Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Начальные классы / Конспекты / "Лепті сөйлем" 2 - сынып

"Лепті сөйлем" 2 - сынып


  • Начальные классы

Поделитесь материалом с коллегами:

hello_html_m441d842d.gifhello_html_m750e0976.gifhello_html_32185436.gifhello_html_121351e1.gifhello_html_60967d45.gifhello_html_131c34df.gifhello_html_53d2387a.gifhello_html_m5ec98740.gifhello_html_234a2118.gifhello_html_m63e6b08a.gifhello_html_18170078.gifhello_html_67e60529.gifhello_html_763618ee.gifhello_html_763618ee.gifhello_html_m2bea6b57.gifhello_html_7a6999c4.gifhello_html_36822c7.gif

Қазақ тілі. 2 – сынып. 24 .11. 2014 ж .


Сабақтың тақырыбы: Лепті сөйлем. ( ашық сабақ)


Сабақтың мақсаты:
Білімділік: оқушыда сөйлем, сөйлемнің айтылу мақсатына  қарай бөліну түрлері туралы топтастырылған ұғым қалыптастыруға мүмкіндік жасау;
Дамытушылық: оқушыларды сөйлемді оқыған кезде дауыс ырғағын салыстыру арқылы оларды бір - бірінен ажырата білуге жаттықтыру;

тіл дамыту, рефлексиялық жаттығуларды  орындату арқылы

оқушылардың  байланыстырып сөйлеуін дамыту;
Тәрбиелік: ұйымшылдыққа, бірлесіп топпен жұмыс істеуге баулу; алған білімдерін өмірде қолдана білуге тәрбиелеу.

Сабақтың типі: Жаңа білімді еңгізу.
Сабақтың түрі: Танымдық саяхат сабақ.
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, СТО элементтері (семантикалық карта), өз бетінше жұмыс, психологиялық тренинг
Сабақтың көрнекілігі: электронды оқулық , семантикалық карта , слайд.

Пәнаралық байланыс: дүниетану, ана тілі,психология, логика.

Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі.

Балалар , біз қандаймыз?

Талабы биік таудаймыз,

Біз қызықпыз, қызықпыз,

Сәл еркелеу , бұзықпыз.

 II. Оқушы қызығушылығын ояту.

- Ерте-ерте, ертеде бір үлкен ел өмір сүріпті.

Бұл елде сөздер отау құрып бір - бірінен бөлек тұрса да, бір-біріне бағынып, бірін - бірі толықтырып тұрыпты. Ең бірінші тұрған сөз бәріне бас болыпты. Ал ең соңғы сөз өзінен кейін ешкімді жібермей, ойды тиянақтап тұрыпты.

Бұл ел қалай аталады екен, балалар?

Дұрыс, бұл ел «Сөйлемдер» елі деп аталыпты.


- Сонымен, бүгін біз, сол Әлемдегі ең үлкен ел – «Сөйлемдер» еліне» саяхатқа шығамыз. Олай болса, сендерге сәт сапар тілеймін ,саяхатқа дайынбыз ба?

- Иә.

III.Психологиялық дайындық
Бір жерден шыққан тілегі,

Елім деп соққан жүрегі.

Білімді ұрпақ көбейсін,

Асқақтап біздің әнұран !

Жасасын Қазақстан!

Жолда кездескен тапсырмаларды мүдірмей орындап, тапсырманы дұрыс табуларыңа тілектеспін. Саяхатқа шығу үшін пойыздың бірінші вагонының тапсырмасын орындайық

IV. Ой ширату:

Пойызға отыру:

- Мәтін дегеніміз не ?

- Сөйлем дегеніміз не ?

- Сөйлемнің неше түрі бар ?

- Олар қалай аталады ?

- Хабарлы сөйлем дегеніміз не ?

- Сұраулы сөйлем дегеніміз не ?

1-вагон

V. Жаңа сабаққа даярлық. ( оқулықпен , электронды оқулықпен жұмыс )

185 – жаттығу. «Балақай»

Өлеңді рөлдерге бөліп оқып , көтеріңкі дауыс ырғағымен айтылған сөздерді тап. Сөйлем соңындағы тыныс белгісіне назар аудар.



VI . Жаңа білімді енгізу:

2 – вагон:

Электронды оқулықтан сызбаны ашу:


Лепті сөйлем


Адамның көңіл күйін,

сезімін білдіреді Сөйлем аяқталған соң

! қойылады.

қуану ұран

өкіну бұйыру

тілек таңдану

сескендіру

Бұл сөздер көтеріңкі

дауыспен айтылады

Ережемен танысу:

Адамның көңіл күйін , сезімін білдіретін сөйлемді лепті сөйлем

дейміз. Олар көтеріңкі дауыспен айтылады. Сөйлем аяқталған соң леп белгісі қойылады.


Мысалы: Алақай , ертең ауылға қуыршақ театры келеді!

Қап , сабақтан кешігетін болдым - ау!

Неткен әдемі кұшік!

Тез барып кел!

Өркенін өссін!


3 – вагон:

VII. Білімді қайталау, жинақтау, бекіту:

Көркем жазу: Рр Раушан

186 – жаттығу: Тақтамен , дәптермен жұмыс:


Хабарлы сөйлемді сұраулы, лепті сөйлемдерге айналдырып жаз.


Сыныпта өнерлі оқушылар көп пе?

Сыныпта өнерлі оқушылар қандай көп!

Мектеп ауласына әдемі гүлдер егілген бе?

Мектеп ауласына егілген гүлдердің әдемісін - ай!


Cергіту сәті:


Мынау менің жүрегім, бәрі осыдан басталған.

Мынау басым ақылды, бәрін ойлап басқарған.

Мынау менің оң қолым, мынау менің сол қолым.

Барлық істі атқарған.Алшаңдай басқан адымдап,

Егеменді елімнің болашағы мен болам.

187 – жаттығу: Магнитті тақтаны пайдалану ( үлестірме қағазбен жұмыс )

Ауызша сөйлем құра, жазбаша дыбыстық талдау жасау

Алақай - 3б, 6ә , 6 д.

а – дауысты , жуан.

л – дауыссыз, үнді.

а дауысты , жуан.

қ - дауыссыз , қатаң.

а - дауысты , жуан.

й – дауыссыз , үнді.


Ура - 2б , 3 ә, 3 д.

у дауысты, жуан.

р дауыссыз , үнді.

а - дауысты, жуан


Жасасын – 3 б ,7 ә, 7 д.

ж – дауыссыз , ұяң.

а - дауысты , жуан.

с - дауыссыз, қатаң.

а - дауысты , жуан.

с - дауыссыз , қатаң.

ы - дауысты, жуан

н – дауыссыз, үнді.

4 – вагон:


VIII.Cабақты бекіту:


188 – жаттығу. Венн диаграммасы (плакатпен жұмыс)


Сөйлемдерді салыстырып, айырмашылығын дәлелде:


Әкем шаңғы әкелді. Алақай, әкем шаңғы әкелді!

Қар қалың жауды . Қардың қалың жаууын – ай!

Ауа райы жақсы екен . Ауа райы қандай жақсы!


Венн диаграммасы бойынша:

Хабарлы Лепті
















Семантикалық картамен жұмыс: (Әр оқушыға әртүрлі семантикалық карта беріледі)

Мысалы мынадай:

Сөйлемдер:

Хабарлы

Сұраулы

Лепті

Балалар мектепке келді ме?




Алақай, қаладан әкем келді!




Ағаш жапырақтары сарғайды.




6 - вагон :

IX . Қорытынды:

Танымдық ізденіс:


https://lh5.googleusercontent.com/NaPUJrwDtfntSZTxWodAZJKU6gHdGTa48na_Bhg0y0JOaZaIiK8mUDj92cwq0i1LlBzBCjC7y5L8-LDk8Y2Oe9EkGpZguE43byqKZpotnPYg6PxaQmDZk6lzqEH4Jy-Wun4xf7xETdY

а ) «Тыныс белгілер сөйлейді» ойыны арқылы мысалдар құрастыр (1 – қатар)


Ойынның шарты берілген тыныс белгісіне байланысты сөйле м құрастыру.


Ә) «Тез ойлан!» ойыны. (2 -қатар )

Ойынның шарты: айтылған сөйлемдерді балалар тез анықтайды. Егер сөйлемнің соңында нүкте болса отырып калады, сұрақ белгісі болса қол соғады, ал леп белгісі болса аяқты еденге ұрады.


Бәйтеректің басына сен шықтың ба?

 Ыстық қой, шіркін, туған жер!

Алақай, мен Астанаға баратын болдым!

Райхан апай көйлек тікті.


Ертең киноға барасың ба?


Көрініс: «Жұмбақ жасыру»

Сен неге айғайлай бересің?

Сөйлемге қандай мағына бересін?

Жөн жосығыңды түсіндірші,

Жазуда қандай жерде келесің ?


Мен ылғи айғайлай бермеймін,

Қуана да , күле де білемін.

Кейде өкініп , кейде ренжісем де,

Көбінесе көтеріңкі ,көңілді жүрем,

Сөйлемдерге көтеріңкі дауысберем,

Сондай сөйлемдердің соңында келем.

Балалар, пойыздың ең соңғы вагонына сөйлемдердің ТЫНЫС БЕЛГІ деген ақылгөй шешей орналасыпты. Қасындағы үш қызының біреуі тиянақты сөйлесе, екіншісі тек сұрайды, ал үшіншісі бірде ренжіп, бірде қуанып, бірде бұйырып сөйлейді екен. Соған қарамастан, ол қыздарын ақылмен бір мәтіннің ішінде жұмсай алыпты.

- Қалай ойлайсыңдар, бұлар қандай сөйлемдер?

Балалар сендерге сабақ ұнады ма?

X.Үйге тапсырма: 189 – жаттығу. Бағалау. «Рефлексия»ойыны

1 -күн Барлығы түсінікті,

2 – күн Жартылай түсінікті

3 – күн Түк түсінбедім







http://tbn0.google.com/images?q=tbn:bTWYMRfBSE6riM:http://www.plu.edu/~kcnstv26/img/smiley-face.jpg http://tbn0.google.com/images?q=tbn:Y51Ew6yX5Cpu4M:http://www.terceraescuadrilla.com/almacen/personal/DSLam/swg/smiley-indifferent.jpg http://tbn3.google.com/images?q=tbn:HIeXjhQ3CVyXYM:http://static.bigstockphoto.com/thumbs/7/3/3/small/3376000.jpg

«Мәңгілік ел» аяқталу сәті.






 






















Автор
Дата добавления 01.12.2015
Раздел Начальные классы
Подраздел Конспекты
Просмотров635
Номер материала ДВ-216137
Получить свидетельство о публикации


Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх