Инфоурок Начальные классы ТестыҰлы жеңіс - жасасын!

Ұлы жеңіс - жасасын!

Скачать материал


Білімділік мақсат: Ұлы Отан соғысы жылдарындағы елі үшін жанын қиған ерлер өмірін дәріптеу, Мәлік Ғабдуллин туралы түсінік беру.
Дамытушылық мақсат: Оқушыларға бағыт бере отырып топпен жұмыс істеуге дағдыландыру, мәнерлеп, түсініп оқу дағдысын, мәтін мазмұнын әңгімелей білуге жетелеу
Тәрбиелік мақсат: Оқушыларды еңбекқорлыққа, елін, туған жерін сүюге, патриоттыққа тәрбиелеу.
Ашық сабақ түрі: жаңа сабақ
Әдісі:топпен жұмыс, сұрақ-жауап, әңгімелеу, ой қозғау, қызығушылығын ояту
Көрнеклігі:интерактивтітақта, парақшалар
Пәнаралық байланыс: ән сабағы
Сабақтың барысы:
1.Психологиялық дайындық.
Оқушыларды орындарынан тұрғызып,тақпақ айтқызу арқылы оқушылардың
сабаққа назарларын аудару
Күн нұрына алақанды созайын
Жүрегіме басып ұстай қалайын.
Нәзік, әрі жылы, әрі мейрімді
Сонда дерекболыпкетержан-жағым.
Топқа бөлу. /Түсті жұлдызшалар арқылы топқа бөліп отырығызылады./
-Бүгінгі сабағымыз топпен жұмыс болады.Ол үшін әр қайссың өздеріңе ұнаған түсті жұлдызшаны таңдап алыңдар.Тақтада және партада қай түс қандай топқа барып отыратыны жазылған.
Сары жұлдыздар - «Алғырлар»
Жасыл жұлдыздар - «Білгірлер»
Тоқ сары жұлдыздар: - «Ұшқырлар»
Көк жұлдыздар - «Ойшылдар »
Қоңыр жұлдыздар - «Тапқырлар »
-Енді арамыздан топ басшысын таңдап аламыз.Сабағымыз соңында бағаны жалпы топқа қоямын. Яғни, қызыл жұлдызша «5», жасыл жұлдызша «4», сары жұлдызша «3» болып бағаланады.
2.Үй тапсырмасын қайталау. Сұрақ-жауап / Артында сұрақтары бар қиықшалар таратып, өткен тақырыпты қайталау.Сұрақтары тақтада жазылған /
- Осы оқиғада Талғат неше рет тапсырма орындап қайты?
- Талғатқа тап берген истрибительге не болды?
-Луганский Талғат Бегельдиновқа қандай сөздер айтты?
- Осы мәтіндегі ұрыс қай жерде болды?
- Талғат Бегельдинов туралы қандай мәлемет білесің?
3. Жаңа сабақ. Ой қозғау . Тақтада қиықшаларды құрастыру арқылы жұлдызша шығарады. Әр топтан 1 баладан шығып қиықтарды жылжытып қосады.
- Енді әр топқа берілген қиықшаларды қосып құрастырамыз.Ол жұмысты тақтада орындайтын боламыз.
- Бұл не?
- Түсі қандай?
- Қызыл жұлдызды ІІ Дүние жүзілік соғысында қаза тапқан ұл қыздарымыздың жалындаыр мен ұшқыны мәңгі өшпесін депосы қызыл жұлдызға балаған, әлі де балап келеді. Ендеше бүгін біз ІІ Дүние жүзілік соғысына тағы бір батырымызбен танысамыз.Кім екенін мына ребусты шешу арқылы табамыз.
4. Ребус шешу.Ойын «Кім шапшаң?» Жауабы: Мәлік Ғабдулин.
- Қазір сендермен «Кім шапшаң?» ойынын ойнаймыз. Мына ребусты қай топ шапшаң шешеді екен?


- Дұрыс, балалар. Бүгін біз Мәлік Ғабдуллин туралы «Батырдың аты өлмейді » деген мәтінмен танысамыз.
- Мәлік Ғабдулин кім?
- Мағлұмат беру.
5. Мәтінмен жұмыс Дәптерге күн мен тақырыптың аты жаздырылады.
1. Мұғалімнің оқуы
2. Сөздік жұмыс. Түртіп алу әдісімен мәтіннен таныс емес сөздер табу. Олар:
«Бейтаныс» - таныс емес, бөтен
«Демде» тез, жылдам

3.Тізбектеп оқу. Әр топтан бір оқушыдан мәтінді тізбектеп оқиды.
4. Сұрақ-жауап. Сұрақтар тақтада жазылып тұрады.
- Мәтіннің мазмұнын ашып алу үшін мен сендерге мынандай сұрақтар дайындадым. Олар:
- Мұрат пен әжесі қандай автобусқа отырды?
- Мұарт пен оның әжесіне кім жол көрсетті?
-Мұрат әжесіне қандай сұрақ қойды?
-Әжесі Мұратқа қандай жауап айтты?
- «Бірінші май» көшесін қазір қалай атайды?
6.Рөлге бөліп оқыту. Топ арасында кейіпкерлерге бөлініп мәтінді рөлге бөліп оқиды. Әр топтан бір оқушыдан оқиды.
7.Сергіту сәті Ән «Әрқашан күн сөнбесін». Өлеңнің әуеніне қосылып барлық оқушы әнді орындайды.
8. Шығармашылық тапсырма. Топтарға тапсырмалар беріледі.Тапсырмалар топ ішінде талқыланып, дәптерлеріне орындайды.Әр топтың 1-2 оқушысынан сұрақтарға жауап алынады.
«Ұшқырлар» тобына:
- Ұлы Отан соғысы туралы қандай киноларды білесің?
«Алғырлар» тобына
- Мақалды жалғастырып жаз
1.Отан отқа түс .........
2.Батыр туса ел .......
Жаңбыр жауса .......
«Білгірлер» тобына
- Қазіргі заманда кімді батыр деп айтуға болады?
«Тапқырлар» тобына:
- Ұлы Отан соғысындағы батырларға арнап туралы өлең құрастыр.
«Ойшылдар» тобына:
- «Батырларға ризамын» деген тақырыпта әңгіме жаз.
9.Қортынды: Батырдың аты өлмейді дегенді қалай түсінесің? Оқушылардан жауап алынып, оны тақтада жазады.Топтастыру
10.Бағалау.Топтарды алған жұлдызшаларына қарап бағалау
11.Үйге тапсырма: «Батырдың аты өлмейді» деген мәтінді мазмұндау. Мәлік Ғабдуллинтуралы мәлімет жинау

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Ұлы жеңіс - жасасын!"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Заведующий доп. образованием

Получите профессию

Менеджер по туризму

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Сабақтың тақырыбы:Қадірлейік қарттарды, майдангерді
Ұлы Отан соғысының ардагері Саулебаев Болысбай
атаның өмір жолы және ауыл ардагерлерін еске алу туралы қазақша тәрбие сағаты
Сабақтың мақсаты:
1. Оқушыларға Ұлы Жеңісті дәріптеу, Ұлы Отан соғысында ерлік көрсеткен ата-бабаларымыздың ерлік істерін қастерлеу, ауылдасымыз Саулебаев Болысбай атаны т.б. ауыл ардагерлерін еске алып, өмір жолын, ерлігін таныту және үлгі-өнеге тұту.
2. Оқушылардың өз Отанына, еліне, туған жеріне деген сүйіспеншіліктерін оятып, елін құрметтеп, қорғай білуге, ұлтжандылыққа тәрбиелеу және патриоттық сезімін ояту.
3. Оқушылардың ой-өрісін арттырып, мәнерлеп айту дағдыларын жетілдіріп, сөздік қорларын молайту.
Сабақтың көрнекілігі: безендірілген сахна, интерактивті тақта слайдтар.
Сабақтың барысы
1. Ұйымдастыру кезеңі
2. Кіріспе бөлімі
Кіріспе сөз (интерактивті тақтада слайдтар арқылы суреттер көрсету)
Тарих кеші үнемі жаңаланып отырады. Десе де, ұмтылмайтын, ескірмейтін тарихи оқиғалар болады. Соның бірі әлемді дүр сілкіндірген екінші дүние жүзілік соғыс. Өздеріңізге белгілі 1941 жылы 2-маусым күні таңғы сағат 4-те бейбіт жатқан елімізге фашистңік Германия тұтқиылдан соғыс ашты. Суық хабар сол күні байтақ елімізге, жер-жердегі ауыл-селоға тарады. Ер-азаматтар асығыс соғысқа аттанды. Кейбірі өздері сұралып кетті. Қасиетті жеріміз, бейбіт жатқан еліміз, құлақ естіп, көз көрмеген апатқа ұшырады. Елімізге жауынгерлері қасық қаны, шыбындай жаны қалғанша шайқасты. Жауынгерлер батырлықтың, батылдықтың үлгісін көрсетті. Орасан зор майдан шебінде соғыс қатты жүріп жатты. Осы соғыста Совет Одағының басқа Республикаларымен бірге біз – Қазақстан да аянбай жаумен шайқасты.
Иә, балалар бұл жеңіс оңайлықпен келген жоқ. Осы Ұлы Отан соғысында жерлес атамыз Саулебаев Болысбайда аттанған еді. Ол соғысқа дейін және соғыстан кейін «Лақалы», «Итқырылған» ауылы, «Сталин» колхозында 17 жылдай мектеп директоры және балалар үйінде меңгеруші қызметін атқарған. Пед Рабфакті бітірген, мамандығы - географ. 1941 жылы 28 жасында соғысқа аттанған ол 1942 жылы 1-Украина майданында №147 запастағы 1-категориялы аттылы әскер полкында ковалирист болады, одан химиялық қорғау взводында қатардағы химик қызметін, 1943 жылдан-1945 жылға дейін 8 гвардия аттылы әскер полкінде командир бөлімінің гвардия аға сержанты қызметін атқарды. 1945 жылы 28 желтоқсанда жасының ұлғаюына байланысты ауылға оралды. Ол сол отты жылдарда 1942 жылы «Отечественная война» ордені, 1943 жылы «Гвардия» значогі, 1944 жылы екі рет «За отвагу» медалімен, сол жылы «Красный звезды» орденімен, 1945 жылы немістің Верхный селезный, Катовице, Беутен қалаларын азат еткені үшін марапатталды. Келгеннен кейін 1946, 1969, 1980, 1985, 1995, 1997, 1999 жылдарында бірнеше медаль ордендермен марапатталды. Осы сынды ауылымызда Ұлы Отан соғысына қатысқан ардагерлер де бар. Олар: Бекбанов Жұбаныш, Дарбозов Қаби, Қиятбаев Жәрмедет, Әбекеев Қайролла, Тажимов Балмахан, Тәжбенов Бекбосын, Әбдіреев Бертілеу, Әбдиров Әбдіуәли, Жарманов Қалмырза, Әбдіраманов Әбдәли, Маханов Дүйсенбай, Түлкібаев Мәнтібай, Әбішов Әбдірей, Әбішов Әбдіроман, Есіркеев Еленбай, Дүйсенбаев Шүкірәлі, Өмірзақов Айтжан, Аманбаев Есенбай, Дәрменқұлов Бақдәулет.
Жеңіс жеңілдікпен келген жоқ. 50 млн адамның өмірін жалмады. Міне, осынау елімізге лаң салған алапаттың жеңіспен аяқталғанына 65 жыл толып отыр. Соғыс өрті қашан да халық есінде. Осы қан майданда мерт болған ерлердің рухына, бүгін арамызда асқартаудай болып жүрген аталарымызға басымызды иіп, тағзым етейік.
Дәл осынау жадыраңқы жай күні,
Болсадағы қай ғасырдың қай күні
Ұлы Отаным басын иіп бір минут,
Есіне алмақ сол бір апат қайғыны
(1-минут үнсіздік, еске алу).
Хор: «Майданға»
1. Сәнім
«Соғыс!» деп айтқан суық сөз,
Сіресіп қатқан мұз – қардай
Тыныштық сүйген қауымды,
Тітіркендірді ызғардай.
2. Дамир
Екі дүние айқасты,
Майдандасқан аулада.
Фашистерді шайқаста,
Езгіледі табанда
Бейбітшілік орнаттық
Күн ортақ барлық адамға.
3. Перизат
Талай құс содан бері қайта оралды,
Талай бақ әлемінде қайта оранды.
Соғыста өлгендер тек оралмайды,
Тек ұрпаққа олар жайлы айтады әні
4. Жайнагүл
Жерден, көлден, аспаннан
Соқты, жауды ел күнде
Берлинде алғаш басталған
Бітті соғыс Берлинде.
Хор: Мәншүк
5. Айдос
Сол сұрапыл қанды ұрыста
Түн түндігі түрілген
Күн күлімдеп, таң шапағы білінген
Сол сұрапыл қанды ұрыста
Біздің ерлік танылған
Әрбір көше, әр бұрышта
Жеңіс дабылы қағылған
6. Нұрсұлтан
Сүйінші, сүйінші халқым!
Белін бекем буыншы
Жеңдік жауды күйрете
Жасалған той – мереке
7.Нұржан
Жеңіс деген жақсылықтың сыңары,
Жігерленген құштарлықтың құралы.
Күрескердің арманы мен ұраны
Қуаныш пен мерекенің бұл әні.
8. Айман
Ер азат, еңбек, ерлік,ер ерлікті,
Еңбектің өрнегімен жер көріпті
Мыңдаған Қазақстан күрескері
Жеңіске жеткізді елін, ерлер ері.
9. Амантай
Биік ұш бибітшілік көгершіні,
Асып өт нелер мұхит, небір шыңды.
Қаққанда қанатыңды бірге естілсін,
Әлемгше жас ұрпақтың өршіп үнің
Хор: «Ақ кептерлер»
Мұғалім
-Иә, сұрапыл соғыс ешкімді аямады. Ана жарынан айырылды, бала әкесінен айырылды. Бірақ үміт оты еш өшкен жоқ. Бала әкесін күте берді, күте берді.
1. Ән «Соғыстан қайтқан солдаттар» орындайтындар: Ғарифолла, Аян
2. Ән «Батыр бала Болатбек» орындайтындар: Ислам, ғарифолла
3. Көркем сөз «Жеңіс туралы жыр» Назерке
4. Би «Катюша» Бір топ қыздар
5. Ән «Ақ көгершін» орындайтындар: Назерке, Жайнагүл
6. Ән «Солдат болам мен ертең» орындайтындар: Аян, Амантай, Айдос
Мұғалімдер
Жеңіс күні! Ол қалай келді? 1945 жылдың 30 сәуірінде рейхстаг үстінде Р. Қошқарбаев тіккен жеңіс туы желбіреді. 8-мамыр Берлинде фашистік Германия жеңілгенін мойындап қол қойды. 1945 жылдың 9 мамыр күні бұрын соңды болмаған мың зеңбіректен 30 дүркін салют атылды. Міне, жеңіс күні осылай келген еді.
10. Назерке
Жеңіс келді далама,
Жеңіс келді қалама,
Жеңіс келді әке боп
Ендігі бар балаға
Жеңіс келді ән болып,
Келді ауылға сән көрік
Жеңіс келді алақай!
Тойып жейтін нан болып.
11.Аян.
Арылтып жерден жауыңды,
Табанға жаншып өлімді
Жеңіске желпіп өмірді,
Десеңдер бұл қай күні?
- 9 – май күні
12. Альбина.
Кептерлер қалқып көкте ойнап,
Қызыл ту шалқып, көк байлап.
Мәре-сәре, мәз-мәйрам,
Отанымыз той тойлап
Десеңдер бұл қай күні
- 9 – май күні.
13. Ислам.
65 жыл – бейбіт көктем таң атқан,
65 жыл – шуақты күк таратты әнін
Есімде сонан бері 65 рет
Ашылды жеңіс күнінің парақтары.
14. Ғарифолла.
65 жыл – үзілмейді құстар әні
Кетті енді сұм соғыстың қыспағы әрі
65 жыл – жауымыздың ажал оғы
Біздің ел үстінен ұшпағаны.
Хор: «Әрқашан күн сөнбесін!»

Қорытынды сөз
Ешкім де, еш нәрсе де ұмытылмайды. Отан үшін ерлікпен қаза тапқандарды ел әр уақытта есінде сақтайды. Өйткені олар біздің бақытымызды қорғады. Отан үшін, ел үшін құрбан болады. Отанымыздың даңқы – ерлік пен қаһармандықтың даңқы. Біз оның жүріп өткен ерлікке толы жолдарын, азаттық үшін күрескен ерлері мен батырларын ешқашан ұмытпаймыз. Қарттарды, майдангерлерді қадірлейік! Олардың есімі ел есінде мәңгі сақталады. Ұмытылмас тұлғалардың бейнесі біздің көкейімізді ұялап, мәңгі қала бермек.

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 660 710 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 19.05.2015 1044
    • DOCX 20.5 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Жамантаева Зәуреш Рахметуллаевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 11 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 9629
    • Всего материалов: 7

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Менеджер по туризму

Менеджер по туризму

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Особенности введения и реализации обновленного ФГОС НОО

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 1106 человек из 81 региона
  • Этот курс уже прошли 19 283 человека

Курс повышения квалификации

Программа работы с неуспевающими и слабоуспевающими учащимися старшего дошкольного и младшего школьного возраста

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 131 человек из 37 регионов
  • Этот курс уже прошли 259 человек
аудиоформат

Курс повышения квалификации

Особенности реализации ФГОС НОО для слепых и слабовидящих детей

72/108/144 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 27 человек

Мини-курс

Готовимся к ЕГЭ по литературе

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Психология общения: эффективное общение и решение конфликтов

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 832 человека из 78 регионов
  • Этот курс уже прошли 374 человека

Мини-курс

Стратегии бизнес-развития

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе