Инфоурок Классному руководителю Другие методич. материалыҰлы отан соғысының батырлары: В.В.Бунтовских пен П.П.Журбаның рухына арналған презентация

Ұлы отан соғысының батырлары: В.В.Бунтовских пен П.П.Журбаның рухына арналған презентация

Скачать материал
Скачать материал "Ұлы отан соғысының батырлары: В.В.Бунтовских пен П.П.Журбаның рухына арналған презентация"

Получите профессию

Копирайтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Консультант по финансам

Описание презентации по отдельным слайдам:

  • Ұлы отан соғысының батырлары 
В.В.Бунтовских  ПЕН П.П.Журбаның 
рухынА арнала...

    1 слайд

    Ұлы отан соғысының батырлары
    В.В.Бунтовских ПЕН П.П.Журбаның
    рухынА арналады
    Орындаған: Өскемен қаласы әкімдігінің «№45 бейімделген орта мектебі» КММ математика пәнінің мұғалімі
    Еделқызы Мадина

  • Өткен жылдар өшпес ізін қалдырған. Қаншама уақыт, қаншама ғасыр өтс...

    2 слайд

    Өткен жылдар өшпес ізін қалдырған. Қаншама уақыт, қаншама ғасыр өтсе де қарапайым халықтың басынан өткен атаулы оқиғалар тарих бетінде алтын әріптермен жазылып қала бермек. Соның бірі, қазақ елі баз кешіп, соғыс өрті шарпыған отты жылдар еді. Сұм соғыстың зардабы халықтың басына түскен ауыр сын болды. Отанын фашист басқыншыларынан азат ету жолында қару көтерген ер азаматтардың барлығы майданға аттанса, ауылдағы бар шаруашылыққа қариялар, әйелдер мен жас балалар ие болып қала берді.
    «Көппен көрген ұлы той» демекші, солардың қатарында жерлестеріміз В.В.Бунтовских пен П.П.Журба да болды.

  • Василий Васильевич Бунтовских
	 1921 жылы Шығыс Қазақстан облысы Күршім аудан...

    3 слайд

    Василий Васильевич Бунтовских
    1921 жылы Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы Дарствен селосында дүниеге келді. Семей педагогикалық училищесінің түлегі. «Красный партизан» ауылында мектеп директоры қызметін атқарған.
    Әскер қатарына 1940 жылы барды. Борышын бірінші мәскеулік атқыштар дивизиясының 2-инженерлік батальонында атқарады. Майдан шебіне соғыстың бірінші күнінен-ақ араласады. Саперлік взводтың командирі ретінде Батыс, Воронеж және үшінші және төртінші Украин майдандарында соғысады.

  • 4 слайд

  • 5 слайд

  • 6 слайд

  • ...1943 жылдың күзі. Қызыл әскердің қысымынан гитлершілер Днепрден кері өтуг...

    7 слайд

    ...1943 жылдың күзі. Қызыл әскердің қысымынан гитлершілер Днепрден кері өтуге мәжбүр болады. Украинаның ұлы өзені үшін ұрыс басталады.
    28 қыркүйекте лейтенант Бунтовских басқаруындағы саперлік взвод, қарсыластардың қардай бораған артиллерия оғының астында жүріп, қолда бар құралдармен Моворье деревнясының тұсынан Днепрден жол ашады. Бесінші қазанға дейін өткел мүлтіксіз қызмет көрсетіп тұрады, одан жаяу әскер де, артиллерия да өтеді. Жау минометтері паромды төрт рет істен шығарады, алайда Бунтовскийдің взводы жедел әрекет жасап, ақауларды дереу жөндеп отырады. Үздіксіз жауған оқтың кесірінен сапершілер орасан шығынға ұшырайды. Жау тыным таппады. Ешнәрсеге қарамастан өткелді жоюға ұмтылды.

  • Екінші қазан күні минаның жарықшағы паромдық өткелдің жез сымын үзеді....

    8 слайд

    Екінші қазан күні минаның жарықшағы паромдық өткелдің жез сымын үзеді. Жағдай күрт нашарлайды. Тірі қалған саперлер аяқтарында әрең тұрды, Днепр суы жарылған бомба мина, снарядтардан дірілдейді. Осыған қарамастан лейтенант Бунтовских өз өміріне қауіп төндіре суға секіреді. Бір сағат көлемінде мұздай судың ішінде тұрып үзілген тросты жалғайды. Жауынгерлер мен қару-жарақтың тасымалдануы қайта жасалады.



  • 1944 жылдың 10 қаңтарында В.В.Бунтовских Кеңес Одағының Батыры атағына...

    9 слайд

    1944 жылдың 10 қаңтарында В.В.Бунтовских Кеңес Одағының Батыры атағына ие болады.
    Ингулец және Оңтүстік Буг, Днепр және Прут, Тисса және Дунай – Батыс-сапердің ары қарай жүрген жолы. 1944 жылдың қараша айында алғашқылардың бірі болып Дунай өзенінен өтеді де, шеберлікпен өткелді ретке келтіреді. 26 желтоқсанда Будапешт қоршауға алынды, ал 1945 жылдың 15 ақпанында қала ішіндегі қанды қақтығыстан кейін азат етіледі. Өткел қасындағы соғыста Василий Бунтовских қаһармандықпен қаза табады.

  • 10 слайд

  • Бунтовских Василий Васильевич, 
1921 жылы Дарствен ауылында
 шаруа отбасында...

    11 слайд

    Бунтовских Василий Васильевич,
    1921 жылы Дарствен ауылында
    шаруа отбасында дүниеге келген.
    Қазіргі таңда Дарствен ауылы
    Барақ батыр ауылы деп аталады.
    Жыл сайын мектеп оқушылары
    В.В.Бунтовских ескерткішіне
    гүл шоқтарын қойып, еске алып
    дәріптеп отырады.
    Күршім және Дарствен ауылдарының
    көптеген көшелері мен мектептері
    Совет Одағының батыры
    Бунтовскихтің есімімен аталады.

  • Мектеп оқушыларының ескерткішке гүл шоқтарын қою сәттерінен

    12 слайд

    Мектеп оқушыларының ескерткішке гүл шоқтарын қою сәттерінен

  • 13 слайд

  • Павел Павлович Журба

      	1916 жылы Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы Д...

    14 слайд

    Павел Павлович Журба

    1916 жылы Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы Дарствен селосында туған. Еңбек жолы ерте басталады. «Манко» руднигінің «Золотопродснаб» дайындаушысы, одан кейін Алқабек кеніндегі «Алтайзолото» тресінде кен қазушы болып жұмыс істейді. 1937-39 жылдары Қиыр Шығыста әскери борышын өтейді. 1938 жылы Хасан көлі маңындағы ұрысқа қатысады.
    Ұлы Отан соғысының алғашқы күндерінен-ақ соғыста болып,
    38-атқыштар дивизиясының 132 дербес саперлік батальонының бөлімшесін басқарады.

  • Қызыл әскер Павел Журбаның әскери тапсырманы мүлт жіберген кездері болмайды....

    15 слайд

    Қызыл әскер Павел Журбаның әскери тапсырманы мүлт жіберген кездері болмайды. Барлаудан оралғанда әрдайым құнды деректер әкеліп отырады. Жау тылында ондаған гитлерші солдаттар мен офицерлерді жер жастандырып, оннан астамын қолға түсіреді. 1943 жылдың 12 қазанында басшылық жау жасырып отырған танкілерді табу жөнінде тапсырма береді. Оларды әуе арқылы қарастырып, барлаушылар іздестіргенімен үстіне түсудің реті келмейді.
    Барлаушы Павел танкілердің ізін ұзақ кеседі. Танкілер жасырылған тұсы анықталды. Машина қасында күзет болмай шығады. Осыған қарағанда жау танкілерді жақсылап жасырғандарына сенімді болса керек. Бұл техникаларды миналау қажет еді. Бірақ барлығына жетер жарақты алып келу барлаушыға мүмкін емес-ті. Керек минаны солдат немістердің өз қоймасынан алады.
    Бірнеше сағаттан соң әр танкінің тұғырына мина тығылды, тапқыр солдат өз әскеріне қарай жылжиды. Есебі айқын, бірінші атылған оқтан-ақ жау техникасының күлі көкке ұшады.

  • Кенет барлаушыға «Жау егер миналарды ертерек тауып алса?» - деген ой сарт ет...

    16 слайд

    Кенет барлаушыға «Жау егер миналарды ертерек тауып алса?» - деген ой сарт ете түседі. Кідіруге болмайды, шуды қазір көтеріп, неміс фашистеріне оқ атқызу керек. Журба гранаталарын лақтыра бастайды. Жау дабыл қағады. Күшті жарылыстар естіледі. Кеңес бөлімшелерін біраз уақыт бөгеп тұрған танкілер жойылады.
    П.П.Журба Днепр өзенін жаудан босатуда көзге түседі. Бұл жөнінде 132-дербес саперлік батольонның аға лейтенанты, командир Борисюк дивизия штаба жолдаған мәлімдемесінде:
    «38-атқыштар дивизиясының бөлімдері мен бөлімшелерін өткелден өткізу кезінде Журба тәуекелділік пен батырлық танытты. Қарсыластың оғының астында жүріп, өлімнен қорықпай паромның ақауын жөндеп құнды жүктерді құтқарып қалуда басқа жауынгерлерге үлгі бола білді. Жолдас Павел Журба Днепр өзенінің оң жақ жағалауына 1440 қару-жарақты жауынгерді, 15-танкіге қарсы қондырғы, 6 тонна азық-түлік және 26 жылқыны өткізуге ат салысты.
    Журбаның ерлік іс-әрекеттері мемлекеттің ең жоғары наградасы –Кеңес Одағының Батыры атағына, Алтын жұлдызына лайықты».

  • 1944 жылы 10 қаңтарда П.П.Журба Кеңес Одағының Батыры атағына ие болды. 
	19...

    17 слайд

    1944 жылы 10 қаңтарда П.П.Журба Кеңес Одағының Батыры атағына ие болды.
    1944 жылы Павел Павловиич Журба ауыр жарақат алады. Жарасы жазылған соң Шығыс Қазақстанға қайтады. Өскемен қаласында облыстың Осоавиахим Кеңесінде инструктор, «Бурабай» кенішінің «Нарымолово» кен басқармасының «Тесік Ая» мекемесінің бастығы, қоғамдық тәртіп сақшылар органының қызметкері болып еңбек етеді.

  • Жауыздар жасағанда қастандығын,Бейбіт елге бір зұлмат басталды күн.Сұм фаши...

    18 слайд

    Жауыздар жасағанда қастандығын,
    Бейбіт елге бір зұлмат басталды күн.
    Сұм фашистің тарихтан білеміз ғой,
    Қырық бірде соғысты ашқандығын.
    Және біздер білеміз қырық бесте
    Бас сауғалап олардың қашқандығын.
    Жаулап алам деп келіп,
    Бабамыздың
    Жеңе алмаған рухының асқарлығын.
    Отан үшін от кешкен батырлардың,
    Ерліктері өшпейтін дастан бүгін.
    Даңқтарын олардың тілеймін мен,
    Ғасырлардан ғасырға асқандығын.

  • 9 мамыр-бұл мереке ғана емес, бұл ауыр еңбек, бұл халықтың батырлығы. Иә, рас...

    19 слайд

    9 мамыр-бұл мереке ғана емес, бұл ауыр еңбек, бұл халықтың батырлығы. Иә, расымен де ақ көңілді, абзал жанды қарияларымыз ертеңгі ұрпақтарымен болашақтарын ойлап ұшы-қиыры жоқ шексіз, байтақ даламызды жаудан қорғап қалды. Елімізге жеңіс сыйлады! Осы бір тарихи кезеңді есте сақтап, аманат еткен жерді қорғап, дамыту, гүлдендіру бұл әрине бүгінгі ұрпақ - біздің қасиетті парызымыз. Бас ие отырып, Сіздерге шын жүректен тағзым етеміз. Абзалжанды ардагерлер!
    Отан үшін отқа түскен ардагер ағаларымыздың жауынгер ерлігі, тылдағы азаматтардың қажырлы еңбегі ешқашан ұмытылмайды. Бүгінде біздің азаматтық міндетіміз–болашақ ұрпақты Отанын сүюге, елінің, жерінің адал патриоттары, достық пен бірліктің қорғаушылары ретінде, шынайы отансүйгіштікке тәрбиелеу.
    Лайым, Алла елімізге тыныштық, Тәуелсіздігімізге ұзақ ғұмыр бергей!!!

  • Назарларыңызға рахмет!

    20 слайд

    Назарларыңызға рахмет!

Получите профессию

HR-менеджер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Бұл слайд Ұлы отан соғысының батырлары: В.В.Бунтовских пен П.П.Журбаның рухына арналады.

Мақсаты: Күршім ауданы батырларының асқан ерліктерін дәріптеу, өскелең ұрпаққа үлгі-өнеге етіп көрсету, мақтаныш сезімдерін ояту.
"...Өткен жылдар өшпес ізін қалдырған. Қаншама уақыт, қаншама ғасыр өтсе де қарапайым халықтың басынан өткен атаулы оқиғалар тарих бетінде алтын әріптермен жазылып қала бермек. Соның бірі, қазақ елі баз кешіп, соғыс өрті шарпыған отты жылдар еді. Сұм соғыстың зардабы халықтың басына түскен ауыр сын болды. Отанын фашист басқыншыларынан азат ету жолында қару көтерген ер азаматтардың барлығы майданға аттанса, ауылдағы бар шаруашылыққа қариялар, әйелдер мен жас балалар ие болып қала берді..."


Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 663 621 материал в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 10.05.2018 1297
    • PPTX 6.5 мбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Еделқызы Мадина -. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Еделқызы Мадина -
    Еделқызы Мадина -
    • На сайте: 7 лет и 6 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 3665
    • Всего материалов: 2

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

HR-менеджер

Специалист по управлению персоналом (HR- менеджер)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Медиаграмотность как форма работы с современным родителем

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 37 человек из 22 регионов
  • Этот курс уже прошли 126 человек

Курс повышения квалификации

Работа классного руководителя по организации взаимодействия семьи и школы

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 410 человек из 64 регионов
  • Этот курс уже прошли 3 542 человека

Курс повышения квалификации

Профилактика компьютерной зависимости и безопасность в сети Интернет среди детей и подростков

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 53 человека из 28 регионов
  • Этот курс уже прошли 144 человека

Мини-курс

Искусство в контексте современности

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Архитектурное творчество для подростков (обучение детей от 12 лет и старше)

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Карьера и развитие в современном мире

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе
Сейчас в эфире

Информационная интоксикация: методы исцеления

Перейти к трансляции