Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / История / Другие методич. материалы / Ұлы Отан соғысы рухани-патриоттық тәрбиелеу

Ұлы Отан соғысы рухани-патриоттық тәрбиелеу

  • История

Поделитесь материалом с коллегами:


Ұлы Отан соғысы батырлары және олардың тәлімінде рухани-адамгершілік пен патриоттық тәрбиелеу.


Рамазанова Айгерим Мырзагалиевна

Качир ауданы, Байқоныс жалпы орта білім беру мектебі


1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысы – XX ғасырдың жаңаша тарихының маңызды парағы. Біздің санамызда ол шексіз қайғы мен қасіреттің құнымен қол жеткізген, ұлы ерлік пен жеңістің белгісіндей. Бұл адамгершілік ар-намыс  және тәуелсіздік үшін болған соғыс.

Ұлы Отан соғысы туралы естеліктерді сақтау – әрі қарай дамудың негізі.Тарихты ұмытпау және оны мақтан ету – ұлт абыройының негізі, оның ұлттық мүдде, құндылықтар мен идеяларын жүзеге асырудың қабілеттілігі. Ұлы Отан соғысы – бізбен қатар өмір сүріп жатқан ата-бабаларымыздың, әжелеріміздің рухани жеңісі, ол жеңіс болмаса, біз де, біздің Отанымыз да болмас еді.

Ұлы Отан соғысының жеңіспен аяқталғанына да 70 жыл өтті. Бұл  сол кездегі кеңес халқының ержүректілігі мен төзімділіктерін паш ететін, тарихта мәңгілік қалатын күн. Бұл күнді соғыстың алғы шептерінде қайсарлықпен шайқас жүргізіп, ерліктің сан үлгісін көрсеткен ардагерлер тойлайды. Бұл мейрамды өздерінің тылдағы қажырлы еңбегімен жеңісті шыңдаған, станоктың қасынан, егін даласында, күні-түні  мал бағып,  тынымсыз жұмыс істеген жұмысшылар, ауыл адамдары тойлайды. Бұл мейрамды біздің аяулы да даңқты әйелдеріміз - өздерінің әкелерін, ерлерін, ұлдарын және сүйіктілерін көзінен жасы сорғалай жүріп төзімділікпен күткен, олардың орнын жоқтатпаған аналар мен жұбайлар, қалыңдықтар мен қыздар тойлайды. Бұл мейрамды өздерінің әкелері мен ағалары қанын төгіп, жанын қиып бақытты өмірін қамтамасыз еткен Ұлы жеңістің  құрдастары тойлайды. Ұлы Жеңіс күні елі мен жері үшін жанын пида еткен, туған-туысқандарына, жақын-жарандарына, туған жеріне, ауылына оралмай қалған қаһарман ерлерді бүкіл елі болып еске түсіреді.

        Ұлы Отан соғысы халқымызға төнген ең ауыр күндер болды. Төрт жыл, 1418 күн мен түн бойы өз жері мен отаны үшін, келешек ұрпақ үшін жан қилы соғыс жүріп жатты. Бір күшке жиналған орыс пен тәжік, грузин мен белорус, қазақ пен украин қарсы алдындағы жауға алмас қамал болып жұмылды...

Қазақстандықтар соғыстың алғашқы сәтінен батыс шекарада жаумен шайқасқа қатысқандардыңарсында да, Берлинде Рейхстаг үйіне шабуыл жасап, ту тіккендердің қатарында бар еді. Еліне паналы қорған болған батырлардың, халық қаһармандарының өнегелі өмірлерін еске алу, оларды болашаққа ұрпақтарымызға жарқырата үлгі ету біздің борышымыз. «Ер тарихы – ел тарихы» -дейді халқымыз. Ұлы Отан соғысында ерлік көрсетіп, жеңіске үлес қосқан ағаларымыздың өмірін жастарға үлгі етіп, оларды отансүйгіштікке тәрбиелеуіміз қажет.

Қазіргі күні жас ұрпаққа адамгершілік, азаматтық және патриоттық тәлім-тәрбие беру ісін кешенді, жүйелі түрде жүзеге асыру негізгі мәселелердің бірі болып тұр. Осы мәселені шешуде жас ұрпақты патриотизмге, азаматтыққа тәрбиелеу жүйесін құру қазақстандық педагогиканың басты проблемаларының бірі болып саналады. Қазақ совет энциклопедиясында «патриотизм дегеніміз грек тілінен аударғанда отандас, Отан,, туған жер, отанға дегенсүйіспеншілік, бойындағы күш қуаты мен білімін Отан игілігі мен мүддесіне жұмсау, ана тілін, елінің әдет-ғұрпы мендәстүрін құрмет тұту сияқты патриотизм элементтеріерте заманнан қалаптаса бастайды», деп көрсетілген. [1]

Қазақ ел басына күн туғанда жалғыз жанын қу шүберекке түйген жауынгер халық болған. Ұлан байтақ даласының бір тұтам жері үшін қорқу деген сезімді жүрегінен жұлып алып тастаған. Тіпті арыға бармай-ақ кешегі Ұлы Отан соғысының әлі сарғайып үлгермеген қатпарлы парақтарына үңіліп қарасақ қазақтардың қанды қырғында қаймықпай соғысқанына анық көзіміз жетеді. Оған мысал айқас алаңдарында өшпес ерлік жасаған жүз қазақтың (ең соңғысын арада 50 жыл өткен соң Бауыржан Момышұлы алды) Кеңестер Одағының батыры атағын алғанын айтсақ та жетеді. Бұны сол кездегі 2,5-3 млн. қазаққа шаққанда басқа халықтардың алдына шығып кетеді екен. Ердің ері шыдайтын жаңбырша жауған оқ пен қарша бораған бомбаның арасында олардың нәзік жүректері тасқа айналып, гүл ғұмырлары ажалдың қанды тырнағына ілікті. Сол бір сұрапыл жылдары қазақ халқы өзінің Отанына, жеріне деген патриоттық сезімін, ұлттық мақтанышын дәлелдеді. 500 ден аса жерлестеріміз, оның ішінде 96 қазақ Кеңес Одағының Батыры атағын алды

Руханилық адам әрекетінің оның болмысының барлық жағын қамтиды. Рухани құндылық адамзат болмысы мен іс-әрекетінің барлық жағын қамтитындығын жоғарыда көрсеткендей, ол патриотизм сезіміненде тыс қалмайды. Патриотизм – халықтың тәлім-тәрбиелік дәстүрде жүргізілген ұлттық тәрбие негізінде қалыптасып, тектілікке жеткізер рухани құндылық, адам мен қоғамның алдына жеткізер киелі қасиеті. Ұлы Отан соғысы жылдары да біздің еліміздің қанымен жазылған қиын да, қасіретті жылдар тарихы еліміздің мәңгіге ұмытылмас құндылығы, өмірлік тәжірибесі. Осы отты жылдардағы ерлік, батырлық көріністері арқылы патриотизмге тәрбиелеу,жас өрпақты отансүйгіштікке өз тарихын, қайраткерлерін құрметтеуге баулу шаралары өткізіледі. Ол халықтың мәдени-этникалық тектестегі тарии оқиғаларын үнемі еске алу, халықтың рухани құндылықтарына адалдықты сақтау, ұлттық батырлар мен кемеңгерлерді құрметтеу нәтижесніде пайда болады. Қоғам қайраткері, философ А. Айталы ұлттық патриотизмнің бүгінгі жастар тұлғасын тәрбиелеудегі зор мүмкіндігін «Ұлттану» атты монографиясында жан-жақты сөз етеді. [2]

Соғыстың бірінші күнінен бастап отанды жаудан қорғау жолына ерлермен қатар әйел адамдар да тұрды.1941 жылдың 18 маусымы күні «Правда» газетінде Кеңес Одағы әйелдеріне үндеу жарияланды. Онда «Гитлеризмнен асқан әйелдің жауы жоқ...Фашизм Европа елдерінің әйелдеріне, оларды ұлдарынан, күйеулерінен, әкелерінен айырып, үлкен қайғы әкелді...» [3]

Республиканың партия, комсомол және әскери комитеттеріне соғыстың алғашқы күндерінен бастап қыз-келіншектерден өз еркімен соғыс майданына жіберу туралы мыңдаған өтініштер түсіп жатты. Кейбір деректерге сүйенсек, Отан соғысының майдандарындағы ұрыстарға Қазақстаннан 6 мың әйел қатысқан. Олардың ішінде гвардия лейтенаты, штурман Хиуаз Доспанова, зениттік-артиррелиялық бригадасының қарулық есеп командирі Ақима Ақжолова; «Қызыл әскер ақиқаты» майдан газетінің қызметкері Рахима Жанбекова; медицина қызметінің капитаны Мариям Сырлыбаева; радистер Орынкеш Мысырова, Шәкір Ботаханова, Бикен Садуакасова; барлаушы Рәхила Ералина, мерген Мәликә Тоқтамысова, танкист Жамал Байтасова, Күлкен Тоқбергенова, Гүлжамила Талқанбаева, пулеметші Жамилә Байсенбаева және тағы басқалары. Жаумен соғыста көрсеткен ерліктері үшін ең жоғары атақ Кеңес одағының батыры атағын алған «шығыстың қос жұлдызы» атанған қазақ қыздары Әлия Молдағұлова мен Мәншүк Мәметова. Хиуаз Доспановаға Ұлы Отан соғысында ұшқыш ретінде бірқатар күрделі жауынгерлік тапсырмаларды орындауда көрсеткен ерлігі үшін 2005 жылы Халық Қаһарманы атағы берілді. [4]

Ұлы Отан соғысы жылдары республикамыздың ең үздік әйелдері ордендер мен медальдармен марапатталды. Жоғары марапат – Ленин орденімен 28 әйел, Қызыл Жұлдыз орденімен – 25, «Құрмет белгісі» орденімен – 196, «Еңбек ерлігі үшін» медалімен – 400-ден астам әйелдер марапаттау құрметіне ие болды. Қазақстан әйелдері майданға кеткен ерлердің орын басып, күні-түні фабрикалар мен зауыттарда, шахталар мен рудниктерде, колхоздар мен совхоздарда Кеңес әскерін барлық керек-жарақпен қамтамамсыз ету үшін ерең еңбектің үлгісін көрсетті. Сонымен қатар әйелдердің үлесіне эвакуацияланған отбасыларын қамқорлыққа алу, жаралы әскерді күту тиген еді. Майданды азық-түлікпен, киім-кешекпен қамтамасыз етуде олардың үлесіне тиді. Соғыстың қиын да қыстау алдыңғы кезеңінде әйелдердің қатысуымен ел экономикасы әскери бағытқа көшірілді. Қазақстан қаһарман қыздары аянбай еңбек етіп, республиканың еңбек өнімділігін үздіксіз арттырып, Ұлы Жеңіске қажырлы еңбегімен үлкен үлес қосты.

Ұлы отан соғысының ардагері, тарихи-өлкетану мұражайының бұрынғы директоры Михаил Кондратьевич Гапонның жинастырған мәліметтері бойынша, 8 павлодарлық Даңқ орденінің толық иегерлері атанған. Олар Павел Пантелеевич Больбот, Иван Денисович Ворушин, Василий Степанович Орлов, Петр Васильевич Пешин, Григорий Устинович Ткачев, Бақыт Хайдарұлы Хайдаров, Василий Тимофеевич Христенко және Сапар Рубаев. Сапар Рубаев – І Украина майданының 60-шы 302-ші атқыштар дивиязиясының құрамындағы 232-ші танкіге қарсы атқыштар дивизионының жауынгері, старшина.

Қазақтың қайсар баласы Сапар Рубаев 1919 жылы Павлодар қаласында қазақ отбасында дүниеге келді. Анадан жастай айырылған ол мектепке көпке дейін бара алмады. Тек 1932 жылы ғана он үш жасар Сапар бірінші сыныпқа оқуға түседі. Сапар Рубаевтың ең жоғары солдат марапатының – Алтын Даңқ орденінің толық кавалері екендігін халықтың көбі біле бермейді.

Бүгінде Сапар Рубаевтың құрметіне Зеленстройдағы Павлодардың бір көшесіне аты берілген. Павлодар қаласының Бірінші май алаңында батыр барельефісалынған стелла орнатылған. Чуваш мемлекеттік көркемөнер мұражайының қорында орыстың белгілі суретшісі Макаров Василий Макарович слаған Сапар Рубаевтың портреті салынған. [5]

Батырлық пен батылдықтың, ұлтын сүйіп, халқын қадірлеудің ерен үлгісін көрсеткен ұлы тұлғалардың бірі – Бауыржан Момышұлы. Ақиық ақын М.Мақатаевтың:

Қандай сый тартсам екен, аға, саған,

Бір сый бар, аға саған тартылмаған!

Ұрпақтар аңыз етіп айта жүрер,

Сыйдан да он есе артық даңқын маған,- деуі хас бастырдың қазақпен қатар мәңгі жасайтынын көрсетсе керек. Бауыржан Момышұлының батырлығы мен дарынының тұтасқан сипатынан қазақ өркениетінің арғы-бергі тарихындағы дара тұлғалар дәстүрінің жалғасын танимыз. Көсем тұлғалы қайраткерлігі мен жауынгер қолбасшылығына шешендік қасиеті қоса дарыған ол қазақ әскери ғылымын ұлттық және жалпы адамзаттық деңгейде танытты. Оның бұл еңбегіне туындылары арқылы да қанықпыз: «Офицердің күнделегі» (1952), «Бір күннің тарихы» (1954), «Москва үшін шайқас» (1958), «Жауынгердің тұлғасы» (1962), «Генерал Панфилов» (1963), «Төлеген Тоқтаров» (1965), «Қанмен жазылған кітап» (1991).

Бауыржан Момышұлы – Қазақ елі тарихындағы қолбасшылар – Салқам Жәңгір, Жалаңтөс Баһадүр Сейітқұлұлы, Абылай хан, Әбілқайыр хан, Қабанбай, Жәнібек т.б батыр қолбасшылардың әскери-жауынгерлік әдістерін зердесіне тоқып өскен, ұлттың елдік, ерлік дәстүрлерін терең сезіммен сүйіп, құрметтеп өткен халық перзенті. Бауыржан Момышұлының әскери ғылымдағы дара тұлғасы, тәжірибесі, шет мемлекеттер тарапынан қызығушылық құрметіне ие болды. Қазақ халқының көп ғасырлық тарихындағы арғы-бергі әскери-жауынгерлік дәстүрлерді ХХ ғасырдағы соғыс мамандарымен ұштастыра білген Отанымыздың дарынды перзенті – біздің ұлттық мақтанышымыз. [6]

Қазақ халқының қаһарман батыры Бауыржан Момышұлы сынды дара тұлғалар тағылымы арқылы тәуелсіз қазақ мемлекеттілігін әлем өркениеті кеңістігінде нығайта танытамыз. Бұл- біздің ұлттық-оташылдық ұлы мұратымыз!

Баяндамамды қорыта келе, қазақ халқының намысын қорғаған батыр да батыл аға-апаларымыздың ерен ерліктері ой санамызда тұрып, олардың батылдық іс –әрекеттерінен өзімізге тәлім-тәрбие алып, мақтан тұтамыз. Болашақтағы жас ұрпаққа үлгі болар батырларымыз есімі ешқашанда ұмтылмас.




Әдебиет

  1. «Ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды»// Ұлы Отан соғысы тарихын зерделеудегі қазіргі көзқарастар» конференция. – Павлодар 2010

  2. Зәкенов Қ «Құштарлық пен қайсарлық» // Коммунизм туы. -1975 мамыр

  3. Нурбекова Г.Д. Женщины Казахстана – фронту. – Алма-Ата: Казахстан1988 -168 с..

  4. Кан Г.В., Шаяметов Н.У. Қазақстан тарихы. Оқулық. – Алматы, 2007.-264 бет.

  5. Гапон М. Сапар Рубаев// Новое время.-2003. -14 мая.

  6. Тебегенов Т. // «Таң-шолпан» журналы, №4, 2009 ж.



Выберите курс повышения квалификации со скидкой 50%:

Автор
Дата добавления 03.02.2016
Раздел История
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров164
Номер материала ДВ-412061
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх