Инфоурок Классному руководителю Конспекты"Ұлы Жеңіске- ұрпақтан тағзым" тағылымдық ерлік, кездесу сабағы

"Ұлы Жеңіске- ұрпақтан тағзым" тағылымдық ерлік, кездесу сабағы

Скачать материал

 

№5 орта мектеп

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

(Жеңістің 71 жылдығына арналған «Мәңгілік естелік» апталығында

өткізілген тарихи танымдық, әдеби сазды, тағылымдық ерлік, кездесу сабағы)

 

 

Ұлы Жеңіске-ұрпақтан тағзым

 

 

 

 

 

Өткізген: Дәрменқұлова Л.Ж.

3 В сынып

 

 

 

 

2015-2016 оқу жылы

Тақырыбы: «Ұлы Жеңіске-ұрпақтан тағзым!»

Мақсаты: Ұлы Отан соғысы, оған қатысқан қазақтың батыр ұл-қыздары, жерлес жауынгерлеріміз жайлы мағлұмат беру. Майданға қосқан қазақстандықтардың үлесі, соғыс кезіндегі халық басындағы ауыртпалық жайлы әңгімелеу. Отанын, елін сүюге тәрбиелеу, патриоттық сезімін ояту. Оқушыларға аға-апаларымыздың, жерін ерлікпен, жау жүрек батырлықпен қорғай білгенін оқушы бойына дарыту, ерліктеріне еліктей білуге, олардан үлгі алуға баулу.Ұлы Отан соғысы, оның зардаптары, Ұлы Жеңіс туралы мағұлмат беру. Отан үшін жан қиған аталар мен апалардың, соғыстан оралған, қазіргі кезде арамызда жүрген ардагерлеріміздің ерлігін үлгі ете отырып, оларды құрметтеуге тәрбиелеу.

 Сабақтың түрі: тарихи танымдық, әдеби сазды, тағылымдық ерлік, кездесу сабағы.

Көрнекілігі: Слайд-презентация «9 мамыр- Жеңіс күні!», видеороликтер «Қазақстандықтар Ұлы Отан соғысында», «Ұлы Жеңіске 71 жыл»

Барысы

І. Ұйымдастыру.

Мұғалім:
Жеңіс деген жақсылықтың сыңары
Жігерменен құштарлықтың құралы
Күрескердің арманы мен ұраны
Қуаныш пен мерекенің бұлағы.

Мұғалім: Армысыздар, құрметті қонақтар, ата-аналар, оқушылар! Бүгінгі сабақ, «Ұлы Жеңіске-ұрпақтан тағзым!» сабағы ерекше жағдайда өтілмек. Ұлы Жеңістің 71 жылдық мерейтойына қарсы өтілмек, кешегі толарсақтан саз кешіп, белуардан қан кешкен қар жастанып, мұз төсенген солдаттар, 18, 19, 20 жастағы өрімдей жас жігіттер, Ұлы Жеңіске өзіндік үлес қосқан бүгінде  90-ның асқарына көтерілген аталарымыз жоқтың қасы. Десек те сол аталарымыздың көзін көріп, әңгімесін өз құлақтарымен естіп, бүгінгі ұрпаққа жеткізем деп келіп отырған құрметті ата-әжелеріміз бар.

Бұл ерлік сабағы, бүгінгі мереке соғыс ардагерлеріне, өздерінің тылдағы қажырлы еңбегімен жеңісті шыңдағандарға қан майданда әкелер мен ұлдарынан, бауырларынан айрылған әрбір отбасыға қайтып оралмаған қаһармандарды еске алуға бізге бақытты бейбіт өмір әперген Ұлы Жеңіске арналады.

Жеңіс – бақ!

Жеңіс – мерей!

Жеңіс – көктем!

Елдерді алаламай тегіс өпкен,

Өмірін Жеңіс үшін төледі ерлер.

Жас ұрпақ толқын-толқын келе берер,

Сақтайтын аталардың бақ мұрасын,

Сапта тұр, немерелер, шөберелер.

Сонымен құрметті  қонақтар  «Ұлы Жеңіске-ұрпақтан тағзым!» атты Ұлы Жеңістің 71 жылдығына арналған ерлік сабағын бастауға рұқсат етіңіздер.

Мұғалім: Кешегі зұламат қырғын соғыстың аяқталғанына да 71 жыл толып отыр. Шыңдығына келгенде, екінші дүниежүзілік соғыс аталған бұл сұрапыл қырғынды, бірінші деуге боларлықтай. Себебі, 1914-1918 жылдар аралығында өткен бірінші дүниежүзілік соғыс негізінен алғанда, тек Еуропа аумағын қамтығаны белгілі, ал екінші дүниежүзілік соғысқа келер болсақ 50 миллион адам өмірін опат қылған қанды қырғында 27 миллион бұрыңғы кеңестік отандастарымыз, оның ішінде қаншама мың -мыңдаған өз қандастармыздың да өмірі қыршынынан қиылды. Содан бері 71 жыл өтсе де жүректерде сыздаған бітеу жара жазылар емес. Көңілді жабырқатқан ауыр қайғы-қасірет тіршілік атаулыны терең толғандыруда. Сондықтан болар, ешкім де, ешнәрсе де ұмытылмайды, ұмытылмақ емес. Кейбір деректерге сүйенсек, соғыс қимылдары өз жерімізде өтпесе де қазақ халқының 12 % құрбан болыпты. Жуковтың айтуынша тек қана соғыстың үш айында Қызыл армия 1 млн 200 мың адамынан айрылған. Кеңес Одағы Жеңістің 50 жылдығына дейін КСРО-дан 20 миллион қаза болды деп келсе, кейін бұл 27 млн делінді. Ал қазір 35-40 деп айтылып жүр.Қазақстан жерінде жиырма шақты дивизия мен бригадалар жасақталып, майданға аттанды. Олар ұрысты Мәскеу түбінен бастап Украина, Белоруссия, Кавказ, Қырым, Балтық жағалауларын жаудан азат етті. Соғыста қазақтар өздерін ең жақсы жағынан көрсетіп отырды. Сталинградта үздік жауынгерлер тек қана қазақтар болды». Көзі тірісінде Кеңестер Одағының батыр атағын алалмаған Бауыржан Момышұлы Батыр атағын алса, Жеңістің 50 жылдығында Қасым Қайсенов «Халық қаһарманы» атағын алды. Бұрында Жеңістің 50 жылдығында да Рақымжан Қошқарбаев ерлігінің жұлдызы жанса деген ел үміті ақталып, әділдік салтанат құрып Рақымжан Қошқарбаевқа да «Халық қаһарманы» атағы берілді. Қазақтың ұшқыз қызы, батыр қызы Хиуаз Доспанова да «Халық қаһарманы» атағына ие болды.Біз үшін Жеңіс күнінен асқан қымбат мереке жоқ. Әрбір көктем бізді ойша осынау ұмытылмас, әрі көптен күткен күнге 1945 жылдың 9 мамырына қайта оралтады.Иә, соғыста қираған қалалар мен селолар әлдеқашан қалпына келтірілді. Бірақ соғыс салған жара әлі жазылған жоқ. Неге біз 70 жыл бойы сол сұрапыл соғысты ұмыта алмаймыз? Соғыс кезінде жақын адамынан айрылмаған отбасы жоқ шығар, сірә. Сарғайған фотосуреттерден бізге өрімдей жас, балаларынан кіші, немерелерімен құрдас, өмірін соғыс қиған аталарымыз қарайды.

Мұғалім: Ендеше экранға назар аударып, сол сұрапыл жылдарға көз жүгіртейік.

(Видеоролик «Ұлы Жеңіске 71 жыл!»)

Алуа:

Өмір өзі мінбесінен сөз берді,

Тебіреніп толғанатын кез келді.

Қан төгісті көрмесек те кешегі,

Айтамыз біз естігенді, сезгенді.

Соғыс берді аналарға жесірлік,

Дей аламыз «Санамыздан өшірдік»

Боздақтардың қаны судай төгілген

41-де көрмеді жұрт не сұмдық?

Дильназ:

Батыр халық бақ қондырған құс қолға,

Қуанамыз ақ көгершін ұшқанға,

Сұм соғысты жерлеп қайтқан әкелер,

Болған солай бізде әділ күш барда.

Ұмыт болған, ұмыт қалған жоқ ешкім,

Ешбір адам ұмытпайтын мәңгі есім.

Ұрпақ үшін тозбайтұғын бітпейтін,

Ардагерлер – естелігі соғыстың.

Айгерім: Иә, миллиондаған өмірін жалмаған әрі мерейі үстем еткен соғыс халық санасынан ұмытылған жоқ.«Ер басына күн туып, етегімен қан кешкен, ат басына күн туып, ауыздығымен су ішкен» ауыр сын кезеңде біздің оңдаған мың жерлестеріміз кешегі ортақ Отанымыздың бостандығы мен тәуелсіздігі, жер бетінде бейбіт өмір орнауы жолында кеуделерін оққа тосты. Олардың көпшілігі қан майданнан оралмады.

Мадияр: Тіпті, хабар-ошарсыз кетіп, кейінгі тағдырлары беймәлім күйде оралмады. Тіпті, хабар-ошарсыз кетіп, кейінгі тағдырлары беймәлім күйде қалғандары да аз емес. Қанды қырғынның лаңы әрбір отбасын қамтыды. Соғыс қасіретінің әлі күнге дейін жазылмаған жарасы жүрегімізді сыздатады.

Гүлмарал:Ардагерлер – кешегі нар тұлға жан
Жауына найзағайдай жарқылдаған
Елі үшін заман жүгін арқалаған
Отан үшін оқ – оттан тартынбаған
Ардагерлер – кешегі қыран бабам
Ұлт үшін, ұрпағы үшін ұрандаған
Сіздерсіз келмес еді бақытты өмір
Сіздерсіз керек емес жыр – ән маған
Ғалиябану:Ардагерлер – шайқалмас тіректерім
Сезсеңдер де жастық шақ, күн өткенін
Парасаттың үлгісін үзбедіңдер
Бақытты өмір, бейбітшілік тілектерін
Жағдайыңа өзіңнің қарамастан
Арпалыстың ажалмен жағаласқан
Рухыңнан ызамен қанды кектің
Дұшпаныңды қайғы мен қара басқан
Шапағат:Ардагерлер – ақылды данасыңдар
Шежіренің бұлағы боп ағасыңдар
Асыл тастай санаулы қазынады
Жылдан жылға азайып барасыңдар
Кешегі қиын кезең құрдастары
Өтер уақыт мәңгіге тұрмас бәрі
Бірақ сіздер мәңгілік жасайсыздар
Сіздер мәңгі тірліктің жыр дастаны.
Динара: Соғыс деген қара түнек қаптаған
Айналатын қызыл қанға ақ ғалам
Соғыс деген сумаңдаған сұм ажал
Тағдырларды табанында таптаған
Соғыс деген жан алатын шабарман
Өртенген гүл, ол үзілген ақ арман
Соғыс деген жесір әйел, жетім ұл
Зарлы ана, ерте шашы ағарған
Жансая: 1933 жылы Германия мемлекетінің басына фашистік қанқұйлы идеяны аңсаған Гитлер келді. Өзімен ниеттес Италия, Жапония мемлекеттерімен одақтасып қарулы күштерін нығайтқан Фашистік европа елдеріне шабуылдап олардың бірінен соң бірін жаулап ала бастады.
Тамирлан: 1941 жылдың 22 маусымы күні Неміс - фашист басқыншылары Сол кездегі Кеңес Одағы елі мен арадағы келісімді бұзып 15 одақтас мемлекеттердің шекарасына басып кіріп, бейбіт жатқан шекара бойын қанға бөктірді.
Ақбота: Көптеген ұлттар мен ұлыстардан құралған Кеңес Одағының халқы Отанын, туған жерін жаудан қорғау үшін бір кісідей атсалысып, жан аямай зұлым жаумен айқасқа түсті. Осылайша ІІ дүние жүзілік соғысы басталып өлім мен өмір арпалысы басталды.

(Хор: «Баллада о солдате»)
Аружан А: Неміс басқыншыларымен соғыста жеңіске жетуге Қазақстан халқы, соның ішінде Қазақ халқы үлкен үлес қосып өздерінің өр рухын растап, ар – намысын таптатпайтын өрлі – өжет, батыр, қаһарман ел екенін дүниеге дәлелдеді

Жанат:

Ұлы Отан соғысы тарихының беттерін парақтаған әр адам жеңіс сағатын соқтыруға қазақстандықтардың қосқан үлесі телегей-теңіз екенін байқар еді.

Қазақстаннан 12 атқыштар дивизиясы, 4 атты әскер дивизиясы, 7 атқыштар бригадасы, 50 жеке полк батальондары соғысқа қатысты. Кеңес Одағы бойынша соғыста 27 млн, адам опат болса, оның 13 % қазақ. Қазақстаннан 1196164 адам әскер қатарына алынды. Қазақстаннан 503 адам Кеңес Одағының Батыры атағын алды. Оның ішінде 97-і қазақ. аталар Ерлігі – ұрпаққа үлгі.

Жүргізуші:

Қазақстаннан Бауыржан Момышұлы, Әлия Молдағұлова, Мәншүк Мәметова, Талғат Бигелдинов, Төлеген Тоқтаров, Рақымжан Қошқарбаев сынды батыр ұл-қыздарымыздың Отаны үшін жан аямай күрескенін жақсы білесіңдер.Ендеше осындай батыр аға –апаларымыздың ерлігіне назар аударайық.

(Видеоролик «Ұлы Жеңіске 71 жыл!»)

(Слайд-презентация «Қазақстандықтар Мәскеу үшін шайқаста»)

Нұрзат:

Айнала найза тілді лаулады от,

Айнала тінтіп бізді шарлады оқ.

Туған ел, қанды майдан тар кезеңде,

Өзіңмен бір болғанның арманы жоқ.

Жеңімпаз Отанымның солдаттары,

Әлемге бейбітшілік орнатқалы.

От кешіп, омырауын отқа төсеп,

Қамды асу, талай тайғақ жолды аттады.

 

 

Оларды ардақтайды сүйіп елі,

Даңқынан жау қалтырап күйініп еді.

Сапта тұр қар солдаттар әлі күнге,

Күзетіп осы бейбіт дүниені.

Әлия:

Қыбыр-қыбыр көз байлап қарамықтар,

Қалмағандай жерде орын адам ықтар.

Тас төбеден түнеріп үрей салған,

Ай бетіне үймелеп қара бұлттар.

Жер құйқасы дірілдеп дабырадан,

Қорада қой дүрліге маңыраған.

Ат кісінеп, ит үріп,

Сиыр мөңіреп, бота боздап,

Аруана сарынаған.

Али:

Осылайша жаманат түйіледі,

Азынаған ажалдың күйі ме еді.

Соғыс-апат,

Фашизм қанды шеңгел,

Айналдырмақ тозаққа дүниені.

Сонда-дағы көкейге нәр тілек кеп,

Арқа тосты:

Нар жүгін артып өт деп.

Тұрды –ау әзер жығылмай осы түні

Еңсе біткен теңселіп, тәлтіректеп.

Мұғалім:

Ерлік те көп,

Аңыз етіп айтарлық.

Жойдық біздер,

Жаудың бетін қайтардық.

Отан бүгін мол шаттыққа кенеліп,

Жатыр елім жүзінен нұр байқалып.

Гүл дәуренде

Күн кешейік үрейсіз.

Төбемізден төнбесінші дүлей күш.

Бар мәселе

Бейбіт жолмен шешіліп,

Ұранымыз:

Бәрі бірге: Тыныштықты тілейміз!

Найман:

Қамықпаған қиындықтың үрейінен,

Өздеріңе сыйлап қырдың гүлінен.

Бүгінгі ұрпақ – бақытты ұрпақ атанып,

Құтықтаймыз Ұлы Жеңіс күнімен!

Жеңіс деген жақсылықтың сыңары,

Жігер менен құштарлықтың құралы.

Күрескердің арманы мен ұраны,

Қуаныш пен мерекенің бұлағы.

Диас:

1941-1945 жылдардағы соғыстың жеңіспен аяқталуы дүниежүзілік тарихи маңызы зор оқиға. Қан төгіспен өткен бұл сұрапыл соғыста әрбір азамат Отан үшін, ел үшін бар ар-намысымен шайқасып, ерлік пен батылдықтың, қайтпас қайсарлықтың нағыз үлігісін көрсетті.

Ерасыл: Соғыстың әрбір күні, әрбір сағаты мәңгі ұмытылмас тарих, естен кетпес шежіре ретінде жадымызда жатталып қалды. Бұл күндерді ешкім, еш уақытта ұмытпақ емес.

 

Нұржан:

Шын сұрапыл сол бір дауыл-боранның,

Ызғарынан көкірегіне толар мұң.

Ардагерлер сирегенмен өздері,

Қалыңдайды естелігі олардың.

Нұрын шашып жылда жеңіс көктемі,

Ұшсын еркін бейбіт күннің кептері,

Ардагерлер көшкенімен өмірден,

Өшпейді әсте ерлік кітап беттері.

Наргиз:

Жанарларға толтырып нұр ұшқынын

Күлер көкте ортақ күн, ырысты күн

Әкелердің ұрпаққа өсиеті,

Сақтау мәңгі әлемнің тыныштығын.

Көз ілмегендер күзеттегі солдаттар,

Иығында өмір атты салмақ бар.

Тапсырды ғой соңғы оқ пен мылтығын

Мына жүрген ағаш аяқ балдақтар,

Сақ болыңдар, қалғымаңдар солдаттар!

Видеоролик «День Победы!»
Сәнжар:  Жасасын Жеңіс!
Еңбегі барлық солдаттың,
Болашақ ұрпақ ерлігін айтар жалғап мың.
Қанша ма адам ерліктер жасап майданда
Қазақтың атын, халықтың атын самғаттың
Барша халық жеңіс күнін тойлайды,
Жас сәбилер думандатып ойнайды.
Ардагерлер көздеріне жас алып,
Ұрпақтардың амандығын ойлайды.
Аружан Д:Елге қауіп төнбесін,
Егестен адам өлмесін!
Есен – аман болайық,
Енді соғыс болмасын!
Өртенбесін туған ел!
Шайқалмасын асқар бел!
Шайқалмасын шалқар көл!

( «Қарлығаш» би тобы қазақ биі) 

Жүргізуші: Ортамызда отырған ата-әжелерімізге сөз кезегін береміз.
Қорытынды: Балалар Отандарыңды сүйіп, қастерлей біліңдер, ата – баба дәстүрін, әдет –
ғұрпын берік ұстанып, үлкенге ізетті, кішіге ілтипатты болыңдар, халқымның ерлігімен, батырлығымен, қайсарлығымен келген тәуелсіздігіміздің туы мәңгілік желбіреп тұрсын. Отанын сүйетін, қорғай білетін нағыз азамат болып өсе беріңдер.


 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал ""Ұлы Жеңіске- ұрпақтан тағзым" тағылымдық ерлік, кездесу сабағы"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Психолог-перинатолог

Получите профессию

Технолог-калькулятор общественного питания

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 663 340 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 27.05.2016 1150
    • DOCX 482.1 кбайт
    • 18 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Дәрменқұлова Ләззат Жұмамұратқызы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 9 лет
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 47000
    • Всего материалов: 33

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Бухгалтер

Бухгалтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 23 человека из 16 регионов

Курс повышения квалификации

Организация работы с молодежью

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 77 человек из 33 регионов
  • Этот курс уже прошли 171 человек

Курс повышения квалификации

Медиаграмотность как форма работы с современным родителем

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 37 человек из 22 регионов
  • Этот курс уже прошли 126 человек

Курс повышения квалификации

Деятельность классного руководителя в соответствии с ФГОС в условиях современной школы

72 ч.

2200 руб. 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 760 человек из 75 регионов
  • Этот курс уже прошли 6 979 человек

Мини-курс

Национальная система учительского роста: путь к эффективности

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Практика гештальт-терапии: техники и инструменты

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 311 человек из 64 регионов
  • Этот курс уже прошли 65 человек

Мини-курс

Современные методики базальной стимуляции и развивающего ухода для детей с тяжелыми множественными нарушениями развития

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе