Инфоурок Всеобщая история КонспектыҰлы Жеңіске 70 жыл

Ұлы Жеңіске 70 жыл

Скачать материал

«Ешкім де ұмытылмайды, еш нәрсе де ұмытылмақ емес»

     Мақсаты: 1941-1945 жылғы Ұлы Отан соғысында неміс басқыншыларын талқандауда Қазақстан халқының майданда және тылда көрсеткен ерен ерлігін паш ету, жас ұрпақты отансүйгіштікке, елжандылыққа тәрбиелеу.

     Ұлы Отан соғысында ерлікпен қаза тапқан жауынгерлердің рухына бас иіп, ардагерлерге құрмет көрсету. Елбасымыздың Қазақстан халқына жолдауында атап көрсеткендей ұлтаралық достық пен ынтымақтастық және бейбітшілікті сақтау.

 

Армысыздар ауылдастар, ауылымыздың қонақтары!

Бүгінгі күн-көптен күткен салтанатты күн, зымыраған уақыттың қанатында жеңістің 70-көктемі де келіп жетті.

70 жыл бейбіт көктем таң атқалы,

70 жыл шуақты күн таратты әнін.

70 рет көктемде содан бері

Ашылды жеңіс күннің парақтары,-деп баршаңызды Ұлы Жеңіске 70 жыл толу мерекесімен құттықтап, «Ешкім де ұмытылмайды, еш нәрсе де ұмытылмақ емес» атты мерекелік шеруімізді ашық деп жариялауға рұқсат етіңіздер.

Шайқалмасын ешкімнің шаңырағы,

Бақыт көрсін Отанның сан ұланы.

Енді ағайын, көгінде қалықтасын,

Қазағымның қастерлі - Әнұраны!          ҚР Әнұраны орындалады

Жеңіс күні бар әлемге әйгілі.

Көктем, шуақ – Тоғызыншы май күні.

Айтшы, кәне, біздің жеңіс шеруі

Кездейсоқ па көктемге сай келуі.

Біздің ұлы Жеңісіміз көктем боп,

Көңілдерге шұғыласын төккен көп.

Сонау жылы Тоғызыншы май күні

Алмастырған қуанышқа қайғыны.

Осындай бақытты күнді елі мен жері үшін арыстандай алысқан жеңімпаз жауынгерлер біз үшін, келер ұрпақ үшін сыйлады. Сондықтан да бұл күні барлығымыз Отан үшін мерт болған қаһармандардың ерлік рухына бас иіп, көзі тірі ардагерлерге құрмет көрсетейік.

Армысың! От жалыннан оралғандар,

Аттарың аңыз болып таралғандар.

Тірлікте жаны жарқын алау жандар,

Ел үшін, ерлік үшін жаралғандар.

Тойымсыз ажалға тосқауыл боп,

Топ жарып тайсалмай-ақ бара алғандар,

Армысың! От жалыннан оралғандар.

Армысың! Ары таза абзал жандар,

Ертерек шешек атқан ақ армандар.

Байсалдық, батырлықпен баға алғандар,

Бейбіт күн таңы болып ағарғандар.

Көңілде желбіретіп жеңіс туын,

Сөндірмей сезім отын жаға алғандар.

Бейбіт күн таңы болып ағарғандар,

Күш, жігер таба алғандар,

Отызда самай шашы ағарғандар.

Екенбіз өздеріңе біз қарыздар,

Жоғалтпай ар-ұжданын жоғалғандар.

     Ұлы Отан соғысындағы Ұлы жеңісіміз достықты шындаған, бірлікті жырлаған, ер намысы болып аталған, ел дауысы болып шақырған Жеңіс! Арын жалау етіп, жанын алау етіп жауға аттанған ел ұландары Отанымыздың байтақ жерін қорғады, айдын көлін қорғады, өзі туған өңірін қорғады, ақ сүт берген анасын қорғады, пәк күлкі шашқан баласын қорғады, парасатты данасын қорғады. Осы әділет жолында қасық қанын қиып ұрыс даласынан қайтпай қалған қаһармандар қаншама десеңізші. Біз олардың есімдерін арқашан жадымыздан шығармай, мақтанышпен еске аламыз.

 Жеңіс жырын айтсын бүгін тіл-көмей,

Абзал досым, мүгедекті жүр демей!

Ел дегенде еңіреп туған ерлерді

Еске алайық бір сәт тұрып үндемей.

Ұлы Отан соғысында қаза болған жауынгерлерімізді үнсіздікпен еске алайық.      

1 минут үнсіздік

     «Ешкім де ұмытылмайды, еш нәрсе де ұмытылмақ емес». Бұл сөздің астарындағы мағына өткенге емес, болашаққа арналған. Халқы үшін құрбан болған қаһармандарымыздың асқақ рухы елімізде мәңгі сақталады.

Тоғызыншы мамыр күні – Жеңіс күні,

Құлаған күн фашисттің неміс туы.

Балалардың күлкісі көшені алды,

Ағалардың естілді келісті үні.

Ардақты ардагерлер, ақсақалдар,

Арайлы алдан тосар нұр шағың бар.

Жатсынбай жарқын істі жалғастырар,

Жас жігер жалындаған ұрпағың бар.

Табыс ет соған сеніп Жеңіс туын,

Ғарышты мекен-жайға алмастырар,

Ұлы істі ұрпағың бар жалғастырар, деп құттықтау сөз Городецкий селолық округінің әкімі ____________________________ беріледі.

 

 

Соғыс жалмап аға, іні бауырды,

Зар жылатты тыныш жатқан ауылды.

Бірақ біздер өздеріңнің арқаңда

Көрген жоқпыз сол бір қырғын дауылды.

Жалғызынан айырыпты ананы,

Әкесінен айырыпты баланы.

Бірақ біздер өздеріңнің арқаңда

Көрген жоқпыз қайғы жұтқан даланы.

Қан майданға шығарып сап ардағын

Қыз-келіншек түсірмепті салмағын.

Көрген жоқпыз өздеріңнің арқаңда

Сай-сүйекті сырқыратқан зардабын.

     Жыл сайын 9 мамыр күні адамдар ескеркіштерге асығады. Олар жауынгерлердің тас мүсініне айналған бейнелеріне гүл шоғын қойып батырлар есімін еске алады.

Қамықпаған қиындықтың үрейінен,

Өздеріңе сыйлап қырдың гүлінен.

Бүгінгі ұрпақ-бақытты ұрпақ атанып,

Құттықтаймыз Ұлы Жеңіс күнімен!

Жеңіс деген жақсылықтың сыңары,

Жігер менен Құштарлықтың құралы.

Күрескердің арманы мен ұраны,

Қуаныш пен мерекенің бұлағы,- дей отырып келесі кезекті гүл шоқтарын қою рәсіміне берейік: 

1. Ұлы Отан соғысында қаза болған жерлестерімізге гүл шоғын қою ардагерлер ұрпақтары атынан_____________________________________тапсырылады.

2. Жалтыр негізгі білім беретін мектебі ұжымы атынан____________________________________________________________________________________________________________________________тапсырылады.

3. «Балбөбек»   балабақшасы ұжымы атынан ____________________тапсырылады.

Сөйлеңдер, ал сөйлеңдер, ардагерлер,

Аталар қатарынан қалған ерлер.

Жорық жолын Жеңістің тәмамдаған,

Теңдессіз тарихтағы майдангерлер.

Сөйлегенде ақылды данасыңдар.

Шежіре бұлағы боп ағасыңдар.

Асыл тастай санаулы қазынада,

Күннен күнге азайып барасыңдар,- деп қаттықтау сөз Жалтыр негізгі мектебінің директоры Жантокена Мәншүк Қажғалиқызына беріледі.

Мұң-қайғы шеккенінде халқың қалың,

Ерлері тартып мінген аттың жалын.

Біз үшін отқа жанын пида қылған

Боздақтар, торқа болғай топырағың.

 

Аталар, ардагерлер, майдангерлер,

Ерлігі кеңге құлаш жайған ерлер.

Тыныш күн, бейбіт өмір өтуіне

...Тағы да сан жылдар өтер,

Оралар ойлар бұл жаққа.

Ерлікті біздің ұрпақтар

Жыр етер келер ұрпаққа, деп сөз кезегі ардагер ұрпақтары атынан ___________________________________________________беріледі.

 

Соқ, жас ұлан, соқ қуатпен,

Соқ, солқылдат барабанды.

Жылда есіңе ал шабытпен,

Жеңіс үшін аққан қанды,-деп сөз кезегі Жалтыр негізгі  мектебінің «Жас Ұлан» ұйымына беріледі.

 

Мақтанбаймын қалайша, марқаймаймын,

Уақыт бізге ғажап сыр айтар дәйім.

Барлығын да сыйлатып адамзатқа

Ынтымақты, жеңісті дархан-Майым.

Күш-қайраттың бойында тасқыны бар,

Мұқалмайтын төзімді достығы бар.

Талай тарих таңғалып куә болған

Елімнің ерлік деген дәстүрі бар,-деп келесі сөз кезегі_________________________________________________________________________________________________________________________________беріледі.

Бүгін жайнап жасарсын ана біткен,

Асыр салып қуансын бала біткен.

Жүректері жарылсын қуаныштан,

Аялансын көңілі жақсы үмітпен,-деп келесі құттықтау сөз____________________________________________________________беріледі.

Қонақтарға сөз:1.________________________________________________________

2.______________________________________________________________________

3.______________________________________________________________________

4.______________________________________________________________________

5.______________________________________________________________________

 

 

 

 

 

 

 

 Жеңіс! Осы бір сөз әрбір адам үшін қасиетті де құдіретті! Жеңіс деген сөзді халқымыз 4 жыл бойы күтті емес пе? От пен жалынға оранған 1418 күн мен түн кімнің есінен шығар дейсің? 1418 күннің әрбір сағаты, әр минуты қауіп-қатерге толы болғанын қолына қару алып соғысқа аттанған аталарымыз жақсы біледі. Жеңіс оңай келген жоқ. Бүкіл еліміз жұдырықтай жұмылып жауға қарсы тұра білудің арқасында ғана мүмкін болды. Ер азаматтар майдан даласында су кешіп, жаумен бетпе-бет соғысса, тылда қалған қарт адамдар, аналар, жас балалар ер азаматтардың орнын басып еңбек етті.

 

Жер жүзінде нұр шашып Жеңіс күні,

Жақсы үміттің шырағы жанды міні!

Аспан бетін қаптаған қара тұман

Серпіліп, зұлымдықтың сөнді түні.

 

Жер бетін қан сасытқан соғыс бітті,

Жер бетінен жамандық мүлде үрікті.

Жеңістің жарқын күнін жыр қыламыз,

Аспандатып жырлаймыз жақсылықты,- деп Ұлы Жеңіс күніне арналған мерекелік шеруімізді жабық деп жариялаймыз. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын ағайын!

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Ұлы Жеңіске 70 жыл"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Педагог-организатор

Получите профессию

Секретарь-администратор

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 663 528 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 14.11.2015 912
    • DOCX 23.9 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Абилев Алибек Журбекович. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Абилев Алибек Журбекович
    Абилев Алибек Журбекович
    • На сайте: 8 лет и 7 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 11603
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

HR-менеджер

Специалист по управлению персоналом (HR- менеджер)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Анализ результатов образовательной деятельности в работе учителя истории

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 36 человек из 24 регионов
  • Этот курс уже прошли 416 человек
аудиоформат

Курс повышения квалификации

Специфика преподавания курса «Россия в мире» на основе синтеза историко-культурного и социально-экономического знания

72/108/144 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 21 человек из 15 регионов
  • Этот курс уже прошли 85 человек

Курс профессиональной переподготовки

Педагогическая деятельность по проектированию и реализации образовательного процесса в общеобразовательных организациях (предмет "История и обществознание")

Учитель истории и обществознания

300 ч. — 1200 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 42 человека из 26 регионов
  • Этот курс уже прошли 53 человека

Мини-курс

Занимательное обучение русскому языку: основы орфоэпии и тайны русской орфографии

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 35 человек из 21 региона
  • Этот курс уже прошли 34 человека

Мини-курс

Общественные движения и организации

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Реклама для роста бизнеса: эффективные стратегии и инструменты

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 38 человек из 20 регионов