Инфоурок Начальные классы Другие методич. материалы"Ұлық та анадан туады"

"Ұлық та анадан туады"

Скачать материал

Бекітемін                                                               Күні: 30.11.15ж.

Мектеп директорының тәрбие                         Уақыты: 17

ісі жөніндегі орынбасары:                                 Сыныбы: 3 «В» / 102 каб.

___________Емешова А.                                     Мұғалімі: Абильдаева К.Ж.

                                                                                          

Тәрбие сағатының тақырыбы: Ұлық та анадан туады.
Мақсаты:

а) білімділігі: жас ұрпаққа Н.Ә. Назарбаевтың сан қырлы талант иесі, құдіретті тұлға екенін , 1- желтоқсан Президент күні және ел Президенті туралы жан-жақты мәлімет беру.

ә) дамытушылығы: елімізге еңсе тіктеп , мемлекетімізді мығымдап берген , асқақтатқан Елбасының кісілік келбетін меңгеру.

Өз беттерінше  ізденіс, өз ойларын нақты жеткізе білу қабілеттерін, сөйлеу мәдениетін дамыту.

б) тәрбиелілігі: оқушыларға патриоттық тәрбие беру. Отанды сүюге және ерлікке баулу. Елін сүйген, елі сүйген Елбасынан үлгі алуға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Н.Ә.Назарбаев кітаптары, тақырыпқа байланысты суреттер,               Ү. Мақшат ата туралы мәліметтер, суреті,шарлар, слайд.
Техникалық құрал - жабдықтар: электронды тақта..
Сабақ барысы: Ұйымдастыру кезеңі. Амандасу:

  

    

-   Ассалаумағалейкүм!                                                                                                                   -   Уағалейкүмассалам!   Халқым менің!

   -   Аман болсын әрқашан елім, жерім!

   -   Бұлт шалмасын көгімді мәңгі,мәңгі. 

   -   Болсын өмір бақытты және мәнді.

1.Топтастыру.  Психогеометриялық тест (Сьюзен Деллингер)

2. Психологиялық әзірлік. Слайд.

а) Ана бейнесі:

 - Ана – тіршіліктің гүлі, отбасының берекесі, бүкіл адамзаттың тәрбиешісі.

«Құлын-биеден, ұлық- анадан туады» -дейді халқымыз. Дүниеде анасыз адам жоқ. Қаламы жүйрік жазушы да, данышпан ғалым да, ел бастаған көсем , сөз бастаған шешен де ана көкірегінен нәр алып өседі. Ана- барлық өмірдің бастауы. Ендеше сол анадан мен де, сендер де,бүгінгі сабағымыздың құрметті қонақтары ұстаздарымыз да анадан туылды емес пе?

Халқымызға билік айтар даналар,

Даналардың өзі анадан жаралар - дей келіп, назарларыңды экранға аударуларыңызды сұраймын.

ә) Даналар бейнесі. (Даналар туралы бірер сөз.)

          Негізгі бөлім.

І.Ой қозғау.  Кіріспе сөз: Әбіш ат жегіп, әйелін арбаға салып, Қаскелеңге тартқан. Кедір-бұдыр тастақ жолдағы естен тандырған жан азабы тіпті қиын еді. Өлдім-талдым дегенде перзентханаға да жетті-ау әйтеуір.

Ұл бала туылды!

Алланың  99 есімі бар. Әжесі сол есімдердің екеуін Нұр және Сұлтанды қойды. Сөйтіп өмірге Нұрсұлтан атты ұл келді.

Сірә, әжесі баланың есімін қоя отырып, баламның жолы нұрлы , өзі ел басқаратын үлық болсын деп тілеген болар.

 «Үшқоңыр» әні.

 ІІ. Үй тапсырмасы: «Елбасы өмірдерегі»  топ бойынша

          Балалық шағы. (1 топ)                                                                                               1. Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев  1940 жылы 6 шілдеде Алматы облысы Қаскелең ауданы Іле-Алатауы бауырайындағы Үшқоңыр жайлауында дүниеге келді.

2.Ол Әбіш пен Әлжан Назарбаевтар шаңырағы көптен күткен ұл болатын.

3. Балалық  шағы таршылық жағдайда өтті.

4. Үлкендердің мал бағуына, бау-бақша өсіруіне көмектесіп, шө пшек теріп, отын жарды.

5. Мектепті  жақсы оқып, жақсы білім алды.

6. Ата-анасын қатты құрмет тұтты.

  

          Жастық шағы. (2 топ)

1. Ол ерте есейді.

2. Орта мектепті бітіре салысымен Кеңес Одағындағы аса ірі Қарағанды металлургия комбинатына жұмысқа аттанды.

3. Кейін бір топ қазастандықтармен Украинаның Днепродзержинск қаласына барып, металлург мамандығын меңгерді.

4. Ол шойын құюшы, домна пешінің көмекшіСІ жұмыстарын атқарды.

5. Кейінірек инженер дәрежесіне көтерілді.

                 

          Азамат шағы. (3 топ)

1. Жұмыс барысында оның басшылық қасиеттері жарқырап көрінді.

2. Қалалық, облыстық және республикалық көлемде басшы органдарда жауапты қызметтер атқарды.

3. 1991 жылы өзінің тәуелсіздігін жеңіп алған жас мемлекет Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті етіп Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты сайлады.

4. Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстан Үкіметін басқарғанда  44 жаста болатын.

5. Осылайша оның саяси өмірі басталды.

6. Латын тілінен аударғанда президент сөзі «алдында отырған» деген мағынаны білдіреді.                         

 

          Отбасы. (4 топ)

1. Сара Алпысқызы Назарбаева- Қазақстан қоғам қайраткері, Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың зайыбы.    

2. От басында үш қыз тәрбиелеген әке.

3. Үлкен қызы- Дариға саясат ғылымдарының докторы.

4. Ортаншы қызы- Динара Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев атындағы білім қолдау қорын басқарады.

5. Кіші қызы- Әлия бизнеспен айналысады.

  

     ІІІ. Ойын.  «Сандар сыр шертеді»

(1991 жыл 16  желтоқсан),   (1992 жыл 30 қыркүйек), (1993 жыл 15 қараша), (1995 жыл 30 тамыз), (1991 жыл 2 қазан), (1992 жыл 4 маусым), (1998 жыл  10 маусым), (2015-2016 жыл 1қыркүйек)

Мұғалім: Еліміз Елтаңбасымен еңселі, Туымен тұғырлы, Әнұранымен әйгілі.

Барша халық таныған, біздің үміт, тілекті.

Шырқалғанда әнұран, шаттық кернер жүректі.

      IV. Әнұран.

  

      V. Шығарма «Егер мен президент болсам»

1. Наргиза  

2. Сұлтан

3. Акерке

4. Ғазиз

5. Алина

     VI. Президентке арнау.

1. Аружан:

Халық үшін елбасы   

Әскер үшін қолбасы

Тар жол тайғақ кешуде,

Нұр ағаны

Туған жұрты қолдасын.

2. Фариза:

Қол бастайтын ерім бар,

Атадан қалған сара жолым бар.                       

Қазақ елі желбіреп көк байрағың ,

Гүлге оранды ауылың мен аймағың.

Нұрсұлтаның биіктерге бастады,

Ол көрсеткен нұрлы жолдан таймағын

3. Ғазиз:

Келбетіңнен ізгілік нұр көрінген,

Лебізіңнен бар арманы өрілген

Сенің арқаң Қазақстан көркейіп,

Достық әні шарықтайды төрімнен.

4. Эльдар:

Кең байтақ қой Қазақстан картасы,

Астанамен айшықталған ортасы.

Бүгін бізге таңдай қағар күллі әлем,

Бұның бәрі Елбасының арқасы.

   VII. Елбасы адам санасының, қоғам дамуының тамыршысы.

(топтар ізденісі арқылы Елбасының ғылыми еңбектері, жазған әндері, нақыл сөздеріне және сүйікті істеріне тоқталу.)

   VIIІ. Поэзия сәті: «Отаным – жаным»

   IX. Қорытынды.

1.     «Елбасы кім?» Топтастыру. (Дана, Нұраділ, Досбол, Эльдар, Айқын, Сұлтан, Азамат, Бексұлтан)

     

Мұғалім: Уа, халқым, сөз қадірін білесің,

                Жаңбыр жаумаса, жер жетім.

                Басшысы болмаса, ел жетім.

                Көсіле шабар жерім бар, атадан қалған сара жолым бар.

Ендеше, сол батырлар қорғаған, жазушы – ақын, ғалым ағаларым қолдаған, көк байрағы аспанымда желбіреген, тәуелсіз де ұлан байтақ жерімнің, қонақжай, ақкөңіл елімнің намысын қорғайтын, қазақ елінің ертеңі, болашағы үшін жауап беретін ұрпақ екендеріңе сенемін.

2.     Ән  «Туған елім».

  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

         

Мемлекеттік комуналдық білім беру мекемесі

Қармақшы аудандық білім бөлімінің « 273 орта мектебі»

 

 

 

 

 

 

 

 

                                        Тәрбие сағаты

                                   «Ұлық та анадан туады»

                                             30.11.15ж.

                                             3 «В» сынып

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                                              Өткізген: Абильдаева К.Ж.     

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                    

                                            Байқоңыр қаласы

                                                    2015/16ж.

 

2015 – 2016 оқу жылындағы қараша айының 3о-да  Президент күніне байланысты 3 «В» сыныбында өткен тәрбие сағаты бойынша

 

 

 

                                                  Анықтама

       Аталған оқу жылының 30-қарашасында 3 «В» сыныбында «Ұлық та анадан туады» атты тәрбие сағаты болды. Тәрбие сағатына  23 оқушы түгел және үлкен белсенділікпен қатысты. Сабақ барысында өздеріне тапсырылған топтық тапсырмаларды жауапкершілікпен орындады. Сонымен қатар «Сандар сыр шертеді » ойынында, «Егер мен президент болсам» тақырында жазған шығармалары және «Елбасы кім?» топтастыру барысында өз білімдері мен ойларын ортаға салып, достарымен бөлісе білді. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевқа арнап жазылған ақындарымыздың өлеңдерін нақышына келтіріп орындай отырып Елбасымызға деген өздерінің құрметтерін  көрсетті.

  Президент күніне  байланысты 3-4 сыныптар арасында  өткізілген мәнерлеп оқу сайысында 1-орынды жеңіп алған 3«В» сынып оқушысы Абдрашева Шұғыла

«Отаным жаным» өлеңін тарту етті.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал ""Ұлық та анадан туады""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Шеф-повар

Получите профессию

HR-менеджер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 654 982 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 16.05.2016 1439
    • DOCX 1.7 мбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Раманкулова Гулмира Асылбековна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 7 лет и 11 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 2917
    • Всего материалов: 2

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Секретарь-администратор

Секретарь-администратор (делопроизводитель)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Продуктивность учебной деятельности младших школьников общеобразовательного учреждения в рамках реализации ФГОС НОО

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 222 человека из 63 регионов
  • Этот курс уже прошли 6 059 человек

Курс профессиональной переподготовки

Методика организации образовательного процесса в начальном общем образовании

Учитель начальных классов

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 2675 человек из 84 регионов
  • Этот курс уже прошли 12 456 человек

Курс повышения квалификации

Ресурсы библиотерапии в работе с детьми дошкольного и младшего школьного возраста

72/144/180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 49 человек

Мини-курс

Маркетинг и продажи: стратегии и инструменты для успешного бизнеса

7 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Основы искусствознания

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Психосемантика и социальная психология

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 30 человек из 17 регионов
  • Этот курс уже прошли 12 человек