Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Классному руководителю / Конспекты / Ұлы Жеңіске 70 жыл. Т.Қауынбаев туралы ашық сабақ жоспары

Ұлы Жеңіске 70 жыл. Т.Қауынбаев туралы ашық сабақ жоспары

  • Классному руководителю

Поделитесь материалом с коллегами:

Жамбыл атындағы жалпы орта мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесі




Тәрбие сағаты

Тақырыбы:

Ұлы жеңіске 70 жыл. Тоғанбай Қауынбаев

MAfBd4FiN5w



Сыныбы: 6 «Ә»

Сынып жетекшісі: Нұрпейісова Б.

2015-2016 оқу жылы


Тақырыбы: Ұлы жеңіске 70 жыл. Тоғанбай Қауынбаев
Мақсаты:
Оқушыларды адамгершілікке, Отанын сүюге, оны қорғауға баулу. Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру, оларға патриоттық тәрбие беру.
Көрнекілігі: Плакат, газет, нақыл сөздер.
Ел үмітін ер ақтар,
Ер атағын ел сақтар.
Отан үшін отқа түскін - күймейсің,
Ұлы Жеңіске мың тағзым!
9 мамыр – Жеңіс күні
түрлі – түсті шарлар, гүл шоқтары.
Жүру барысы: 1. Ұйымдастыру. Қазақстан Республикасының мемлекеттік Гимн орындалады.
2. Мұғалімнің кіріспе әңгімесі. Мұғалім: Еліміз биыл қос айтулы оқиғаны қатар атап өтуде. Олар Қазақ хандығының құрылуына 550 жыл болса, екіншісі Ұлы Жеңістің 70 жылдығы. Осынау ұлан - ғайыр даламыз нені бастан кешірмеді дейсіз? Небір төңкеріс, небір көтеріліс, небір жеңіс пен жеңілісті, қызық пен қиындықты өткерді емес пе? Ата – бабаларымыздың осындай ерлігінің бірі – Ұлы Отан соғысындағы жеңісі. Сонау 1941 жылы бейбіт жатқан елге Германия фашизмдері ашқан соғыс қазақ ұлдарын да жалмап, ананы баласыз, баланы әкесіз, әйелді жесір қалдырғаны әрбір адамның жүрегінде. Бүгінгі сабағымызды сол сұрапыл соғыста ерлігімен көзге түскен ауданымыздың ардагер азаматы Тоғанбай Қауынбаев атамызға арнаймыз.
3. Өткен сабақта сендерге Ұлы Отан соғысы және Тоғанбай Қауынбаев атамыз жайлы мәліметтер жинап келіңдер деген тапсырма берілген еді.Ал, қане кім қандай мәлімет жинақтап келді
Оқушы: Жеңіс күні
(Т. Молдағалиев)
Бақыт сыйлап жатады әр күн
Санамызға жарық берген
Әкелері аталардың
Бұл Жеңісті алып келген
Оқушы:
Қуантамыз ән сап жұртты,
Келе берсін бақыт таңы.
Жеңіс күнің болсын құтты,
Батырлардың ұрпақтары. (Қонақтарға гүл беріледі)
Оқушы: Біздің Қазақстанда да соғыс оты шарпымаған шаңырақ кем де кем. Жүз мыңдаған ата – әкелеріміз соғыстың алғашқы сәтінде – ақ майданға аттанды. Осы қан майданда мерт болған ерлердің рухына, бүгін арамызда асқар таудай болып жүрген аталарымызға басымызды иіп тағзым етейік. Олардың ерлік істерін ешкім де ешқашан да ұмытпауға тиіс.
Оқушы: Дәл осынау жадыраңқы жай күні,
Болса дағы қай ғасырдың қай жылы.
Ұлы Отаным басын иіп бір минут,
Есіне алмақ сол бір апат қайғыны.
(бір минут үнсіздік, орнынан тұрып еске алу)
Оқушы: 1941 жылы 22 маусым күні таң шапағы жаңа ғана арайланып келе жатқан кезде елімізге қауіп төнді. Халқымыз адам айтқысыз қиын – қыстау кезеңге душар болды. Фашистік Германия елімізге опасыздықпен басып кірді.
Оқушы: Ұлы Отан соғысы басталды. Отанымыздың басына ауыр күндер туды.
Оқушы: Қазақстанда соғыстың алдында 6, 2 миллион халық тұратын еді. Осы жылдары республикамыздан 1 млн. 196 мың 164 адам қару асынып, майданға аттанды. Республикадан еңбек армиясына 700 мың адам жіберілді. Сонда Қазақстаннан соғыс жылдары әскери комиссариаттары арқылы 1 млн. 900 мыңдай адам сапқа тұрды.
Бұл жылдары жүрегі Отаным деп соққан әр азамат барынша күресе білді. Әрбір азамат өз Отанына деген антын орындап шықты.
Иә, зұлмат соғыстың оты түпкір – түпкірді шарпыды, қасіретті сұм соғыс жыр алыбы Тоғанбай атамызды да өз Отанын қорғауға аттандырды.

Оқушы: Тоғанбай Қауынбаев(20 наурыз 1922 жылы — 11 шілде 2014 жылы, ӨзбекстанЖызақ облысы, Фариш ауданы Шымқорғаннан,) 2-дүниежүзілік соғысқа қатысушы, бөлімше командирі.

Соғысқа дейін кеңшарда жұмыс істеген. Орталық майданда 69-атқыштар дивизиясының 20-жеке барлау ротасы құрамында Ұлы Отан соғысына қатысқан. 1943 жылы 15 қазанда Қауынбаев бастаған барлаушылар тобы Днепр өзенінен (БеларусьГомель облысы, Лоев кентінің маңы) өтті. Батыл қимылдардың нәтижесінде траншеялардың алдыңғы шебін жаудан тазартып, плацдармды басып алды. Осы ұрыста сержант Қауынбаев 10 жау әскерін жойды. Шағын топ жаудың 3 қарсы шабуылын тойтарып, дивизияның десантшылар отряды келгенше плацдармды ұстап тұрды. Днепрден өтуде көрсеткен ерлігі үшін Қауынбаевқа КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасының Жарлығымен Кеңес Одағының Батыры атағы берілді (30.10.1943). 1944 жылы кіші лейтенттар курсын бітірді. 1945 жылы Мәскеуде Жеңіс шеруіне қатысты. 1946 жылы запасқа шықты.

Алматы қаласындағы заңгерлер мектебін (1948), Жоғары партия мектебін (1962) бітірді. Оңтүстік Қазақстан облысында, Алматы қаласында түрлі салаларда жұмыс істеді. Ленин, 1-дәрежелі Отан соғысы, «Қызыл Жұлдыз» ордендерімен, медальдармен марапатталған.

Оқушы: Тоғанбай ақсақал 20 жасында Ұлы Отан соғысының майдан даласында аттанды. Жаудан елді азат ету үшін атқыштар дивизиясында болып, ерен ерлік көрсете білгені үшін Кеңес Одағының батыры атанды. 92 жасқа қараған шағында өмірден озды. Тағы да айта кетейік, Тоғанбай Қауынбаев Кеңес Одағының батыры атанған өңіріміздегі соңғы ардагер еді.

Оқушы: зұлмат соғысқа біздің елімізден 1 миллион 500 мың қазақстандықтар қатысты. Ал біздің ауданымыздан 12 мыңнан астам азамат соғысқа аттанған болса, 3932 жауынгер ғана аман-есен елге оралған. Олардың жыл артқан сайын қатары азайып, бүгінгі күнде көзі тірілері –саусақпен санарлық ардагерлеріміз арамызда жүр. Соғыста жаумен аяусыз күрескен 12 жерлесіміз Кеңес Одағының Батыры атағын алды. Екі мыңнан астам тыл ардагерлері де соғыс жылдарында еңбек майданында Жеңістің жақындауы үшін күндіз-түні аянбай еңбек етті. Көз алдымызда қатары сиреп бара жатқан ардагер ағаларымыз қандай да бір құрметке лайықты деп білеміз. Өйткені сол сұрапыл соғыста олар бүгінгі бейбіт өміріміз үшін кеудесін оққа тосып, ерлікпен шайқасты.

Ән: Атамекен.

Оқушылар жеңіс күнінен арналған өлеңдерін оқиды.

Көріністер: 1. «Соғыстың басталуы»

2. «Әскери жаттығулар»

3. «Тылдағы еңбеккерлер»

4. «Жеңіс күні»

Ән: «Бейбітшілік күні»

Қорытынды:  Міне, ата-бабаларымыздың арқасында бүгінгі күні өз тәуелсіздігімді алып, егеменді ел болып, әлемге танылып отырмыз. Өз әнұранымыз, өз елтаңбамыз, әрқашан биіктен көрінер туымыз  бар. Бұл біз үшін үлкен қуаныш, үлкен бақыт.

 Қуанышымыз, жеңісіміз ұзағынан болсын деп бүгінгі ашық тәрбие сағатымызды аяқтаймыз. Елімізде бейбітшілік болсын! Аналарымыздың зарлаған, сәбилеріміздің жылаған дауысы естілмесін! Айбынды азаматтарымыз аман болсын!



Автор
Дата добавления 11.03.2016
Раздел Классному руководителю
Подраздел Конспекты
Просмотров81
Номер материала ДВ-519359
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх