Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Информатика / Другие методич. материалы / Әлемнің ақпараттық бейнесі. Ақпарат қасиеті
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 24 мая.

Подать заявку на курс
  • Информатика

Әлемнің ақпараттық бейнесі. Ақпарат қасиеті

библиотека
материалов

САБАҚ ЖОСПАРЫ «Бекітемін»

________________

Оқу ісінің меңгерушісі

«__ »___________ 20___жыл

Пән аты: Информатика

Сыныбы: 6

Сабақтың тақырыбы: Әлемнің ақпараттық бейнесі. Ақпарат қасиеті.

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: Оқушылардың бүгінгі тақырыпты өту барысында білімдерін арттыру. Әлемнің ақпараттық көріністерін ақпараттық үдерістерді түсіндіру. Ақпараттың қасиеттеріне сипаттама беру. Жалпы ақпарат туралы мәлімет беру

Тәрбиелігі: Әр оқушыны іскерлікке, нақтылыққа, шшыншылдыққа тәрбиелеу.

Дамытушылығы: Оқушының әрбір сабаққа ынтасы мен қабілетін біріктіріп, шығармашылық қасетін дамыту. Әлем

туралы мәлімет беру арқылы сабаққа деген қызығушылығын ояту.

Сабақтың типі: Аралас сабақ

Оқыту әдістері: түсіндіру, иллюстрация әдісі, кесте

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, компьютерлер

Оқыту формалары: жеке, ұжымдық.

Сабақтың барысы:

а) ұйымдастыру кезеңі

ә) үй тапсырмасын сұрау

б) жаңа сабақты түсіндіру

в) жаңа сабақ бойынша шығармашылық (практикалық)жұмыс

г) бекіту

ғ) үйге тапсырма

д) қорытынды

а) ұйымдастыру кезеңі

Сыныппен сәлемдесіп, сыныпты түгелдеу. Сабаққа назарларын аудару. Оқу кұралдарының толықтығын қадағалау.

Үй тапсырмасын сұрау.

Техника қауіпсіздік ережелерін сұрау

Жаңа сабақ

Ақпарат әртүрлі байланыс желілері арқылы беріледі: электрлік, талшықты және т.б. Қазіргі кезде біртұтас ақпараттық кеңістік пайда болды – компьютерлік желілер құрылып, дами бастады. Осыған байланысты Техникалық жүйелерді (мысалы, жерден спутникті басқару немесе мобильдік телефон арқылы үййдегі кондиционерді қосу және т.б) қашықтықтан басқару мүмкін болды. Ақпарат адам еңбегінің негізіне айналды. Адам өмірі өмірі үшін маңызды жақтарының барлығы ақпараттық технологиларынсыз жүзеге аспайды.

Алайда әлем туралы түсінік бүгінгі түсінік деңгейімен аяқталмайды. Адамның қоршаған ортатуралы түсінігін кеңейтетін үнемі жаңа идеялар пайда болып, жаңа ашылулар орын алып жатады.Әлемде болып жатқан өзгерістерді ақпарат арқылы ғана танып білуге болады. Адам қоғамда, табиғатта , техникада болып жатқан өзгерістерден үнемі хабардар болуы керек. Мұны түсіну үшін болып жатқан құбылыстарды дұрыс қабылдап, саралап әлемнің ақпараттық бейнесі туралы түсінік қалыптастыру қажет.

Бүкіл әлемді төмендегі сызба түрінде бейнелеуге болады.

Мhello_html_6103ae36.gifегаәлемді галактика, жұлдыздар, ғаламшарлар, яғни үлкен көлемді нысандар құрайды.


Макроәлемді адам өлшемдерімен салыстыруға болатындай тірі және өлі табиғаттан тұрады.


Микроәлем өлшемдері өте кішкентай нысандардан – молекула, атом сияқты нысандардан тұрады.


Зат дегеніміз бізді қошаған нәрселер – ауа, жер, су, адам және т.б


Барлық нысандардың өзара әрекеттесетін энергиялары немесе қуаты болады. «Энергия» немесе «Қуат» түсінігі өңдегіш техниканы, қозғалтқыштарды ойлап табумен байланысты пайда болды.

Әлемдегі барлық құбылыстарды заттық – энергия алмасумен түсіндіруге болмайды.

Әлемнің ақпараттық бейнесі заттық – энергия бейнесін ақпараттық тұрғыдан түсіндіреді.

Адам өз өмірінде үнемі әр түрлі үдерістермен кездеседі. Егер әрекет нәтижесінде (мысалы өсімдіктерді өсіру, киім тігу, тамақ пісіру және т.б ) нысанның өзгеруі орын алса, онда үдерістің орын алғанын білуіміз қажет.

Ақпараттық үдеріс – қойылған мақсатқа жетудегі ақпаратпен атқарылатын іс-әрекет.

Ақпараттық үдерістің 3 түрі бар:

  1. Сақтау

  2. Өңдеу

  3. Қабылдау (беру)

Ақпараттық үдерістер тірі табиғатта, адамдар қоғамында, техникада орын алады. Ақпаратты алу, өңдеу, сақтау кез-келген ағзаның өмір сүру шарты болып табылады. Мысалы, ағаш температура, күннің ұзақтығы, топырақтың ылғалдылығы туралы ақпаратты қабылдап, бүршіктердің, жапырақтардың пайда болуын, олардың қайта түсуін реттейді. Жануарлар дыбыстық ақпаратты қабылдау арқылы бір-бірімен байланыса алады. Иіс арқылы жәндіктер қоректерін табады, бөтендерді өздерінен ажырата алады. Адам қоршаған орта туралы ақпаратты сезім мүшелері арқылы қабылдайды. Әлемнен хабардар болу үшін ақпаратты есінде сақтайды. Өмірде үнемі шешім қабылдау қажет, яғни ақпаратты өңдеу керек. Көшеге шығу үшін де, алдымен терезеден далаға қарап, ауа райын болжап, қандай киім кию керек екендігі туралы шешім қабылдайды.

Қоғамдағы ақпараттық үдерістер негізі – адамдар арасындағы қарым-қатнас, білім алмасу. Адам қоғамының дамуы комуникация деп аталатын осындай қарым-қатнассыз мүмкін емес. Компьютерлердің пайда болуына байланысты қоғамда ақпараттық үдерістер қарқынды дамып келеді. Қазір адам ақпаратты жедел түрде қабылдап, бере алады. Компьютерлік желілер адамдар қарым-қатнасын қамтамасыз ету үшін ақпараттық орта құрады.

Техникадығы ақпараттық үдеріс адамның іс-әрекетіне жауап ретінде жүзеге асады, мысалы, турникетке арнайы пластикалық карточканы қою арқылы немесе төлем терминалын қолданғанда. Техниканың дұрыс жұмысы басқару үдерісімен – ақпаратты қабылдау, сақтау, өңдеу, берумен тікелей байланысты.

Адам ақпарат әлемінде өмір сүреді. Уақыт өткен сайын ақпарат өзгередіғ адамның өзі де өзгереді (білімғ тәжірибе жинақтайды), адамның әлем туралы түсінігі де өзгереді

Ақпаратты қабылдау әрқашан екіжақты – бір нысан оны береді, екіншісі қабылдайды.

Кез-келген нысан сияқты ақпараттың да қасиеттері бар. Термометрдің көмегімен температураны өлшеу арқылы сендер құралдың нақтылығына дәлдігі тәуелді ақиқат ақпарат аласыңдар. Аұиұат ақпаратты тек қана дұрыс өлшеу құралдары арқылы алуға болады. Мысалдан көргендей адамның түйсігіндегі аұпарат өзгеріске ұшырауы мүмкін.

Толық ақпарат дұрыс шешім қабылдауға ықпал етеді. Ақпарат толық емес немесе шектен тыс көп болуы мүмкін, бұл қойылмаған міндеттерді шешуге кедергі келтіруі немесе ешқандай нәтиже бермеуі мұмкін. Әр түрлі жағдайларда бір ақпарат әртүрлі қасиеттерге ие болады. Мысалы жолаушының: «ертең боламын, күтіп алыңдар» деген хабарында, ол кісінң ылғи өзінің ұнататын пойызы мен вагонына ғана билет алатынын білесің, сондықтан бұл мәлімет сен үшән құнды, мағызды. Егер осы мәліметті білмесең, жолаушыдан алынған ақпарат толық емес.

Ақпараттың қасиеті – шындық, толықтық, дұрыстық, дәлдік, өзектілік, құндылық.

Жаңа сабақ бойынша шығармашылық (практикалық) жұмыс

1тапсырма Төмендегі кестені сипаты бойынша қай ақпарат әлеміне жататынын анықтаңдар.

Ақпарат

Сипаты


1

мегаәлем

галактика, жұлдыздар, ғаламшарлар, яғни үлкен көлемді нысандар құрайды.


2

макроәлем

адам өлшемдерімен салыстыруға болатындай тірі және өлі табиғаттан тұрады.


3

микроәлем

өлшемдері өте кішкентай нысандардан – молекула, атом сияқты нысандардан тұрады.


4

зат

бізді қошаған нәрселер – ауа, жер, су, адам және т.б


2 тапсырма

Төмендегі ақпарат қасиеттеріне қарай сөйлемдерді ажыратып, ақпараттың қай қасиетіне сай келсе + белгісін қойыңдар.

Қасеттері

Қазір информатика сабағы

Мен ақшамды тығып қойдым

Сағат 12.00 болды.

1

Шындық

+

+


2

Толықтық




3

Дұрыстық

+



4

Дәлдік

+


+

5

Өзектілік




6

Құндылық


+












Жаңа сабақты бекіту

  1. Ақпараттық үдерістің неше түрі бар? Атын ата? (3 түрі бар: сақтау, өңдеу, қабылдау(беру).)

  2. Адамдар мен жануарлар ақпаратты қалай қабылдайды? (сезу мүшелері арқылы)

  3. Техникадағы ақпараттық үдеріске мысал келтіріңдер? (төлем терминалдарын қолдану)

Үйге тапсырма

1. §2 және §3 тақырыпты оқу

2. Бақылау сұрақтары мен тапсырмалардағы 2,3,4 сөйлемді толықтыру.

Қорытынды. Бүгінгі өтілген тақырыпта не туралы айтқанымыз жөнінде шолу жасау

Бағалау Сабаққа белсенді қатысқан оқушыларды бағалау

Автор
Дата добавления 06.01.2016
Раздел Информатика
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров787
Номер материала ДВ-309992
Получить свидетельство о публикации

Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх