Инфоурок / Начальные классы / Презентации / Үлгерімі төмен оқушымен жұмыс

Үлгерімі төмен оқушымен жұмыс


библиотека
материалов


Қазақ тілі сабағында үлгерімі төмен оқушылармен жұмыстың әдіс –тәсілдері


Үлгерімі төмен оқушылармен әр түрлі жұмыс жүргізуге болады. Топпен жұмыс, жұппен жұмыс, жеке дара жұмыс түрлерін жүргізуге болады.Оқушылардың пәнге деген қызығушылықтары болу керек. Жаттығулардың түрлері өте көп,сол жаттығулардың түрлерін орындату арқылы білім сапасын жоғарлату қажет. Үлгерімі төмен оқушылармен деңгейлік тапсырмалардың жеңіл түрлерін өткізуге болады. Оқушылардың үлгерім деңгейінің төмен немесе жоғары болуына мұғалімнің жауапкершілігі мол. Мұғалім өзінің пәнін жетік білуі керек. Біліктілігі жоғары, жан –жақты іздену, жұмыс түрлерін түрлендіруі, сабақты қызықты өткізу керек сонда оқушылардың пәнге үлгермеушіліктері азайып немесе мүлдем болмайды. Барлығы мұғалімнің шеберлігімен, оқушының қызықғушылығына байланысты.

Үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс түрлері.

Жеке жұмыс, топпен жұмыс, жұппен жұмыс, суретпен, интерактивті тақтамен, мәтінмен, кеспе қағаздармен, сөйлемді дұрыс құрасытру, көп нүктенің орнына керекті сөздерді жазу, және тағы басқа жұмыс түрлері бар.

Осы жұмыс түрлерінен басқа ең негізгісі ата-аналармен жұмыс. Ата –ана, пән мұғалімі, оқушының арасында тығыз қарым-қатынас болуы керек. Ата –ана баласының пәннен қаншалықты үлгеретіндігін біліп отыруы керек. Егер ата-ана, мұғалім, оқушы арасынгда тығыз байланыс болса, оқушының үлгерімі жақсы болады деп ойлаймын.

Сонымен қатар қазақ тілі сабағында тірек сызбалар арқылы грамматикалық тұлғаларды меңгертуге болады. Үлгерімі төмен оқушылармен әр түрлі жұмыс жүргізуге болады.

Топпен жұмыс, жұппен жұмыс, жеке дара жұмыс түрлерін жүргізуге болады.Оқушылардың пәнге деген қызығушылықтары болу керек. Жаттығулардың түрлері өте көп,сол жаттығулардың түрлерін орындату арқылы білім сапасын жоғарлату қажет. Үлгерімі төмен оқушылармен деңгейлік тапсырмалардың жеңіл түрлерін өткізуге болады. Оқушылардың үлгерім деңгейінің төмен немесе жоғары болуына мұғалімнің жауапкершілігі мол. Мұғалім өзінің пәнін жетік білуі керек. Біліктілігі жоғары, жан –жақты іздену, жұмыс түрлерін түрлендіруі, сабақты қызықты өткізу керек сонда оқушылардың пәнге үлгермеушіліктері азайып немесе мүлдем болмайды.

  • Барлығы мұғалімнің шеберлігімен, оқушының қызықғушылығына байланысты. әрекетінің болуы;

  • Ситуативтілік; сөйлеу жағдаяттарын (ситуцияларды) ескерту;

  • Ақпараттылық: оқушының жас, интеллектуалдық мүмкіндіктеріне сәйкес қызықты оқу материалдарын іріктеу;

  • Жаңалық деңгейі: мәтін мазмұны ғана емес, оқыту процесінің барлық элементтеріне қатысты болуы;

  • Эвристикалық сипаты: шығармашылық тұрғыдан сұрақ-жауапқа құрылуы;

  • Функционалдық сипаты: тілдесімде тілдік бірліктерді атқаратын қызметі тұрғысынан іріктеу;

  • Проблемалық сипаты: оқу материалы проблемалық, яғни оқушының өз бетінше ойланып, орындап, шешуіне, сыни ойлауын дамытуға бағытталуы тиіс;

  • Сөз құрамын білу, түбірлес сөздерді табу;

  • Сөзжасамның негізгі түрлерін білу;

  • Таныс емес сөздерді сөз тудырушы, сөз түрлендіруші жұрнақтар арқылы ажырата білу.

Қазіргі мұғалімдерге ұсынылып отырған қазақ тілі бойынша тірек сызбалары теориялық материалды игеруге практикалық тұрғыдан үлкен көмек береді. Көптеген психологтардың пікірі бойынша оқыған материалды есте сақтаудың тиімді әдістерінің бірі оны шартты белгілер бойынша танып-білу арқылы есте сақталатынын мойындайды.

Орыс тілді аудиторияда қазақ тілінен сабақ жүргізудің негізгі міндеті – бұл ауызекі сөйлеу дағдысын қалыптастыру, сөздік қорды есте сақтату, коммуникативтік аспект-қарым-қатынасты қалыптастырумен қатар, негізгі теориялық материалдарды кесте мен сызба түрінде түсіндіріліп отырса, ол әрине, есте сақтау қабілетін арттырады.

Сызба арқылы оқыту тәсілдері қажетті грамматикалық тақырыпты жылдам әрі тиімді меңгертуге көп көмегін тигізеді.

Мұғалімнің міндеті осы дайын тірек сызба, кестелерді өз жеке іс-тәжірибесін қолдана отырып, әр тақырыпты сорттап, талдап, сызбаларды барынша түсінікті етіп оқушыға жеткізе білу.

Мысалы фонетика бойынша и,у дыбыстарының жуан, жіңішке болатына салыстырмалы кестені қолдану керек.

Бір ескеретін жағдай жаңа буын оқулықтары мен оқу әдістемелік кешенінің тілді меңгерудегі коммуникативтік ұстаным талаптарына сәйкес болуы керек.

Қазақ тілі сабақтарында қолданылатын көрнекіліктердің бір түрі – дидактикалық карточкалар. Дидактикалық карточкалар таратылып бергенде, тақтада сол тақырыпқа байланысты тірек-сызба ілініп тұру керек.

Грамматикалық ұғымдар практикалық жолмен іске асырылады. Олар тақырып ерекшелігіне бөлініп отырады. Мысалы, етіс шақтары кестеде сызбамен жалпылама көрсетілсе, оны оқушыларға, мәселен, етістіктің нақ осы шағы қалай жасалатынын тек бір жақта, жекеше, көпше түрдеге түріне сызба бойынша көрсетіп, әрі қарай өзі жалғастырып кете алады.

Ескеретін жай оқулықтағы барлық материалдарды сызба немесе көрнекілікке айналдыруға болмайды.

Педагогикалық талап – білім беру жолында қолданылатын теория мен практиканы басшылыққа ала отырып, мұғалім оқушылардың тілден алған теориялық білімін практика жүзінде меңгерту мақсатталады.

Қазақ тілінде әр септіктің грамматикалық формасы біркелкі жүйеде қалыптасқан. Бірақ оны жаттап алу оқушылардың қазақ тілін сапалы түрде тиянақты меңгеруі дұрыс нәтиже бере бермейді. Ол үшін Жүнісбековтың түспен ажырата білу тәсілін қолданса артық емес. Мысалы үнді, ұяң, қатаң дыбыстарды үш түспен көрсетіп, жуан мен жіңішкені жуан мен жіңішке арқылы көрсетіп қойса, оны үлгерімі нашар оқушыларды өзі-ақ тапсырманы қиналмай орындап береді.

Тиісті затты көзбен көру, қолмен ұстау арқылы жүргізілетін сабақ ұзақ есте қалады.

Осындай тірек материалдарын, сигналды карточкаларды, символдарды мол пайдалану педагогикалық технологияның бір тармағы – жеделдетіп оқытуға жатады. Ол күштеусіз оқытуға жеке тұлғаның мүмкіндігін ашуға септігін тигізеді.
Сөйлем мүшелері арқылы сөйлем құрамында шартты сызық белгілерін, немесе сұрауларды көрсетіп, осыларды қажетті сөздермен алмастыру керек деген тапсырма беріледі.

Ал, сөз құрамын меңгерткенде «Орнын тап!» атты көрнекілікті пайдаланса, оқушыларға ой шақыртып, ойлантуға мәжбүрлейді.

Бұрынғы білім негізінде соны пайдалана отырып жаңа проблема шешеді: ойлап табады, құрастырады, шығарады, байланыстырады, көрсетеді, жазады, салыстырады, табады, талқылайды. Алған білімін жіктейді, саралай біледі, ең негізгі түйінін түсіне біледі.

Мұғалім мен бала бірігіп жұмыс істейді яғни тікелей қарым-қатынас туындайды, оқушының ықыласы артады.

Тірек сызбалармен жұмыс істеу – оқушылардың логикалық ойлау әдісін кеңейтіп, өз бетінше жұмыс істеу қабілетін арттырады. Жұмысты көбіне оқушылар өздері ойланып орындай алатындай етіп ойластырған жөн.

Үлгерімі төмен оқушылармен әр түрлі жұмыс түрлерін жүргізуге болады. Өз сабақтарында жаттығулардың түрлерін пайдалану арқылы оқушылардың білім деңгейлерін арттырады.

Сөйлемдерді дұрыс құраңдар.

1. күн, ұзарады, күзде, қысқарады,түн.

2. жеміс, піседі, бақта, бақшада, көкөніс.

3. егін, күздігүні, жинайды, диқаншылар.

4. қараңғы, түседі, күзде, ерте.

Жұмбақтан жұмбақ

1. ... жатса да, ... жатпайды.

2. ... бар, - ... жоқ.

... бар, - ... жоқ.

3. Төсек ... төрт бауырсақ.

4. Үй ... ұсақ тас.

5. Қуып едім, - ... бұрмады.

Ұстайын деп едім, - ... тұрмады.

6. Үлкен ... үлкен, ... ішінде кіші ..., кіші ... ішінде балуан ... .

Керек сөздер: енекем,ел, мұрты, тоны, сақалы, шапаны, астында, үстінде, үй, үйдің, би, қолыма, мойнын.

Жұмыс түрлері

1. Көп нүктенің орнына сөздерді жазыңдар.

2. Оның қай жалғауда тұрғанын анықтаңдар

Мысалы: орамал тастамақ ойыны арқылы

Оқушылардың сөздік қорын байытады.

Қазақ тіліне тән дыбыстарды

Өткен кезде сол дыбысқа байланысты сөздер айтқызу.

Қ” дыбысы ойыны

-Қайда тұрасың?

-Қалада

-Қай қалада?

-Қарағандыда

-Қайда барасың?

-Құрбыма

Қазір қай жыл мезгілі?

Күз айларын ата?

Күзде ауа райы қандай болады?

Құстар қай жаққа ұшып кетеді?

Күз қандай жыл мезгілі?

Күзде не піседі?

Ағаш жапырақтарының түсі қандай болады?

Сен бұл мезгілді ұнатасың ба?

Осылайша біздің мектебіміздің қазақ тілі мен әдебиет пән мұғалімдері үлгерімі төмен оқушылармен әр түрлі жұмыс түрлерін өткізеді. Бұл жұмыстар өз нәтижелерін беруде. І тоқсанмен салыстырғанда біраз сыныптарда ІІ тоқсанда білім дәрежесі көтеріледі. Бұл жетістіктер мұғалімнің жұмысының нәтижесі деп ойлаймын. Мұғалім, оқушы, ата-ана әрқашан бірігіп жұмыс атқаруы керек деп ойлаймын.





Только до конца зимы! Скидка 60% для педагогов на ДИПЛОМЫ от Столичного учебного центра!

Курсы профессиональной переподготовки и повышения квалификации от 1 400 руб.
Для выбора курса воспользуйтесь удобным поиском на сайте KURSY.ORG


Вы получите официальный Диплом или Удостоверение установленного образца в соответствии с требованиями государства (образовательная Лицензия № 038767 выдана ООО "Столичный учебный центр" Департаментом образования города МОСКВЫ).

Московские документы для аттестации: KURSY.ORG


Краткое описание документа:

Мұғалімнің міндеті осы дайын тірек сызба, кестелерді өз жеке іс-тәжірибесін қолдана отырып, әр тақырыпты сорттап, талдап, сызбаларды барынша түсінікті етіп оқушыға жеткізе білу.

Мысалы фонетика бойынша и,у дыбыстарының жуан, жіңішке болатына салыстырмалы кестені қолдану керек.

 сол тақырыпқа байланысты тірек-сызба ілініп тұру керек.

Грамматикалық ұғымдар практикалық жолмен іске асырылады. Педагогикалық талап – білім беру жолында қолданылатын теория мен практиканы басшылыққа ала отырып, мұғалім оқушылардың тілден алған теориялық білімін практика жүзінде меңгерту мақсатталады

 

Общая информация

Номер материала: 377821

Похожие материалы



Очень низкие цены на курсы переподготовки от Московского учебного центра для педагогов

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 60% скидки (только до конца зимы) при обучении на курсах профессиональной переподготовки (124 курса на выбор).

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: KURSY.ORG