Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Другое / Другие методич. материалы / "Ұлы Жеңіске-70жыл" тәрбие сағаты

"Ұлы Жеңіске-70жыл" тәрбие сағаты

  • Другое

Поделитесь материалом с коллегами:

Ұлы Жеңіске – 70 жыл

1-жүргізуші: Қайырлы күн, құрметті қонақтар, соғыс ардагерлері!

2-жүргізуші: Армысыздар, аяулы ұстаздар мен оқушылар!

1-жүргізуші:

Жеңіс деген – шат күлкісі баланың,

Тыныштығы жер жаһанның, даланың.

Жеңіс деген – сылдыр күлкі, асқақ ән,

Тыныштығың сол Жеңістен басталған.

2-жүргізуші:

Жеңіс күні сыр ашып, сырды ақтардым,

Соғыс көптің байлады ғой бақтарын.

Бүгінгі бақыт үшін жанын қиған,

Рухына бас ием боздақтардың!

1-жүргізуші:

Қан майданда от кешкен,

О, Ардагер аталар!

Ажалмен сан беттескен,

Аман жүр, ер аталар!

2-жүргізуші:

Сен құрметте оны,

Түсіндің бе, қарағым!

Ол ақшаға сатқан жоқ

Тізеден кесіп аяғын.

Еріккеннен ұстап жүрген жоқ

Қолындағы таяғын.

Денесін оқ паршаласа да,

Ел намысын қорғап қалды.

Сен құрметте оны,

Түсіндің бе, қарағым!

Сенің келешегің үшін берді ол,

Азаттық жолында аяғын.

1-жүргізуші: Жеңістің 70жылдығына орай колледж кітапханасының ұйымдастырумен «Ұлы Жеңіске – 70 жыл» атты тәрбие сағатына қош келіпсіздер!

Әнұран орындалады.

2-жүргізуші: 1418 күнге созылған соғыста «Елім, жерім» деп қан төккен соғыс ардагерлері бізде қонақта.

1-жүргізуші:

От кешкен Отан үшін ардагерлер,

Ел үшін ту ұстаған кемеңгерлер.

Ішінде қызыл-жоса қанды шайқас,

Ерлікпен құрбан болды талай ерлер.

2-жүргізуші:

Дәл осынау жадыраңқы жай күні,

Болсадағы ғасырдың бұл қай жылы,

Әрқашан да басын иіп бір минут,

Есіне алмақ сол бір апат, қайғыны.

Туған жеріне орала алмай, жат жердің топырағы бұйырған, жеңіс күнін көре алмай кеткен ерлеріміздің рухына 1 минут үнсіздік жариялаймыз.

(1 минут үнсіздік жарияланады).

1-жүргізуші: Ардақты ардагерлер! Бүгінгі ұрпақ сіздердің ерлік, қаһармандық істеріңіздің алдында мәңгі қарыздар.

Қадірменді ардагер аталар,мұғалімдер , барша көрермен! Ет жүрегі «Отан» деп соққан ағайын! Баршаңызды «Жеңіс» мерекесімен құттықтаймыз.

2-жүргізуші: Алғашқы құттықтау сөз мектеп директорына беріледі.

1-жүргізуші: Сонау отты жылдардың тірі куәгері әлі ортамызда. Олар жылдан жылға азайып бара жатыр, бірақ бар. Сөз кезегі соғыс ардагеріне беріледі.

2-жүргізуші: Соғыс – қиратушы күш. Барды жоқ ететін, жұпты тұл ететін қасірет. Екінші дүниежүзілік соғысқа Қазақстаннан 1000000 200 мың адам соғысқа аттанды. Қасіретті соғыста 350 мыңнан астам қазақ құрбан болды.

1-жүргізуші: Батырлық, ерлік қазақтың қанында бар. Біздің бостандығымыз бен бақытымыз үшін, ел үшін, жер үшін күрескен қазақстандық 497 адам «Кеңес Одағының Батыры» атағын алды. Төлеген Тоқтаров, Мәлік Ғабдуллин, Нүркен Әбдіров, Қарсыбай Сыпатаев, Мәншүк Мәметова, Әлия Молдағұлова, Бауыржан Момышұлы, Талғат Бигелдинов, Қасым Қайсенов, Рахымжан Қошқарбаев т.б.

2-жүргізуші: Мәскеу бағытында Дубосеково разъезінде атқыштар дивизиясында Бауыржан Момышұлы басқарған батальон ерлікпен шайқасып, жаудың бетін қайырды.

1-жүргізуші: Жеңіс тарихында асқан ерлікті бейнелейтін бұл ұрыста 28 панфиловшылардың 23-і қаза тапты, ал 28-дің 22-ісі қазақстандық еді.

Көрініс: «Соғыс қасіреті».

1-бөлім. Бейбіт өмір

Мамыражай ауыл өмірі.

Вальс билеп жүр. (Радиодан дауыс естіледі)

Радио даусы: Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар! Сөйлеп тұрған Москва! 1941 жылы 22-маусым күні фашистік Германия Кеңес Одағына опасыздықпен шабуыл жасады...

Біз жеңеміз. Отан үшін, ел үшін, жер үшін барлық азамат Отанды қорғауға қолымызға қару алып аттанайық.

(Осы дауыс естіліп тұрғанда ауыл адамдары жинала бастайды. Сахнадағы адамдар тым-тырыс)

1-келіншек: «Соғыс, соғыс» дейді, естідіңдер ме?

2-келіншек: Сұмдық-ай, соғыс дей ме? Енді қайттік? Күніміз не болар екен?

(Жылап-сықтау басталады.)

3-келіншек: Қойыңдар, жамандық шақырмаңдар! Ел шетіне жау тисе, арқа сүйер азаматтар бар емес пе?!

1-азамат:

Ат басына күн туса,

Ауыздықпен су ішер.

Ер басына күн туса,

Етігімен су кешер.

Жыламаңдар, көз жастарыңды тыйыңдар!

2-азамат: Туған елдің келешегін сақтауға біз міндеттіміз!

Ендеше Отан үшін аттанамыз!

Барлығы: Отан үшін аттанайық!

«Қасиетті соғыс» әні ойналады.

2-бөлім: Мәншүктің соғысқа аттануы

Мәншүк: Анашым, қайдасың?! Анашым, мен соғысқа аттанатын болдым.

Анасы: Балапаным-ау, ақ моншағым-ау, сен әлі жассың ғой.

Мәншүк: Отанды қорғауда жасқа қарамайды, анашым, әскери комиссариаттан құжаттарымды алып келе жатырмын.

Анасы: Жарқыным, ботақаным, сұмдық-ай, соғыс, атың өшкір соғыс, қалай ғана жіберемін сені, әкең де соғыста.

Мәншүк: Уайымдама, анашым, біз әкем екеуміз елге жеңіспен ораламыз. Біз жеңеміз!

Анасы: Ботақаным, ақ моншағым, қайда болсаң да құдай өзі қолдасын!

Жарығым аман бол, аман, аман....хош!

(Сахнада қоштасу сәті, солдаттар, ата-аналар, қыздар).

Сахна жабылады.

1-оқушы: «Ленинградтық өренім»

Ленинградтық өренім,

Мақтанышым сен едің.

Нева өзенін сүйкімді

Бұлағымдай көремін...

Жасағам жоқ өмірді

Жау сойқанын көргелі.

Төккенім жоқ терімді

Шер қылғалы кеудені.

Жасалған жоқ салтанат

Жаудың болуға ермегі.

Жауда қалып Ленинград,

Жаралған жоқ көнгелі.

Қазақстан жерінен

Тұтанғандай ел кегі,

Жолды кернеп қол кетті

Сендерге дем бергелі.

Нева алабын құрыңдар,

Ленинградтың ерлері.

Ұрпаққа үлгі болыңдар,

Заманымның өрнегі!

3-бөлім. Ормандағы көрініс

(Отты айнала бөренеде 10-15 солдат «Эх дороги» әнін ыңылдап айтып отыр.)

Мәншүк: Амантай, не ойлап отырсың? (Пулеметін тазалап отырып).

1-солдат: Үйге хат жазудамын. (Ойланып отыр). Сағынышты сәлем хат

Амансың ба бауырым, Орынтай? Әке-шешемнің халі қалай, денсаулықтары жақсы ма? Ауыл тегіс аман-есен бе? Мал-жандарың аман ба? Менің халім жақсы, бүгін соғысқа аттанамыз. Қасымда ылғи қазақ жігіттері, арамызда Мәншүк деген пулеметші қазақ қызы бар. Өзі сондай әдемі!

Тамағым тоқ, уайымдамаңдар. Маған хат келмейді. Мен өзім хабарласып тұрамын. Хош сау бол. Бәріңді құшақтап сүйдім. Бауырың Амантай.

1-солдат: А, соғыс, соғыс! Майдан, қырғын арпалыс, қылшылдаған аяз, қасарысқан дұшпан. Осының барлығына шыдау керек.

2-солдат: Тізе бүгіп тірі жүргеннен тік тұрып өлген артық!

Шыдаймыз, жеңеміз жауды!

(Жарық өшеді. Мылтық, миномет, снаряд дауыстары естіліп, соғыс басталып кетті.)

4-бөлім. Мәншүкті жерлеу

Орыс: Көңілі кең дархан даласы бар қазақтардың қырандай қайсарлығына таңғаламын.

Мәншүк сен біздің жүрегіміздесің.

Қазақ жігіті: Ержүрек қарындасым – Мәншүк, есімің ұрпаққа үлгі болады.

Солдат: Хас батырым, бақұл бол!

10-15 шақты солдат мылтықпен тұрады. (3 рет мылтық атылады.)

5-бөлім. Әлия мен Мәншүкке арналған ескерткіш

Мәнерлеп оқу: «Шығыстың қос шынары».

6-бөлім. Соғыстың аяқталуы

(Жеңіс күні әні ойналып, сахнаға барлығы шулап шығады.)

1-солдат: Алақай,алақай! Жеңіс, жеңіс!...

Сүйінші, ағайын, сүйінші! Жеңіс! Жеңіс құтты болсын!

(Сарыарқа күйі ойналады.)

Ерсайын:

Жер жүзінде нұр шашып Жеңіс күні,

Жақсы үміттің шырағы жанды міне!

Аспан бетін қаптаған қара тұман,

Серпіліп зұлымдыөтың сөнді түні.

Артур:

Жер бектін қан сасытқан соғыс бітті,

Жер бетінен жамандық мүлде үрікті.

Жеңістің жарқын күнін жыр қыламыз,

Аспандатып жырлаймыз жақсылықты.

Гүлфайрус:

Бүгін жайнап жасарсын ана біткен,

Асыр салып қуансын бала біткен.

Жүректері жарылсын қуаныштан,

Аялансын көңілі жақсы үмітпен.

Қарлығаш:

Мақтанбаймын қалайша, марқаймаймын,

Уақыт бізге ғажап сыр айтар дәйім.

Барлығын да сыйлапты адамзатқа,

Ынтымақты, жеңісті дархан мамыр.

Аида:

Жеңіс, Жеңіс!

Елге таза ашық таң атырды,

Ақ жаулықты күлімдеп ана тұрды.

Ақбоз атты балалар сүйіншілеп,

Ақ бұлақтай аспанға шаң атылды.

Ән: «Қазағым»

Ән: «Атамекен»

2-жүргізуші:

Келді міне күндей жайнап гүл көктем,

Самал желі шашты тарап, бетті өпкен.

Ұмытуға хақымыз жоқ оларды,

Олар біздің бақыт үшін қан төккен.

Құрметті қонақтар, ұлағатты ұстаздар! Осымен жеңітің 70 жылдығына «Ұлы Жеңіске – 70 жыл» атты арнайы дайындалған тәрбие сағатымыз өз мәресіне жетті.

1-жүргізуші: Көктемнің жаймашуақ күндері санмызға жылы леп, шынайы жылылық нұр сезімін төккен «Жеңіс» мерекесі құтты болсын!

2-жүргізуші: Еліміздің іргесі берік болып, Тәуелсіз еліміздің көк аспанында әрдайым бейбітшілік күні жарқырасын!

1-жүргізуші: Ырысымыз тасып, нәсібіміз молынан болсын!

2-жүргізуші: Бірлігі мен ынтымағы жарасқан Қазақстан Республикасы дамып гүлдене берсін!

Автор
Дата добавления 19.01.2016
Раздел Другое
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров78
Номер материала ДВ-356219
Получить свидетельство о публикации

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх