Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / История / Другие методич. материалы / Ұлы ақын Абай Құнанбаевтың өмірі мен қызметі
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 26 апреля.

Подать заявку на курс
  • История

Ұлы ақын Абай Құнанбаевтың өмірі мен қызметі

библиотека
материалов


Атырау облысы

Қызылқоға ауданы

Қаракөл орта мектебінің

Тарих пәнінің жоғары санатты мұғалімі

Суатова Фарида Болатовна.

Пәні: Қазақстан тарихы

8-сынып.

Сабақтың тақырыбы: §47 Ұлы ақын Абай Құнанбаевтың өмірі мен қызметі

Мақсаты:

1.Замана шамшырақтарының бірегейі, ақыл мен ойдың телегейі, ұлтымыздың данагөйі, бір бойына барлық қасиетті жинақтаған, қалың ұйқыда жатқан қазақ елін өнер-білімге, ғылымға жетелеуді мақсат тұтқан Ұлы ойшыл, көрнекті қоғам қайраткері, ақын, сазгер, күйші, қара қылды қақ жарған төбе би-шешен, аудармашы Абай Құнанбаевтың өмірі мен қызметі, саяси көзқарасының қалыптасуы, жеке қасиеттері, Абайдың қоғамдық – саяси және тарихи көзқарастары, тәлім-тәрбиелік мәні зор ғақлияларының маңыздылығы мен аудармашлық қызметін айта келіп, биылғы ақынның 170 жылдығына сәйкес қазақ тарихындағы Абай орны, мұрасын насихаттау, білімдерін кеңейту,толықтыру.

2.Өскелең жас ұрпақты Абай атамыз армандағандай сегіз қырлы, бір сырлы, еңбексүйгіш, терең ойлай білетін парасаттылыққа, өзінің өткен әр күнінен міндетті есеп бере алатын ақылды, өзін -өзі тәрбиелейтін адамгершілік қасиеті мол ұрпақ ретінде қалыптастыру.

3.Тақырып бойынша сызбамен жұмыс жасату, тарихи тілмен сөйлеу қабілетін жетілдіру мақсатында кестедегі оқиғаларды ауызша баяндату, картамен жұмыс, дәптермен жұмыс, Абай өміріне байланысты хронологиялық кестемен жұмыс жасай білуге дағдыландыру.

Күтілетін нәтиже:

1.Қазақтың бас ақыны-Абай Құнанбаевтың өмірі мен қызметін өзіндік жұмыстар жасау, іздену арқылы біле алады.

2.Шығармашылық жұмыстар орындай біледі.

3.Қосымша ғаламтор материалдарымен және тарихи әдебиеттермен жұмыс жасауға дағдыланады.

4.Тақырыпқа сәйкес өзінің сыни көзқарасын айқын білдіреді.

5.Қазіргі сүріп отырған өмірге сай айтылған Абайдың ғақлияларының тәлім-тәрбиелік мәнін түсіне біледі.

Түйінді идеялар: Формативті бағалау, суммативті баға.

Жетістік критерийлері қалыптасуы тиіс.(оқушыға байланысты):

1.Мен қазақ ойшылының өміріне сәйкес шығармашылық жұмыстар орындай аламын

2.Сөзжұмбақ, ментал карта, кестелер құрастыра аламын.

Сілтеме:

1.«Абай» энциклопедиясы

2.С. Негимов «Шешендік өнер»

Дереккөздер: Ғаламтор материалдары (Абай күйшілігі хақында)

Сабақтың көрнекілігі:

1. «Аңыз Адам» журналы №5 қыркүйек 2010 жыл;

2. «Абай ұрпақтары» суреттері (слайдтар)

3. Даналық ой-пікірлері жазылған слайдтар

4. «Абай туралы ойшылдардың бағалары» (слайдтар)

5. З.Е. Қабылдинов, А.Т, Қайыпбаева «Қазақстан тарихы» 8-сынып оқулығы Алматы «Атамұра» 2008 жылы

6.Қазақ әдебиеті 9-сынып оқулығы

7.«Қалың елім қазағым» Алматы «Жалын» 1995ж

8.«Абайдың қара сөздері» - 2 том

9.М.Мырзахметовтың электронды оқулығы 4 кітап.

Пәнаралық байланыс –Қазақ әдебиеті, музыка

Сабақтың түрі - Семинар сабақ

Сабақтың әдісі - Аралас (ауызша баяндау, оқушы шығармашылығы, сұрақ-

жауап, сөзжұмбақ)

Ұйымдастыру:

1) Оқушы қатысын тексеріп сабақтарына сәттілік тілеу.

2) Үй тапсырмасын сұрап, бекіту.

3) Жаңа сабақтың жоспарымен таныстыру.

4) Бағалау

5) Шығармашылық тапсырма беру.

Үй тапсырмасы: «Менен сұрақ – сізден жылдам жауап» (сұрақ-жауап әдісі)

1. «Айтыс» қандай жарыс түрі?

(суырыпсалма ақындардың ауызша өлең түріндегі сөз жарысы)

2. Атақты дәулескер, сазгер күйшіні ата? Қандай күйлерін білесің?, неше күйі бар? (Құрманғазы Сағырбайұлы 60-тан астам күйі сақталған. Күйлері: «Кішкентай», «Ақбай, Ақсақ киік, Көбік шашқан, Түрмеден қашқан, Кісен ашқан, Адай Сарыарқа»

Би күйлері: «Қызыл қайың», «Балбырауын»)

3. ХІХ – ХХ ғасырдың бас кезіндегі қазақ поэзиясы қандай мәселелермен байланысты болды? (халық мәдениетімен, дәстүрімен, әдет-ғұрыптарымен)

4. «Қапыда өткен дүние –ай,

Халқымның көрген қорлығы,

Хандардың өткен зорлығы» ... деп басталатын өлең жолдарымен хан, сұлтандардың халыққа көрсеткен қасіреттерін аяусыз сынға алған ақынды ата? (Махамбет Өтемісұлы) Қандай өлеңдерін білесің? Ата («Ереуіл атқа ер салмай...», «Соғыс»,«Алайма, сұлтан алайма!», «Баймағамбет сұлтанға айтқаны», «Тарланым»,Тайманның ұлы Исатай», «Мұнар да мұнар, мұнар күн», «Қызғыш құс» т.б)

5. ХІХ ғ. І жартысындағы поэзия өкілдерін ата? (Жанақ Сағындықұлы, Шөже Қаржаубайұлы, Сүйінбай Аронұлы)

6. ХІХ ғасырдың 40-60 жылдарындағы поэзияның жарқын өкілдерінен кімдерді білесіздер? (Дулат Бабатайұлы, Шортанбай Қанайұлы, Мұрат Мөңкеұлы)

7. 40-қа жуық әні бар әйелдер теңсіздігін жою жөнінде жар салған. «Айбозым», «Ақтентек», «Ғашығым», «Айтбай» әндерінің авторы, 20 жасынан бастап ән шығарған ақын, сазгер әнші? (Біржан сал Қожағұлұлы)

8. ХІХ ғ. ІІ жартысындағы қазақ музыкасындағы әйгілі тұлғалардың бірі, 70-ке жуықтау әннің сөздерін өзі жазған, «Кел балалар оқылық!» өлеңіне ән шығарған сазгер әнші, ақын публицисті білесіз бе? (Жаяу Мұса Байжанұлы)

9. «Жарым патша», «Бес төре» күйлерінің авторы, күйші, қобызшы, сазгер? (Ықылас Дүкенұлы)

10. 1820-1887 жылдары аралығында өмір сүрген күйші, сазгер, домбыра өнеріндегі лирикалық бағыттың негізін салушы (Дәулеткерей Шығайұлы)

11. «Шертпе» күйдің негізін қалаушы, 40-тан астам күй шығарған лирик сазгер? (Тәттімбет Қазанғапұлы)

12. Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Қарабау жерінде дүниеге келген айтыскер ақын, жырау, майталман жыршы, термеші, «Үш қиян» өлеңінің авторы, 1843-1906 жылдары аралығында өмір сүрген жерлесіміз кім? (Мұрат Мөңкеұлы)

13. Кіші жүз қазақтарының Исатай, Махамбет бастаған ұлт-азаттық көтерілісіне қатысушы және оның жалынды жыршыларының бірі халық ақыны? (Шернияз Жарылғасұлы)

14. ХІХ ғасырдың атақты айтыс ақындарын ата? (Орынбай, Жанақ, Шөже, Әсет, Сара, Сүйінбай)

15. Атақты сазгер, әнші ақын, әрі балуан «Ғалия» әнінің авторы? (Балуан Шолақ, Нұрмағамбет Баймырзаұлы)

V. Жаңа сабақтың жоспары

1) Ақынның балалық шағы

2) Озық ойлы орыс зиялы қауымының өкілдерімен араласуы

3) Абай – ұлы ақын әрі ойшыл, қоғам қайраткері, төбе-би шешен

4) Ақынның өмір сүрген ортасы.

5) Абайдың саяси және тарихи көзқарастары

6) Абай және халық ағарту ісі

7) Аудармашылық қызметі

8) Абайдың Қазақстан тарихында алатын орны

9) Қара сөздерінің мазмұны,тәрбиелік мәні.

VІ. Ұйымдастыру. «Миға шабуыл» әдісі

-Оқушылар мен сіздерге мына бір өлең жолдарын жасырғалы тұрмын. Ойланып көрейік, кімнің өлеңі екен? Осы өлең арқылы біздер жаңа сабағымыздың тақырыбын анықтап алмақпыз.


Бақпен асқан патшадан,

Мимен асқан қара артық

Сақалын сатқан кәріден,

Еңбегін сатқан бала артық


Сенбе жұртқа, тұрса да қанша мақтап,

Әуре етеді ішіне қулық сақтап

Өзіңе сен, өзіңді алып шығар

Еңбегің мен ақылың екі жақтап (Абай)







1 кесте

1845ж 10 тамыз Семей

облысының Шыңғыстауының Абайдың тәрбиесі

бhello_html_m13d43907.gifhello_html_m786d84bd.gifаурайында дүниеге келді үшін анасы Ұлжанның

1904 ж 23 маусым орны ерекше

hello_html_m7ac419c8.gifhello_html_m38586f1.gifhello_html_m783bc762.gifhello_html_m294b5e27.gifhello_html_1bd876f3.gifӘкесі Құнанбай

Тобықты

Ибраһим руының аға сұлтаны.

(Абай)

«Телғара» (анасы Ұлжан мен кіші

шешесі Айғыз екеуінің арасында

тел өскен)





hello_html_m6b007f10.gifҚазақтың бас ақыны

Қоғам қайраткері

Ағартушы

hello_html_98608df.gifАбай кім? Ойшыл

hello_html_4f404b72.gifСазгер

Төбе би – шешен

Аудармашы

Заңгер(74-бап «Шар ережесі», 1868ж Ережеге сай

100-бап «Абай ережелері»)

Қазақ жазба әдебиетінің негізін салушы

Болыс (Қоңыркөкше)


Құнанбай

hello_html_m3b61eec6.gifhello_html_57fd0fcc.gifhello_html_55d0a34f.gifhello_html_1514ed48.gifәйелдері

hello_html_4641c3ba.gifhello_html_4641c3ba.gifКүңке Ұлжан Айғыз Нұрғаным

hello_html_4641c3ba.gif


Құдайберді 1. Тәңірберді 1. Халиолла

hello_html_4641c3ba.gif2. Абай (1845-1904) 2. Ысмағұл

3. Ысқақ

4. Оспан

Шәкәрім


Жеті ата

hello_html_m65f2009.gif

hello_html_m1cd9591f.gifhello_html_m47e268dd.gifОлжай

hello_html_4641c3ba.gif

hello_html_3e2e2dd9.gifhello_html_57aed7ff.gifАйдос Қайдос Жігітек

hello_html_m580ed4ea.gifhello_html_57aed7ff.gifhello_html_m6dae7b6f.gifhello_html_m697b7f35.gif

Торғай Кенгірбай

hello_html_4641c3ba.gifЫрғызбай Көтібақ Топай Бөкенші

Борсақ

Өскенбай

hello_html_4641c3ba.gif


Құнанбай

hello_html_4641c3ba.gif

Абай

hello_html_m7f54c13.gifhello_html_m31127d1f.gifАбай

hello_html_m294b5e27.gif

Ділдә Әйгерім Еркежан

hello_html_m2df47aa7.gifhello_html_4641c3ba.gif

Тұрағұл

1.Ақылбай

2.Әкімбай Мекаил

3.Әбдірахман (1868-1895) Ізкаил

4.Мағауия (1870-1904) Кенжеш

5.Күлбадан

6. Райхан

4 Абай өмірі (хронолгиялық кесте)

1855-1857 жылдары– ауыл молдасынан сауат ашты. 9 жасында «Кім екен деп келіп едім түйе қуған» алғашқы мысқыл өлеңін шығарды.

1857-1859 жылдары -Семей қаласында Ахмет Риза медресесінде білім алды. 3 ай

«Приходская школа» атты орыс мектебінде қосымша оқыды.

Араб, парсы, түрік тілдеріндегі Шығыс ақындарының

кітаптарын оқыды. 13 жасынан - аға сұлтан Құнанбай әкесінің көмекшісі болып, ел билеу ісіне араласты.

1870 жылы - Семей кітапханасында Е.П.Михаэлиспен танысады.

1876-1878 жылдары - Қоңыркөкше еліне 3 жыл болыс болады.

1876 жылы – Жала жабылады

1877-1878 жылдары – 12 іспен тіркеліп, 3-4 ай Семей қалаасында жатты.

1880 жылы - Е.П.Михаэлис арқылы Н.И. Далгополов, С.С. Гросс, П.Д.

Лобановский, Н. Кончин секілді орыстың озық ойлы

демократтарымен танысады.

1889 жыл – 25-ке жуық өлең шығарды. «Күлембайға», «Жаз» деген өлеңдері

Омбыдағы «Дала уалаяты» газетінде Көкбайдың атымен жарияланды.

1890-1898 жылдары- Қара сөздерін жазды.

1891жылы Сүйікті інісі Оспан қайтыс болған соң Абай өлеңдеріне мұң араласа

бастайды.

1895 жылы – Талантты ұлы Әбдірахман 27 жасында қайтыс болады.

1904 жылы 14 мамырында баласы Мағауия қайтыс болды.

1904 жылы 23 маусымда 40 күннен кейін Абай дүниеден өтеді.Жидебайдағы өз қыстауының жанына жерленеді

1909 жылы- Абай өлеңдерінің тұңғыш жинағын Петерборда Кәкітай Ысқақұлы басып шыңарды. Абайдың баласы Тұрағұл да атсалысты.

1922 жылы-Абай өлеіңдерінің жинағы Ташкентте жарық көреді.

1933 жылы -Абай шығармаларының толық жинағы Алматыда басылды.

1940 жылы-Абайдың туғанына 95 жыл Шыңғыстауда Абай ауданы, Семейде Абайдың мемориалдық- музейі ашылды.

1945 жылы -Абайдың 100 жылдық мерейтойы өткізілді. Алматы опера және

балет театры Абай атымен аталды.

1949 жылы -М.Әуезовтың «Абай жолы» романы Сталиндік сыйлық алды.

1959 жылы - Лениндік сыйлық алды.

1960 жылы Алматы қаласында Абай ескерткіші орнатылды.

1995 жылы А.Құнанбаевтың 150 жылдық мерейтойы ЮНЕСКО көлемінде

аталып өтті.



hello_html_m7d25a3ca.gif5 кесте

hello_html_2ae8ec1b.gif

hello_html_m49e09ce2.gif

Әзіл әңгімесі

hello_html_4641c3ba.gifЕскендір (аяқталмай қалды)

Масғұт




6 кесте

hello_html_me967818.gif



Аhello_html_m2dba1bbf.gifhello_html_m53a5d0eb.gif.С.Пушкиннен М.Ю.Лермонтовтан

hello_html_4641c3ba.gifhello_html_4641c3ba.gif


Оhello_html_m2df47aa7.gifнегиннің сипаты, Бородино,

Татьянаның Онегинге жазған Тұтқындағы батыр,

хаты, Онегиннің Татьянаға Ой, Қанжар,

жауабы, Онегин сөзі, Альбомға, Дұға,

Ленский сөзінен И.А. Крыловтан Қасиетті дұға,

hello_html_4641c3ba.gifТеректің сыйы,

Жалау, Шайтан

Жартас, Вадим.

Емен мен шілік,

Қазаға ұрынған,

Қара шекпен,

Жарлы бай,

Есек пен бұлбұл,

Қарға мен бүркіт,

Шегіртке мен құмырсқа,

Әншілер, Ала қойлар,

Қарға мен түлкі,

Бақа мен өгіз, Піл мен канден, Есек.

7 кесте

«Абай туралы даналық ой пікірлер»


1.«Қазақтың бас ақыны – Абай Құнанбаев. Онан асқан бұрынғы - соңғы заманда қазақ даласында біз білетін ақын болған жоқ».

А.Байтұрсынов

2. «Абай деген – терең теңіз, алып мұхит. Абайды таныған сайын, оның түбіне маржандарын алу үшін сүңги беруің керек,сүңги беруің керек. Ал мен оның бетін ғана қалқыдым»

М.Әуезов

3. «Абайдың әуелден-ақ әкенің баласы болмай, адамның баласы болуды армандағаны белгілі. «Адамға адамның баласының бәрін дос санады. «Біріңді қазақ, бірің дос көрмесең, істің бәрі бос» деген сөздері- шын мәнінде ұлт болып ұюмыздың негізі шарты. .....Абай әлемі бізді жеті түнде адастырмас темірқазық іспетті».

Н.Ә.Назарбаев

4. «Өз Отанының сом алтыны»

Ә.Бөкейханов

5. «Қараңғы заманда шырақ жаққан» шамшырақ»

М.Дулатов

6. «Әлемнің құлағынан әні кетпес» кемеңгер» М.Жұмабаев

7. «Ол халық тарихының биік шыңына жалғыз –дара шыққан тау ағашы сияқты»

М.О.Әуезов

Абай-шешен.Ұлттық өнеріміздің ішінде алмастай асыл, найзағайдың отындай жарқ-жұрқ еткен өткірлікке, тапқырлыққа суарылған дүниетаным тереңдігіне негізделген өнер-шешендік. «Шешендік дегеніміз» - кесімді билік айту, қажет нәрсені ортаға ,көптің талқысына салу яки айтатын нәрсе мен айтпайтын нәрсенің ара-жігін жіті айыра білу, өлшемнен асырмау, ой-пікірлерді айқындау және көмейі суырылған шешенде табиғилық, ұғымдылық, шыншылдық, сыршылдық, ақжарқындық, жаздың әсем таңындай сұлу көңілі болуы қажет. Абайдың ел билеу өнеріндегі айтулы құбылыстың бірі – 1885 жылы мамыр айында Шар бойында Қарамола сиезінде (сьезінде) бес дуан елге арналып жазылған 74 баптан құрылған Ережесі. Тарихи мәні терең бұл құжат жүйелеп тексерудің, қазақ өмірінің әлеуметтік- ұлттық болмысын нақтылы шаншыла зерттеудің ең жоғары түріне жатады. Бұл Ережеде: жер дауы, құн дауы, жесір дауы, қалың мал, құдалық жоралары, әйелдің бас бостандығы, ата-ана мен баланың арасындағы сыйластық, ерлі-зайыптылар қарым-қатынасы, әмеңгерлік мәселесі терең талданып, әділ билік – кесімдер, шара қолдану айтылады.


hello_html_m3e91bd10.gifұрлыққа

hello_html_m296aae74.gifбарымтаға

Шhello_html_m510dbefd.gifара қолдану: суға батқанға көмек

hello_html_m1a1f7500.gifhello_html_m5ab2dbde.gifарық, көпір, құдық бұзғандарға

өрт, боран, аяз кезінде араша болмағандарға (35 бап)

Алты алаштың ардақтысы Әлихан Бөкейханов: «20 жасқа жеткенше Абай от тілді шешен, халық өмірі мен әдет-салтын, қазақ даласындағы атақты билердің әр істі шешкендігі төреліктерін жақсы білетін ділмар атанды. Абай өзінің қабілеті мен білімінің арқасында қазақтардың билік тартысында басты тізгін ұстаушы болды» -деп жазады.

Ахмет Байтұрсынов:«Ел ішіндегі сақталған қазақтың бұрынғы өткен билерінің билігі, шешендерінің сөйлеген сөзі, көсемдерінің істеген ісі, үлгілі сөздер, ұнасымды тілдер, мақал-мәтелдер сияқты нәрселерді Абай көп біледі екен. Заман бұрынғыдай болса, Абай алаштың атақты билерінің бірі болуы шүбәсіз. Біліммен би болып, жұрт білмейтін заман өтіп, таспен би болатын заманға қарсы туған» - деп бағалаған.


hello_html_m236947e9.gif

hello_html_4dc9a874.gifhello_html_m6228d09d.gif


hello_html_m4402d5c3.gifhello_html_m70ff817d.gif

hello_html_57aed7ff.gif

hello_html_57aed7ff.gif

Дүниенің тылсым сырын надандық,

танып білу талапсыздық,

жалқаулық мінездерді

сынады.

hello_html_m4557b712.gifhello_html_98608df.gif

Ар –ұят, адамгершілік

мәселелерін қамтыды


Абай терең зейінді адам болғандықтан өзі өмір сүрген ортасын, оның қоғамдық жағдайларын терең түсініп, ақиқаттықпен көрсете білді.

Ақын өмір сүрген кездегі қазақ қоғамы:

1.Феодалдық – патриархалдық құрылыстың шырмауында болатын;

2.Рулық құрылыс ыдырамады;

3.Патшалық әкімшіліктің ру басшыларының тартыстарын қоздыруы;

4.Қоғамдық ахуал шиеленісті;

5.Халықтың күйі нашарлап кетті;

6.Халықтың мұң-мұқтажын жоқтаған ақын болыс, төбе би болып әлеуметтік мәселелерді шешті;1868 жылы 100-бап ереже жасаған

7.Топтық қоғамда әлеуметтік әділдіктің болмайтынын да көре білді;

«Күшті жықпақ, бай жеңбек әуел бастан,

Қолға түсер, сілесі әбден қатып

Жаны аяулы жақсыға қосамын деп,

Әркім бір ит сақтап жүр ырылдатып» - деп теңдік алу үшін қанша арызданып ізденгенімен, байларға «ырылдатып ит қосып» күрескенімен ,кедейдің қалжырап, сілесі қатқаннан басқаға әлі жете алмайтынын көрсетті.

Өнер –білім меңгерудің орнына шен-шекпенге қызығып,мансап қуған жастарды көріп қапаланған Абай: (Электронды оқулықтан тыңдатылды)

Ойында жоқ бірінің,

Салтыков пен Толстой.

Я тілмаш, я адвокат,

Болсам деген бәрінде ой,-деп күйінеді.

«Болыс болдым,мінеки»өлеңінде:

Күштілерім сөз айтса,

Бас изеймін шыбындап,

Әлсіздің сөзін салғыртсып,

Шала ұғыман қырындап-деп сынайды.

Күшік асырап,ит еттім,

Ол балтырымды қанатты.

Біреуге мылтық үйреттім,

Ол мерген болды, мені атты- деп сатқындық, опаздық, екіжүзділік секілді жағымсыз әдеттерді сынады.

Кәрі қой ептеп сойған байдың үйі,

Қай жеріңде кедейдің тұрсын күйі?

Қара қидан орта кап ұрыспай берсе,

О да –қылған кедейге үлкен сыйы- кедей тұрмысының ауырлығын, кедейдің байға тәуелділігін көрсетеді.

«Бірлік жоқ, береке жоқ , шын пейіл жоқ,

Сапырылды байлығың, баққан жылқың

Баста ми, қолда малға талас қылған,

Күш сынасқан күндестік бұзды-ау шырқын»,-деп кеселді құбылыстарды қатты сынайды.

Абай өз кезіндегі тәлім-тәрбие ісін талдай отырып, феодалдық көзқарастағы тәрбиенің жағымсыз беттерін сынайды. Қазақтың өз баласын тәрбиелей алмайтынын өткір сынға алады. Баланың ескі көзқарастағы ата-анасы оны теріс жолға бағыттап, жөнсіз мінезге баулитынын айтады.Баланы тәрбиелеуде ерінбеуге,жалықпай ұстаздық етуге шақырады.

Ақырын жүріп, анық бас,

Еңбегің кетпес далаға.

Ұстаздық еткен жалықпас,

Үйретуден балаға- деп, ең тамаша да, жауапты, абыройлы іс- ұстаздық етіп тәрбиелі де білімді шәкірт қалыптастыру әр ұстаздың бақыты деп тапсырады.

Өлеңдері: «Шәріпке», «Абралыға», «Жақсылыққа», «Жаз», «Көкбайға», «Көжекбайға»,«Өлең сөздің – патшасы,сөз сарасы», «Күз», «Қыс», «Күлембайға», « Сегіз аяқ», «Жазғытұрым», «Оспанға», «Баймағамбетке», «Әсемпаз болма әрнеге», «Ескілік киімі», «Бір сұлу қыз тұрыпты хан қолында». т.б

«Тапқыр болсаң, шешіп көр» (жұмбақ шешу)

Абайдың жұмбақтары:

Алла мықты жаратқан сегіз батыр

Баяғыдан соғысып әлі жатыр.

Кезек-кезек жығысып, жатып-тұрып,

Кім шығары белгісіз түбінде ақыр.

Шешуі: (қыс пен жаз, күн мен түн, тақ пен жұп, жақсылық пен жамандық)


Қара жер адамзатқа болған мекен,

Қазына іші толған әртүрлі кен,

Ішінде жүз мың түрлі асылы бар,

Солардың ең артығы немене екен?

Шешуі: (темір)


Сыналар, ей, жігіттер келді жерің,

Сәулең болса, бермен кел талапты ерін,

Жан құмары дүниеде немене екен?

Соны білсең, әрнені білгендерің.

Шешуі: (білмекке құмарлық)


Абай сынаған 7 мақал (29 сөзінде)

1. «Жарлы болсаң, арлы болма»

2.«Қалауын тапса, қар жанады»

3.«Сұрауын тапса, адам баласының бермесі жоқ»

4. «Атың шықпаса, жер өрте»

5.«Жүз күн атан болғанша, бір күн бура бол»

6.«Алтын көрсе, періште жолдан таяды»

7. «Ата-анадан мал тәтті»

Қорытынды:

Ұлы Абай

1.Жазба әдебиеттің негізін қалаған, ұлттық поэзия тілін көркейткен көсем.

2.Ғажайыпты болжаған айыр тілді аруақты шешен

3.Қазақ поэзиясына ұшан –теңіз өзгерістер енгізген реформатор

4.Ұлттық музыка өнерін асқар биікке көтерген біртуар композитор (сазгер)

5.Аударма өнерінің үздік шебері

6.Ана тілінің негізгі сөздік қорын сарқа пайдаланған ерен дарын

7.Абай мұрасы, Абай жолы кейінгі ұрпақ үшін сарқылмас қазына

Шығармашылық тапсырма

(Сынып оқушылары жаңа сабақ бойынша төмендегі тапсырмаларға жауап берді)

Абай-ақын

Абай-сазгер

Абай-шешен

Абай-ағартушы-ойшыл

Абайдың тарихи көзқарастары

Абай-күйші, сазгер.

Абай-аудармашы

Абай саясаткер

Абай төбе би- шешен

Қазақ тарихындағы Абай мұрасы

Топтық жарыс. Абай өлеңдерін жатқа айтқызу


Ой талқы

Жұмысы жоқтық,

Тамағы тоқтық

Аздырар адам баласын-оқушының өз көзқарасын тыңдау


«Бұл қандай оқиға?» (Абай өміріне байланысты сандар жасырылады )

Сөзжұмбақ шешу «Қазақтың бас ақыны»


Оқушы шығармашылығы (өздерінің шығарған арнау өлеңдерін оқыды)

Абай

Абайды барлық адам білетұғын,

Абайды бәрі жақсы көретұғын.

Абайдың ғақлиясын жақсы оқып,

Барлық адам өлеңін сүйетұғын.


Абайдың өлеңдері сырға толы,

Сырға толы, сыйқырлы жырға толы.

Өлеңді оқығанда кіргендейсің,

Бір әлемге, ғажайып мыңға толы.

Нұрлан Оралхан

Ақылшымыз, ардақтымыз, данамыз,

Әрқашанда құрметпенен қараймыз.

Әрбір сөзі адамдыққа шақырар,

Алыстатар жамандықтың арасын.

Қазағымның бас ақыны-Ұлы Абай

Әрі ақын, әрі сазгер-дана Абай

Бес нәрседен қашық бол деп үйретіп,

Бес нәрсеге асық бол деп шақырған.

Үсен Айғаным.


Кемеңгер, ойшыл ұлы Абай,

Қазақтың ұлы ақыны.

Үлкенді де, кішіні

Білім алуға шақырды.


Сенде бір кірпіш дүниеге,

Қалан деді баршаға.

Абайдың қарасөздерін,

Жаттап өсер әр бала.

Таңбай Жалғас.


Абай ақын домбырада ойнаған,

Абай дара,оза шапты бәрінен.

Абай шешен, әділ болды халқына,

Ән шығарып, өз халқына жырлаған.

Рысбай Тұржан.

Абай дана, ұлы ақын,

Аудармашы, жыршы ақын.

«Ескендір»-деп жырлаған,

Көңілі оның нұрлы ақын.


Ағартушы ұлы ақын,

Еңбегі мол, ер ақын.

Халық үшін жырлаған,

Ізі өшпейтін мәңгі ақын.

Бисенбай Ақтілек

Қазақтан Абай шыққан дараланып,

Жастайынан үлгерді бағаланып.

Атақты Абай ақын, ұлы дана,

Өмірде аты мәңгі қалары анық.


Өлең жазып, ән шығарып тынбайтын,

Артындағы жас ұрпағың баптайтын

Надандықтан көзін ашып халықтың,

Ұйқыдағы ел үмітін ақтайтын.


Әндерің көп күллі қазақ шаттанарлық,

Тұлға едің халқың үшін мақтанарлық.

Даналық ойға толы қарасөзің,

Ұрпақ үшін мәңгілік сақталарлық. Нығымет Айтөре.

Қалың қазақ ұйқысын,

Бір сөз ғана оятты.

Сөнбестей қылып шамдарын,

Мұра етіп қалдырды.


Өшпес шамын жағып ол,

Көрсетті мәңгі үлесін.

Тербетті жырлап қазақтың,

Бастан кешкен мұңдарын.

Абай деген ұлы ақын,

Ұлылардың ұлысы.

Ән мен күйді шерткен

Бұл қазақтың баласы. Бағытжан Дастан.

Ұлы Абай!


Ұлы дана қазақ халқы атасы,

Абай ақын қазағымның данасы.

Ел-жұртына сыйлы болған ақыны,

Ақындықтың ең бірінші сатысы.


Ашып көзін жас ұрпақтың біліммен,

Баяндаған халық жайын жанымен.

Ағартушы, аудармашы, қайраткер,

Қазақ үшін орны бөлек бәрінен.


Мұра қылып жазғандарын артына,

Жас ұрпаққа үлгі етіп халыққа.

45-қып қазақ үшін маңызды,

Қара сөзін танытты ол қазаққа.


О, Абай, қай кісі бар оған жетер,

Өнерін көрген жанның есі кетер,

Өзінің заманында білім көзін,

Ең алғаш ашқан осы Абай көсем.

Береген Ақерке.

Абайға арнау

Әр сөзің өнеге гой ұрпағына,

Теңеймін мен өзіңді биік шыңға.

Арманым болмас еді бұл өмірде,

Сіз секілді кіре алсам жыр бағына.


Абай жаны құбылыс мәңгі жұмбақ

Біздер үшін ұлы Абай биік тұрмақ.

Сөздеріңді ұран қып алты алашқа,

Ұрпақтарың мәңгі жырлап жалғастырмақ.


Әр сөзіңде ой жатыр гой саналы,

Сол сөздерің барша адамға бағалы.

Өлеңді оқымаған кей қазақ,

Әрқашанда көш соңында қалады.


Абай ақын халқымның ер-данасы,

Әрдайым биік ұстар жыр атасы.

Абайдай ақын болмас бұл дүниеде,

Қазақтың туа біткен ғұламасы.

Жакешов Ришат.


Абай –дана, ғұламасы елімнің,

Абай –ақын мақтанышы жерінің.

Абай атты бір данышпан болмаса,

Ақ,қарасын кім айырмақ өмірдің?


Сүйсінемін жазғанын оқығанда,

Абай сөзі бағдаршам оқырманға.

Адасатын адамдар болмас еді,

Абай ойын кеудеге тоқығанда.


Ол жалғыз ақындықты меңгермеген,

Ақылына еш мықты тең келмеген.

Ресей елі Пушкинмен қатар қойып,

Ескерткішке жай барып сенделмеген.

Қайратқызы Өміргүл.

Оқушыларымның осындай жүректерінен шыққан өлеңдерін тыңдай отырып, ұлы ақынға арнап жазған өзімнің де өлең шумақтарымды ұсындым.

Бойтұмар қылып Абайдың,

Жадыңда сақта сөздерін.

Әрбір өткен күніңнің,

Есебін алу міндетің.

Зерделі де, білімді болса ұрпағың,

Орындалмақ өмірдегі мақсатың.

Естілердің ескеріп жүрген әр сөзін,

Абыроймен «тәрбиелі» болмақ ұрпағың.

Надандық, еріншектік, залымдықтан,

Бойыңды аулақ ұста жамандықтан.

Өнер үйрен, білімге құштар болып,

Көріне бер, шәкірттер биік шыңнан.

Бағалау: Формативті бағалау (мадақтау, смайликтер, мадақтамалар)

Сабақта белсенділігімен көзге түскен 10 оқушы мадақтамамен марапатталды.

Сынып оқушылары суммативті бағаланды.

Кейінгі оқу: «Мен таныған Абай» тақырыбында эссе жазу

Рефлексия: «Сабақтың екі жаңалығы...»




Автор
Дата добавления 11.01.2016
Раздел История
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров1098
Номер материала ДВ-326103
Получить свидетельство о публикации

"Инфоурок" приглашает всех педагогов и детей к участию в самой массовой интернет-олимпиаде «Весна 2017» с рекордно низкой оплатой за одного ученика - всего 45 рублей

В олимпиадах "Инфоурок" лучшие условия для учителей и учеников:

1. невероятно низкий размер орг.взноса — всего 58 рублей, из которых 13 рублей остаётся учителю на компенсацию расходов;
2. подходящие по сложности для большинства учеников задания;
3. призовой фонд 1.000.000 рублей для самых активных учителей;
4. официальные наградные документы для учителей бесплатно(от организатора - ООО "Инфоурок" - имеющего образовательную лицензию и свидетельство СМИ) - при участии от 10 учеников
5. бесплатный доступ ко всем видеоурокам проекта "Инфоурок";
6. легко подать заявку, не нужно отправлять ответы в бумажном виде;
7. родителям всех учеников - благодарственные письма от «Инфоурок».
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://infourok.ru/konkurs


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ


Идёт приём заявок на международный конкурс по математике "Весенний марафон" для учеников 1-11 классов и дошкольников

Уникальность конкурса в преимуществах для учителей и учеников:

1. Задания подходят для учеников с любым уровнем знаний;
2. Бесплатные наградные документы для учителей;
3. Невероятно низкий орг.взнос - всего 38 рублей;
4. Публикация рейтинга классов по итогам конкурса;
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://urokimatematiki.ru

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх