Инфоурок Начальные классы Конспекты«Ұлы дала елі- Тәуелсіздіктің 25 негізі» Тәрбие сағаты

«Ұлы дала елі- Тәуелсіздіктің 25 негізі» Тәрбие сағаты

Скачать материал

Тақырыбы: «Ұлы дала елі- Тәуелсіздіктің 25 негізі»

Сценарий мақсаты: 1986 жылғы желтоқсанда орталықтың әміршіл - әкімшіл солақай саясатына қарсы алғаш рет бас көтеріп демократия жолында құрбан болған ұл қыздарымыздың ерліктері жайында түсінік бере отырып, жастардың алаңға не себепті, қандай мақсатпен шыққандығын жете түсіндіру. Әрбір жеке тұлғаның еркін сөйлеп, өз пікірін, ойын айта білу қабілетін дамыту.

Сценарий тәрбиелігі: Өз Отанына, туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттыра отырып, өз анна тілін, әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін сақтай білуге патриоттық сезімге тәрбиелеу.

Сценарий көрнекіліктері: Қайрат Рысқұлбеков, Сабира Мұхамеджанова, Ербол Сыпатаев, Ләззат Асанова суреттері. «Ұлы дала елі- Тәуелсіздіктің 25 негізі»атты плакат.

Мұғалім сөзі. Армысыздар құрметті ұстаздар, қадірлі қонақтар, оқушылар. Бүгін біздің еліміздің сан мың жылдар бойы найзаның ұшымен, еліміздің ерен ісімен, кешегі дүниені дүр сілкіндерген Желтоқсан оқиғасымен келген тарихымызда алтын әріптерімен жазылып қалған «Ұлы дала елі- Тәуелсіздіктің 25 негізі» атты кешімізді ұсынамыз.

Әнұран орындалады.

1-жүргізуші:

Шайқалмасын ешкімнің шаңырағы,

Бақыт көрсін Отанның сан ұланы.

Енді ағайын, көгінде қалықтасын,

Қазағымның қастерлі - Әнұраны!

Желтоқсанда Алматыда, ақ қарда,

Алма бақтар ак қырауға батқанда,

Күңірене күн күркіреп тау жақтан,

Жайдың оты жалаң қақты шатқалдан.

2-жүргізуші:

Желтоқсан таңы дірілдеп ызғар,

Жүректе жылы үміт пен ізгі ар.

Ақ құстай бейбіт арманы самғап,

Алаңға шықты жігіттер,қыздар. - Құрметті ұстаздар, оқушылар егеменді еліміздің тәуелсіздік алғанына 25 жыл. Ал желтоқсан көтерілісіне 30 жыл болды.Қанша жыл, қанша ғасыр өтсе де ұмытылмайтын оқиғалар болады. Ұмытылмайтыны – оның тағдырмен байланыстылығында.1986 жылы Желтоқсан көтерілісі де ауыл-үйдің әңгімесі емес, дүмпуі алып құрлықты аралап кеткен ғаламат тарихи оқиғалардың бірі.

Сабина: Көрініс: «Тәуелсіздіктің ақ таңы»

Әжесі жүн түтіп отырады. Немересі далада ойнап жүреді.

Әжесі: — Е…. тәуба! Бергеніңе шүкір…

Немересі: — Әже, әжетай! Далада керемет болып жатыр. Аспанға жарқылдаған салют атып, адамдар қуанышқа бөленіп жатыр.Жүріңіз көрейік!

Әжесі: — Е,… е, жарығым, бұл қуаныш. Тәуелсіздіктің мейрамына арналған керемет қой! Жақсылығымыз ұзағынан болсын!

Немересі: — Әжетай, Тәуелсіздік деген не?

Әжесі: — Тәуелсіздік деген еркіндігің, бостандығың, бақытың балам.Біздің кезімізде мұндай еркіндік болған жоқ.

Немересі: — Сол өміріңіз туралы айтып беріңізші.

Әжесі: — Әй, балам — ай, өткен өмірді көз алдыма елестетсем шуылдап басым айналады.аздап тынықпасам болмас.\ Әжесі мен немересі қисайып жата кетеді\

Немересі: \ көзін уқалап тұрады\ — Әже жап жарық күнді көрдім. Көп түс көрдім.

Әжесі: — Е, ол сенің бақытың ,балам. Тәуелсіздігіңнің мәңгі жарық күні.

Немересі: — Ендеше мен ұстаздарымнан, жолдастарымнан сүйінші сұраймын. Алақай, сүйінші! Тәуелсіздіктің ақ таңы атып келеді! \ Немересі сахнадан жүгіре жөнелді\

Би: Қазақ биі

1-жүргізуші:

- Бұл күн Қазақ халқы үшін ұлы күн, әрі қайғылы, әрі бақытты күн. 1986 жылғы желтоқсан оқиғасы Қазақ халқында бұрын болмаған ең ауыр да, әділетсіз көтерілістің бірі. Ол халық жүрегінде мәңгі сақталады. Сол желтоқсан батырлары Ләзззат Асанова, Қайрат Рысқұлбеков, Сабира Мұхамеджанқызы, Ербол Сыпатаевтарды, тағы басқа қаза болған ержүрек ұл – қыздарымызды еске аламыз.

Орыны ағалардың бізбен толсын, 
Сәбилер ағалардың жолын қусын. 
1минут үнсіздікпен еске алайық, 
Аруағы ағалардың ырза болсын.(1 минут үнсіздік)

 

1-оқушы:

Жас арудың жанарында – Желтоқсан,

Қанды ғасыр табанында – Желтоқсан.

Қаралы өмір қайыстырған халқымның,

Қара тұман қабағында – Желтоқсан.

2- оқушы:

Жауыздықты жасқаған да – Желтоқсан,

Жаңа ғұмыр бастаған да – Желтоқсан.

Жазықсыздың көз жасына жуынып,

Абақтыға тастаған да – Желтоқсан.

3- оқушы:

Намысымның шырағы да – Желтоқсан,

Сұрқай өмір сынағы да – Желтоқсан.

Жігіттердің ұраны да - Желтоқсан,

Жаңа күннің шуағы да – Желтоқсан.

Хор: Қазақстаным

2-жүргізуші: Алаңға шығып өз ойларын айтуға тырысқан қазақтың өрімдей қарусыз жастарына солдаттар мен милиция қызметкері қарсы қойылды. Қыз жігіттерді аяусыз таяққа жықты, түрмеге қамады. Ербол, Ляззат, Сабира сынды жаңа ғана бүршік атып келе жатқан тал шыбықтай жастарымыздың өмірін үзді.

4- оқушы:

Сүймейтұғын болдық қой, сүймей ғұмыр

Көлеңкеміз күннен де тимейді нұр.

Колбин деген кім екен, қайдан келген?

Уа, сыртымыздан қашанғы билейді бұл?

Тәуелсіздік оңайлықпен келмейді,

Бізге оны ешкім аяп бермейді.

Тәуелсіздік – Қайрат, Ляззат, Ерболдың,

Тас көшеде тас-талқан боп өлгені.

Көрініс

Автор: Камера іші. Тергеуші үстел басында отыр. Ол әр адамды жеке - жеке тергеуге шақырады. Кезек Қайрат Рысқұлбековке де келді.
Тергеуші: Кіргізіңдер! Қайрат Рысқұлбековты. (Әскери адамдар
Қ. Рысқұлбеков бейнесіндегі оқушыны алып кіреді).
Тергеуші: Ал, Рысқұлбеков әбден ойланып, ақылға келген шығарсың. Айтасың шындықты! Үндемейсің, иә! Ендеше, жазбаша жазып бер! Бол, тез! Жылдам!

Қайрат Рысқұлбеков айтарың бар ма?

Қайрат; Бар.

Күнәдан таза басым бар

Қазақ деген атым бар

21-де жасым бар

Қасқамдақтай қаным бар

Бозторғайдай жаным бар

Алам десең алыңдар

ҚАЙРАТ деген атым бар

Қазақ деген затым бар

Еркек тоқты құрбандық

Атам десең атыңдар

Мен не етермін, не етермін

Мен келмеске кетермін

Көрмеген қош бол таңдарым,

Көре алмай мен өтермін

Хош аман бол артымда,

Ағайын-туыс, азамат,

Артымда қалған ата-анам,

Ел жұртым саған аманат!

Қайратты Шырақтарым кешіріңдер! Ол әлі жас қой! Кешіріңдер, балаларым! анасы Сендердіңде балаларың бар шығар? Мен-анамын, ақ жаулығымды сыйлаңдаршы? Оның атынан кешірім сұраймын. Кешіріңдер!

ҚАЙРАТ

Көтер ана, көтер ана басыңды. 
Өтті, кетті жауынды күн жасынды 
Қазақпыз ғой мың өліп, мың тірілген, 
Мына иттерге көрсетпе көз жасыңды! 
Кешір ана, жан едің ғой тамаша, 
Арым үшін түстім, рас араша 
Қалай ғана дәтім шыдап тура алам 
Ұл-қызыңды қанішерлер таласа, 
Арым үшін түстім, рас, араша 
Араша!

«Қара бауыр қасқалдақ»әні

Кеңес Совет Республикасы одан жоғары кеңесі Президизмінің шешімінен 1988 жылдың 28 сәуірдегі жарлығымен ҚАЙРАТ РЫСҚҰЛБЕКОВке кешірім жасалып,

20 жыл бас бостандығынан айырумен ауыстырды. Алайда бұл хабар ҚАЙРАТты

Қуанта алған жоқ... мынау қайраттың анасына жазған соңғы хаты !(қайраттың хаты сахна

сыртынан оқылады). «міне өздеріңіз естігендей ату жазасын 20 жылға ауыстырды. Бұл әрине біреуге қуаныш біреуге азап. Өз басым бұл үшін қуанғам жоқ, өйткені, асыл анашым, түсініңізші! Мен сорлы бұл тас зынданда жазықсыздан жазықсыз еш отырғым келмейді. 11 ай ішінде жүйке тамырым жұқарды. Әбден шаршадым.

Тарих бізге Тәуелсіздікті тарту етті. Енді біздің парызымыз-ұлттық рәміздерді қастерлеу

Тәуелсіз мемлекетімізді өркениетті елдер қатарына қосу, мәдениеттің биік шықына көтерілу.

Би: «Алға Қазақстан» флешмоб

1 - жүргізуші: Қазақстан - үлкен мемлекет.
2 - жүргізуші: Қазақстан деген
Қ – Қасиет пен құт дарыған ел,
А - Аңсаған арманы орындалған ел.
З - Заман ағысынан қалмаған ел.
А - Азаттығын асқақтатқан ел.
Қ - Қаһарман, батырлар туған ел.
С - Сан ғасыр азап шеккен ел,
Т - Тәуелсіздік, егемендік алған ел.
А - Азаматын ардақтаған ел.
Н - Намысын сақтай білген ел!

Ән: «Мереке»

2-жүргізуші: Құрметті жиналған қауым! Сіздерді тағы да тәуелсіздігіміздің торқалы тойымен құттықтай отырып, мемлекетімізге жарқын болашақ, ұрпағымызға саулық тілейміз.Айымыз оңымыздан тусын!Осымен бүгінгі «Ұлы дала елі- Тәуелсіздіктің 25 негізі» атты кешіміз аяқталды. Кездескенше күн жақсы болсын!

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "«Ұлы дала елі- Тәуелсіздіктің 25 негізі» Тәрбие сағаты"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Кризисный психолог

Получите профессию

Няня

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 655 928 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 06.02.2017 2227
    • DOCX 49 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Нұрадинова Айжан Шырақбайқызы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Нұрадинова Айжан Шырақбайқызы
    Нұрадинова Айжан Шырақбайқызы
    • На сайте: 7 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 12012
    • Всего материалов: 7

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Копирайтер

Копирайтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Новые методы и технологии преподавания в начальной школе по ФГОС

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 958 человек из 81 региона
  • Этот курс уже прошли 7 668 человек

Курс повышения квалификации

Инструменты в преподавании кубановедения в соответствии с ФГОС НОО

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 162 человека

Курс повышения квалификации

Специфика преподавания информатики в начальных классах с учетом ФГОС НОО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 39 человек из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 284 человека

Мини-курс

Влияние внешних факторов на психологическое развитие личности

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Привязанность и воспитание

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 77 человек из 38 регионов
  • Этот курс уже прошли 20 человек

Мини-курс

Прощение и трансформация: освобождение от родовых программ и травм

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 173 человека из 56 регионов
  • Этот курс уже прошли 33 человека