Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Начальные классы / Другие методич. материалы / Ұлы жеңіске 70 жыл (3класс)

Ұлы жеңіске 70 жыл (3класс)

  • Начальные классы

Поделитесь материалом с коллегами:

Бабалар ерлігі – ұрпаққа мұра


Мақсаты: Оқушыларды аға - апаларының ерлік істерінен, өмір жолдарынан мәлімет бере отырып, тәуелсіз еліміздің келешегі жас ұрпақты батырлыққа, елін-жерін қорғауға тәрбиелеу.Саналы азамат қалыптастыра отырып патриоттық сезімдерін ояту.

Көрнекіліктер: альбомдар, мақал-мәтелдер, нақыл сөздер.

1) «Отан үшін отқа түс күймейсің, арың үшін алыссаң-өлмейсің», «Батырға оқ дарымайды, батырға жау жоламайды», «Болат қайнауда шынығады, батыр майданда шынығады», «Батыр туса – ел ырысы, жаңбыр жауса – жер ырысы», «Батыр – елдің сәулеті, балқұрақ – жердің сәулеті».

Барысы: (Слайд көрсетіліп тұрады.)

Мұғалім: Балалар Ұлы Отан соғысы, Ұлы Жеңіс деген сөздерді естіп жүрміз. Бүгін осы сөздердің мағыналарына тереңірек үңілеміз.
1941 жылы 22 маусым күні таң шапағы жаңа ғана арайланып келе жатқан кезде, елімізге қауіп төнді. Халқымыз адам айтқысыз қиын кезеңге душар болды. Фашистік Германия елімізге опасыздықпен басып кірді. Соғыс осылай басталды. Фашистер күзге дейін-ақ Кеңес Одағын талқандаймыз деп даурықты. Фашистерге қарсы бүкіл Кеңес елі көтерілді. Соғыстың алғашқы күндерінен-ақ Кеңес халқы жан тәнімен Отанын қорғады. Әрбір село, әрбір қала неміс басқыншыларымен аянбай шайқасты.

1 - оқушы: Бұлт түнеріп аспаннан,
Талай көзден жас тамған.
Тұтқиылдан жау тиіп,
Қырғын соғыс басталды.
2 - оқушы: Отаным, еркелеймін енді кімге,
Өзіңмен нені болса, көрем бірге.
Қалайша қабырғама батпас менің,
Басыңа қатер күні төнген күнде.
Соғыс басталысымен барлық ер - азаматтар Отанын қорғауға аттанып кетіп жатты. Арттарында жылаған балалары мен жарлары, ата - аналары қалып жатты.

Біздің Қазақстанда да сғыс оты шарпымаған шаңырақ кем де кем. Жүз мыңдаған ата-әкелеріміз соғыстың алғашқы сәтінде-ақ майданға аттанды. Жауға атылған он оқтың тоғызы Қазақстанда жасалды. Әке ағаларымыз қан майданда шайқасып жүргенде, артында қалған жұмысқа жарамды үлкен-кіші барлығы еңбек етті. Олар егін егіп, ауыр-ауыр жұмыстарды аналарымыз жасады. Соғыстағы салдаттарды азық түлікпен қамтамасыз етіп отырды. Осы қан майданда мерт болған ерлердің рухына, басымызды иіп тағзым етейік. Олардың ерлік істерін ешкім де, ешқашан да ұмытпауы тиіс. Қазақстаннан әр ұлт өкілдері Ұлы Отан соғысына қатысты.

Ұлттар

Пайыз есебімен

Қазақ

50%

Орыс

37%

Басқа ұлт өкілдері

13%

Қазақ жерінен 1200000 адам соғысқа аттанды.



Тарихта 1418 күн мен түнге созылған Ұлы Отан соғысы болып өтті.

КСРО бойынша Кеңес Одағының батыры

Соның ішінде Қазақстандықтар

қазақтар

11600 адам

497 адам

97 адам


Ұлы Отан соғысында құрбан болған адам саны


Жалпы әлем бойынша Фашистік Германия бойынша

70000000 10000000

Кеңестер одағы бойынша Қазақстан бойынша

27000000 400000

Ал енді балалар және қонақтар осы соғыста қаза тапқан ата-апаларымыздың рухтарына гүл қойып 1 минут еске алайық.

(Бір минут үнсіздік)

Балалар біз күн сайын теледидардан әр түрлі ақпарат алып жатырмыз. Міне, осынау елімізге лаң салған соғыстың жеңіспен аяқталғанына биыл қанша жыл толып отыр?

-Осы соғысқа қатысқан Қазақстан батырларын атаңдар?

Оқушылар: Бауыржан Момышұлы, Төлеген Тоқтаров, Мәлік Ғабдуллин, Нүркен Әбдіов, Сұлтан Баймағамбетов, Қасым Қайсенов, Әлия Молдағұлова, Мәншүк Мәметова т. б.

Балалар көрдіңдер ғой мына жеңіс, бибітшілік бізге оңайлықпен келмегенін. Енді Отанымыздың тыныштығын сендер қорғауды жалғастырушысысыңдар. Ол үшін сендер Отан үшін жан аямай күресуге даяр болуларың керек. Даярсыңдар ма? Отандарыңды жақысы көресіңдер ме? Олай болса қане өздеріңнің Отандарыңды қалай қорғайтындарыңды көрсетіңдер.

Ендеше бұл тәрбие сағаты сайыс түрінде өтпек. Ол үшін біз ең алдымен топқа бөлінеміз. (Бір бетінде суреттері бар жұлдызшаларды алу арқылы топтарға бөлінеміз.)

І топ «Мәншүк Мәметова» атындағы рота

ІІ топ «Әлия Молдағұлова» атындағы рота

ІІІ топ «Рақымжан Қошқарбаев» атындағы рота

Ал ендеше балалар батыр аға-апаларың сияқты сайыста жеңіп шығуларыңызға тілектеспін.


Ал енді топ бір біріне жүректен шыққан жылы сөз тілеу.

  1. Еліміз гүлдене берсін.

  2. Әрқашан бейбітшілік болсын.

  3. Қазақстанымыз әрқашан көрінсін.

Сайысымыз төрт бөлімнен тұрады.

  1. Суреттер сөйлейді. (Бұл жерде, төрт бөлікке бөлінген суреттің әрбәр бөлігінде сұрақтар жасырынған. Сұраққа жауап беріп суретте кім екенін табу.)

  2. Жанды сұрақ. (Алдынала дайындалған мұғалімдер сұрақтары)

  3. Әр топқа жеке тапсырма беріледі.

І топ «Мен соғысты жек көрем» тақырыбына эссе жазады,

ІІ топ Сурет салады.

ІІІ топ Жеңіске арнап өлең жазу.

  1. Кім жылдам? (Бұл жерде оқушылар өздеріне шапшаңдықтарын көрсетеді.)

Мұғалім: Мінекей құрметті қонақтар біздің болашақ ұландарымыз да, өз ерліктерін осылай көрсетті және әлі де, көрсетпек.

«Жойылсын жалғыз сөз соғыс деген» хор

«Катюша» хор

«Ел намысы» хор

Мұғалім: Балалар, бүгін соғыс туралы,батырларымыз туралы білетіндеріңді көрсеттіңдер, ендеше әр топтағы медальдарын санай отырып жеңімпаздар тобын марапаттау.

Ешқашан соғыс болмасын,

Аспанымызды соғыс бұлты торламасын.

Аналар жесір, балалар жетім қалмасын,

Бар елімде бейбітшілік орнасын!

Барша халық жеңіс күнін тойлайды,

Жас сәбилер думандатып ойнайды.

Ата-әжелер көздеріне жас алып,

Ұрпақтардың амандығын ойлайды.

«День победы» хор























1. Ұлы Отан соғысы қай жылы, қай айда басталған? ( 1941 жылы 22-маусым)

2. Ұлы Отан соғысы қай жылы, қай айда аяқталды? (1945 жылы 9-мамыр)

3. Мәншүк Мәметова қай жылы дүниеге келген? ( 1922 жылы)

4. Мәншүк Мәметова қанша жасында соғысқа қатысты?( 19 жасында)

5. Мәншүк кішкене кезінде кім болуды армандаған? ( дәрігер)

6. Мәншүк соғыста кім болды? ( пулеметші)

7. Мәншүк Мәметова Ресейдің қай қаласын қорғады? ( Невель)

8. Мәншүк Мәметова қай жылы қаза тапты? ( 1943 жылы 15-қазанда)

9. Әлия Молдағұлова қай жылы, қай жерде дүниеге келді? ( 1924 жылы Қобда ау. Көкбұлақ деген жер)

10. Әлия Молдағұлова қанша жасында соғысқа қатысты? ( 17 жасында)

11. Әлия Молдағұлова соғыста кім болды? (мерген)

12. Әлия Молдағұлова қай жылы қаза тапты? ( 1943жылы)

13. Әлия Молдағұлова Ресейдің қай жерін қорғады?(Казачиха)

14.Рақымжан Қошқарбаев қай жылы дүниеге келді? ( 1924 жылы)

15. Рақымжан Қошқарбаев қай жылы соғысқа қабылданды? ( 1942 жылы)

16. Рақымжан Қошқарбаев қай жылы «Алматы» қонақ үйінің директоры болды?(1967 жылы)



















Краткое описание документа:

Бабалар ерлігі – ұрпаққа мұра

Мақсаты: Оқушыларды аға - апаларының ерлік істерінен, өмір жолдарынан мәлімет бере отырып, тәуелсіз еліміздің келешегі жас ұрпақты батырлыққа, елін-жерін қорғауға тәрбиелеу.Саналы азамат қалыптастыра отырып патриоттық сезімдерін ояту.

Көрнекіліктер: альбомдар, мақал-мәтелдер, нақыл сөздер.

1) «Отан үшін отқа түс күймейсің, арың үшін алыссаң-өлмейсің», «Батырға оқ дарымайды, батырға жау жоламайды», «Болат қайнауда шынығады, батыр майданда шынығады», «Батыр туса – ел ырысы, жаңбыр жауса – жер ырысы», «Батыр – елдің сәулеті, балқұрақ – жердің сәулеті».

Барысы: (Слайд көрсетіліп тұрады.)

Автор
Дата добавления 26.04.2015
Раздел Начальные классы
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров425
Номер материала 255092
Получить свидетельство о публикации

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх