Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Директору, завучу / Презентации / Ұлы жеңіске 70 жыл

Ұлы жеңіске 70 жыл



57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)


  • Директору, завучу
Ұлы Жеңіске биыл  70 жыл. Жеңіс! Осы Жеңісті жақындатуда Қазақстандықтар да...
Қазақстанның Ұлы Жеңіске үлесі  айрықша болды. Республикамыз халқы қаһарлы  ...
Халқымыз осының бәріне ерекше төзімділік көрсетіп, тағдыр талқысымен келгенд...
Қазақстан армия мен флот үшін офицерлік кадрлар және резервтік күштер дайынд...
Темір жол құрылысы жалғасты. 1942-1943 жылдары Мақат-Орск, Ақмола -Магнитого...
КСРО-ның батыс өңірлерінен көшірілген халықпен қоса, 1941 жылдың күзінде Қаз...
Ерлік пен бірлік жеңіске жеткізеді.
1 из 8

Описание презентации по отдельным слайдам:

№ слайда 1 Ұлы Жеңіске биыл  70 жыл. Жеңіс! Осы Жеңісті жақындатуда Қазақстандықтар да
Описание слайда:

Ұлы Жеңіске биыл  70 жыл. Жеңіс! Осы Жеңісті жақындатуда Қазақстандықтар да қанымен, жанымен Отан үшін аянбай ұмтылып, зор үлестерін қосқан еді. Соғыс салған зардап әлі күнге дейін толық жойылған жоқ. Олардың Отан үшін қан кешкен әрбір қадамы, жеңісті жақындата түскен әрбір күні ұмытылмайды. Өйткені, ерлік шежіресі ұрпаққа ұлағат, ертеңгі күнге үлгі боларлық сабақ. Биыл ТМД елдері осы соғыстағы ортақ ұлы Жеңістің 70 жылдын тойламақ. Соғыс дүние жүзі халықтарының бестен төртінің тағдырына әсер етті. Соғыс қимылдары әлемнің 40  мемлекетінің аумағында жүрді. Ең соңғы деректер бойынша бұл алапатта 60 мил. адам қаза тапты. Кеңес Одағының адам шығыны ресми түрде 27 мил. деп есептеледі

№ слайда 2 Қазақстанның Ұлы Жеңіске үлесі  айрықша болды. Республикамыз халқы қаһарлы  
Описание слайда:

Қазақстанның Ұлы Жеңіске үлесі  айрықша болды. Республикамыз халқы қаһарлы  жылдары тас- түйіндей бекілді. Салмақ әйелдер мен жасөспірімдерге түсті. Соғыс жылдары өнеркәсіпте еңбек еткендердің 50% жеңіл, сондай- ақ тамақ өнеркәсібінде 85-90%, ауыл шаруашылығында 80%  астамы әйелдер болды. Жастар жұмыс істейтіндердің 35-40% құрған. Осындай жұмысшылар құрамымен Қазақстан соғыс жылдары КСРО-да өндірілген молибденнің 60%, металдық  висмуттың  65%, полиметалл рудаларының  79%, мыстың  35%, қорғасынның  83%  берді.  Батыс аудандардан көшірілген 220 кәсіпорынды қабылдап, қысқа  мерзімде іске қосты. Өз халқының тұрмыстық-әлеуметтік жағдайы төмен бола тұрса да республикамыз соғыс жылдары орталыққа 4 829  мың тонна астық, 600 мың тонна ет тапсырды.

№ слайда 3 Халқымыз осының бәріне ерекше төзімділік көрсетіп, тағдыр талқысымен келгенд
Описание слайда:

Халқымыз осының бәріне ерекше төзімділік көрсетіп, тағдыр талқысымен келгендерге қол ұшын берді. Ұлы Отан соғысы жылдарындағы ерлігі үшін 500 қазақстандық Кеңес Одағының Батыры атағын алды. 1939 жылдың дерегі бойынша, біздің республикамызда 6,2 миллион адам тұрып жатқан. Соғыс жылдары Кеңес Армиясының қатарына 1 миллион 200 мың қазақстандық шақырылған, 20-дан астам атқыштар дивизиясы мен басқа да құрылымдар жасақталған. Фашистермен болған шайқастарда 328-ші, 310-шы, 312-ші, 314-ші, 316-шы, 387-ші, 391-ші, 8-ші, 29-шы, 102-ші, 405-ші атқыштар дивиясы, 100-ші және 101-ші ұлттық, 81-ші, 105-ші, 106-шы кавалериялық дивизиялар, 74-ші және 75-ші теңіз атқыштар бригадасы, 209-шы Зайсан, 219-шы минометтік, 85-ші зениттік, 662-ші, 991-ші және 992-ші авиациялық полктер ерекше көзге түсті. Майданға 14100 жүк және жеңіл автокөлік, 1 500 шынжыр табанды трактор, 110400 жылқы, 16200 арба жөнелтілді

№ слайда 4 Қазақстан армия мен флот үшін офицерлік кадрлар және резервтік күштер дайынд
Описание слайда:

Қазақстан армия мен флот үшін офицерлік кадрлар және резервтік күштер дайындауға да лайықты үлес қосты. 1941-1945 жылдары әскери оқу орындарына 42 мыңнан астам жас қазақстандық жолданды, ал Қазақстанның аумағында сол жылдары жұмыс істеген 27 әскери оқу орны толық емес мәлімет бойынша 16 мыңдай офицер дайындап шығарған. Жаудың қолына бермеу үшін соғыстың алғашқы айларында өнеркәсіптік кәсіпорындардың барлығы тылға көшіріле бастады. Қысқа мерзімнің ішінде Қазақстанның аумағына 142 кәсіпорын жайғастырылды, 532506 адам көшірілді. Оған қоса, жаңа өнеркәсіптік нысандардың құрылыстары жеделдетілді. Соғыстың алғашқы 1,5 жылында Қазақстанда 25 кен орны пен шахта, 11 кен байыту фабрикалары, 19 жаңа көмір шахтасы, 3 разрез, 4 жаңа мұнай кеніші мен Гурьевтегі мұнай өңдеу зауыты іске қосылды.

№ слайда 5 Темір жол құрылысы жалғасты. 1942-1943 жылдары Мақат-Орск, Ақмола -Магнитого
Описание слайда:

Темір жол құрылысы жалғасты. 1942-1943 жылдары Мақат-Орск, Ақмола -Магнитогорск желілерінің құрылысы аяқталды. Соғыс жылдары Қазақстан жалпыодақтың мыс құймасының 30 пайызын, марганец кенінің 60 пайызын, мыс кенінің 50 пайызын, металл висмуттың 65 пайызын, полиметалл кендерінің 70 пайызын, мырыш өнімінің 85 пайызын берді. Қорғаныс өнеркәсібіне қажетті мыстың үштен бірі Қазақстанда өндірілді, сондықтан да соғыс жылдары әрбір 10 оқтың тоғызы Қазақстанда құйылды. Жеңіске Қазақстанның ауыл шаруашылығы да өз үлесін қосты. Атап айтқанда, еліміз 30,8 миллион пұт астық, 14,4 миллион пұт картоп және көкөніс, 15,8 миллион пұт ет, 3194 мың центнер сүт, 17,6 мың центнер жүн берді.

№ слайда 6 КСРО-ның батыс өңірлерінен көшірілген халықпен қоса, 1941 жылдың күзінде Қаз
Описание слайда:

КСРО-ның батыс өңірлерінен көшірілген халықпен қоса, 1941 жылдың күзінде Қазақстанға Полвольжеден жүздеген мың немістер мен поляктар жер аударылды. 1942-1944 жылдары 507 мың балқар, қарашай, ингуш, шешен халқы, 110 мың түрік-месхетиндер, 180 мың қырым татарлары күшпен жер аударылды. Оған қоса, күн сайын Қазақстанға жаралы жауынгерлер мен офицерлер тиелген пойыздар ағылып жатты. Әскери госпитальдердің көбісі Алматыда құрылды.  

№ слайда 7 Ерлік пен бірлік жеңіске жеткізеді.
Описание слайда:

Ерлік пен бірлік жеңіске жеткізеді.

№ слайда 8
Описание слайда:



57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)


Автор
Дата добавления 26.10.2015
Раздел Директору, завучу
Подраздел Презентации
Просмотров157
Номер материала ДВ-097406
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх