісу)
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 24 мая.

Подать заявку на курс
  • Начальные классы

Әлемдік білім беру кеңістігіндегі желілік қоғамдастықтың орны (баяндама, тәжірибемен бөлісу)

библиотека
материалов











Әлемдік білім беру кеңістігіндегі желілік қоғамдастықтың орны

Баяндама,тәжірибемен бөлісу.



Дайындаған: Долдина С.Қ.

бастауыш сынып мұғалімі

























Әлемдік білім беру кеңістігіндегі желілік қоғамдастықтың орны

Заманауи қоғамның тіршілігінде желінің маңызы күннен күнге артып отыр. Қазіргі заманғы ұйымдар желілердің білім және инновациялар алмасу үдерісінде маңызды екендігін атап көрсетуде. Білім беру саласы ұйымдастырушылық оқшаулау дамуға кедергі келтіретінін мойындап отыр. Сондықтан мектептер арасындағы ынтымақтастық, мектептерде оқитын оқушылардың ғана емес, барлық балалардың мүддесі үшін мектептердің «Білім беру желілеріне» бірігуі уақыт өткен сайын маңыз алуда.

Білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру аясында экономиканың тұрақты өсуі үшін сапалы білім беруге қол жеткізуді қамтамасыз ету жолында білім берудің бәсекеге қабілеттілігін арттыру, адам капиталын дамыту мақсатында Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектептері мұғалімдерінің  біліктілігін арттырудың деңгейлік бағдарламасы бойынша оқуға педагог кадрларды белсенді тарту болып табылады.

Бағдарламаны іске асырудың тұжырымдамалық негіздері мен деңгейлік қағидаттары оқып шыққан сертификатталған педагог кадрларға коучинг пен менторинг үдерісі арқылы оқытудың тәжірибесін өзгертуге, желілік педагогикалық қоғамдастық қызметі 21 ғасырда оқушылардың сын тұрғысынан ойлау, өзін-өзі ынталандыру, өзін-өзі реттеу, оқи білу дағдыларын белсенді әрі табысты қолдануға дайындығын қалыптастыруға ықпал ететін қажетті білім ортасын құруға мүмкіндік береді.

Бүгінгі күні оқыту сипатына жаңаша қарап, оқушылар өздерінің тану ерекшеліктеріне неғұрлым сәйкес келеді деп есептейтін тиімді оқыту стильдерінің жаңа тұжырымдамалары оқытудың іргетасын қалауға тиіс деген пікір кеңінен таралған. Осы қағидаттарға негізделген оқыту тәсілдері бүгінгі күнгі танымдық және метатанымдық ғылымға сәйкес әзірленген оқыту үдерісінің және білім мен түсінік алудың қазіргі негіздемелерінің нәтижелері мен рөлін неғұрлым нақты көрсетеді».

Білім беру желілері біздің санамызда өзгеріс енгізуді үйрету үдерісін бейнелейтін маңызды стратегия деп саналады.

Білім беру желілері арқылы мектептер арасында ынтымақтастық орнату ұлттық және халықаралық деңгейде қолдау тауып отырғаны белгілі. Бірақ Лейтвуд және Левин білім беру желілері өздерінің жұмысы тиімді әрі сенімді екендігіне жұртшылықтың көзін жеткізу үшін өздерінің нәтижелеріне ерекше көңіл бөлу керек екендігін еске салады.

Табысты желіні дамыту жігерлі әрі табанды жұмысты талап етеді. Желіге тартылған адамдар бастапқы кезеңде желіде жұмыс істеу қызықты болғанымен, қиын екендігін ашық айтады. Құрылу кезінде құрылым құру, қарым-қатынастар орнату, жалпы мақсаттарды айқындап, құндылықтарды біріктіру сияқты бірқатар әрекеттерді орындау қажет болады. Фуллан атап өткендей, желілер «барлық аурулардың жалғыз емі» емес, әрине, және білім беру жүйесіндегі барлық проблемаларды шеше алмайды. Алайда ол барлық балалардың жетістігін құрайтын жоғары стандарттарға және теңдікке қол жеткізу әдістерінің бірі болып табылады.

Желі жетістікке жетуі үшін оның шын мәнінде қажет екендігінің анық әрі нақты себебі қажет. Желі қандай да бір заттарды қалай істесе, жақсы болатындығының жолдарын ұсынып, сынақтан өткізілген және тексерілген оқыту үдерістерінің құндылықтарын ұлғайтуға тиіс. Табысқа қол жеткізген білім беру желілері туралы деректерді зерделеу оларды құру идеясы моральдық құндылыққа негізделу қажеттілігін көрсетті – желінің құрамындағы барлық мектептерде бірлесіп жұмыс атқарсақ, балаларға барынша терең білім береміз деген сенім болуға тиіс. Тиімді білім беру желілерінің ешбір шаблоны болған емес. Олардың құрылымы өздері кіретін мектептердің саясатына және оқушыларының қажеттіліктеріне сәйкес келуге тиіс.

Тиімді желінің ең басты ерекшелігі сенімділік болып табылады. Бірлесіп жұмыс істеген кезде желіге қатысушылар сенімділікке негізделген қарым-қатынас құрудағы мүмкіндіктерін ұлғайтады. Желіге қатысушылар бұл болашақ оқыту үшін, өзінің мүддесінде, сондай-ақ желінің мүддесінде инновациялық тәсілдерді құру үшін аса қажет деп есептейді. Бастапқы кезеңдердегі іс-әрекеттер неғұрлым көп топтардың қатысуын қамтамасыз ете отырып, ортақ мақсатты дамытуға арналуға тиіс және жай ғана бастамашыл адамдардың шағын тобы болып қана қоймай, қарқын алып дами беруі керек.

Көшбасшылық, команда құру және басты рөлдер

Желідегі көшбасшылық басқа мектептермен жүргізілген ынтымақтастық оларға пайда әкелетініне сенетін мектеп басшыларына байланысты. Мектеп директоры үнемі көшбасшы бола бермейтінін мойындау маңызды. Бұл жерде басқа адамдардың көшбасшылығына жағдай жасап, серіктестікке сенім білдіру туралы сөз болып отыр. Зерттеу нәтижелері желіні ұйымдастыруда сәтті құрылған серіктестіктің оң ықпал ететіндігінің көптеген негізгі факторлары бар екенін растады.

Табысты желілер реформа жүргізу жөніндегі көптеген жұмыс топтарын құру арқылы жұмыс істейді.

Басшылық етуші топтар реформа жүргізу бағытында орындалатын жұмыстарды бағыттайды, басқарады және бақылайды. Басшылық етуші топтар әдетте желіні жақсарту жөнінде жоспар құру үшін жауапты болады. Сондай-ақ бұл топтар желілік қорлардың бөлінуін және пайдаланылуын бақылайды әрі мүдделі адамдарды тартады.

Үйлестіруші топтар желінің әртүрлі бөлімдері арасындағы қызметті реттейді. Үйлестіруші топтар мектептер арасындағы және желі ішіндегі бірлесіп өткізілетін іс-шараларға қатысты шешім қабылдайды.

Дамытушы топтар желінің даму жоспарларында басым сала ретінде белгіленген салаларда оқыту мен оқу үдерістерін жетілдіру әдістеріне назар аударады. Дамытушы топтар оқу бағдарламаларын әзірлеп, оқытудың жаңа стратегияларының қабылдануына қолдау көрсету арқылы желіні дамытуға өз үлестерін қосады.

Желілік қоғамдастық - оқушылар жоғары нәтижелерге жету үшін бір мектептің шегінде, болмаса мектептер арасында оқыту мен оқу үдерістерін жетілдіруге бағытталған көптеген іс-қимылдарды жоспарлау, жүзеге асыру және мониторингін жүргізу мақсатында бірігетін мектептер тобы немесе әріптестер.

Желіде жұмыс істеу:

  • мұғалімдерді білім алуға және біріктіруге арналған мүмкіндіктер;

  • көптеген жағдайларда бір шешімге келмейтін проблемаларды талқылау;

  • мектептен тыс басқа мектептермен жұмыс істеу мүмкіндіктері.

Бірінші ілгері деңгей бағдарламасы бойынша курсты аяқтаған сегіз көшбасшы-мұғалім мектебімізде өз кәсіби қауымдастықтарын құрып, жоспарлы түрде жұмыстарын жүргізіп келеді. Сонымен қатар мектептер арасында ынтымақтастықта жұмыс істеу, тәжірибе алмасу мақсатында қазақ мектеп-гимназиясы, «Аль-Фараби» мектеп-лицейі, қалалық классикалық гимназиясы біздің сайтымыз арқылы «Парасат» атты желілік қоғамдастық құрды. "Парасат"желілік қоғамдастығында мұғалімдер мектеп мақсатына сәйкес оқушыларға жоғары сапалы білім беріп, оқушылардың жақсы нәтижелеріне қол жеткізу туралы командада оқыту үшін бірлесіп жұмыс істейді.

Бұдан күтілетін нәтиже

  • бірлесіп оңтайлы жұмыс істейді;

  • оқыту жағдайлары жақсарады;

  • алға қойған міндеттер шешіледі;

  • инновациялық әдістер дамиды;

  • оқушылар жоғары көрсеткішке жетеді.

Мектепке өзгеріс енгізу үшін таңдалып алған тақырып бойынша көшбасшы ретінде мектептің даму жоспарының бір бағыты ретінде желілік қоғамдастық жұмысы жоспарланды. Желілік қоғамдастық не үшін қажет? Менің ойымша, бір мектеп басқа мектептермен тәжірибе алмаспаса, ол қарқынды дамымайды деп ойлаймын. Сондықтан бірнеше мектептермен ынтымақтастықта жұмыс істесе жақсы нәтиже көреді деп ойлаймын. Себебі желілік қоғамдастықты әлем мойындап отыр. Желілік қоғамдастықтың жұмысын болашақта атқара алатындай етіп біздің мектептің өзгеріс енгізуші тобы ақылдаса отырып жоспар құрдық.

Біз бұл қоғамдастыққа арнайы сайт аша алмасақта, қазіргі таңдағы әлеуметтік желіні пайдаландық. «В контакте» әлеуметтік желісінің аясында «Топ» (группа) құрылып, сол топ арқылы мектептер арасында деңгейлік курстан өткен мұғалімдер өз іс тәжірибелерімен бөліседі. («Парасат» желілік қоғамдастығының жұмысын интернет желісінде видеороликтерге, жоспарларға жазылған ой-пікірлерді көрсетемін.)

Сонымен қатар, желілік қоғамдастық аясында үш мктептің арасында Лессон стади ұйымдастырылып, өткізілді. Бұл зерттеу сабағының меткептер арасында өткізудің қажеттілігіне, тиімділігіне көз жеткіздік.

Алдағы уақытта бұл басталған жұмысты одан әрі жетілдіруді мақсат етіп отырмыз. Бұл топтың сіздер де белсенді мүшесі бола аласыздар дегім келеді. Бұл уақытты тиімді пайдалана отырып, тәжірибе алмасудың тиімді құралы дер едім. Өйткені қазіргі таңда барлық үйде де компьютерлер интернет желісіне қосылған, кез келген уақытта шығып, көкейтесті сұрақтар төңірегінде ой бөлісуге болады. (Қала мектептерінің бастауыш сынып мұғалімдерінің шығармашылық топтарының да желілік қоғамдастығын құруға болады, осы жұмысты қолға алуды ұсынымын)

Бүгінгі таңда, аз ғана уақыттың ішінде біз бұндай мектептер арасындағы желілік қоғамдастықтың аса қажет екендігіні көзіміз жетіп отыр. Әлемдік білім беру кеңістігіне шығудың бірден-бір жолы деп білеміз.


Краткое описание документа:

Құрметті әріптестер! Мен бұл жолы қалалық тамыздық мұғалімдер конференциясында "Әлемдік білім беру кеңістігіндегі желілік қоғамдастықтың орны" атты баяндаманы ұсынамын. Мен деңгейлік бағдарламалар курсы бойынша І деңгей мұғалімі ретінде мектебіміздегі желілік қоғамдастық жұмысын қолға алып, оның жетілуіне жұмыс жасап келемін. Бұл баяндамада желілік қоғамдастық дегеніміз не, оның қандай тиімділігі, жақсы жақтары бар, оқушыға, мұғалімге не беретіні төңірегінде баяндалалды. Және біздің мектебімізде қалай жүзеге асырылып жатқандығы туралы айтылып, тәжірибемен бөлісу жүреді. 

Автор
Дата добавления 18.01.2015
Раздел Начальные классы
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров1750
Номер материала 313495
Получить свидетельство о публикации

Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх