Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Классному руководителю / Другие методич. материалы / "Әлі талай жыр болып жазыларсың" кеш

"Әлі талай жыр болып жазыларсың" кеш



Внимание! Сегодня последний день приёма заявок на
Международный конкурс "Мириады открытий"
(конкурс сразу по 24 предметам за один оргвзнос)


  • Классному руководителю

Поделитесь материалом с коллегами:

Әлі талай жыр болып жазыларсың

Мақсаты: Мұқағали Мақатаевтың өмір жолымен , шығармашылығымен оқушыларды таныстыру;

Тәрбиелік: Отанды, туған жерді сүюге тәрбиелеу, ақын жырларынан үлгі алу;

Дамытушылық: оқушының сөйлеу мәдениетін дамыту,эстетикалық таламы бар сауатты оқушы дайындау.

Көрнекілігі: ақынның портреті шығармалары,ақын туралы естеліктер, нақыл сөздер слайд.

Жүргізуші: Құрметті оқушылар, ұстаздар,б.гін бастауыш сыныптар аралығында мектебімізде өткелі отырған «Әлі талай жыр болып жазыларсың» атты кешімізге шақырамыз.

Мұқағали шығармашылығындағы тақырыптың бірі-ел басынан өткен,соның ішінде туған ауылы Қарасаздың басынан өткен ауыр күндер.Ақын жүрегін тілім-тілім ететін, жаралайтын-сол сұрапыл мезгілдер.

Өмірді, туған елді шын сүйетін ақын балалық шағынан бастап-ақ осы қасіретті көріп өсті.Ақын өмір жайлы толғандырғанда алдымен көз алдынан кетпейтін алапат көрініс –соғыс жылдарындағы ел тағдыры

Ақынның «Өмір»жайлы өлеңінде

Өмір жайлы сұрай берме сен меннен,

Өмірді мен әлі зерттеп көрмеп ем.

Өмір жайлы білгің келсе,қартқа бар

Қан майданнан жалғыз ұлы келмеген.

Жесірін келін, бір нәрсте көрмеген,

Жетім шалды бала орнына тербеген,-деп суреттейді.

Сай-сүйегің сырқырайтын осы бір көрініс-халық басына төнген тарихтың тасқын бір селі.Соғыс деген лаулаған өрт, жойқын апат,ақын тілімен айтқанда жетім шал,жесір келін, жетім бала,құлазыған тіршілік,сөген өрт,құлаған кереге, опырылған аңырақ,аштық,жалаңаштық,жоғалған жастық,соның бәрі де ақынның туған ауылының лайсаң кешіп өткен бақытсыз жолы,тұманды күні тартқан.

Иә,сол М.Мақатаев атамыздың өлеңімен сусындап келе жетқан жас ұрпақ 2- класс оқушыларына сөз кезегін береміз.

Туған жер,туған елдің басына не күндер тумаған.Ұлы бабалар мойнына осы қасиетті туған жердің топырағын қанша рет тұмар етіп тақты десеңші!Мына тіршіліктегі ең қасіретті ананың ақ сүтін емген жердің бір уыс топырағы онымен бірге.Қасиетті туған жер топырағы қорғай жүрсін деген тілек те бар.

Жалынған ғазиз анам,сұрап қалған,

Жоғалдыт сол бетімен бірақ та арман,

Сенбеймін әкең өлді дегенге мен,

Себебі ол үйімізден тірі аттанған....

Бұл-майданға ұлын жіберіп,әлі күнге құлағын батысқа тігіп жүрген есіл ананың,жесір келіннің ,жетім баланың айтатын сөзі. «Кебін кигеннен түңілсе де, кебенек киген түңілме»деген халқымыздың керемет оптимистік ғақлиясы бар.


Көрініс. «Әке аманаты»

1942 жылы ақпан айында 29 ждасында әкесі Сүлеймен майданға аттанды. Мұқағали әкесіне ілесіп Қызылбұлақ деген жерге дейін шешесі екеуі бірге барады.Сонда баласының егіліп жылағанын көрген Сүлеймен:

-Ақбілек (Нғиманы солай атапты), баланы жылатпа.Бар қиындықтың бәрі өзіңе түсері рас.Оған мойыма.Екеумізді дүйім жұртқа танытатын осы болар.Қолынан қақпа,апамның бауырынан тартпа.

Сүлеймен: Тыңда,балам,тыңда,күнім,

Болуға жара қолғанат.

К»әрі анаң,сәби інің-

Барлығы саған аманат.

Мен де сендей он жасымда

Атадан жетім қалғанмын.

Аса ақылды болмасам да,

«Аманатын»алғанмын.

Талпынып өмір шағына

Жетіп те мүмкін қаларсың.

Ананңның ауыр мұңына

Серіткіш сеьеп боларсың.

Сен жас буын, жаңа тал,

Гүлің де өсәп шашылар.

Сарылып оқып,білім ал,

Сөгенше сәулең асырар!..

(он бір жасар Мұқағали әкесі соғысқа кеткеннен кейін үйге келіп жер бауырлап жатып алды.)

Сұм соғыс ешкімді де аямады.Соғыстан әке оралмады.

Мұқағали:Менің есімімді әкем Мұхамедқали деп қойыпты.Әкем соғыста қаза боды.Мен бұл есімнің қадір қасиетін білемін бе деген ой келді.Өйткені ол есім бүкіл адамзатты табындырған Мұхаммед Пайғамбардың есімі.Соны өзімше өзгертіп,Мұқасы мен Ғали ғана алып Мұқағали деп өзгертіп алдым.

Анасы:Қарағым менің,оқуды тастамағын.

Мұқағали: Қатерлі күн қатыгез басталғанда.

Тастамаймын оқуды ,үміт-түлкі

Бұлаң етіп бұлтарып қашқанда алдан...

Тастамаймын оқуды, тастамаймын.

Ант етейін алаң болма,

Жастайыңнан қураған ақ самайың

Анасы: Бар,балам,қала көрме қатарыңнан,қала көрме үмітті сапарыңнан.

(Мұқағали анасына берген антын орындап,орта мектепті бітіріп,Алматыға оқу іздеп аттанды.Осылайша үлкен өмірге қадам басқан ақын кейін тағдырдың талай талқысын көрсе де еш уақытта қамиығып жасымаған.)

(Мұқағали үстіне ескі желбегейін киіп,белін буынып,үстел шамын жағып қойып отыр)

Мен әкемнің соғыста қайтыс болғанын , шешемнің үйінің жоқтығын,оған қамқорлық жасап үй беру жөнінде Мәскеуге дейін хат жаздым.Әйтеуір үй алып беруге тырысамын.Нағиман шешем әлі –ақ көп қатарлы әсем үйде тұрады! Мүмкін Абай көшесінен бұйырып қалар.Өткенде түс көрдім.Шешем басында ақ жаулығы бар Абай атамыздың қасынан қуана басып маған қарай келе жатыр.Ояна кетсем түсім екен.Анам бақытты болады екен деп ұзақ толғаныстан соң «Шеше,сен бақыттысың»деген өлең жолдары дүниеге келді.

Шеше , сен бақыттысың

Шеше,

Сен бақыттысың!

Жай түсіп жатқанда да құламадың,

Тәңіріңнен мен едің сұрағаның,

Сондықтан жыламағын, жыламағын...

Бармын ғой,

Тірімін ғой, қасыңдамын,

Өлмеймін, мен өзіңдей асылданмын!

Таусылып өз-өзіңнен шашылмағын.

Байырғы берекеңді қашырмағын.

Мен сенің қанықпын ғой көз жасыңа,

Өзім келіп тот басып тозбасыма.

Екі жыр жазсам саған бірін арнап,

«Шеше»деп жаздым ылғи сөз басына.

Тәңірім кеше көрсін кесірімді

Аспанға жаздым сенің есіміңді!

Шеше!

Сен бақыттысың,тербете бер

Құба талдан иілген бесігімді...


(Осы кезде М.Мақатаевтың өз дауысымен оқылған «Әке» өлеңі тыңдалады.)

Жүргізуші:Соғыс жылдары аналар не көмеді?!Көз алдыңызға дауылға да, жауынға да қарсы жүрген қайсар да қайратты,жігерлі, өмірдің тұтқасын берік ұстап тұрған аналар елестейді.Олар белді бекем байлап ер азаматтың жұмысын істеді.Бар қуатын мойына жиып ап, қай жерден ажал қарсы шығар болса да бетпе-бет арпалысуға дайын тұрды.

Мұқағали поэзиясында нені жырласа да өзіндік үні естіліп, өзіндік қолтаңбасы көрініп тұрады.Әр уақыт,әр мезгіл,әрбір адам бейнгесінде өз тұсындағы шындық көріністер айқын көрінеді.

Оо әр уақытта өз халқымен бірге қуанып,бірге күйініп отырады.Сондықтан да дауылды жылдар туралы ақын жасаған образдар –сол бір кезеңнің тарихының, өмірінің шынайы бейнесі.

Әке «аманатын»айтып,оны орындап қана қоймай ,өзі де еліне де,халқына,келер ұрпаққа да аманат жазып қалдырды.

Жаман да болса егер жатсынбадым,

Мен сеземін жаманның ,жақсын барын

Барлығы үшін бәрі бір,ақсын қаным,

Барымды ойымдағы тапсырмадым,

Бәрін де бір өзіңе «Аманаттап»

Кеудемде тыныш ұйықтап, жатмсын жаным.

Мұқағали өлеңдерін оқып жүрген 4 класс оқушыларын шақырамыз.

Жүршізуші: Қазақ әдебиеті кеңестігінде қаншама жыр мұнарлары алыстан көзге шалынбайды дейсіз?Солардың бірде біреуіне ұқсамай өзінің сән –смалтанатымен дара тұрған ,көзді арбап,көңілді еліктіретін қиырдан мен мұнарлап тұратын бір мұнара бар.Ол-Мақатаев мұнарасы!

Желбірей бер,жырдың туы!

Жарқырай түс,Мақатаев мұнарасы!

Осымен ақиық ақынымызға аранлған кешімізде өз мәресіне жетті.Келіп тамашалағандарыңызға көптен-көп рахмет!







57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)


Автор
Дата добавления 09.09.2015
Раздел Классному руководителю
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров162
Номер материала ДA-034794
Получить свидетельство о публикации

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх