Инфоурок Другое СтатьиҰлы Отан Соғысы және Теңге ауылы

Ұлы Отан Соғысы және Теңге ауылы

Скачать материал

 

Сутбаев Абубакир

Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

Жаңаөзен қаласы

№ 17 орта мектеп

 

Ұлы Отан соғысы батырлары және Теңге ауылы

Міне Ұлы Отан соғысының басталғанына да 70 жыл толып отыр.Бұл күн сол кездегі соғыс зардабын көрген халықтың ержүректігі мен төзімділігін, ерлігін паш ететін, тарихта қалатын күн.Осы күнді бүкіл еліміз еске түсіреді,ерліктің сан үлгісін жасаған ардагер батырларымызды ел болып еске түсіреді.

  Біздің Теңге ауылының орналасқан жері Жаңаөзен қаласы маңайы.Бұл ауылда он жеті мыңдай халық тұрады.Осы ауылда алпысқа жақын көше бар. Осы көшелердің біразына Ұлы Отан соғысы батырларының есімі берілген. Олар Рақымжан Қошқарбаев, Исатай Сүйеубайұлы, Мәди Бегенов, Нүркен Әбдіров, Мәлік Ғабдуллин,Төлеген Тоқтаров.Бұл батырларды балалардың патриоттық сезімін ояту үшін, олардың ерлігін мектебімізде насихаттап, сынып сағаттарында балаларға түсіндіріп отырамыз. Себебі балалар батырларымыздың ерлігін білсе, әрі өз ауылының тарихын да біліп жүреді.

 Біздің мектебіміз Рақымжан Қошқарбаев көшесі бойында орналасқан.

Рақымжан Қошқарбаев ерлігін бүкіл халық біледі. Ол Берлиндегі Рейхстагқа ту тіккен батыр. Рақымжан Қошқарбаев пен Григорий Болатов Рейхстагқа дейінгі 300 метр қашықтықты 7,5 сағат жүріп өтіп, соғыста алғашқы болып, Рейхстагқа ту тіккен. Бірақ ол ерлігі уақтында еленбеді.Бірақ ақаттың ертелі-кеш тұңғиықтан су бетіне шығатыны белгілі. Қошқарбаевтың осынау ерлігі ақыры мойындалды. Өкініштісі, батырдың көзі тірісінде КСРО тарапынан оған лайықты құрметтің көрсетілмеуі ғана.Рақымжан Қошқарбаев 1988 жылдың 10 тамызында дүниеден өтті. Араға он бір жыл салып, 1999 жылы оған Қазақстанның Халық Қаһарманы атағы берілді.

Ендігі көше атауы берілген батырдың  бірі Исатай Сүйеубайұлы. Ол Сталинград майданына қатысып, жаудың алты бекінісн жойып, жүз елудей жауды жойған.Осы ерлігіне Совет Одағы Батыры атағына ұсынылып, бірақ Ленин ордені берілген.Ол туралы уақтында мақалалар жазылып, дастандар шыққан.
Келесі батырымызМәлік Ғабдуллин. 1941 жылы Ұлы Отан соғысы басталғанда, алғашқылардың бірі болып өз еркімен майданға аттанады. Аға политрук болады. Майданда И.В. Панфилов атындағы 8-гвардиялық дивизияда шайқасады. 1942 жылы Новгород облысына қарасты Холм қаласының маңында болған ұрыста Мәлік солдаттардың біразына басшылық етеді. Ол басқарған сарбаздар фашистердің тісіне дейін қаруланған әскеріне тойтара соққы береді. Кескілескен ұрыстың нәтижесінде жаудың екі танкісін гранатамен жарып, жаудың 12 солдатын тұтқынға алады. Ұрыс кезінде Мәлік Ғабдуллин жарақат алады. Алған жарақатына қарамастан, жауға қарсы оқ боратады. Осы ерлігі үшін КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының Жарлығымен 1943 жылдың 30 қаңтарында Мәлікке "Кеңес Одағының Батыры" атағы берілді.  Бұлатақпенқоса, Ленин орденіжәне «Золотая Звезда» медалі де берілді.

Теңге аулының көшелерінің бірі  Нұркен  Әбдіров атында. Ол әскери ұшқыш,Кеңес Одағының батыры. Шайқаста ержүректілігімен, іскер қимылдарымен көзге түсті, жаудың оқ-дәрі, қару-жарақ қоймаларын, адам күші мен ұрыс техникасын жойды. 16 рет әуе шайқасына қатысып, фашистердің 12 танкісін, 28 жүк автомобилін, оқ-дәрі тиеген 18 машинасын, жанармай құйылған 3 цистернасын, 3 зеңбірегін жойып, 50-ден астам неміс солдаты мен офицерін жер кұштырған. 1942жылы 19 желтоқсанда тапсырманы орындау кезінде Н. Әбдіров бірнеше дзотты, зенит артиллериясының 2 нүктесін, 6 танкті жойды, бірақ өзінің ұшағы да зақымданды. Жалын шарпыған ұшағын жау техникасы шоғырланған тұсқа бағыттап, капитан Н.Ф. Гастелло сиякты қаһармаңдықпен қаза тапты.

 Ауылымыздағы көшелердің бірі Төлеген Тоқтаров атында. Ол даңқты 8-гвардиялық атқыштар дивизиясы 1075-полкі құрамында болған. . Дивизияның «Отан үшін» газеті ержүрек автоматшының бір тәулік ішінде жаудың 150-ден астам әскері мен офицерін жойғаны туралы жазды. Батыл да бекем қимылдайтын Төлеген жауынгерлерді сан рет жауға бастап шыққан. 1942 жылы 5 ақпандаТ.Нагаткиноауылынаалдыңғылардыңқатарындакіреотырып, жаудың 7 әскерінжойып, екеуінтұтқындады. 1942 жылы 9 ақпанда Бородино ауылыүшінболғанкескілескенұрыста рота жауынгерлеріжаудыңқарсышабуылынан бас көтермейәрідұшпан мен ротаның ара қашықтығы 100 м қалған да олқасындағы 4 жауынгерменалғаұмтылып, ротанышабуылғабастады. Жаукейіншегінді. Қаһармандығы мен батылдығыүшінТоқтаровқақазатапқаннанкейін КеңесОдағының Батыры атағыберілді.

 Теңге ауылындағы көшелердің бірі Кеңес Одағының батыры Мәди Бегенов атында. 1942 ж. желтоқсанда майданға жіберіліп, 619-полктің (З-Украина майданы, 12-армия, 203-атқыштар дивизиясы) құрамында ұрыстарға қатысты. 1943 жылдың 25 қазанында Новый Кичкас (қазіргі Запорожье қ.) маңында Днепр өзенінен өту кезінде ерлік көрсетті. Бегенов жау пулеметінің атыс нүктесі орналасқан жерді амықтап, артиллерия оғымен атқылады. Содан кейін оның бөлімшесі жаудың траншеясына бірінші болып жетіп, қолма-қол шайқаста бірнеше гитлершіні жойды. Бегенов екінші траншеяны басып алу үшін жауынгерлермен шабуылға шықты. Нәтижесінде полк әскері алға жылжуға мүмкіндік алды. Бегеновкежасағанерлігіүшін Кеңес Одағының батыры атағы берілді.

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Ұлы Отан Соғысы және Теңге ауылы"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Заведующий филиалом музея

Получите профессию

Копирайтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 656 307 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 25.04.2016 782
    • DOCX 20.8 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Сутбаев Абубакир Атаназарович. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Сутбаев Абубакир Атаназарович
    Сутбаев Абубакир Атаназарович
    • На сайте: 7 лет и 11 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 23525
    • Всего материалов: 21

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой