Инфоурок Информатика ПрезентацииҰлы жеңіске 70жыл презентация

Ұлы жеңіске 70жыл презентация

Скачать материал
Скачать материал "Ұлы жеңіске 70жыл презентация"

Получите профессию

Бухгалтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Редактор

Описание презентации по отдельным слайдам:

  • «Жауынгер ерлігінің алдында бас иеміз»
Ұлы жеңіске 70 жыл Тараз қаласы Ө.Жолд...

    1 слайд

    «Жауынгер ерлігінің алдында бас иеміз»
    Ұлы жеңіске 70 жыл
    Тараз қаласы Ө.Жолдасбеков атындағы №50 орта мектебінің информатика пәнінің мұғалімі Мейрахатқызы Назген
    E-mail: nazgen_92@mail.ru

  • СОҒЫС ОТЫНЫҢ ТҰТАНУЫСоғыс шығындарыСталинград шайқасыЛенинград шайқасыЖеңіс...

    2 слайд

    СОҒЫС ОТЫНЫҢ ТҰТАНУЫ
    Соғыс шығындары
    Сталинград шайқасы
    Ленинград шайқасы
    Жеңіс туы желбіре
    Ер есімі ел есінде
    Мәскеу үшін шайқас

  • Шабуыл жасаспау туралы (23 тамыз 1939 ж) Совет Одағымен жасаған келісімді бұз...

    3 слайд

    Шабуыл жасаспау туралы (23 тамыз 1939 ж) Совет Одағымен жасаған келісімді бұзып, фашистік Германия 1941 жылы 22 маусымда соғыс жарияламастан КСРО аумағына басып кірді. Ұлы Оотан соғысы осылай басталды.
    Соғыстың сипаты - Германия тарапынан бұл соғыс агрессиялық, жаулап алушы, әділетсіз соғыс болды, ал Совет Одағы тарапынан әділетті өз жерін қорғаған, азаттық Отан соғысы болды.
    1940 жылдың орта кезеңінде – ақ (18 желтоқсан) Гитлер командованиесі СССР – ге басып кірудің «Барборосса жоспары» деп аталатын стратегиялық жоспарын жасауға кіріскен болатын. Бұл жоспар бойынша фашистік Германия мен оның қол шоқпарларының құрғақтағы, әуедегі және соғыс теңіз күштері КСРО-ға бір мезгілде шабуыл жасайтын болды. Бұл жоспардың басты мақсаты (идеясы) қысқа мерзім ішінде (3–4 ай), «қауырт соғыс» идеясы бойынша соғысты 1941 жылдың күзінде (қараша) аяқтау тиіс еді.






    СОҒЫС ОТЫНЫҢ ТҰТАНУЫ

  • «Барбаросса» жоспарын жасаған кезде фашистік Германияның басшылары КСРО – ны...

    4 слайд

    «Барбаросса» жоспарын жасаған кезде фашистік Германияның басшылары КСРО – ны «сансыз» көп ұлттың жасанды және «тұрақсыз бірлестігі», өзінше бір «ішкі бірліктен жұрдай этникалық конгломерат» деп қарастырды. «Россияның кең – байтақ жерін мекендеген халықтар жөніндегі біздің саясатымыз, - деді Гитлер өз сыбайластарына, - алауыздық пен жікке бөлінудің кез келген түріне қолдау көрсету болуға тиіс.
    Қуыршақ мемлекет жобасы фашистер жасап «Барбаросса» жоспарында көрсетілді. Жоспар бойынша фашистер КСРО жерінде Остланд, Украина, Московия, Еділ – Орал, Түркістан сияқты рейх комиссарияттарын құруды көздеді. Жоспарда көрсетілген «Үлкен Түркістан» отарының құрамына Қазақстан, Татарстан, Башқұртстан, Орта Азия, Әзірбайжан, Кавказ, Қырым, Ауғанстан, Шыңжан кіргізілді. Фашистер Кеңес адамдарын қырып – жою жолына осылай түсті.
    Кеңес адамдарының патриоттық сезімі, әрине, бұл жоспарға қарсы тұра білді. Қазақстан халқы Отан қорғаушылар қатарына өз еркімен жаппай жазыла бастады. Мысалы, Алматы медицина институтының студенті Маншүк Мәметова: «Отбасымыздан майданға жіберетін ешкім жоқ, ағам да, апам да жоқ, сондықтан өзімді жіберуді өтінемін», - деп әскери комитетке өтініш берді. Республикада 2 млн. – нан астам адам әскери даярлықтан өтті.
    Соғыстың алғашқы кезеңінде 14 атқыштар және атты әскер дивизиясы, 6 бригада құрылып, майданға жіберілді. Қазақстандық 36 – жеке атқыштар бригадасы 30 – дан астам ұлттан құрылды. Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қырғызстаннан шақырылған жігіттерден 316 – атқыштар дивизиясы құрылып, оның командирі генерал М. В. Панфилов болды. Армия қатарына 1 млн. 196164 (1 млн. 196300) қазақстандық қосылып, әрбір бесінші адам майданға аттанды.

  • Мәскеу шайқасы қорғаныс ұрыстары (1941 ж. 30 қыркүйек – 5 желтоқсан) және қар...

    5 слайд

    Мәскеу шайқасы қорғаныс ұрыстары (1941 ж. 30 қыркүйек – 5 желтоқсан) және қарсы шабуыл (1941 ж. 6 желтоқсан – 1942 ж. 20 сәуір) кезеңдерінен тұрады. Неміс қолбасшыларының “Тайфун” атты арнайы шабуыл жоспары бойынша Мәскеуді басып алуды Германияның “Орталық” армиялар тобы жүзеге асырмақ болды. Бұл топ резервтегі әскерлер мен кеңес-герман майданының басқа шептерінен жіберілген бөлімдермен, әскери техникамен күшейтілді. Германия-Мәскеу бағытына 74,5 дивизия (1,8 млн-нан аса адам), 1700-дей танк, 1390 әскери ұшақ, 14000 зеңбірек пен миномет шоғырландырды. Ал Мәскеу бағытын қорғап тұрған кеңестік Батыс Резерв және Брянск майдандарының құрамында 1250 мыңдай адам, 990 танк, 677 әскери ұшақ, 7600 зеңбірек пен миномет болды. Немістер үш екпінді топ құрды. Оның екі тобы солтүстіктен және оңтүстіктен шабуылдап, Мәскеуді КСРО тылынан бөліп тастамақ болса, негізгі топ Гжатск арқылы тікелей соққы бермекші болды. Шабуылды 1941 ж. 30 қыркүйекте немістердің оңтүстік тобы, 2 қазанда орталық және солтүстік топтары бастап, кеңес әскерінің шебін бірнеше жерден бұзып өтті. Кескілескен шайқастардан соң Қызыл Армия бөлімдері 12 қазанда Калуганы, 14 қазанда Калинин қалаларын қарсыластарға қалдыруға мәжбүр болды. Немістер қазанның 16-сында Боровскіні, 18-інде Можайск мен Малоярославецті басып алды. Кеңес әскерлерінің күшін біріктіру мен басшылықты жақсарту мақсатында Резерв майданы Батыс майданға қосылып, оған басшылық ету армия генералы Г.К. Жуковқа тапсырылды. Қорғаныс шептерін салуға 450 мыңдай мәскеулік қатысты. Халық арасынан тұрақты әскери бөлімдер жасақталып, 17 қазанда Калинин майданы (командашысы – генерал-полковник И.С.Конев) құрылды.
    Мәскеу үшін шайқас
    (1941 жыл 30 қыркүйек – 1941 жыл 6 желтоқсан)

  • Мәскеу шайқасында Қазақстанда құрылған әскери құрамалар ерекше көзге түсті. В...

    6 слайд

    Мәскеу шайқасында Қазақстанда құрылған әскери құрамалар ерекше көзге түсті. Волоколам бағытын қорғаған 16-армияның құрамында Алматыда жасақталған 316-атқыштар дивизиясы (генерал-майор И.В. Панфилов) болды. Дивизияның 1075-полкінің саяси жетекші В.К. Клочков бастаған жауынгерлер 16 қараша күні Дубосеково разъезінің түбінде өшпес ерліктің үлгісін көрсетті. Қазақстанда жасақталған 238-атқыштар дивизиясы (полковник Г.П. Коротков) Тула маңында, Ақтөбеде жасақталған 312-атқыштар дивизиясы (полковник А.Ф. Наумов) Малоярославец бағытында Мәскеуді қорғауға қатысты. Мәскеу шайқасында панфиловшы батальон командирі, аға лейтенант Бауыржан Момышұлы әскери шеберлік үлгісін көрсетті.






  • Кеңес әскерлерінің қарсы шабуылын 5 желтоқсан күні Калинин майданы 6 желтоқса...

    7 слайд

    Кеңес әскерлерінің қарсы шабуылын 5 желтоқсан күні Калинин майданы 6 желтоқсан күні Батыс майданы, Оңтүстік-Батыс (Кеңес Одағының Маршалы С.К. Тимошенко) майданы әскерилері бастады. 800 шақырымға созылған майданда ұрыстар жаңа күшпен жалғаса түсті. 1942 ж. қаңтарда қарсы шабуыл Қызыл Армияның жаппай шабуылына ұласты. Шайқастардың нәтижесінде қарсыластар батысқа қарай 400 шақырымға дейін қуылып, Мәскеу, Калинин және Тула облыстарының ондаған қалалары мен жүздеген селолары басқыншылардан азат етілді. Қызыл Армияның қарсы шабуылы нәтижесінде жаудың “Орталық” армиялар тобы орасан зор шығынға ұшырап, 500 мыңдай адамынан, 1300-дей танкісінен, 2500 зеңбірегінен, 15 мыңнан аса автокөлігінен айырылды. Мәскеу шайқасында фашистік армия алғаш рет ауыр жеңіліске ұшырап, оның жеңілмейтіні жөніндегі аңыз жоққа шығарылды. Мәскеу шайқасы 2-дүниежүзілік соғыстың барысындағы түбегейлі бетбұрыстың бастамасы болып, Гитлерге қарсы одақтың қалыптасуын тездетті.
    Соғыс зардабы(видеоролик)

  • Сталинград Шайқасы – 2-дүниежүзілік соғыстағы басты шайқастардың бірі. Ол қор...

    8 слайд

    Сталинград Шайқасы – 2-дүниежүзілік соғыстағы басты шайқастардың бірі. Ол қорғаныс (1942 жылы 17 шілде – 18 қараша) және шабуыл (1942 жылы 19 қараша – 1943 жылы 2 ақпан) кезеңдерінен тұрады. 1942 жылдың жазында фашистік Германия мен оның одақтастары Еуропада екінші майданның ашылмауын пайдаланып, кеңес-герман майданының оңтүстік қанатына басты соққы беруді ұйғарды. Олар Қызыл Армияны Орелдің оңтүстігнде талқандап, Донбасс, Дон және Кубань экономика маңызды аудандарын алуды, Кавказ арқылы өтетін жолдарды, Сталинградты басып алуды басты мақсат етіп қойды. Жау 1942 жылдың жазында шабуылға шығып, үлкен табыстарға жетті. Тамыздың 23-інде майдан шебі Сталинградқа келіп тірелді. Сталинград бағытында Германия мен оның одақтастарының қару-жарақтың барлық түрімен жақсы жарақталған, 6 далалық армиядан құралған 14 дивизиясы тұрды. Қаланы Қызыл Армияның 62-(қолбасшысы – ген.-лейтенант В.И. Чуйков) және 64- (қолбасшысы – генерал-майор М.С. Шумилов) армияларының бөлімдері қорғады. Қаланы қорғауға шұғыл түрде жұмысшы және халық жасақтары, тылдағы бөлімдер ұйымдастырылды. 1942 жылы 25 тамызда неміс әскерлері батыс жақтан Сталинград түбіне жетті.
    Сталинград шайқасы (1942 ж. шілде- 1943 ж. ақпан)

  • Сталинград шайқасына барлығы 90 мыңға жуық қазақстандық қатысып, ерліктің там...

    9 слайд

    Сталинград шайқасына барлығы 90 мыңға жуық қазақстандық қатысып, ерліктің тамаша үлгілерін көрсетті.








  • Ленинград қаласын қорғауға Қазақ КСР-де құрылған 310-атқыштар дивизиясы мен 3...

    10 слайд

    Ленинград қаласын қорғауға Қазақ КСР-де құрылған 310-атқыштар дивизиясы мен 314-дивизия алғашқы кезеңнен қатысты.

    Ленинград үшін шайқаста қазақ жауынгері Сұлтан Баймағанбетов кеудесін оққа төсеп, Александр Матросовтың ерлігін қайталады. Ол Кеңестер Одағының батыры атанды.

    Балтық флотында көптеген қазақстандықтар жауға қарсы ерлікпей шайкасты. Мысалы, «Киров» крейсерінде 156 қазақстандық болған. Қазақстаннан барған әскерлердің 30%-дан астамы Ленинград түбіндегі шайқасқа қатысты. Рота командирі Қойбағаров өз бөлімшесімен неміс окоптарына басып кіріп, өшпес ерлік жасаған. Одан басқа Ленинград түбінде Дүйсенбай Шыныбеков, С. Жылқышев, Г.П. Зубков т.б. қазақстандықтар ерекше ерлік көрсетті.

    1941 жылы қыркүйекте қазақтың ұлы ақыны Жамбыл
    Жабаевтың ленинградтықтарға арнап жазған «Ленинградтық өренім» жыры фашистердің қоршауындағы қаһарман қала халқына, оны қорғаушыларға үлкен рухани дем берді.

    Ленинград шайқасы (1941ж.-1943 ж.-қантар)

  • Ленинград шайқасының тарихы маңызы
-	Гитлершіл Германияның ірі жеңілісі болды...

    11 слайд

    Ленинград шайқасының тарихы маңызы
    -Гитлершіл Германияның ірі жеңілісі болды,
    -Халықтар достығы мен ерлігінің көрінісі болды
    Ленинград шайқасы батырлары



  • Ленинградтық өренім,
Мақтанышым сен едің
Нева өзенін сүйкімді
Бұлағымдай көре...

    12 слайд

    Ленинградтық өренім,
    Мақтанышым сен едің
    Нева өзенін сүйкімді
    Бұлағымдай көремін.

    Көпіріне қарасам,
    Көмкерген су көремін.
    Өркеш-өркеш жарасқан
    Шоқылардай дер едім.

    Сапырылған көк теңіз,
    Шомылдырған кемерін!
    Шамы күндей жайнаған
    Аспанға үйлер бойлаған…
    Арқа тұтып алыста
    Айбыным деп ойлағам!


    Шамы Күндей жайнаған,
    Аспанға үйлер бойлаған…
    Арқа тұтып алыста,
    Айбыным деп ойлағам!
    Жабықпағын Ленинград!
    Отан әмір берген шақ.
    Сап-сап қол барар
    Қорғап сені ол қалар.

    Жанышталар айдаһар!
    Жата алмаймын төсекте,
    Жаным қалай жайланар?
    Құс ұйқылы көнемін,
    Қайтып ұйқы көремін,
    Жетсін деймін сендерге,
    Жыл құсындай өлеңім,
    Қаласында Лениннің,
    Сайып қыран өренім.
    Ленинградтық өренім

  • Қорыта келе, Ұлы Отан соғысына тартылған қазақстандықтар санына тоқталайық. С...

    13 слайд

    Қорыта келе, Ұлы Отан соғысына тартылған қазақстандықтар санына тоқталайық. Соғыстың алдында Қазақстанда 6,2 млн. адам тұрды. Соғыс жылдары қолына қару алып, майданға 1,9 млн. адам аттанды. Сталиндік тәртіп 1916 жылғы патша үкіметінің тәжірибесін пайдаланып, арнайы құрылыс батальондарын да құрды. Бұл батальондар Орта Азия және Қазақстанның жергілікті халқынан және құғын-сүргінге түскен халықтардан жасақталды. Қазақстаннан әскери комиссариат арқылы еңбек армиясына 700 мың адам жіберілді. Олар соғыс шебіне жақын аудандарда оқ астында қорғаныс объектілерінде еңбек етті. Осылайша әрбір төртінші қазақстандық қорғаныс және майдан объктілеріне тартылған. Республиканың мобилизациялық деңгейі тіпті Германиядан да жоғары болды, Германия халқының 12% мобилизацияланса, Қазақстанда халықтың 24% мобилизацияланған. Мобилизацияланған халықтың 50-60% қазақ ұлтынан еді. Қорғаныс, көмір, ауыр өнеркәсіп жұмысшылары соғысқа тартылудан босатылса, Қазақстан тұрғындары түгелімен дерлік армияға шақырылды. Өйткені Қазақстанда шаруалар басым болды.
    Ұлы Отан соғысы майдандарында қаза болған қазақстандықтар санына байланысты түрлі пікірлер бар. Кейінгі жылдардағы мәліметтерде соғыстан оралмаған қазақстандықтардың саны 601 000-ға дейін жетіп отыр, оның 350 мыңнан астамы қазақтар. Бұл қолға қару алып, ұрыс даласында қаза тапқардардың саны. Егер осы тұстағы халықтың жалпы саны мен соғыста қаза тапқан өкілдердің санына шағатын болсақ, қазақтардың шығыны көршілес өзбек, татар, азербайжан, грузиндерден анағұрлым жоғары. Бұл пайыздық шығын жағынан қазақ халқы өз жерінде соғыс қимылдары болған орыстармен, украиндермен, белорустермен деңгейлеседі.
    Соғыс шығындары

  • Тарихшылар 1941-1945 жылдар аралығында орын алған соғыстардың ішінде ең көп а...

    14 слайд

    Тарихшылар 1941-1945 жылдар аралығында орын алған соғыстардың ішінде ең көп адам шығыны орын алған шайқастардың бірқатарын ерекше бөліп тарқатады. Мәселен, Ұлы Отан соғысы кезінде ең көп адам шығыны 1941 жылдың 30 қыркүйегі мен 1942 жылдың 20 сәуірі аралығында Мәскеу үшін болған шайқаста болды. Сондай-ақ 1941 жылғы 8 қыркүйек пен 1944 жылғы 27 қаңтардағы Ленинградтың қоршауда қалуы да көптеген адам өліміне әкеліп соққан. 872 күнге қамауда қалып қойған қала тұрғындары тек қарудан ғана емес, аштықтан да қырылды. Бұдан бөлек, ең ауыр шайқастардың қатарында Заполярьені қорғау (29 маусым 1941 - 1 қараша 1944), Ржевск, Сталинград үшін (17 шілде 1942 - 2 ақпан 1943), Кавказ үшін, Курск қаласы үшін болған шайқастар аталады. Ал әскери операциялардан Украинаның оң жағалауы, Беларусь операциясы, Балтық бойы операциясы, Висла-Одер операциясы, Шығыс-Прус және Берлин үшін операциясы (16 сәуір - 8 мамыр 1945) тарихта қалды

  • Ер есімі ел есіндеЕрліктері мәңгі ұмытылмас(видеоролик)

    15 слайд

    Ер есімі ел есінде
    Ерліктері мәңгі ұмытылмас(видеоролик)

  • Қазақ қыздары да соғыс ауыртпалығын ер азаматтармен бірдей көтерді. Соғыстың...

    16 слайд

    Қазақ қыздары да соғыс ауыртпалығын ер азаматтармен бірдей көтерді. Соғыстың алғашқы күндерінен бастап соғысқа сұранып, әскери комиссариаттарға хат жазған қазақ қыздары өте көп болды. Мысалы, Қарағандының әскери комиссариатына соғысқа сұранып өтініш жазған арулар саны 10 мыңнан асқан. Семей қаласы бойынша соғыстың алғашқы күндерінде 3 мың өтініш түскен. Ал, Алматы қаласының тек Фрунзе ауданы бойынша 112 өтініш түсті. Майданға аттанған әйелдер мен қыздардың көбі медсанбаттар мен госпитальдарда борышын өтеген. Қазақ арулары түрлі әскери құрамаларда болып, ерен ерлік үлгісін көрсетті. Қолдарына қару алып, майданға аттанған қазақ жұлдыздары - Әлия мен Мәншүк Қазақстан даңқын әлемге паш етті. Авиация саласын меңгерген қазақ қызы – Х.Доспанова Кеңес Одағының батыры М.Раскова басқарған әйелдер авиациясының құрамында авиация штурманы болып 300-ден астам мәрте әуеге көтерілді. 2004-ші жылы Президенттің жарлығымен Х.Д.Доспановаға Халық Қаһарманы атағы берілді. Сафарбекова Жауһария Насырқызы Ленинград майданында қалалық радиостанция бастығы болып, Ленинград майданында аса ерлігімен көзге түскен. 1942 жылы Қазақстанда құрылған 34-жеке әйелдер ротасының 300-ге тарта арулары Курск иініндегі шайқасқа қатысып, бірнеше марапаттарға ие болды.
    Ә.Молдағұлова
    М.Мәметова
    Х.Доспанова
    М.Раскова

  • Атадан ұлағат арқалаған бүгінгі ұрпақ ардагерлерге мәңгі қарыздар!Ерліктері е...

    17 слайд

    Атадан ұлағат арқалаған бүгінгі ұрпақ ардагерлерге мәңгі қарыздар!
    Ерліктері ешқашан ұмытылмас!

  • Жеңіс  туы желбіре!Рақымжан Қошқарбаев  1945 жылдың 30 сәуірінде жауынгер Гри...

    18 слайд

    Жеңіс туы желбіре!
    Рақымжан Қошқарбаев  1945 жылдың 30 сәуірінде жауынгер Григорий Булатовпен бірге Рейхстагқа Кеңес одағының туын тіккен болатын. Ол осы ерлігі арқылы сұрапыл соғысқа нүкте қойды..
    -1945 жылы 2 мамырда Берлин қаласы алынды.
    -1945 жылғы 8 мамыр-фашистік Германияның тізе бүккендігі туралы шартқа қол қойылды.
    -1945 жылғы 9 мамыр-Қызыл Армия жеңіске жетіп, Ұлы Отан соғыс аяқталды.

  • Ұлы Отан соғысы аяқталып, Жеңістің туы желбірегеніне биыл - 70 жыл! Жеңіс күн...

    19 слайд

    Ұлы Отан соғысы аяқталып, Жеңістің туы желбірегеніне биыл - 70 жыл! Жеңіс күні – бұл сан мыңдаған ұрпақ үшін ортақ мереке. Бұл мереке – біз үшін де ұлы мереке! Ұлы Отан соғысы біздің әрбірім үшін ұмытылмастай ізін қалдырды.
    Осы соғыста қаншама адам қаза тауып, қаншамасы мүгедек атанды. Қаншама ана жесір, балалар жетім қалды. Оңай келмеген жеңісте ерен ерлігімен көзге түсіп, ерекше сый-құрметке ие болған сан мыңдаған жауынгерлердің ішінде қазақ аталарымыз бен апаларымыз да көп. Ерлігін жыр қылып айтатын әрбір қазақ батырымызды ешбіріміз ешқашан ұмытпаймыз. Қазір қазақ елдімекендерінде көптеген көшелер, ғимараттар, оқу орындарына Ұлы Отан соғысында
    ерлік көрсеткен қазақтардың есімдері де берілді. Ол деген біз, яғни, кішкентай қазақстандықтар өз ата-апаларының ерліктерін ұмытпасын, біліп жүрсін, мақтан етсін деген мақсат. Қазіргі кезде сол батырларымыздың қатары сиреп, азайып қалды. Олар - біздің мақтанышымыз!
    9 мамыр – бұл мереке ғана емес, бұл халықтың батырлығы. Біздің парызымыз – бұл күнді ешқашан ұмытпай есте сақтау!
    Биыл Ұлы Отан соғысының жеңісіне 70 жыл толуына орай еліміздің әрбір жерінде әртүрлі іс-шаралар, мерекелік кештер өткізілуде. Соғыс ардагерлеріне құрмет көрсетіліп, қошемет жасалуда. Әрине, олардың орасан зор еңбегін еш уақытта өтеу мүмкін емес. Соғыс ардагерлеріне тағзым ете отырып, келешек еліміздің ертеңі жақсы болса екен деп тілеймін. Әрбір қазақ баласы өз Отанын анасындай сүюі қажет. Тәуелсіз еліміз өркендеп, өсе берсін. Еліміздің көк аспанында бейбітшіліктің, тәуелсіздіктің, азаттықтың туы әрқашан желбірей берсін!
    Жеңістің жылдығы құтты болсын!

  • 9 Мамыр – Ұлы Жеңіс күні деп тойласақ та, оның салмағының ауыр болғанын  бүгі...

    20 слайд

    9 Мамыр – Ұлы Жеңіс күні деп тойласақ та, оның салмағының ауыр болғанын бүгінгі ұрпақ ешқашан да ұмытпауы тиіс. Омырауларында жарқыраған орден-медальдарын тағып анадайдан көзге оттай басылатын ардагер ағаларымыз бұл күнді асыға күтеді. Бұл күн – Жеңіс күні болуымен қатар соғыстан оралмаған үзеңгілес қатарларын еске алып, жанарларынан тамған жас тамшылары өткен күннен белгі беріп тұрғандай. Жүздеріңді мұң шалмасын, көңілдеріңе кірбің түспесін, қатарларың азаймасын, ардагер ағалар!

    Құтты болсын жеңіс күні ағайын
    Көптен күткен ұлы күнде жар салайын.
    Ата - бабам қан берісіп шайқасқан,
    Ата - бабам намыс бермей айқасқан

    Жеңіс күнін қарсалайық бәріміз.
    Жеңіс күнін тойлайық жас кәріміз.
    Осындай бір бейбіт өмір сыйлаған
    Ардагерлер, ағаларға мың алғыс.

    Қазақтың қос жұлдызы қыздары,
    Қыз болса да намыс бермей қорғады.
    1941 - 1945 ші жылдары
    Адамдар өз елдерін қорғады.

    Ал қазір бейбіт өмір басталды.
    Ел қорғау адамзат үшін басты парыз
    Жер қорғау адамзат үшін талмас міндет.
    Біз балалар бейбіт өмір қалаймыз
    Сондықтанда бейбіт бола аламыз.

  • Бейбітшілік туы 
мәңгі желбірей берсін!

    21 слайд

    Бейбітшілік туы
    мәңгі желбірей берсін!

Получите профессию

Секретарь-администратор

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 610 358 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 18.11.2015 2876
    • PPTX 38.2 мбайт
    • 16 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Мейрахат Назген Мейрахатқызы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Мейрахат Назген Мейрахатқызы
    Мейрахат Назген Мейрахатқызы
    • На сайте: 8 лет и 4 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 79583
    • Всего материалов: 10

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

HR-менеджер

Специалист по управлению персоналом (HR- менеджер)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Управление сервисами информационных технологий

Менеджер по управлению сервисами ИТ

600 ч.

9840 руб. 5900 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 27 человек из 17 регионов

Курс повышения квалификации

Специфика преподавания информатики в начальных классах с учетом ФГОС НОО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 39 человек из 20 регионов

Курс повышения квалификации

Методика преподавания информатики в начальных классах

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Основы образовательной политики и информатики

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Подготовка менеджеров по продажам: аспекты телефонных переговоров

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Реклама для роста бизнеса: эффективные стратегии и инструменты

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 24 человека из 12 регионов