Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Классному руководителю / Другие методич. материалы / Ұлы Жеңістің 70 жылдығына арналған "Бақыт гүлін терген күн" атты тәрбие сағаты
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 26 апреля.

Подать заявку на курс
  • Классному руководителю

Ұлы Жеңістің 70 жылдығына арналған "Бақыт гүлін терген күн" атты тәрбие сағаты

библиотека
материалов



Ұлы жеңістің 70 жылдығына арналған сынып сағаты:

«Бақыт гүлін терген күн»

Мақсаты:   1.Ұлы  Отан  соғысы ,оның  зардаптары,  Ұлы  жеңістің   

                        мән-маңызы  туралы  мағлұмат  беру.

                                 

 2.Отан  үшін  жан  қиған  аталар  мен  апалардың, қазіргі    таңдағы  арамызда  жүрген  ардагерлеріміздің  ерліктерін

  үлгі  ете  отырып ,  оларды  құрметтеуге  тәрбиелеу;

 

 3. Тіл  байлықтарын,   мәнерлеп  оқу дағдыларын  ұштау.

                  

  Көрнекіліктер: плакатка жазылған нақыл сөздер, батырлардың            

                           суреттері, буклеттер, слайд.



1-жүргізуші:


Ұлы күшке сенген күн

Фашистерді женген күн.

Ағаларға ерген күн,

Бақыт гүлін терген күн-деп ақын Қадыр Мырза Али жырлағандай «Бақыт гүлін терген күн» атты Ұлы Жеңістің 70 жылдығына арналған тәрбие сағатымызды бастауға рұқсат етіңіздер.


Асель:

Қиылды,қанаты тәтті арманның.

Үзілді қайырмасы бақтарда әннің.

Әлемде ең сұмдық күн ана үшін,

Майданға азаматтар аттанған күн.

Бұлт басты,

Ашық сәні қашты аспанның.

Жоғалсын заты бұлай бас қосқанның.

Анаға ең ауыр күн тіршілікте,

Боздап кеп,

Боздағымен қоштасқан күн.

Қайғыдан кәрі таулар қап-қара боп,

Жеткізді жерге дейін қайың басын.


Алтынай:

Соғыс деген қайдан шықты,

Авторы кім алғашқы?

Есіл адам, есі кетіп,

Оған несін жармасты?!

Бүкіл адам тарихының бетін неге қан басты?

Соғыс деген - аққан соры ақсүйектің,құлдың да,

Соғыс деген – төккен ары ұлдың және қыздың да.

Соғыс деген – Сотқарлардың қолындағы найзасы,

Соғыс деген – соғыс деген - зұлымдықтың айнасы


1-жүргізуші:

Отан ана жылағанды шер сеніп,

Тапжылмастан төгеді екен жерге бұлт.

Қара бұлтты қақ жарайық, деді де,

Қолдарына қару алды ерленіп.






Көрініс: «Соғыс қасіреті» (күй ойнап тұрады)


Немересі:

Бүгін меннен бақытты жан жоқ. Жаңа өмірдің баспалдағын дәрігер боп бастағым келеді. (әжесін құшақтап еркелей күледі)


Әжесі:

Талабыңа нұр жаусын, арманыңа жет, балам! (маңдайынан сүйіп, қасына отырғызады, әкесі жымиып, салмақты киіпте пышағын қайрап отыра береді, келіні ыдыс алып, келе жатып, радиодағы хабарды тыңдап тұрып қалады).


Радио: Тыңдаңыздар! Тыңдаңыздар! Сойлеп тұрған Москва. Бүгін, таңертеңгі сағат 4-те Неміс фашисттері Германия мен Совет Одағының арасындағы шабуыл жасамау туралы шартты опасыздықты бұзып, біздің еліміздің территориясына басып кірді.


(Ән «Священная война», қолындағы ыдысы түсіп кеткен келіні жылап, бетін жабады).


Немересі:

- Әже, соғыс, соғыс басталды! (әжесін құшақтап жылайды)

Радио: Тыңдаңыздар! Тыңдаңыздыр! Отанымызды жау қапыда басты. Ел үшін, Жер үшін барлық ер азаматтар Отан қорғауға аттаныңыздар.


Немересі:

- Аттан!-деді,

Ол қазір аттанады.

Жауынгердің рөлін атқарады.

Неге бізге үмітсіз тесілесің?

Аттан, әке,

Жолыңнан кешігесін.

Кеудесінде жаны бар пақырларың,

Тауып жейді сенсіз де несібесін. (әкесін келіп құшақтайды)


Әкесі:

-(әкесі қолындағы бір жасар баласын қызына беріп тұрып)

Тыңда балам, тыңда күнім,

Болуға жара қолқанат.

Кәрі анам, сәби інің,

Барлығы саған аманат.


Әжесі:

-Оралсын аман жеріне,

Көріссін туған елімен.

Келін-ау көздей қалтаға

Топырақ салып беріп жібер.


Келін:

-(қалтаға салынған топырақты берген келін)

Кебін киген өледі,

Кебенек киген келеді.

Үлкен үйден дәм татса,

Кешікпей дейді келеді. (жарының соңынан жылап қалады)


1-жүргізуші:

Талқамбаева Ақжүніс: “Ана туралы баллада” әні


2-жүргізуші:

Бұлт торлады аспанды,

Қара жер қанға ластанды.

Зеңбірек атып жан-жақтан,

Осылай соғыс басталды.


Мади:

Біздің Қазақстанда да соғыс оты шарпымаған шаңырақ кем

де кем.Жауға қарсы атылған он оқтың тоғызы Қазақстанда жасалды. Осы қан майданда мерт болған ерлердің рухына, біздің арамызда асқар таудай болып жүрген ата – апаларымызға басымызды иіп тағзым етейік. Олардың ерлік істерін ешкім де, ешқашан да ұмытпауға тиіс.


Хор: “Катюша”


Ақжүніс:

Дәл осынау жадыраңқы жай күні,

Болса дағы қай ғасырдың қай жылы.

Ұлы Отаным басымды иіп бір минут

Есіне алмақ сол бір апа қайғыны.

(Бір минуттық үзіліс)



Аяулым:

Жабады,

Дала төсін нала,қайғы.

Шын қайғы жас кәріге қарамайды.

Қып-қызыл көлдің бетін

Сұңқылдаған,

Аққулар қанатымен сабалайды.

Долданып,

Лайланып тасқын әні

Сай-сайды тастарымен бастырады.

Селкілдеп,

Желкілдеген қамыс құрақ.

Өкіріп,

Өзен басын тасқа ұрады.

1-жүргізуші:1941жылдың 16 қарашасында немістер Москваға Волокалам бағытында ұрысқа шықты. 1075-атқыштар полкі 4-ротасының 2-взводы тұрған бекініс шебіне жаудың 30 танкісі шабуыл жасады. Взвод жауынгерлері барлығы 28 адам төрт сағатқа созылған ұрыста жаудың 14 танкісін қиратты. Соғыс тарихында асқан ерлікті бейнелейтін бұл ұрыста 28 панфиловшының 23-і қаза тапты. 28-дің 22-сі қазақстандықтар еді.


2-жүргізуші: Соғыс жылдары қазақстандық бес әскери құрамаға гвардиялық деген құрметті атақ беріліп, олардың туларына әлденеше ордендер қадалды. Олардың жауынгерлерінің ерлігі аңызға айналды. Соның ішінде атақты панфиловшылар дивизиясы бар. Оның құрамына шыққан батальон, кейіннен дивизия командирі болған Бауыржан Момышұлының, Мәлік Ғабдулиннің есімдері соғыс тарихынан міңгілік орын алады.


Көрініс: «Отан үшін отқа түс».

(шағын бөлмеде қабырғадағы картаға мұқият қарап, генерал тұрады).

Генерал:

-Қап! Мына фашист иттің тікендей қадалып тұрғанын қарашы! Соқыр ішектей созылып тұрғанын лағалеттің. (осы кезде Бауыржан кіреді)

Бауыржан:

-Бұйрығыңыз бойынша келіп тұрмын жолдас генерал!

Генерал:

-Ах, соғыс, соғыс! Майдан, қырғын арпалыс, қылшылдаған аяз, қасырасқан дұшпан. Осының барлығына шыдау керек.

Бауыржан:

-Тізе бүгіп тірі жүргеннен, тік тұрып өлген артық емес пе?! Шыдаймыз, жеңеміз жауды!

Генерал:

-Капитан Момышұлы, сізге батальоныныңызбен бірге Москва түбін жаудан азат етуді бұйырамын.

Бауыржан:

-Құп болады жолдас генерал.

- Ия, оны сан миллиондаған адамдар төрт жыл бойы минуттап, сағаттап, сарыла күтті емес пе? Ақыры, олардың үмітімен сенімі ақталды. Бірақ сол жеңіс оңайлықпен келген жоқ. Жеңіс жолында Отан үшін от кешіп миллиондаған асыл азаматтар мерт болды.



1-жүргізуші: 

Қызыл армия Москва түбінде Гитлерлік басқыншыларды алғаш рет жеңді. Бұл шайқаста Бауыржан Момышұлы басқарған батальон ерліктің тамаша үлгісін көрсетіп, жауды ойсырата жеңді. Фашистердің Москва түбінде жеңілуі Ұлы Отан Соғысындағы түбегелі бетбұрыс болды.


2-жүргізуші: 

Соғыс кезінде оқ атылмады демесе, ауылдағы тіршіліктің қиындығы майдандағыдан кем болған жоқ. Аналар мен балалар, ақсақалды аталар бәріне төзді. Таңның атысынан күннің батысына дейін ферманың жұмысымен айналысып, кешке жақын сығырайған керосин шамының жарығымен әскерлерге арнап шұлық тоқыды.


Гүлназ:

Бұлт түнеріп аспаннан,

Талай көзден жас тамған.

Тұтқиылдан эау тиіп,

Қырғын соғыс басталды.


Ақжүніс:

-​ Ұлы Отан соғысы басталды. Отанымыздың басына ауыр күндер туды.


Думан:

Отаным еркелеймін енді кімге,

Өзіңмен нені болса көрем бірге.

Қалайша қабырғама батпас менің,

Басыңа қатер бұлды төнген күнде.


Бәрі:

Барлығы майдан үшін,

Барлығы жеңіс үшін.


Талғат:

Көп қой батыр ағалар,

Халық сүйіп бағалар.

Көп қой батыр ағалар.

Жаттап алғын балалар.

Болашақты бізге мирас етем деп,

Қыршын кетті Әлия, Мәншүк апалар.


Жания:

Жерден, көлден, аспаннан,

Соқты жауды ел күнде.

Берлинде алғаш басталған,

Бітті соғыс Берлинде.


1-жүргізуші:

-​ Фашизмнің ордасы Рейхстагқа қазақ жігіті, лейтенант Рахымжан Қошқарбаев Қызыл ту тікті!


Дильназ:

- Ия, оны сан миллиондаған адамдар төрт жыл бойы минуттап, сағаттап, сарыла күтті емес пе? Ақыры, олардың үмітімен сенімі ақталды. Бірақ сол жеңіс оңайлықпен келген жоқ. Жеңіс жолында Отан үшін от кешіп миллиондаған асыл азаматтарымыз мүгедек болып оралды және қаншамасы мерт болды. мерт болды.


Хайрулла:

Сен құрметте оны!

Түсіндің бе, қарағым?

Ол ақшаға сатқан жоқ,

Тізеден кесіп аяғын


2-жүргізуші:

Соқ, жас ұлан, соқ қуатпен,

Соқ, солқылдат барабанды.

Жылда есіңе ал шабытпен,

Жеңіс үшін аққан қанды.


Думан:

Ұмытпа сен, елімізге,

Бақыт тегін келмеген.

Ұмытпа сен, елімізге,

Бақыт тегін келмеген.



Ақжүніс:

Қамықпаған қиындықтың түбіне

Өздеріңе жинап қырдың гүлінен.

Бүгінгі ұрпақ – бақытты ұрпақ атынан

Құттықтаймыз Ұлы жеңіс күнімен!


Талғат:

Әсем әндей, қоныр күйдей,

Жылдан - жылға жаңғырып.

Жаса, Жеңіс – ел ерлігі

Сен жасай бер мәңгілік!


Ақжүніс: 

«70 жыл» - Бейбіт көктем таң атқаны,

«70 жыл» - Шуақты күн таратты әнін


Бәрі:

 Есімде содан бері жетпіс рет,

Ашылды жеңіс күннің парақтары.


Мади:

Барша халық жеңіс күнін тойлайды,

Жас сәбилер думандатып ойнайды.

Ардагерлер көздеріне жас алып,

Ұрпақтардың амандығын ойлайды.


Гүлназ:

Ау, адамдар – даналар!

Соғысқа қарсы балалар!

Өркендей берсін қалалар!


Бәрі:

Гүлдене берсін далалар!

Тыныштық керек ол үшін.


Хор: “Бейбіт күн тілегі”


Арайлым:

Өркендесін туған жер,

Өркендесін туған ел.

Шайқалмасын асқар бел,

Шайқалиасын шалқар көл!


Думан:

Елге қауіп төнбесін,

Егестен адам өлмесін!

Есен – аман болайық,

Енді соғыс болмасын!


Хор: “Бейбітшілік сақталады” әні


Дильназ:

-​ Отанымызды жаудан қорғау жолында қасық қан қалғанша шайқасқан Кеңес одағының батырларына, ардагер апаларымызға басымызды иеміз!


Жүргізуші: - Көңіл қойып тыңдағандарыңызға рахмет!

Қош сау болыңыздар!



Автор
Дата добавления 02.01.2016
Раздел Классному руководителю
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров124
Номер материала ДВ-301388
Получить свидетельство о публикации

"Инфоурок" приглашает всех педагогов и детей к участию в самой массовой интернет-олимпиаде «Весна 2017» с рекордно низкой оплатой за одного ученика - всего 45 рублей

В олимпиадах "Инфоурок" лучшие условия для учителей и учеников:

1. невероятно низкий размер орг.взноса — всего 58 рублей, из которых 13 рублей остаётся учителю на компенсацию расходов;
2. подходящие по сложности для большинства учеников задания;
3. призовой фонд 1.000.000 рублей для самых активных учителей;
4. официальные наградные документы для учителей бесплатно(от организатора - ООО "Инфоурок" - имеющего образовательную лицензию и свидетельство СМИ) - при участии от 10 учеников
5. бесплатный доступ ко всем видеоурокам проекта "Инфоурок";
6. легко подать заявку, не нужно отправлять ответы в бумажном виде;
7. родителям всех учеников - благодарственные письма от «Инфоурок».
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://infourok.ru/konkurs


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ


Идёт приём заявок на международный конкурс по математике "Весенний марафон" для учеников 1-11 классов и дошкольников

Уникальность конкурса в преимуществах для учителей и учеников:

1. Задания подходят для учеников с любым уровнем знаний;
2. Бесплатные наградные документы для учителей;
3. Невероятно низкий орг.взнос - всего 38 рублей;
4. Публикация рейтинга классов по итогам конкурса;
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://urokimatematiki.ru

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх