Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / История / Другие методич. материалы / Ұлы жеңіс - ұрпаққа аманат!

Ұлы жеңіс - ұрпаққа аманат!

Идёт приём заявок на самые массовые международные олимпиады проекта "Инфоурок"

Для учителей мы подготовили самые привлекательные условия в русскоязычном интернете:

1. Бесплатные наградные документы с указанием данных образовательной Лицензии и Свидeтельства СМИ;
2. Призовой фонд 1.500.000 рублей для самых активных учителей;
3. До 100 рублей за одного ученика остаётся у учителя (при орг.взносе 150 рублей);
4. Бесплатные путёвки в Турцию (на двоих, всё включено) - розыгрыш среди активных учителей;
5. Бесплатная подписка на месяц на видеоуроки от "Инфоурок" - активным учителям;
6. Благодарность учителю будет выслана на адрес руководителя школы.

Подайте заявку на олимпиаду сейчас - https://infourok.ru/konkurs

  • История

Поделитесь материалом с коллегами:


Бүгін, Кеңес Одағынығының Ұлы Отан соғысын жеңіспен аяқтағанына 70 жыл толып отыр.

Бүгін қасиетті де қастерлі мереке – Жеңіс күні!

Қаншама ұзақ уақыт өтсе де сұрапыл соғыс жылдарының соғысқа қатысқан адамдардың, соғыс ауыртпалығын иығымен көтерген тыл еңбеккерлері мен сол кездегі балалардың санасында ұмытылмастай берік орнығып қалуының себебін түсінсек те соғысты көрмеген бүгінгі ұрпақтың – балалар мен немерелердің осы күнге терең құрмет сезімінің, салтанатты күнге ерекше дайындықпен келуінің сыры неде?

Осы Ұлы мерекеге соғысты жеңіспен аяқтап елге оралған, бүгінде арамызда жүрген соғыс ардагерлері, еңбек майданындағы ерліктері ұрыс даласындағы айқастан еш кем болмаған тыл еңбеккерлері – аналар, әкелер сол жылдардың балалары – бүгінгі ел ағалары, балалар мен немерелер – бәріміз ерекше сезіммен келетініміз рас.

Соғысты бастан өткерген аға ұрпақ пен олардың балалары мен немерелері – біздің сол жылдарға ойша қайта – қайта оралып, дәл осы күні бойымызды билейтін барша сезімдеріміздің ұқсас болуының не құпиясы бар?

Оның құпиясы, соғыстың тұтас бір ұрпақтың тағдырына терең із қалдырып соғыс салған жан жарасының ұрпақтан ұрпаққа қанмен беріліп келе жатқанында болар, бәлкім.

Әлде, сұм соғысты бастан кешіп, жеңіспен оралғандардың бойындағы мақтаныш сезімдері ғана емес сонымен қатар жүректеріне түскен қайғы-қасірет сезімдерінің жаңғырық боп олардың балалары мен немерелерінің кеуделерінен берік орын теуіп, әлі де жазылмай, жүрек сыздатып келе жатқанында ма екен?

Адамзат баласы бұрын-соңды бастан өткермеген алапат соғыстың тұтас бір ұрпақтың басына әкелген зардабының, ауыртпалығы мен қайғысының ауырлығы соншалық – соғыстың біткеніне 70 жыл өтсе де жан жарасы жазылар емес!

Аға ұрпақтың ерлік дәстүрі ғана емес, олардың бойындағы барша сезімдері – қуаныштары, күйініштері мен сағыныштары, барша ойлары жылдар бойы тылсым жолдармен біздердің бойымызға жылдар бойы есейлей сініп келе жатқандай болады да тұрады.

Соғыстың біткеніне 70 жыл өтіп, бірер ұрпақ ауысса да Жеңіс күнін ерекше қастерлеуіміз, бұл күнге үлкен құрметпен қарап, айрықша ықыласпен дайындалуымыз аталар мен немере, шөберелердің бойындағы сезімдердің ұқсастығынан шығар!

Біздердің – кейінгі ұрпақтың – соғысқа қатысқан, соғыс жылдары тылда еңбек еткен адамдарды құрметтеуіміздің түп негізінде -олардың ерлік істерін дәріптеу ғана емес, олардың кеудесіндегі мұң –шерді, жылдар бойы өздерімен бірге алып келе жатқан қасірет табиғатын түсінуге ұмтылуымызда, жан жарасын ешкім ешқашан жазып бере алмайтынын солармен бірге ұғынуымызда жатқан болар.

Майданнан жарлары оралмай жесір қалған арулардың, балалары Жеңіс күніне жете алмай бөтен ел топырағында қалған аналардың көкірегіндегі өксікті 70 жыл бейбіт өмір баса алды ма екен?

Әкелері майданнан оралмаған, сол кездегі балалар, бүгінде 80-90 жастағы тұтас бір ұрпақ өкілдерінің әкелеріне деген сағыныштары 70 жылда басылды, жүректеріне түскен қайғы, мұң сейілді деуге бола ма?

Дәл осы күні, 1945 жылы 9 -мамырда әр ауылға, әр үйге құдіретті «Жеңіс!» деген сөзбен жеткен Ұлы қуанышқа тең келер оқиға бар ма екен!

Алайда, осы күнге жетер жолда қаншама ғұмыр үзілді, қаншама арман талқан болды, қаншама тағдыр бүлінді.

Күрес те, ерлік те тек майдан даласында ғана болған жоқ.

Майданға қажеттінің бәрін қамтамасыз етуде күні-түн аянбай, асқан қажыр-қайрат, төзімділікпен еңбек еткен қарттар мен балалардың, әйелдердің, жалпы тыл еңбеккерлерінің өлшеусіз еңбегінсіз Жеңіс мүмкін бе еді!

Соғыста хабарсыз кеткен жарларынан 70 жылда үмітін үзбей, жолын күтіп елеңдеумен ғұмырын өткізген асыл аналар ісі – адалдық пен тазалықтың, мейірімділік пен тектіліктің үлгісі емес пе!

Соғыста хабар-ошарсыз кеткен аталарын, туғандарын, әкелерін 70 жыл бойы таба алмай жүрген адамдардың, аталарының айшылық алыс елдерде қалған сүйектерін іздеп тауып, туған жердің бір уыс топырағын апарып, басына тағзым етіп қайтып жүрген немере-шөберелердің ісі асқан адамгершілік парыз емес пе!

Жылдар өткен сайын ақыл – ойымыз сол күндерге қайта-қайта орала беріп, тарих тағылымынан сабақ алып, Жеңістің бар ұлылығын ұғына түсетіндейміз.

Ұлы Отан соғысы 4 жылға созылды. Тарихи тұрғыдан оншалық ұзақ мерзім емес, бірақ ол қандай жылдар болды десеңізші! Еліміз, бүкіл адамзат, міне, 70 жыл бойы сол бір қаһарлы күндерді үнемі еске алумен келеді.

Өткен соғыс әрбір адамның өмірінде өшпес іс қалдырды.

Кеңес адамдары миллиондаған адам өмірін жалмаған, екінші дүниежүзілік соғыс дауылының сол бір алапат кезеңін ешқашан ұмытпайды!

1941 жыл соғыс басталған сәтте, жау талқандалып Жеңіс күні келіп жеткенше сәтсіздіктерден торығып, Жеңіске қуанатын, үміт-пен күдік қатар арпалысып, қайғы -қасірет пен ерлікке толы 1418 күн өтерін кім білсін!

Соғыспен өткен 1418 күннің әр күні, әр сағаты, әр бір сәті бүкіл Кеңес Одағы үшін, әр жауынгер, әр адам үшін қатал сын болды.

Біздің еліміз майдандағы ұл-қыздарының өшпес ерліктерінің, тылдағы адамдардың жанқиярлық еңбегінің арқасында осы сыннан мүдірмей өтті.

Осы сыннан сүрініп, бүлінген тағдырлар қаншама!

Сатқындық та, опасыздық та, ерлік пен отанды шын сүю, отанға берілумен қатар жүрді.

Соғыс Кеңес адамдарын үлкен адамгершілік тәрбиесінен өткізді.

Адамдардың болмысында көрінбей тығылып жататын қырларын ашып, тұтас Кеңес халқының рухани асыл қасиеттерін ғаламат деңгейге көтерді.

Соғыс жаппай ерлік жасауға, Отан үшін өмірін қиюға баруға, достыққа, бауырмалдыққа, адалдыққа тәрбиелеудің ғажап үлгісі болды!

Қазақстандық жауынгерлер 1941 жылы маусымда шекарадағы ұрыстардан бастап Москва түбіндегі шайқастарда, Ленинград қорғанысында, Сталинград үшін болған ұрыстарда, соғыс барысында түбегейлі бет бұрыс әкелген Курскідегі қанды қырғындарда ерен ерліктің үлгісін көрсетті. Европа халықтарын фашистерден азат ете отырып, жаудың өз ордасы – Берлинде талқандады.

Жеңіс күнін қастерлеу, соғыс тағылымын, майданда ерлікпен қаза тапқан боздақтарды, тылда аянбай еңбек еткен ардагерлерді құрметтеу – ең алдымен кейінгі ұрпаққа керек. Біздің аталарымыз бен әкелеріміз, аналарымыз сын сағатта өз міндеттерін абыроймен орындап шықты. Ендігі жерде соғыс және еңбек ардагерлерінің ерлік дәстүрлерін, Отанын, елін, жерін шексіз сүю сезімдерін ұрпақтан ұрпаққа жеткізіп отыру – қазіргі ұрпақтың парызы.

Батыр бабаларымыздың ерлік істерінен үлгі, өнеге алмаса Бауыржандар, Төлегендер, Қасымдар, Әлия, Мәншүктер де болмас еді.

Ұлы Отан соғысына Қазақстаннан 1миллион 600 мың жауынгер аттанған. Олардың 350 мыңы қаза тапты.

Соғыс жылдары Глиновка, Кеңес, Жауынгер, Айпара ауылдарынан Отан қорғауға 300-ден астам ер азамат аттанған еді. Олардың 135-і майданда ерлікпен қаза тапты. Солардың ішінде даңқты 316 атқыштар дивизиясының құрамында соғысып, Кеңес Одағының батыры атағын алған жерлесіміз Григорий Михеевич Безродных та бар. Елге оралғандар бейбіт өмірде еселей еңбек етіп, мағыналы ғұмыр кешті. Жар сүйді, ұрпақ өсірді. Еңбек майданында да абыройлы болды. Құт дарыған туған жерімізді дәулетін өз қолдарымен, мандай терлерін төгіп жүріп орнатты. Өздері әкелген бейбіт өмірдің 70 жылында сол ерлерден біреуі – Қабдрасилов Басболат ақсақал бүгінгі мерекеде ортамызда.

Кеше ғана Қазақстан Қарулы Күштерінің құрылған күнін мерекеледік. Ертең әскер сапына тұратын жас ұрпақ аға ұрпақ өкілдерінің ерлік дәстүрінен үлгі алып, өнеге тұтуы абзал. Ерлік дәстүрде қашан да сабақтастық болуы тиіс. Ерлікке кай кезде де орын бар.

Осы тұрғыдан алғанда мектеп түлегі Нұриманов Мақсұттың Кеңес Одағының батыры атағын алуы – бір ауылда екі бірдей Кеңес Одағының батыры шығуы – ауыл үшін үлкен мақтаныш, жас ұрпақ үшін үлгі өнеге.

Ұлы Отан соғысы жылдарында қазақ жауынгерлеріне Қабанбай, Бөгенбай, Кенесары, Исатай, Махаббет, Аманкелді ерліктері рух берсе, бүгінгі ұрпаққа Бауыржан, Мәлік, Әлия, Мәншүк секілді қазақтың батыр ұл-қыздары өнеге болсын.

Жеңіс күні бәріміз үшін айрықша қымбат, қасиетті мереке. Бұл тек соғыста Жеңіске жеткенімізді атап өтетін күн ғана емес. Ол – сол соғыста Жеңіс үшін жан аямай шайқасқан, қан майданнан оралмаған арыстарымызды еске алатын күн.

Бұл мереке әр кезде батылдық пен ерліктің символы. Отанға деген сүйіспеншілік пен адалдақтың өлшемі. Ал Сіздер, құрметті ардагерлер, болашақ ұрпақтар үшін жарқын болып қала бересіздер!


Самые низкие цены на курсы профессиональной переподготовки и повышения квалификации!

Предлагаем учителям воспользоваться 50% скидкой при обучении по программам профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок".

Начало обучения ближайших групп: 18 января и 25 января. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (20% в начале обучения и 80% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru/kursy

Автор
Дата добавления 08.02.2016
Раздел История
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров127
Номер материала ДВ-428080
Получить свидетельство о публикации

УЖЕ ЧЕРЕЗ 10 МИНУТ ВЫ МОЖЕТЕ ПОЛУЧИТЬ ДИПЛОМ

от проекта "Инфоурок" с указанием данных образовательной лицензии, что важно при прохождении аттестации.

Если Вы учитель или воспитатель, то можете прямо сейчас получить документ, подтверждающий Ваши профессиональные компетенции. Выдаваемые дипломы и сертификаты помогут Вам наполнить собственное портфолио и успешно пройти аттестацию.

Список всех тестов можно посмотреть тут - https://infourok.ru/tests

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх