Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Другое / Другие методич. материалы / "ҰЛЫ ЖЕҢІСКЕ 70 ЖЫЛ" БАЯНДАМА

"ҰЛЫ ЖЕҢІСКЕ 70 ЖЫЛ" БАЯНДАМА



57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)


  • Другое

Поделитесь материалом с коллегами:

Мәскеу түбіндегі шайқастағы батыр Бабалар ерлігі. Ұлы Отан соғысының жеңісі

Баяндамашы: Қыстаубаев Әділхан

Үшбұлақ орта мектебінің директоры

Уақыт өткен сайын кешегі күндей күркіреп өткен сұрапыл соғыстың дүрбелең оқиғалары да арасын аулақ салып, алыстап барады. Бірақ қаншалықты алыстағанымен ол көңілден кетіп, жүректерден өшпек емес. Өйткені ол соғыс қаншама ұрпақты қайғы-қасіретке душар етіп, өмірін өксітіп кетті. Сол соғысты майданның алдыңғы шебінде жүріп басынан өткергендер де, солардың тілеуін тілеп, тылдағы бар ауыртпалықты иығымен көтерген ардагерлер де, соғыста ата-анасынан айырылып, жетімдік тауқыметін тартып өткендер де бүгін арамызда жүр.

Екінші Дүниежүзілік соғыс 1939 жылы Германияның Польшаны жаулап алуымен басталды. 1940 жылы Дания, Норвегия, Нидерланды, Люксенбург мемлекеттерін еш қарсылықсыз жаулап алды. Бельгия жеңілді, ұзамай Франция тізе бүкті. Кеңес одағына шабуыл жасау қарсаңында Фашистік Германия Европаның 12 мемлекетін басып алды. Италия, Жапония оның белсенді одақтасы болды. Румыния, Венгрия, Финляндия, Болгария, Португалия, Испания, Түркия Германияның сыбайлас мемлекеттіне айналды. Германия басып алған елдердің бүкіл экономикасы мен адам ресурсын өзінің басқыншылық мақсатына пайдаланды. Осылайша Германия сол кезде әлемдегі ең қуатты мемлекетке айналды. Оның қарулы күштері ең озық қару-жарақтармен жабдықталды. Қатаң тәртіпке бағынған неміс әскерлері Европадағы жеңімпаз соғыстарда тәжірибе жинақтап жинақтап, шындалды, өз күштеріне сенімді, жауынгерлік рухы өте жоғары болды, сонымен қатар Германия үгіт-насихаты неміс ұлтының ерекшелігі, оның бүкіл әлемге билік етуі туралы, басқа халықтардың төмендігі туралы ойды неміс солдатының санасына сіңірмен болды.

Германияның Кеңес Одағына қарсы соғыс жоспары «Барбаросса» деген атпен белгілі. Фашистер елімізді ары кеткенде 5 айдың ішінде жаулап алуды көздеді. Өз жоспарының сәттілігіне сенімді болғаны соншалық «Барбаросса» жоспарымен бір мезгілде бүкіл әлемді басып алу жоспарында қатар жоспарлап қойды.

1941 жылдың 22 маусымында фашистік Германия әскері Кеңес Одағына тұтқиылдан, соғыс жарияламастан басып кірді. Кеңес халқының Ұлы Отан соғысы, яғни Отанын шетел басқыншыларынан азат ету соғысы басталды. Кеңес Одағына күші анағұрлым басым жауға қарсы соғысуға тура келді. Ол соғыс 4 жылға – 1418 күн мен түнге созылды. Тарихи тұрғыдан бұл соншалықты ұзақ мерзім емес, бірақ ол жылдардың қасіреті мен құдіреті сонда- Еліміз, бүкіл адамзат міне 70 жылға жуық сол қаһарлы күндерді үнемі еске алумен келеді. Өткен соғыс әрбір адамның жүрегінде өшпес із қалдырды. Кеңес адамдары миллиондаған адам өмірін талқандап, жер бетін жайпап өткене екінші дүниежүзілік соғыс дауылының сол бір алапат кезеңін ешқашан ұмытпайды.

Өз Отанын, жерін, өмір сүру құқының өзін қорғауға тиіс болған 1941 жылдың маусымындағы ерлік пен сәтсіздіктерге толы оқиғалары туралы жүрек тебірентерлік естеліктерді зымыраған уақыт тынысы кеңес адамдарының жадынан шығара алған жоқ.

Түрі бөлек, тілі бөлек Кеңес Одағының барша халқы өз мемлекетінің әлемдегі ең ізгілікті , ең әділетті қоғам екеніне барынша сенді. Әрбәр Кеңес адамы өзін жер бетіндегі жалғыз социалистік мемлекетті құрушы, оның шын мәніндегі қожасы ретінде сезінді.

Ал коммунистік партия қысқа мерзім ішінде Кеңес одағын құраған халықтар арасында шынайы достық пен бауырластықты, бірлік пен теңдікті берік ынтымақтастықты орнықтыра білді. Бір шаңырақ астында өмір сүріп, әлемде жаңа тұрпатты, адамдар арасында теңдік үстемдік еткен, әділетті, болашағы зор мемлекет тұрғызып жатқандарына кәміл сенген әр түрлі халықтар өздерінің ортақ отанын қорғауға көтерілді. Отанға деген шексіз сүйіспеншілік, қуатты патриотизм-кеңес халқының бойында Жеңіске деген сенім ұялатты, бойларына күш-жігер берді, рухын көтерді. Ол рух ерліктерге бастап, Жеңіске жетеледі.

Сол кездегі Кеңес Одағының басқа халықтармен бірге жауды талқандап, Жеңіске жету ісіне қазақ халқы да өзінің лайықты үлесін қосты.

Қазақстандықтар жауынгерлер Брест қамалынан бастап Берлинге дейін барды. Олар Москваны қорғауда, Сталинград түбіндегі шайқастарда, Ленинград үшін болған ұрыстарда ерен ерлік көрсетті. Украинаны, Беларусияны, Кавказды, Қырымды, Прибалтиканы азат етті. Польша, Румыния, Венгрия, Чехославакия, Болгария, Югославия жерлерінде шайқастардан өтіп, Германия жеріне барды. Ұлы Отан соғысы жылдарында қазақстандықтар қатыспаған бір де бір үлкен шайқас болған жоқ.

Соғыс қарсаңында Қазақстан халқы 6 млн. адам еді. Соғыс жылдары 1 млн. 300 мыңға жуық қазақстандық майданға аттанды. Ұлы Отан соғысы жылдары Кеңес Армиясы қатарында 330 мыңнан астам келіншек аттанған. Олар ерлермен бірдей соғысты.

Фашистік Германия әскерлерінің Кеңес Одағының территориясына басып кірген сәттен бастап бүкіл елде әскери құрамалар құру жұмыстары жаппай жүргізілді. 1941 жыл шілдеден 1942 жылдың сәуіріне дейін Қазақстанда 12 атқыштар, 4 атты әскер дивизиялары, 7 атқыштар бригадалары мен 50-ге жуық полктер мен батальондар құрылды. Дивизия, бригадалардың 30%-нан астамын қазақтар құрады. Ал 100, 101-і атқыштар бригадалары мен 96,105,106-ы атты әскер дивизияларының 90%-ы қазақтардан тұрды. Мыңдаған қазақстандықтар республикадан тыс жерлерде құрылған әскери құрамаларына қосылып, армия мен майдан шебіне үздіксіз аттандырылды.

Қазақстан офицер кадрларын және армия флот үшін резерв даярлау ісіне лайықты үлес қосты. Соғыс жылдары әскери оқу орындарына 42 мыңнан астам жас қазақстандықтар жіберіліп, республика жерінде тұрған 27 әскери оқу орны 16 мыңдай офицер даярлап шығарды.

Мәскеу түбіндегі шайқас II дүниежүзілік соғыстағы ірі шайқастардың бірі болды.

Мәскеу шайқасы қорғаныс ұрыстары (1941ж 30 қыркүйек-5 желтоқсан ) және қарсы шабуыл (1941ж 6 желтоқсан- 1942ж 20-сәуір) кезеңдерінен тұрады.

«Тайфун» жоспары бойынша неміс қолбасшылары Мәскеуді басып алуды «Орталық» армиялар тобына жүктеді. Бұл топ тың күштер мен қосымша қару-жарақ, әскери техникамен күшейтілді.

Германия Мәскеу бағытына 74,5 дивизия, 1800 мыңнан астам адам, 1700 дей танк, 1390 әскери ұшақ, 14000 зеңбірек пен миномет шоғырландырды.

Мәскеу түбінде кескілескен ұзақ шайқастан соң 5- желтоқсанда барлық бағыттағы жау шабуылы тоқтатылды.

Мәскеу шайқасында Қазақстанда жасақталған, әскери құрамалар ерекше көзге түсті.

Алматыда құрылған 316-атқыштар дивизиясына Мәскеуге апаратын өзекті жолдардың бірі Волокаламск тас жолын қорғау тапсырылған еді.

Сонымен қатар, Қазақстанда жасақталған 238 атқыштар дивизиясы Тула маңында, Ақтөбеде жасақталған 312- атқыштар дивизиясы Малоярославец бағытында Мәскеуді қорғауға қатысты.

1941 жылы Москва түбіндегі ауыр шайқастарда Қазақстанда генерал-майор Ч.В.Панфилов басқарған басқарған 316-Атқыштар дивизиясы, осы дивизия құрамында болған 28-Панфиловшы батырлардың, Бауыржан Момышұлы, Төлеген Тоқтаров, Мәлік Ғабдулиннің ерліктері бүкіл елге әйгілі, жауынгерлерге өнеге болды.

Жау шабуылын Мәскеу түбінде тоқтатып, Кеңес әскерлері 1941 жылы 6-желтоқсанда қарсы шабуылға шықты. 1941 жылы желтоқсан, 1942 жылы қаңтар айларында жүргізілген қарсы шабуыл нәтижесінде неміс-фашист әскерлері батысқа қарай 400 шақырымға дейін қуылып, ондаған қалалар, жүздеген селолар басқыншылардан азат етілді.

Қызыл Армияның қарсы шабуылы нәтижесінде жаудың «Орталық» армиялар тобы орасан зор шығынға ұшырап, 500 мыңдай адамынан, 1300-дей танкісінен 2500 зеңбірегі мен 15 мыңнан астам автокөлігінен айырылды.

Мәскеу түбіндегі шайқаста неміс әскерлері алғаш рет ауыр жеңіліске ұшырап, оның жеңілмейтіні жөніндегі аңыз жоққа шығарылды.

Мәскеу түбіндегі шайқастың зор тарихи маңызы болды.

Гитлер өзінің басқыншылық саясатында бұған дейін сәтсіздіктерді көрмеген еді. Ол бір елден соң бір елді басып алып, бүкіл дерлік батыс Европаға үстемдігін орнатты.

Оның әскерлерінің жеңілмейтіні туралы түсінік әлем жұртшылығының басым бөлігінде берік орнығып та қалған еді. Міне, осы жеңілмейтін армия Мәскеу түбінде тұңғыш рет тас-талқаны шығып жеңілді.

Фашистердің Москва түбінде жеңілуі- Ұлы Отан соғысындағы түбегейлі бетбұрыстың бастамасы болды. «Барбаросса» жоспары , оның негізі – «қаурыт соғыс» теориясы толық күйреді.

Мәскеу түбіндегі жеңіс және қарсы шабуыл Қызыл Армияның жауынгерлік рухын көтерді. Жауынгерлер жеңілмейтін неміс әскерлерінің бүкіл майдан шебінде үрейден қалай қашқанын өз көздерімен көрді.

Осы бір алғашқы және өте маңызды жеңіс Кеңес халқының Қызыл армияның сөзсіз жеңетініне деген сенімдерін одан әрі күшейтті.

Мәскеу түбіндегі жеңістің шетелде де әсері зор болды. Германия басып алған елдерде фашистік режимге қарсыласу қозғалысы күшейді.

Мәскеу түбіндегі жеңіс бүкіл әлемге Кеңес елінің басқыншыларды талқандай алатынын анық көрсетті. Бұл өз кезегінде Гитлерге қарсы одақтың нығаюына өз ықпалын тигізді.

Мәскеу түбіндегі жеңісті қамтамасыз еткен факторлардың ең бастысы ретінде патриоттық рухта тәрбиеленген кеңес әскерлерінің жаппай ерлігін атауға болады.

Мәскеу шайқасы барысында Қызыл Армияның әскери өнерінің жетіліп өскенін де атап өткен лазым.

Мәскеу түбіндегі жеңістен соң Қызыл Армия жауды өз ордасы- Берлинде талқандағанша ұрыс жүргізу бастамасын қолынан шығарған жоқ.

Ұлы Отан соғысы тағылымын, майданда ерлікпен қаза тапқан боздақтарды, тылда аянбай еңбек еткен ардагерлерді құрметтеу- ең алдымен кейінгі ұрпаққа керек. Біздің аталарымыз бен әкелеріміз, аналарымыз сын сағатта өз міндеттерін абыроймен орындап шықты. Ендігі жерде соғыс және еңбек ардагерлерінің ерлік дәстүрлерін, Отанын, елін, жерін шексіз сүю сезімдерін ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп отыру- қазіргі ұрпақтың парызы.

От кешіп, қан жұтқан сол бір жылдар барған сайын бізден алыстауда. Майдан мен тылдың аты аңызға айналған ерлері барған сайын азая түсуде. Бірақ олар жасаған Ұлы ерлік ешқашан ұмытылмақ емес. Зұлым жаумен шайқаста әке, аға, бауырларымыз қанын төгіп, қолымыз жеткен Жеңіс шапағы кейінгі ұрпақтарға жетпек. Келешек үшін, дүниежүзілік жаңа жойқын соғысқа жол бермеу үшін бұл туралы ұмытуға болмайды.

Ұлы Отан соғысында ерлік көрсеткені үшін 11600 адам Кеңес Одағының батыры атағын алды. Бұл атақты 500-ге жуық Қазақстандық соның 100-ге жуық қазақ иемденген.

Ұлы Отан соғысының шежіресіне Мәншүк Мәметова мен Әлия Молдағұлова, Нүркен Әбдіров, Сұлтан Баймағанбетов, Қарсыбай Сыптаев, Ағәділ Сұхамбаев және басқа көптеген жерлестеріміздің есімдері алтын әріппен жазылды.

Ұлы Отан соғысы жылдарында 27 млн-ға жуық кеңес азаматы қаза тапса. 400 мыңға жуық қазақ майдан даласында ерлікпен көз жұмды.

1943 жылы «Правда» газеті былай деп жазды: «Қазақ халқының ұлдары Қызыл Армияның қатарында қаһармандықпен соғысып жүр. Қазақтар майданда жақсы ұрысады, тылда олардың әкелері, аналары, әйелдері майдан үшін аянбай еңбек етуде, Қазақстан өзінің барлық байлығымен майданға қуатты тірек болып отыр. Гитлершілерді талқандайтын әрбір снарядта қазақ даласының, қазақ еңбегінің үлесі бар»

Бұл кеңес үкіметінің қазақ халқына берген шынайы бағасы.

Белгілі ағылшын тарихшысы Александар Верт өзінің «Ресей 1941-1945 жылдағы соғыста» деген кітабында : «Қызыл Армияның табанды солдаттарының бірі қазақтар болды, тұтас алғанда қазақтар бүкіл соғыс бойында өздерін жақсы жағынан таныта білді. Тіпті Сталинградтың өзінде ең өжет солдаттар қатарында қазақтар тұрды » дегенді айтады.

Қазақстандық жауынгерлер Шығыс Европаны фашистерден Азат ету соғысында ерлікпен шайқасып, Берлинге шабуыл жасады. Рейхстатқа ту тіккендердің қатарында қазақ Рахымжан Қошқарбаев болды.

Кеңғс одағының Германияны талқандауының тарихи маңызы өте зор.

Кеңес халқы өз Отанынның тәуелсіздігінің сақтап қана қойған жоқ, сонымен қатар бүкіл Европаны, адамзат баласын фашизм құлдығынан азат етті.

Кеңес Одағы соғыстан зор абырой-беделге ие болып, әлемдік сахнаға ұлы держава ретінде шықты.

Соғыстан кейін Кеңес Одағының әлемдік саясатқа ықпалы күшейді.

Жеңіс бүкіл әлемге Кеңес Одағының күшін, қуатын, ондағы түрлі халықтардың бірлігін, достығы мен ғаламат патриотизмін паш етті.

Жеңіс Кеңес адамдарының бойына өз күштеріне, өз мүмкіндіктеріне деген зор сенімді берік орнықтырды.

Ұлы Жеңіс әкелген құндылықтар туралы айтқанда ойға ең алдымен сол бір қан-төгіс, жиһангерлік соғыстан аман қайтқанағаларымыз мен апаларымыздың соғыстан кейінгі қоғамдық өмірдің әр саласында атқарған адамгершілік, тәрбиелілік, отансүйгіштік, жас ұрпаққа қамқорлық, әділеттілік пен тазалықтың қорғаушысы болған ерекше миссиясы туралы айту парыз.

Кеңес халқының Ұлы Отан соғысындағы ерлігі әлемді таңқалдырып, мойындатты. Оған қазақстандықтар мен қазақтар қосқан қасиетті де қаһармандық ерлік үлес- ерлікті біз мақтан тұтамыз. Аға ұрпақтың ерлігі мен әскери даңқы жас ұрпақты Отанымыздың болашағы үшін азаматтық жауапкершілікке, елін қорғауға әзір болу рухын сіңіреді. Олардың ерлігі алдында тағзым етіп бас ию тірілерге қажет. Ер есімі- ел есінде мәңгі сақталады. Ешкім де, ештеңе де ұмытылмақ емес. Тәуелсіз Қазақ елі өз боздақтарын қастерлеп, қасиеттейді!

Батыр бабаларымыз ерлік істерінен үлгі-өнеге алмаса, Бауыржандар, Төлегендер, Қасымдар, Әлия, Мәншүктер де болмас еді.

Ұлы Отан соғысы жылдарында қазақ жауынгерлеріне Қабанбай, Бөгенбай, Кенесары, Исатай, Махамбет, Аманкелді ерліктері рух берсе, бүгінгі ұрпаққа Бауыржан, Мәлік, Әлия-Мәншүк секілді қазақтың батыр ұл-қыздары өнеге болсын!

Ерлік- елге мұра,

Ұрпаққа ұран!







57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)


Автор
Дата добавления 24.02.2016
Раздел Другое
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров271
Номер материала ДВ-479443
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх