Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Начальные классы / Конспекты / "Ұлы даланың батыр қыздары." тәрбие сағаты, бастауыш класс
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Начальные классы

"Ұлы даланың батыр қыздары." тәрбие сағаты, бастауыш класс

библиотека
материалов



Ақтөбе облысы

Хромтау ауданы

Тамды ауылы

Бастауыш класс мұғалімі

Бахтыбаева Майра Жарасовна



Тақырыбы: Ұлы даланың батыр қыздары.

Мақсаты:

Оқушыларға Ұлы Жеңістің қандай қиыншылықпен келгенін, Ұлы Отан соғысы кезінде батырлығы мен қайсарлығымен көзге түскен өжет мінезді қазақ қыздары Әлия мен Мәншүктің ерлігімен таныстыру;

Міндеттері:

-Ұлы Отан соғысы, оның зардаптары, Ұлы Жеңіс туралы мағұлмат беру.

-Кеңес Одағының батыр қыздары Әлия мен Мәншүктің биік тұлғасын суреттеу арқылы -----ұлтын сүйетін, еліміздің өсіп-өркендеуіне өз үлесін қосатын табанды азамат болып өсуіне, жан-жақты болуына әсер ету;

- Отан үшін жан қиған аталар мен апалардың, соғыстан оралған, қазіргі кезде арамызда жүрген ардагерлеріміздің ерлігін үлгі ете отырып, оларды құрметтеуге тәрбиелеу.

2) Оқушыларды адамгершілікке , Отанын сүюге , оны қорғауға баулу. Отанға деген сүйіспеншілікті арттыру, патриоттық сезімге баулу;

3) Балаларды үлкен адамдарды сыйлауға, оларды құрметтеуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: слайд, суреттер, қанатты сөздер, видео

Сабақ барысы:

1-бөлім.Кіріспе.

( Ұлы Отан соғысы видеоролик көрсетіліп тұрады.)

Мұғалім:

Бұл 1941 жылы 22 маусым еді. Фашистік Германия қарақшылықпен Кеңес Одағының шекарасын бұзып кірді. Ұлы Отан соғысы басталды. Фашистер күшті армия жасақтап, басқа халықтарды құлға айналдыру мақсатында соғыс ашты. Фашистер күзге дейін-ақ Кеңес Одағын талқандап жеңеміз деп даурықты. Неміс фашист армиясының түпкі мақсаты-Москаны басып алу еді. Фашистерге қарсы бүкіл халық көтерілді. Партия халыққа «Бәрі майдан үшін!» деген ұран тастады. Дәл осы кезде Отан –Ана шақырады! Деген ұран тастады. Бұл ұранды бүкіл ел болып қолдады.

Ұлы Отан соғысы басталуымен Қазақстан еңбек майданының негізгі республикасына айналды. Соғыс жылдары Қазақстан өндірісі қарқынды түрде әскери салаға көшірілді. 1944 ж мұнай өндіру үш есе өсті, тамақ және жеңіл өнеркәсіп өндірісі 1,5 есе өсті. Қазақстан колхоздары мен совхоздары мемлекетке 56 млн. Пұт астық, 733,9 мың тонна ет, 1142 мың тонна сүт, 62,4 мың жүн тапсырды. Қазақстан халқы ерікті қаражат жинауға үлес қосты. Тарышы Ш.Берсиев, күрішші Ы.Жақаев секілді жерлестеріміз жан аямай жұмыс жасаудың үлгі-өнегесін көрсетті. Республика 1 млн адамды, оның ішінде балалар үйінен 13 мың балаларды қабылдады. Сөйтіп еңбектеген баладан, еңкейген кәріге дейін Жеңіс күнін жақындатуға жұмылды.

Қазақстаннан 1 млн 870 мың Қазақстандықтар жан аямай шайқасты. 518 адам оның ішінде 96 қазақ Кеңес Одағының Батыры атағын алды. Кеңес елінің бірлігі мен достығының арқасында 1945 жылы 9- мамырда бұл оқиға Ұлы Жеңіспен аяқталды. Биыл Ұлы Жеңістің 70 жылдығы. «Ер етігімен су кешкен» сұрапыл соғыста ерлермен бірге колдарына қару алып Отанын қорғауға біздің батыр апаларымыз Әлия Молдагулова мен Мәншүк Мәметова асқан ерлік көрсетіп, батырлықпен қаза тапқан.

Ұлы Жеңістің-70 жылдығына орай қаһарман, ержүрек,батыр әпкелеріміз Әлия Молдагулова мен Маншүктің рухына байланысты «Ұлы даланың батыр қыздары » тақырыбында тәрбие сағатын ашық деп жариялаймын.

1 -оқушы. Әлия Молдагулова. (1924-1944) Қазақтың қаһарман қызы, Кеңес Одағының Батыры Әлия Ақтөбе облысының Қобда ауданында дүниеге келді. Бала кезінде жетім қалып, туыстарының қолында тәрбиеленді. Кішкентай Әлия Ленинградқа барып, соғысқа дейін сонда тұрды9-сыныпта оқыды. 1942 жылы Әлия өз еркімен майданға аттанып, мергендер мектебін үздік бітірді. Ол 26-атқыштар дивизиясында құралайды көзге атқан мергендігімен дараланды. 1944 жылы Новосокольники стансасы маңындағы ауыр шайқаста Әлия қаһармандықпен қаза тапты.( Осы сәтте Әлия Молдагулова туралы қысқаша видеоролик көрсетіліп тұрады).https://encrypted-tbn0.gstatic.com/images?q=tbn:ANd9GcSNCrSaK0k7cXz0BX4ZPkqD9bJ8nml4LietWz88o9rxRhKlX8t1

2-оқушы. Маншук Мәметова (1922-1943).

Қазақтың қаһарман қызы, кеңес одағының Батыры Мәншүк (шын аты Мәнсия) Батыс Қазақстан облысының Орда ауданында дүниеге келді. Ерте жетім қалып, Алматы да тұратын ағайындарының қолында тәрбиеленді. Маметова Маншук Жиенгалиевна (1922 — 1943)

Ұлы Отан соғысы басталғанда ол медицина институтында оқып жүр еді. Ол 1942 жылы өзі сұранып майданға кетті, 21-атқыштар дивизиясында болды. Невель қаласын қорғау кезінде Маншук ақырғы оғы таусылғанша жауды жер жастандырып, ерлікпен қаза тапты.

( Осы сәтте Әлия Молдагулова туралы қысқаша видеоролик көрсетіліп тұрады).

2-бөлім. Поэзия минуты.

Ән. класс оқушысы Бисеналиева Дарина.

Әлия. Сөзі. Бәкір Тәжібаевтікі. Әні: Сейдолла Бәйтерековтікі

3-оқушы. Әлия. Сағи Жиенбаев (1 оқушы Әлия болып киініп шығады)

Даламыздың даңқысың,

Балауса гүл, балғын қыз.

Жанын қиып, халқы үшін

Жанып түскен ақ жұлдыз.


Мәңгі жасап жерде енді,

Биік бол деп таулардан.

Сенің балғын бейнеңді

Жасап қойдық мәрмәрдан.


4-оқушы.Мәншүк. (Мәншүк болып киініп келеді)

Сілкінтіп зеңбіректер жердің жүзін,

Оқ борап, снарядтар қаққанда ызың.

Қаптаған қалың жаудан тайсалмаған

Мен көрдім пилоткалы қазақ қызын.


Қолында пулеметі «Максим»оның .

Бойында күш жігері тасқын оның.

Ерлермен тізе қосып шабуылда,

Оғымен қырғын майдан ашты жолын.


Ән. Мәншүк.

5-оқушы. (Әлия –Мәншүк. М.Ерімбетов)

Соғыс жайлы сұра анадан,

Айрылған туған баладан.

Әлі күнге күтіп хабарын,

Өшірмеген ойдан,санадан.


Екі қызы туған қазақтың ,

Қан майданданға қатар аттанды.

Жау жағадан мықтап жабысты

Гүлді дала қанға батқан-ды.

6- оқушы. Әлия –Мәншүк-ер қыздары елімнің,

ӘлиМәншүк-гүл қыздары.

Әлия-Мәншүк-аттары әнге айналған,

Әлия-Мәншүк-қос жұлдыз көкте жайнаған.


7- оқушы. Сүйді бейбіт әндерді,

Отан-Ана намыс, әл берді.

Жұлдыздары ерте сөнді тек,

Болашақты қорғап, жан берді.


8- оқушы. Көрмеді олар бейбіт ақ таңды,

Ерліктерін ұрпақ жаттайды.

Аманат қып бізге қалдырды,

Бейбіт күнді мәңгі сақтауды.


3-бөлім. Слайдпен жұмыс.

Оқушыларға Әлия ауылы, Облыстық Әлия музейі, Ақтөбе қаласындағы Әлия ескерткіші,Әлияның майдандастары,Әлия ауылындағы музей,Молдағұловтар әулеті, Әлия дүниеге келген үй1960 жыл түсірілген,Бұрынғы Бұлақ ауылы, Әлия зираты. Моноковаселосы. Мәншүк суреті.Мәншүк Мәметованың музейі т.б таныстыру

Қорытынды. Сұрақ-жауап.

- Мәншүктің шын есімі? (Мәнсия)


- Мәншүк туған облыс? (Орал)



- Әлияның туған ауданы? (Қобда)

-Мәншүктің туған жылы ( 1922)

-Әлияның туған жылы (1925)

-Әлияның шын есімі (Ілия)

-Рейхстакқа ту тіккен қазақ жауынгері (Р. Қошқарбаев

-Соғыс қашан аяқталды?(1945.09.05.)

-Соғыс қашан басталды?(1941.06.22)

-Тылда еңбек еткен тарының атасы?(Ш. Берсиев)

- Тылда еңбек еткен ақ күріштің атасы?( Ы. Жақаев)

-Мәншүктің пулеметінің аты?(Максим)

-Қазақ ұшқышы Кеңес Одағының батыры?(Т.Бигелдинов)

-«Әлия» әнін орындайтын атақты әнші?( Р.Рымбаева)

-Әлия мен Мәншүкті қалай атаймыз?( Шығыстың қос шынары)

-Мәншүк неден шыққан ат?( Моншақ)

Мұғалім: Фашистер оңайлықпен берілмеді. 1710 қаламызды,70 мың селомызды, 32 мың өндіріс орнымызды қиратты. Жеңіс жеңілдікпен келген жоқ 50 млн. Адамның өмірін жалмалы. Соның ішінде 20 млн Кеңес адамдары да. Соғыс өрті қашанда халық есінде.

9-оқушы. Біз сүйеміз бейбіт күнді,

Бейбіт күнде туғанбыз

Біздің өмір күндей нұрлы,

Бақыт құшқан ұланбыз.

Мұғалім: Ұлы Отан соғысында қайтыс болған жауынгерлерді еске алу. (1 минут үнсіздік)

Хормен: Ешкім де ешнәрсе де ұмтылмайды!

Олар Отанымыздың байтақ жерін қорғайды.

Ақ сүт берген, анасын қорғады.

Пәк жүзді арай баласын қорғады.







































Ақтөбе облысы

Хромтау ауданы

Сәтпаев орта мектебі







Ұлы Жеңіске-70 жыл





Класс сағатының тақырыбы:

«Ұлы даланың батыр қыздары»

Класы: 3 класс



Орындаған: бастауыш класс мұғалімі

Бахтыбаева Майра Жарасовна







2015 жыл






























































Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 09.12.2015
Раздел Начальные классы
Подраздел Конспекты
Просмотров644
Номер материала ДВ-245459
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх