- 07.12.2014
- 1100
- 11
Әдістемелік құрал "Психологиялық сынып сағаттарының мазмұны, құрылымы және ұйымдастыру ережелері" білім беру ұйымдарының психологиялық қызмет мамандарына арналған өзекті материал. Психологиялық қызмет – бұл білім алушылар мен тәрбиеленушілердің оқу уәждемесін, оқу үлгерімін, шығармашылық тұрғыдан өзінің қабілетін іске асыруын, психологиялық жағдайды тұрақтандыруды, бейіндік тұрғыдан өзін-өзі анықтауды және басқа да қолайлы жағдайларды қалыптастыру үшін орта білім беруді ұйымдастыру жөніндегі ұжымдық жұмыс. Психологиялық қызмет білім беру жүйесіндегі қиындықтарды анықтауға және диагностикалауға, кеңес беруге, психологиялық-педагогикалық қолдау көрсетуге және инклюзивті білім беру ортасы жағдайында қолдауға бағытталған, білім алушылардың, тәрбиеленушілердің, педагогтердің, ата-аналардың немесе өзге де заңды өкілдердің психологиялық әл-ауқатын сақтауды және нығайтуды көздейді. Сондықтан психологиялық сынып сағаттар тұлғаның жан-жақты дамуына бағытталған қолдау көрсету үшін арналған. Әдістемелік құралды сынып жетекшілер де өз жұмыстарында қолдана алады, себебі мұндай сабақтарды жүйелі өткізу арқылы білім беру ұйымында қолайлы психологиялық орта қалыптасады. Әдістемелік құралда психологиялық сынып сағаттардың өткізу тәртібі, ережелері, мақсаттары мен міндеттері жазылған.
Курс повышения квалификации
Курс повышения квалификации
Курс повышения квалификации
Курс повышения квалификации
Рабочие листы
к вашим урокам
Скачать
ӘЛЕУМЕТТІК-ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ТРЕНИНГТІ ҰЙЫМДАСТЫРУ ПРИНЦИПТЕРІ
Топ - бұл ақиқат дүние, топта, өмірдегі сияқты өзіндік тұлғааралық қарым-қатынас, шешім қабылдау, мінез-құлықты таңдау проблемалары бар.
Топтық тренингтердің негізгі міндеттері:
- өзіндік түсіну;
- өзіндік реттеу;
- қарым-қатынас ситуациясында басқаларды түсіну;
- адекватсыз және жаңа адекватты қарым-қатынас дағдыларын коррекциялау.
Тренингтік топты ұйымдастыру принциптері:
1 принцип: еріктілік принципі- барлық қатысушылар тренингке қатысу туралы шешімді өз бетінше жасауы тиіс. Қыстау, қатысуға мәжбүрлеу ешқандай нәтижеге алып келмейді, жекелік өзгерістер адамның ішкі қызығушылықтары туындаған кезде ғана мүмкін;
2 принцип: өзара әрекеттесуде диалогтық принцип- қатысушылар арасындағы толыққанды тұлғааралық қарым-қатынас өзара сыйластыққа, өзара сенімділікке негізделуі тиіс;
3 принцип: өзіндік диагностика- ең алдымен, клиент өз проблемаларын өздері түсініп қалыптастыруы, басқалай айтқанда өзіндік ашылуы тиіс;
4 принцип: ақпараттану:әрбір клиент сабақ қандай жағдайда болатынын білуге құқылы.
Тренингтік топқа қатысуға болатын оптимальді жас – 16-40 жасқа дейін.
Тренинг өткізілетін орында қатысушылар шеңбер құрып отыратындай жағдайда болуы қажет. Психотренердің міндеті - жұмысты ұйымдастыру, әдістемелік қамтамасыз ету және тренинг өткізу болып табылады.
Тренер жұмысының 1-кезеңі - тренингке дайындық - әңгімелесу, тренингке қатысушылардан анкета алу, олардың құжаттарын, мінездемелерін қарау, меңгеру. Психолог тренингте қатысушылардың проблемалары мен ниеттерін анықтап алуы қажет. Тренер бағдарлама жасайды, тақырып анықтайды, уақыты мен орнын нақтылайды, аудио және видео таспалар таңдалады, таратылатын материал даярланады.
2-кезең– тренингті өткізу. Тренинг өткізу әдістемесі әртүрлі болуы мүмкін, бірақ, кез келген әлеуметтік-психологиялық тренинг рөлдік ойында және топтық дискуссияны енгізуі тиіс.
3-кезең - қорытынды шығару. Қорытынды әр сабақ сайын жүргізіледі. Қатысушылар өз жетістіктері мен сезімдерін бағалайды, бұл бағалау тренингтегі әрбір қатысушының жекелік дамуының динамикасына бағдарлануы тиіс. Әрбір сабақ сайын тренер өз бақылауларын журналға жазып қояды. Топтағы көрінген процестер: топ мүшелерінің эмоциялық қалпы, сабақта қозғалған тақырыптар, проблеманы талқылаудағы әрбір қатысушылардың қосқан үлесін бағалап тіркейді.
Қорытынды шығару сабақ циклі аяқталғанда жасалады. Психологиялық бақылауларды, анкеталарды, тестерді, бейнетаспаларды анализдеу арқылы тренингке қатысушы әрбір мүшенің жұмыс нәтижесін анықтайды.
7 364 381 материал в базе
Настоящий материал опубликован пользователем Мандаева Айжан Ерикбаевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт
Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.
Удалить материалВам будут доступны для скачивания все 350 860 материалов из нашего маркетплейса.
Мини-курс
5 ч.
Мини-курс
2 ч.
Оставьте свой комментарий
Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.