Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Другое / Другие методич. материалы / "Лепті сөйлемдер" тақырыбына арналған сабақ жоспары (8-сынып)

"Лепті сөйлемдер" тақырыбына арналған сабақ жоспары (8-сынып)

  • Другое

Поделитесь материалом с коллегами:

Сыныбы: 8 «в» , қазақ тілі

Мерзімі: 25.09.2015

Пән мұғалімі:Умбеталиева С.Н.

Тақырыбы: Лепті сөйлемдер


Жалпы мақсат:

а) Оқушылардың шығармашылықпен жұмыс істеуіне ықпал ету.Ойлау шеберлігін сөйлеу мәденеиетін арттыру.

ә) Түрлі әдістерді пайдалана отырып балаларды тапқырлық,жылдамдық,есте сақтау қабілеттерін арттыру.Сөйлеу тілін жетілдіріп,шешендік өнерге баулу.

б) Тәрбиелік мәні бар мысалдар келтіре отырып оқушыларды елін,жерін Отанын сүюге тәрбиелеу.

Сілтеме:

Мұғалімдерге арналған нұсқаулық

Қазақ тілі мен әдебиеті оқыту әдістемесі

Үлестірме материалдары

Оқу нәтижесі:

Әр оқушының өзіндік ой-қиялына ерік бере отырып,

оқушыларды шығармашылықпен жұмыс істеуіне жағдай жасау


Сабақта қолданылатын материалдар:

Интерактивті тақтамен жұмыс, үнтаспа

Оқыту әдістері:

Оқыту мен оқудағы жаңа әдіс-тәсілдер, оқытуда АКТ-ны пай-далану, сыни тұрғыдан ойлауға үйрету, оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау.



Сабақ барысындағы мұғалім мен оқушының іс-әрекеті:

Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Оқушылар назарына «Табиғат тамашалары» видеоролигін ұсынады.

http://img0.liveinternet.ru/images/attach/c/8/99/30/99030916_1364367846_tyulpany_cvety_pole_nebo_oblaka_gorizont_priroda_23655_2560x1600.jpg

C:\Users\Admin\Desktop\скачанные файлы (1).jpg

Шарлар арқылы топтарға бөлу.

Үй тапсырмасын тексеру

23-жаттығу. Ереже

Талдау,жинақтау, қорыту


Жаңа тақырып

Айтушының түрлі көңіл-күйін білдіру мақсатымен айтылған сөйлемді лепті сөйлем дейміз. Лепті сөйлемдер-бір нәрсеге таңданғанда,өкінгенде,сұқтанғанда, күйінгенде, сүйсінгенде,қорыққанда,қуанғанда айтылатын сөйлемдер.

Лепті сөйлем:

  • Одағай сөздер: (Қап, әттеген-ай, пай-пай, т.б.)

  • Күшейткіш мәнді сөздер: (не деген, не еткен, қандай, шіркін, ғажап, т.б.)

  • Демеулік шылаулар: (-ау, -ақ, -ай, т.б.)

  • Интонация арқылы: Қап, мынау жығылды-ау! Пай-пай мынаның шабысын-ай! Ә, сені ме, бәлем! Бейшара-ай, мынаның тарта алмай келе жатқаныны қарашы-ай!

  • Лепті сөйлемдерден соң леп белгісі қойылады.

  • Кейбір сөйлемдерден соң әр лепті, әрі сұраулы болып айтылады. Мұндай сөйлемнің соңына сұрақ белгісі мен лепбелгісі қатар қойылады.

Жанып тұрған от! Жібермесем сағы сынады-ау! Тәуекел, жібермес бе екен?!

Жаттығумен жұмыс: 24-жаттығу. Мәтіндегі сұраулы лепті сөйлемді ажыратып, жасалу жолын түсіндіріңдер.

  • Мәтіндегі сұраулы және лепті сөйлемдерді ажыратып, жасалу жолдарын айтыңдар.

  • Сұраулы және лепті сөйлемдер қандай сезім толғаныстарын білдіріп тұр? Сұраулы сөйлемдер жауап берді тілей ме? (жоқ, лепті сөйлемдерде –ма, -ме, ба, -бе сұраулық шылауы көбінесе жағымсыз эмоцияны, ренішті білдіреді де, ешқандай жауап беруді тілемейді.)

  • Ақбілек сөйлесуі диалогке жата ма, монологке жата ма? (монолог) (өз-өзіне сұрақ қойып,өзімен іштей жан толғанысымен сөйлесуі)

Шығармашылық жұмыс: 25-жаттығу.Өз-өзіңе сұрақ қойып,өзіңмен іштей жан тоғанысымен сөйлесетін кезің болды ма? Ойланып көріңдер де, қағазға түсіріңдер. Ішінде лепті сөйлем болатын болсын.


Қосымша

Лепті сөйлемнің жасалу жолдары

Сөйлемнің етістік формалары арқылы жасалады

Сөйлемде ақ,ау, ғой,ай шылауларының қатысымен

Көңіл күйді білдіретін одағай сөздердің қатысуымен жасалады.

Көтеріңкі дауыс ырғағы арқылы жасалады


Мысалы: Ол жетіп келмесі бар ма !

Аты ат-ақ екен!

Па,шіркіннің сөзі!

Жау жойылды!



Шығармашылық жұмыс


Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.

Сөйлемдер айтылу мақсатына қарай нешеге бөлінеді?

Хабарлы сөйлем дегеніміз не?

Сұраулы сөйлем дегеніміз не?

Лепті сөйлем дегеніміз не?



Оқушылар сұрақтарға жауап береді

Білу, түсіну, қолдану.

Үйге тапсырмасын беру

25-жаттығуды аяқтау

«Мен бүгін...» лепті сөйлемдерді пайдалана отырып бүгінгі көңіл-күйі туралы жазу.

Үй тапсырмасын білу, түртіп алу

Бағалау

Оқушыларды бағалау








Выберите курс повышения квалификации со скидкой 50%:

Автор
Дата добавления 01.11.2015
Раздел Другое
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров456
Номер материала ДВ-113210
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх